Әлеуметтану


Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы



бет78/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы Қоғамда болып жатқа әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әр қалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі49. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоритиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсініктемесі олардың әлеуметтану зерттеулеріндегі теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеме айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі (фундаменталды) және қолданбалы (прикладной) болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді.Өйткені соның нәтижесін де әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.
Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады.Саясаттанушылар мен саясаткерлер,заңгерлер мен басқарушылар , экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады.Сол ақпараттарды қолдана отырып,олар өздерінің практикалык және теориялық сиппаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды.Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады,ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.
Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір, т.б. жатады. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерден өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңінде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа
1 ғылыми талдау жасалады . Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай:
барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып үшке бөлінеді.
Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек.
Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу.
Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.
Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зеттеу бағдарламасын әзірлеу басталады.
Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тауарларынан тұрады:

  • методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көземел

(гипотеза) құрылады;

  • әдістеме тарауында зерттеуге түсінетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

  • зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндеті оның үш тарауы қамтитын мәселелер анықтайтын болады.


1 Здравомыслов А.Г. Методика и процедура социологических исследований. М.: 1989. С. 44.
Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.
Жалған проблеманы жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсете алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми ой-өрісі кең, өмірден түйгендері терең әрі мазмұнды болуы керек.
Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне орай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты топтасады.

  1. зерттеудің мақсатына сәйкес проблемалар (таным-логикалық) және пәндік сипаттағы деп ажыратылады: а) гнесологиялық проблемалар әлеуметтік құбылыстар мен процестер жай-куйі туралы, олардың өзгеріске ұшырау тенденциялары жөнінде ақпараттың жеткіліксіздігін тыңдаған мәселелер. Бұл жердегі проблемалар білімнің жеткіліксіздігінен туындайды; б) халықтың белгілі бір топтарының, әлеуметтік институттарының, мүдделерінің өзара қақтығысуы салдарынан пайда болуын, оларды күрделі әрекеттерге итеретін және олардың өмірін тұрақсыздандыратын қарамақайшылықтарды пәндік проблемалар деп атайды.

  2. өзін “алып жүрушісіне” орай проблемалар әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, кәсіптік, саяси және басқа да топтардың, әлеуметтік институттардың, өнеркәсіп орындарының, мемлекеттік мекемелердің, т.б. мүдделеріне қатысты қарама-қайшылықтарды айқындайды.

  3. таралу көлеміне қарай әлеуметтік проблемалар: аудандық, қалалық, ауылдық, ұжымдық, жергілікті, аймақтық, қоғамдық, т.с.с. болады.

  4. Қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына сәйкес проблемалар қысқа, орта және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Мысалы, студенттердің немесе оқушының оқу кестесіне қанағаттанбауы қысқа уақытта шешілетін проблема. Жас маманның еңбек ұжымына бейімделу проблемасы орта уақытта шешілетін мәселе десек, баспанамен қамтамасыз ету, қылмысты, нашақорлықты, т.б. проблемаларды тудыратын қарама-қайшылықтарды жою ұзақ уақытты қамтитыны анық.

  5. Тереңдік деңгейіне орай қарама-қайшылықтар үшке бөлінген: оған, біріншіден, бір мезеттік проблемаларды жатқызуға болады. Мұндай проблемалар әлеуметтік процестер мен құбылыстардың тек бір ғана жагын қамтиды. Мәселен, депутаттар сайлауында бір адамның балама кандидаттарының болуы немесе болмауы мен процестердің бүкіл элементтер жүйесінің дисбалансын көрсетеді. Үшіншісі-функционалдық сиппаттагы қарама-қайшылықтар тудырған проблемалар. Бұл құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланысының бұзылуынан болатын мәселелер. Айталық, қоғамдағы бөлістік қатыныстардың ыдырап, күреуіне орай меншік формаларының көбеюіне байланысты адамдардың ескі идеологиялық

1.
тусінігінің бұзылуы
Әлеуметтік тапсырыс болғанда зерттеуші проблемалық жағдайы өзі тұжырымдаған проблемаға айналдырады. Бұл төмендегідей міндеттерді шешетін арнайы талдауды іске асыру болып табылады: 1) проблеманың ең мәнді деген элементтері мен факторлары бөлініп алынады. Проблема экономист немесе технолог қана шешетін ұзырға жатпай, тек әлеуметтанушының еншісіне тиесілі болуы шарт; 2) проблемалық жағдайдың басты және жанама компаненттері бөлініп алынады, бұл – зерттеудің негізгі бағытын анықтау үшін керек; 3) осыған ұқсас, бірақ, шешімін тапқан проблемаларға талдау жасау, әдебиеттермен, әріптестер тәжірибесімен танысу. Бұл негізгі проблеманы нақтылай түсінуге көмектеседі.
Әдетте кейбір әлеуметтік проблемалар ұжымдардың өз ішінде (топтық, жергілікті), локальды (мәселе) ретінде туындайды, оның екінші біреулері үлкен әлеуметтік топтардың, ірі аймақтардың көптеген мүддесіне орай қалыптасады, ал үшіншілері жалпы қоғамның мүддесі мен қажетінен пайда болады.
Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді саралап алғанымыз жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағдайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты шарттардың бірі.
Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол – оның мақсаттарын анықтау қажет. Зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптанудың мақсат деп атайды. Мақсат - әлеуметтік зерттеудің қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді. Теориялық зерттеу зерттелетін объектінің құрылымы мен даму үрдісі жөнінде жаңа білім алуға бағытталған. Қолданбалы зерттеу болса, нақты жағдайдан, тығырықтан шығар жолын табу үшін керекті ақпарат алуға бағытталған ізденістің түрі болып саналады.
Ал нені өзгерту керектігін білу үшін нақты зерттеу жұмысы жүргізіледі. Бұдан кейін не істеу керектігін анықтаған жөн, дәлірек айтқанда, алға нақты міндеттер қоюға тиістіміз. Осыдан соң зерттеу міндеттері белгіленеді. Олар негізгі, жеке (негізгінің детальдарға бөлінуі) және негізгі емес немесе қосымша міндеттер болып ажырайды. Міндетте бірнеше сұрақтарды жинап тұжырымдайды. Бұл сұрақтарға қайтарылатын жауаптар зерттеудің алға тартқан мақсатына жету үшін өте қажет. Негізгі міндеттер тікелей зерттеу пәніне келіп шығады. Егерде мақсат қолданбалы болса онда міндет те қолданбалы сипатта болады. Зерттеудің негізгі міндеттері қойылған мақсатқа үйлеседі, ал қосымша міндеттер болашақ зерттеуге дайындық үшін, бұл проблемаға катысы жоқ жанама гипотезены ( коземелді) тексеруге, кейбір

1 Как провести социологическое исследование / Пед. Ред. М.К. Горшкова, Ф.Э. Шереги. М.: Политизад, 1990. С. 25-26.
әдістемелік әдістемелерді, т.б шешу үшін қойылады. Дегенмен, қойылған міндеттерді қызметі ең басты сауалға жауап қайтаруға бағындыруы тиіс. Сондықтан да негізгі міндеттерді шешуге қатысы жоктың бәрі аяусыз түрде, алғашқы сәттен бастап-ақ ысырылып, алынып тасталынады. Негізгі міндеттерді шешуге қатысты ақпараттарды мейлінше дәлелдеудің сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
Бұдан сол зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады. Әлеуметтік проблема өзінен-өзі туындап, өз бетінше өмір сүрмейді, оны қалыптастыратын белгілі бір адам топтары мен қауымдастықтар болады. Басқаша тұжырым жасап, сөз қозғасақ, әлеуметтік қарама-қайшылықтардан тұратын , проблемалы жағдайды жасайтындар зерттеу объектісіне жатады. Ғылыми ізденіс процесінің нендей де болмасын бір нәрсеге бағытталуын әлеуметтанудың зерттеу объектісі деп атайды.
Объектіге қойылаын талаптар да баршылық. Ол кәсіптік-салалық немесе аймақтық орналасуы және мерзімдік шегі сияқты көрсеткіштер арқылы белгіленген.
Объектінің қасиеттері мен қырларын өз бойына сіңірген зерттеу пәнін де анықтау қажет. Өйткені ол зерттелетін әлеуметтік құбылысты толық түрде көрсетеді. Зерттеу проблемасы тұжырымдалып, ізденістің мақсаттары мен міндеттері анықталады, оның объектісі мен пәні белгіленгеннен кейін бағдарламада қолданылатын негізгі ұғымдарға теориялық түсініктеме беріледі. Зерттеушілердің ұғымдар жөніндегі әр түрлі түсініктері болады, бұл зерттеу нәтижесіне кері ықпал жасайды. Сондықтан ұғымдар төңірегіндегі олардың ортақ пікірлері болуы шарт.
Нені зерттеу керектігін анықтаған соң, зерттеу жұмысын қалай жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелетін проблеманы элементтерге бөліп, бұдан соң сол элементтердің құрамды бөлімдерін анықтаған жөн. Сөйтіп, оны схемаға түсіру керек. Схема зерттеу пәніне қатысты элементтерді көрсетеді және олардың бір-біріне қатынасы мен байланысын толығырақ бейнелейтін болады. Схема дайын болғаннан кейін көземел құрылады.
Қайсыбір фактілерді, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жасалып, олардың дұрыстығын зерттеу нәтижесінде дәлелдеуді немесе жоққа шығаруды көземел (гипотеза) деп атайды. Дәлірек айтқанда, көземел схеманың жекелеген элементтерінің қалпын немесе олардың арасындағы байланыстарын көрсетуі керек.
Көземел зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анықтауы тиіс. Көземелсіз-ақ бәрі түсінікті болатын болса, зерттеу жүргізудің қажеті болмас еді. Көземелге қойылатын талаптар бар: анық, тексерістен өтетін, қарамақайшылықсыз болуы шарт. Көземелді бастапқы және екіншілік деп те бөледі. Өйткені бастапқы көземел ақпарат жиналғанға дейін тұжырымдалады. Егер де ол зерттеу барысында жоққа шығарылатын болса, онда оның орнына екінші көземел ұсынылады.
Көземелде қолданылған ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берілуі қажет. Ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берудің өзі де жеке-дара процесс болып саналады, өйткені оның көмегімен әзірленген көземелден анкета немесе сұхбатнамада қойылған сұрақтарға көшу жүзеге асады және ол сауалдарға респонденттер(жауапшы, жауапкер) жауап қайтарады.
Жоғарыда қарастырылғандардың бәрі бағдарламаға қатысты мәселелер болғандықтан,бағдарлама не үшін қажет деген орынды сұрақ қойылады.Егер зерттеу жұмысын бірден сұрақтарды дайындаудан бастасақ, онда, біріншіден, өте көп артық сұрақтар және керек еместері де туындар еді; екіншіден, алынған материалдарды қалай өңдеуді білмегендіктен жиналған материалдардан бас көтере алмай қалар едік.Бағдарламаның маңыздылығы, міне, осыларға байланысты.Ол жұмысқа бағыт-бағдар береді, зерттеу пәні туралы белгілі ақпаратты қорытындылауға немесе ол жөнінде әлі де белгісіздерін анықтауға мүмкіндік жасайды.Демек, бағдарлама терең ойластырылған, нақты, логикалық жүйені сақтаған, икемді болуы тиіс. Бұл жағдай бағдарламаның барлық элементтеріне керек кезінде өзгерістер жасап отыруға мүмкіндік береді (көземел схема құрудан немесе жүйеліфункционалдық талдаудан бұрын құрылмауы керек.)
Бағдарлама мен анкетаның дайын болуы әлеуметтану зерттеуін жүргізуге толық жеткілікті дей алмаймыз, ендігі әңгіме кімдермен сауалнама жүргізілетінін анықтауға келіп тіреледі.Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі.Өйткені зерттеудің объектісі көп жағдайда адамдардың үлкен жиынтығы құрайды.Ал олар әлеуметтік-демографиялық белгілеріне қарай жіктеледі және үлкен аймаққа орналасады. Сондықтан олардың бәрімен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру бірқатар қиындықтарға ұрындырады. Сонымен қатар қойылған сауалға 5000 адамнан немесе 250 адамнан алынған жауап бірдей ақпарат беруі мүмкін. Мәселе бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.
Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген.
Іріктелген жиынтық бас жиынтықтан сауалнамаға қатысатын адамдарды таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің жиырма топтан тұратын курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол жиырма топтан біз бәріне ортақ белгісі бар үш-төрт топты ғана бөліп алып, сауалнама жүргіземіз. Себебі бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жарамды болып шығады.
Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықтимал, бұл зерттеу объектісіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе бас жиынтықтың көлемі шағын болғанда толыққанды тұрғыда жүзеге асады. Мәселен, педколледждің курсында небары үш топ бар екен делік, бұдан олардан жауап алудың оншалықты қиыншылық туғызбайтынын көре аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем болмауы естен шығармаған жөн. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық жауап алу, жауаптарды топтастырып бөлу және алынған ақпаратты талдау мумкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақты мысал етіп студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамандықтың иесі болғандықтан 20 топтан 3-4 топты іріктеп ала аламыз.
Енді сұрыптаудың типтеріне тоқталған болсақ, оның да саны аз болмайды. Сұрыптаудың негізгі типтеріне: 1) қарапайым-кездейсоқ; 2) жүйелік, 3) ұялы; 4) стратификациялық (жіктелген); 5) көп сатылы; 6) ықтимал; 7) мақсатты түрлері жатады.
Қарапайым-кездейсоқ сұрыптау бас жиынтық жөнінде толық ақпарат алғанда қолданылады. Қарапайым-кездейсоқ сұрыптауды жүзеге асыру үшін әр түрлі әдістер пайдаланылады, соның ішінде “кездейсоқ сандар” кестесі, туған күніне таңдау, шыққан тегіне орай, белгілі бір әріпке сәйкес іріктеп алу сияқты әдістер бар.
Бас жиынтықтан әрбір 10-шы немесе 20-шы адамды іріктеп алу жүйелік сұрыптаудың мәнін ашып көрсетеді.
Ұялы сұрыптауда кейбір статистикалық топтар (ұялар), дәлірек айтсақ, бригадалар, отбасылар, сыныптар, студенттік топтар, т.б. бөлініп алынады да, олар толық немесе іріктелген зерттеулерге түседі.
Стратификациялық сұрыптауда бас жиынтық алдын ала бірнеше жіктерге бөлінетін болды. Мұның басқа сұрыптаудан ерекшелігі де міне, осында. Мысалы, облыс көлемінде колледждер проблемасын зерттеу қажет болды делік, онда бүкіл колледждер – қалалық және селолық, базалық кәсіпорыны бар және базалық кәсіпорыны жоқ, т.б. болып, бірнеше жіктерге бөлінеді.
Көп сатылы сұрыптауды іске асыру – бірнеше кезеңді қамтитындығымен сипатталады, сондай-ақ әр кезеңді іріктеудің бірлігі алмасып тұрады. Мысалы, бірінші кезеңде колледждерді іріктеу олардың орналасқан мекен-жайына (қала, село,т.б.) қарап жүргізіледі, екінші кезеңде сол қаланың аудандары нақты бөлінеді. Үшінші сатыда қала аудандарында зерттеу жүретін колледждер іріктеледі, бұдан кейін олардағы топтар, ең ақырында студенттер іріктелетін болады.
Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынандай әдістер пайдаланылады: 1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша зерттелетін объектімен алғаш рет кездескен кезде сұрақ қойып, жауап алынады; 2) механикалық сұрыптау әдісі, бұл – жалпы адамдардың тізімімен белгілі бір интервалды сақтай отырып респонденттердің қажетті санын бөліп алу; 3) сериялық сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес бөліктерге бөлініп, бұдан соң әрбір бөліктен респонденттердің нақты саны бөлініп алынады; 4) ұялы сұрыптау әдісі жеке адамдарды іріктеу үшін емес, топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.
Мақсатты сұрыптау мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асады: 1) стихиялық сұрыптау әдісі (мысалы, газет оқырмандарынан почта арқылы сұрақ-жауап алу; 2) бұқаралық сұрыптау әдісі, бұл бақылауға алынған бір мәселені барлап-білу үшін қолданылады, осыған орай халықтың 60-70 пайызынан сұрақ-жауап алынады; 3) үлестік сұрыптау, бұл бүкіл зерттеу объектісінің қатаң сақталған процесін анықтайды: 5 пайыз, 10 пайыз. Сұрыптаудың екі-үш түрін бір мезгілде қолданғанда сұрыптаудың аралас та болуы мүмкін.
Ізденіс өрісіне орай бұл процестің канша адамды қамтитынын білу аса маңызды мәселе болғандықтан, сұрыптаудың мөлшері де соған орай анықталады. Іріктелген жиынтық құрамында болатын бақылау бірлігінің жалпы санын сұрыптаудың көлемі деп атайды. Сұрыптаудың мөлшері ең алдымен: 1) бас жиынтықтың біркелкілік деңгейіне (ол неғұрлым біркелкі болса, сұрыптаудың көлемі соғұрлым шағын болады); 2) қажетті деңгейдегі нәтиженің дәлме-дәл келуіне; 3) сұрыптау белгілерінің санына тәуелді болады.
Ойымызды түйіндер болсақ, сұрыптау жиынтығының көлем-мөлшері бас жиынтық көлемінің 5 пайызының кем болмауы қажет. Мумкіндігінше сауалнама алынатын адамдар санын 100-ден кемітпеген жөн.Сонымен қатар бас жиынтықтың көлемі улкен болғанда (сан жагынан жуздеген немесе мыңдаган адамды қамтыса) іріктелген жиынтық көлемі бас жиынтықтың мөлшерінен 5 пайызға аз болуы шарт.
Біз жоғарыда келтірілген мысалға байланысты сұрыптаудың бірнеше типтерін пайдалануға әбден болады. Тиімді типті таңдап алмастан бұрын, жиынтықтағы ең маңызды белгіні анықтау қажет. Ғылыми ізденіс міндетінен туындау арқылы жиынтықтың ең басты белгісі ретінде айқын әрі нақты аңғарылатын көрініс те қылаң беріп қалады. Оған педагогикалық практик асабақтарына қатынаспау жатады. Осы жағдайға сәйкес сұрыптаудың ұялы типін қолданган дұрыс, ол барынша ұтымды әсер етеді.
Демек, курстың 20 тобынан педпрактикаға бармағандардың орташа сандық көрсеткішін құрайтын 3-4 топты таңдап алуға болады, немесе іріктелген жиынтықтың тобы етіп сабаққа сирек және жиі қатынаспаған оқушы топтары зерделенеді. Егер де 20 топтың 10 тобы сабаққа көп қатынаспаса, 5 тобы орташа және 5 тобы сабаққа көп қатынаспағандар топтарынан 2 топ, ал сабаққа орташа қатынаспаған және сирек қатынасқандар тобынан бір-бір топтан таңдалып алынады. Тіптен бүкіл топтар (сабаққа көп қатыспағандар мен оған сирек және аз барғандар) тұтастай алынатын болса, мысалға екі топтан дейік, онда аралас ақпарат алынады. Өйткені бас жиынтыққа (яғни букіл курста) мұндай топтардың арақатынасы 2:1:1. Сұрыптау қатесі деп аталатын кемшілік (өкілдің жеткіліксіздігі) әрдайым болатын құбылыс десек те, зерттеушінің міндеті сол-ол мұндай қателікті мейілінше аз жіберуге тырысуы керек.
Қысқасы, әлеументтану зерттеуінің қажеттілігі туындай қалса, онымен ең алдымен мұқият дайындық жасалады. Ол үшін нақты нені білу керектігі анықталады; қарастырылатын мәселе төңірегінде әлі де нендей жағдайлардың белгісіз екені шешіледі; зерттеу ісін ұйымдастырып, жургізу жан-жақты ойластырылады. Бір сөзбен айтқанда, кімдерден, қалай, қай жерде зерттеу алу керек деген өзекті сұрауға жауаптар қайтарылуы шарт.
Осы айтылғандарды туйіндеп, одан пікір-байлам жасайтын болсақ, бағдарлама дайындау мен сұрыптауды анықтау әлеуметтік зерттеу жургізудің барысына және оның нәтижелі болуына елеулі турде ықпал етеді. Бағдарлама әзірленгеннен соң зерттеу жұмысына қажетті құралдарды дайындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет