Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгiзген. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi



бет1/4
Дата21.06.2022
өлшемі167,5 Kb.
#146902
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция 10 каз

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Философия кафедрасы (2708 дәрісхана) Философия пәнінен дәрістер курсы

10 тақырып. Діни философия

  • Дәріс мақсаты: діннің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуына тарихи-философиялық талдау.

Жоспар:

  • Діни нанымдардың ежелгі формалары.
  • Ұлттық-мемлекеттік діндер.
  • Әлемдік діндер.

Басты түсініктер:

  • Синкретизм
  • Діни синкретизм
  • Анимизм
  • Тотемизм
  • Шаманизм
  • Фетишизм
  • Тәңірлік
  • Буддизм
  • Христиандық
  • Ислам

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Дін – бұл қандай да бір табиғаттан тыс күштің бар екеніне деген сенімді анықтайтын адамдардың дүниетанымы мен мінез-құлқы.
  • Дін моральдық нормалар мен мінез-құлық түрлерінің жиынтығын, салт-жораларды, діни іс-әрекеттерді және адамдарды ұйымдарға біріктіруді қамтиды.

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Синкретизм – бір нәрсенің дамуындағы бастапқы жағдайға тән біріктіру, бөлінбеу.
  • Діни синкретизм – діни, антропологиялық немесе космологиялық сипаттағы ілімдердің жиынтығы.
  • Діни синкретизм ұғымы философиядағы эклектизм ұғымына ұқсас.

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Анимизм – заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
  • Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктер- мен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
  • Бұл атау Солтүстік Америкада тұратын оджибве тайпасының “ототем – оның тегі” сөзінен шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет