Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгiзген. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi


Діни нанымдардың ежелгі формалары



бет2/4
Дата21.06.2022
өлшемі167,5 Kb.
#146902
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 10 каз

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Шаманизм (Бақсылық) – өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды Бақсы деп атаған. Бақсылар «әулиелерді», «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жауларымен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік).

Діни нанымдардың ежелгі формалары

  • Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күші бар зат) – көбінесе архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын.

Ұлттық-мемлекеттік діндер

  • Ұлттық-мемлекеттік діндер жеке халықпен, этникалық қауымдастықпен тығыз байланысты.
  • Мысалы, түркілердегі тәңірлік, Үндістанда – индуизм, Израильде – иудаизм, Жапонияда – синтоизм, Қытайда – даосизм мен конфуцишылдық.

Ұлттық-мемлекеттік діндер

  • Тәңір - ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың сенген бағызы Құдайдың аты. Ол табиғат құбылысын, әлем құрылысын басқаратын, адамдарды өмірге жетелейтін құдіретті тылсым ие. Тәңіршілдік ең ежелгі табиғи сенім. Онда пайғамбар жоқ, әркім өз адами деңгейінде Тәңірін тани алады, сеніп, медет ете алады. Оның кітабы жоқ, осы дүние Тәңірінің кітабы. 

Ұлттық-мемлекеттік діндер

  • "Тәңірлік/ тәңіршілік" терминінің авторы – XIX ғасырдағы қазақ этнографы Шоқан Уәлиханов. 1956 жылы француз шығыстанушысы Жан-Пол Ру бұл терминді кең ғылыми айналымға енгізді. Кеңес дәуірінде "тәңірлік" термині алғаш рет қазақ ақыны және түркітанушы Олжас Сүлейменовтің "АЗ и Я" кітабында пайда болды.

Ұлттық-мемлекеттік діндер

  • Индуизм – қазіргі Үндістанның ең кең таралған діні (кейбір мәліметтер бойынша сенушілердің 83%). Брахма – жаратушы Құдай, Вишну – мәңгі жабайы табиғат пен күнге табынуды біріктіретін қамқоршы Құдай, ал Шива – құнарлылықтың ежелгі ведалық табынуларды өмір мен өлімнің өзгеруімен алмастырған жойғыш және жасаушы Құдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет