Әлеуметтану


Қайталауға арналған сұрақтар



бет55/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Саясат ұғымының мазмұнын ашыңыздар.

  2. Саясат әлеуметтануының қандай заңдары мен категорияларын білесіздер? Әр заңның және әр категорияның мәнін ашып, айырмашылықтарын айқындаңыздар.

  3. Саяси қатынастар мен саяси мүдделердің өзара қатынасы қандай?

  4. Саяси үрдістер мен саяси институттар мәніне сипаттама беріңіздер?

  5. Қоғамның саяси жүйесі деген не? Оның негізігі элементтерін атаңыздар.

  6. Саяси сана құрылымын сипаттаңыздар.

Негізігі ұғымдар


Саясат; саяси билік; саяси қатынас; саяси мүдде; саяси үрдіс; саяси институт; қоғамның саяси жүйесі; мемлекет; саяси партия; саяси сана; саяси психология; саяси идеология.
ОН ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП

МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ


Мәдениеттің мазмұны әдет-ғұрыптар, салттар, заңдар, символдар және тағы басқалардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың және тілдің арқасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де болған емес.
Мәдениет – таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда болмайтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдар да болмайтыны анық. Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпақтан ұрпаққа берілетін және кейбір топтар немесе қоғамға тән жүріс-тұрыс формаларының жиынтығы ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны материалдық және рухани ескерткіштердің, символдардың, әдет-ғұрыптардың жиынтығы сияқты қарастырады.
Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқталудан бастаймыз. Мәдениетті әртүрлі қоғамдық ғылымдар зерттегенімен олардың әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып қарастырады. әлеуметтануды мәдениеттің ең алдымен қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы атқаратын рөлі қызықтырады. Мәдениет қоғамда жүріп жатқан барлық өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ықпал жасайтын ерекше құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет