Әлеуметтану



бет71/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

Негізгі ұғымдар


Мектеп; лицей; колледж; жоғарғы оқу орны; білім беру жұйесі; білім беру құрылымы; формальді білім; формальді емес білім; университет; орта арнаулы білім; орта білім; үздіксіз білім.

ОН БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП

Дін әлеуметтануы


Дін өте ертеде пайда болған әлеуметтік институттардың бірі болып саналады. Қоғам дамуына байланысты дінде түрлі өзгерістерге түсіп отырған. Соған қарамастан ол адамның, адам топтарының, жалпы қоғамның өмірінде айтарлықтай рөл атқарған және атқарып та отыр. Әрбір дін өз ұстанымына орай адамдардға жалпы адамзаттық құндылықтарды жеткізеді, қоғамда жүріс-тұрыс нормаларын бекітеді, халықтардың көп ғасырлық рухани құндылықтарын сақтау міндетін атқарады.
Дінді көптеген қоғамдық ғылымдар ертеден-ақ өздерінің зерттеу обьектісіне айналдырған. Соның негізінде әр ғылымның зерттеу пәнінде анықтауға қол жеткізілген. Кейін бұл үрдістен әлеуметтану ғылымы да қалыс қала алмады. Оның зерттеулерінің нәтижесінде дін әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Әлеуметтанушылар дінге әртүрлі анықтамалар мен түсініктер берді. Э. Гидденстің пікірі бойынша дін деген: «қауымдастық мүшелері бөлісетін сенім, символдарды қосатын, адамдар оған құрметпен және қастерлеу сезімімен қарайтын, сондай – ақ олар еске түсіріп бірлесе атқаратын салт – жоралық қызмет»40.
Г. Ленски дін – бұл жекелеген индивидтің, адам топтарының дүниеге көзқарасы және жүріс – тұрысы, бұлар әлдебір құдыретті күшке сенуімен анықталады деп есептейді. Ғылымда берілген анықтамаларды қорыта айтар болсақ дін адамдардың жүріс – тұрысының, ұйымдық формаларының жүйесіне әлеуметтік нормаларды, рөлдерді, дәстүрлерді, салт – жораларды, ұйғарымдарды, стандарттарды, қосқан аса маңызды әлеуметтік институт. Демократиялық қоғам құру барысында біздің елімізде діндер өз жұмыстарын жандандырып атқара бастады. Соның негізінде көп дінді қоғамға айналдық. Тәуелсіз Қазақстандағы дін мен діни бірлестіктердің қоғамдық беделі және қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында ықпалы айтарлықтай өсіп мәртебесі кеңейді. Қысқа мерзім ішінде дінге сенушілердің және діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге көбейіп, социумда олардың қызметінің белседілігі артты, қазақстандық қоғамның әлеуметтік құылымының маңызды бөлігіне айналды, сонымен қатар мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың сипатын да өзгертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет