1 Современная социология образования. Отв. ред. А.М. Осипов, В.В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С.90.
1 Современная социология образования. Отв. ред. А.М. Осипов, В.В. Тумалев. Ростов на Дону, 2005. С. 90.
Өзінің жалпы міндеттері тұрғысынан білім саласы адамға мәдениеттің табыстарын тарату функциясын атқара отырып, сонымен қатар қазіргі оқу жүйесі басқа да алуан түрлі функцияларды жүзеге асырады, солардың ішінде адамның және қоғамның көптеген өмірлік міндеттерін шешудің әмбебап механизмі қызметін атқаруы аса маңызды.
Білімге тарту, оның қайсыбір формасына қатыстыру негізінде адамда, әлеуметтік топта индивидуалдық пен әлеуметтік мобильдік үшін алғы шарттарды қалыптастырады. Білім өзінің әлеуметтік мобильдік функциясын жүзеге асыра отырып, өзінің көптеген құралдарына арқа сүйейді. Оның адамды селекциялау, таңдау мүмкіндіктері бар және ол адамды қайсыбір мамандық пен әлеуметтік қызмет формаларына ұмтылдырады, себебі білім осындай ұмтылуды қалыптастыруды мақсат етіп қызмет атқарады. Адамның оқудағы қол жеткен табысы оның еңбектегі, әртүрлі әлеуметтік іс-әрекеттегі тиімділігін әр кезде алдын ала анықтай алмайды, алайда қоғам білім институттарына, олардың дайындау сапасының сертификатына сенуге үйренген. Айталық, қайсыбір бос орындағы лауазымды қызметке алуда оқу орнын бітірген дипломдардың, аттестаттардың салмағы айтарлықтай.
Білім жүйесі өзінің оқушылар контингентін таңдайды, селекция жасайды. Бұрындары тіптен бастауыш білім формаларында оқу ашық емес еді, осымен байланысты білім алуға қоғамның кейбір әлеуметтік жіктерінің ғана қолы жеткен. Алайда қазір де білімнің көптеген түрлері әлі де қол жетерлік нәрсе емес. Оқу орнына қабылдау кезіндегі таңдау әртүрлі әлеуметтік топтар үшін әр кезде тең мүмкіндіктер жасай бермейді. Протекционизм саясаты мемлекеттік деңгейде ( мысалы, жұмысшы және шаруалар), сословиелік оқу орындары арқылы жүзеге асырылады.
Кейде протекционизм элементтері әдейі істелген әрекеттер арқылы да көрініп қалады. Осы тұрғыдан алғанда ағылшын және американ әлеуметтанушыларының бақылаулары айтуға тұрарлықтай, олар қәсіптік бағдар беруде тестілерді қолданудың кей уақытта қателікке соқтыратынын дәлелдеді. Әйтсе де олар адамның қабілеттерін белгілі бір түрде бейнелеудің көшірмесін берді, бірақ олардың әдістемелері айтарлықтай дәрежеде зерттеушілердің тілдік мәдени қалпын көрсетіп берді, әсіресе белгілі бір тіл лексикасының (мысалы, ағылшын) жағдайын айқандап шығу мүмкіндігі зор. Өз кезегінде адамның тіл мәдениетінің қалпы әдетте оның өмірінің әлеуметтік жағдайына байланысты да болады: мүлкі аздардың арасында тіл мәдениетінің даму мүмкіндігі халықтың қамтамасыз етілген жіктеріне қарағанда әлдеқайда шектеулі. Басқа мәдениеттің, этникалық қауымдастықтың өкілдері үшін мәтінде қолданылмайтын лексиканы нақты меңгеру көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сонымен қатар тіл мәдениетінің қалпы адамның интелектуалды қызметке, жекелеген кәсіби істерге қабілеттілігін толық дәрежеде сипаттай алмайды.
Оқу орындары бағдары бойынша да және оқу сапасы бойынша да ерекшеленеді, бұл жағдай олардың көбіне-көп қаржысына, материалдықтехникалық базасына, оқытушылардың құрамына тәуелді болып келеді. Оқу орнының мәртебесіне оның тарихы, дәстүрлері көп рөл атқарады. Барлық елдерде аса мәртебелі білім орталықтары бар, олардағы білім жоғары бағаланады және бітірушілердің мансабындағы пұрсатты әлеуметтік мәртебесінің кепілі қызметін атқарады. Бастауыш білім беретіннен бастап жоғары білім беретін осындай мәртебелі оқу орындарының сатылары тұтас элитарлық білім жүйесі болып саналады. Жаңа және қазіргі замандағы таптық, әлеуметтік теңсіздіктің сақталуындағы (немесе, керісінше жоюда) білімнің рөлі саяси қозғалыстардың бағдарламалық ережелеріне енген, мемлекет саясатының маңызды бөлімін құраған.
Мемлекеттің білім саласындағы көздеген мүддесі оның әлеуметтік мобильдік үрдісіне ықпал етуімен, қоғамның қайсыбір әлеуметтік-таптық құрылымын қолдауымен байланысты ғана емес. Білім институттары жауапкершілігі зор әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Мектеп негізінен құқық, азаматтық қоғам институттарының нормаларын түсінуге және құрметтеуге қабілеті бар заңды тыңдайтын азаматтарды тәрбиелейді. Қазіргі уақытта функционалдық сауаттылықтың белгілі бір деңгейі тек өндіріс үшін ғана емес, сонымен бірге қазіргі көлік, коммуникация, тұрмыс құралдарының инфрақұрылымын пайдалануда аса қажет. Функционалдық сауаттылықтың болмауы (электр, химия және басқа да қатерлі құралдардың қауіпсіздік ережелерін білмеу, қозғалыс ережелерін, ақпарат жүйелерін қолданудың ережелерін, тазалық ережелерін және т.б. білмеу) қазіргі замандағы адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіреді, апатқа әкеп соғады.
Мектеп өзінің ерекшелікті педагогикалық құралдарымен өскелең ұрпақтың мінез-құлқына және тәрбиесіне тікелей әлеуметтік бақылау орнатуды жүзеге асырады. Білім тарихына үңіле отырып, ежелгі грекия мектебі қадағалау функциясына, уақытты өткізуге бақылау жасау міндетіне, балалардың даму барысына бақылау орнату функцияларына жетекші рөл бергеніне көз жеткізуге болады.
Қазіргі білім жүйесі мәдениеттің үлгілерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, бір саладан екінші салаға жеткізіп қана қоймайды. Ол қоғамның мәдени қазынасын сақтаушы және генератор функцияларын да атқарады. Білімнің негізінде ғылым дамуда, әсіресе оның іргелі бағыты дамып отыр. Білім мен өнер айтарлықтай бір-біріне ықпал етеді., олардың қызметінің басым бөлігі үйлесімді дамыған адамды тәрбиелеуге бағытталған. Оқу үрдісіне бұқаралық ақпарат құралдары да кеңінен тартылған.
Оқытушылардың интелектуалдық қуаты, оқыту практикасы, бүкіл білім жүйесі мәдениеттің маңызды қорын құраушы іспетті. Алайда, кейінгі жылдары білім саласының ресурстарына деген сұраныстың тым азайғаны байқалады, бұл білім саласы қызметкерлерінің табыс деңгейлерінің төмендеуінен, оқу орындарының материалдық-техникалық, ақпараттық базаларының өндіріс саласы мен халыққа қызмет көрсету саласы базаларынан артта қалуынан көрініп отыр. Білімнің мақсаттары туралы қоғамдық пікірдегі әртүрлі түсініктердің арасынан көп жағдайда тұрақтылығын сақтаған үш модельді (міндетті) бөліп айтуға болады. Оларды қолда бар мемлекеттік нұсқаулардан, педагогикалық әдебиеттерден көру ешқандай қиындық туғызбайды.
Бірінші модельге оқушыларға жинақталған мол тәжірибені, мәдениет табыстарын барынша толық жеткізуге, беруге, осы мәдени базисте оқушылардың өз тағдырын белгілеуге көмек көрсетуге, олардың бойындағы күш-қуаты соған жұмылдыруға бағытталған экстенсивтік модель жатады.
Екінші үлгіге оқушыларды әлеуметтік қауымдастықтың дамуына және өздерінің жеке бастарының дамуына қолдау көрсететін қызмет түрлеріне дайындауға бағытталған өнімді үлгіні жатқызуға болады.
Үшінші модельді оқушылардың әмбебап сапаларын дамыту негізінде олардың белгілі бір жұмысты меңгеруге дайын болуды қалыптастырумен қатар, оларды тұрақты жетілдіруге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға дайын болуды машықтандыруға негізделген интенсивті үлгі бар.
Бұл үлгілердің әрқайсысы білімнің маңызды мақсаты болуға ұмтылатыны дау тудырмайды. Әлбетте олардың үйлесімділігімен білімнің жалпы функцияларын жүзеге асыру мүмкін болады. Шындығында мәдени мұраларды меңгермейінше қоғамдық прогресті қолдау, әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін емес. Алайда, адамзаттың бүкіл тәжірибесін, мәдениеттің тіптен аса маңызды қол жеткен табыстарын меңгеру жүзеге асатын міндет пе?
Бұл білімінің ғана міндеті емес, ол мәдени әрекеттің барлық формаларының міндеті екенін айтқан жөн. Сонымен бірге мәдениетте адамзаттың көптүрлі әрекеті, алуан түрлі ерешеліктері және адамның жеке табыстары көрініс береді. Әрбір жеке адам әмбебап қабілеттерді меңгерсе де ол осы алуан түрлілікті қамти алмайды, мұндай байлықты сіңіріп кетуге қабілетсіз. Алайда, осындай бірегей мүмкіндік болған күннің өзінде де оқу мерзімі шамадан тыс артқан болар еді. Біз осындай негізсіз оқу мерзімдерін ұлғайту тенденциясын жиі байқап жүрміз. Егер де біз осындай міндетті әлеуметтік қауымдастық, оның ұрпақтарының шеңберінде шешуді қарастыратын болсақ, осы міндетті шешуді жеке-жеке әлеуметтік топтарға бөлетін болсақ, онда мәдени құндылықтарды осылайша беру олардың артуына немесе тек сақталып қалуына соқтыра ма деген мәселе белгісіз болып қалады. Субъектінің мәдени әрекет құрылымының формалары мен түрлерін тарихи мұра етеді және білім жүйесі субъектінің өмірлік маңызды әрекетке қосылуына дайындау функциясын өзіне ала алады.
Білімнің интенсивтік үлгісін, өздерінің әрекеттерін, білім беру жүйесінің тиімділігін салыстыратын ең жоғарғы міндет ретінде және жетекші бағытбағдар ретінде қарастыруға болады.
Әрекеттің нақты түріне субъектіні дайындаудың мақсаты, оның анық нұсқасын жасап, соған жетуді көрсетеді. Дайындау – бұл дегеніміз: белгілі бір әрекетке әзірлікті таңдау, қалыптастыру, бағыт-бағдар, бейімделу, талаптану, коммуникация, қайсыбір әрекет формаларының, оның салаларының құндылықтарының өнімділігін арттыру механизмдерін дамыту, жөнге салу.
Сайып келгенде, білім әлеуметтануының ғылымның жеке саласы болып бөлініп шығуы,білімді әлеуметтік тұрғыдан қарастыруда шешуші рөл атқарып отыр.