«Әлеуметтанулық қиял»
Көптеген әлеуметтанушылардың пікірінше, әлеуметтанудағы бір ғылыми көзқарас жеткіліксіз. Сонымен, әйгілі американдық әлеуметтанушы Чарльз Райт Миллс (1916-1962) қоғамды түсіну үшін тек ғылыми әдістерді механикалық қолдану ғана емес, сонымен қатар зерттеушінің әлеуметтанулық қиял деп аталатын ерекше ақыл-ой сапасы қажет деп тұжырымдады. Миллс әлеуметтанулық қиялды зерттеуші әлеуметтік құрылымдары мен адамдардың мінез-құлқын түсінуге мүмкіндік беретін ерекше көңіл-күйі ретінде анықтайды. Бұл таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарау, құбылыстардың өзара байланысын және олардың артындағы тенденцияны көру қабілеті. Миллстің пікірінше, " әлеуметтануды зерттеу нәтижелерінің бірі газетті оқи білу болуы керек. Өте қиын міндет болып табылатын газет материалдарын түсіну үшін хабарланған оқиғаларды байланыстыруды, оларды қоғам өмірі туралы жалпы түсініктерге, сондай-ақ олар қатысатын тенденцияларға байланысты түсінуді үйрену қажет. Мәселенің мәні мынада: әлеуметтану — бұл, ең алдымен, газетте оқығаннан асып түсу тәсілі. Ол бізге көмектесетін ұғымдар мен сұрақтар жүйесін береді"Миллстің идеясы қазіргі әлеуметтанушылардың еңбектерінде танылып дамыды. Сонымен қатар Петр Стомпка әлеуметтанулық қиялды "қоғамдағы кез-келген оқиғаны құрылымдық, мәдени және тарихи контексттермен, сондай-ақ қоғам мүшелерінің жеке және ұжымдық іс-әрекеттерімен байланыстыру қабілеті"деп санаған болатын.
Энтони Гидденс әлеуметтанулық қиял құрылымында әлеуметтанулық талдаудан бөлінбейтін әлеуметтік сезімталдықтың бірнеше түрін ажыратқан болатын.Олар: Тарихи сезімталдық,антропологиялық түсінік және сыни. Тарихи сезімталдық бізге өмір сүріп жатқан қазіргі қоғамның ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді, бұл қоғам әрқашанда мұндай бола бермейтінін білдіреді. Индустрияландыру, урбанизация, ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы және зайырлы құндылықтардың үстемдігі, яғни қазіргі қоғамды ерекшелендіретін барлық нәрсе салыстырмалы түрде жақын болады және өз тарихының көп бөлігінде адамдар мүлдем басқаша өмірді сүрген.Өзін — өзі қамтамасыз ететін дәстүрлерді ойлап қауымдастықтарда болған өзгерістерді бағалау үшін біз қазіргі қоғамды бұрын болған қоғамдармен үнемі салыстырып отыруымыз қажет. Әлеуметтанулық қиялдың алғашқы екі компонентін игеруі бұл үшінші сипаттамаға келеді. Тарихи және антропологиялық сезімталдық арқылы біз ойлаудың біржақтылығынан аулақ бола аламыз және өмірді, институттармен және түсініктермен басқа қоғамдармен анықтай аламыз. Бұл бізге өз қоғамымызды сыни тұрғыдан бағалауға және әлеуметтік өмір мен ойлаудың балама жолдарын сонымен қатар ұйымдар мен институттарды қарастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, әлеуметтанулық қиял зерттеушілердің күнделікті өмірінен алшақтау қабілетін білдіретін тәжірибелер, белгілі бір адамдардың мүдделері мен құндылықтарымен бірге көре білу, Белгілі бір қоғамның тарихи дамуындағы жұмысының мағынасын түсіну. Бұл зерттеушінің өзі өмір сүретіндерден өзгеше өмір сүруі және ұйымдастыру тәсілдерін түсіну білу қабілеті. Эго-бұл басқа адамның басына ену қабілеті, оның іс-әрекетін және осыған енгізетін мағыналарын өзгерту үшін мүмкіндік береді.
Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз
Баспана - әлеуметтік жағдайдың белгісі тәрізді.Баспана яғни жеке пәтер немесе өз үй жайы яғни өзгелерден оқшаулайтын төл шаршы метрлері болуы әрбір адамның материалдық қаржылық,қоғамдағы рөлінің, әлеуметтік жағдайының айнасы саналады. Баспана мәселесі әлі күнге дейін болып жатқан қоғамдағы ірі мәселелердің бірі. Әсіресе ірі қалаларда Алматы Астана мегаполис жерде көп, себебі бұл қалалардың халқының көп шоғырлануында.Дегенмен қандай өңір аймақтарда болмасын көпбалалы баспанасыз отбасыларды да кездестірудеміз. "Баспанасыздар" кезегі аталғанымен анығында, бұл - мемлекеттен үй алуға дәмелі жандардың, үкімет қолдауына үмітті азаматтардың тізімі десекте болады.Тіпті, 90 жылдардың аяғынан -2000 жылдардың басынан бері кезек күтіп жүргендер бар. Ал коммуналды тұрғын үй қорынан жылда берілетін пәтерлер саны елорданың өзінде жүзден аспайды. Мұндай қарқынмен баспанаға мұқтаж тұрғындардың қатары алдағы жүз жылда сирей қоймайды. Сондықтан жеке шаршы метрге иелік етуді көздеген азаматтар баспаналы болу үшін өз бетінше қам жасауға мәжбүр.Ал "Қолжетімді баспана-2020" секілді мемлекеттік бағдарламалар тығырықтан шығудың бірқатар амалын ұсынады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға әзірлікті 2012 жылы бастаған болатын.Қазақстан заңнамасына сәйкес әр жанға шаққандағы норма 18 шаршы метрден келеді.Үш адамнан тұратын отбасыға тиесілі шаршы метр көлемі 54 қана. Үй бағасының тым қымбат болуы нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасындағы айырманың үлкендігінде жатыр. Жалпы айтқанда әлеуметтік тұрғын үй мен эконом санаттағы үйлердің тапшылығы тұрғын үй нарығындағы теңгерімсіздікті ұлғайтса, алыпсатарлар мен көлеңкедегі капитал жағдайды одан әрі ушықтыра түсуде. Дамыған мемлекеттердің көбінде эконом санаттағы пәтерді сатып алу үшін отбасылар 3.5- 4 жыл ақша жинаса жеткілікті. АҚШ тұрғындарының өз қаражатына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бұдан да жоғары. Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылдай уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін қаражат жинау мерзімі-4.5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда -6жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей Беларуссияда -8-9жыл деп есептелген. Бұл көрсеткіштердің барлығы әрбір елдегі жалақы санымен жер көлеміне байланысты. Мемлекеттік баспана бағдарламаларының ойдағыдай жүзеге асуы құжаттық деректер мен сандық көрсеткіштермен шектелмесе керек. Себебі он жыл бұрын қолға алынған тұрғын үй мәселесі әлеуметтік баспана тапшылығын әлі күнге дейін жоя алған жоқ. Әсіресе жас отбасылар ,көпбалалы отбасылар ,студенттер үшін үй алуға шамалары келмейтін адамдарға қиын. Олар ай сайын пәтерақы төлеп немесе туысқандарының үйлерін жағалап жүруде. Сондықтан бұл салады әлі қыруар қаржы жұмсап мемлекетшіл ұстанымды бекітіп, жан жақты ойластырылған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар саны өте көп, баспана алудың тиімді тәсілдерін үйрететін мамандар саны да артуда, әрбір адам бұл мәселеге бей-жай қарамай сауатты бола білсе және де көп жұмыс жасап баспанаға қаражат жинақтаса бұл мәселенің де қарасы азаятыны сөзсіз.
Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.
Біздің қоғамымыз күрделі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінен тұрады. Мұндай байланыстар өзара серіктестікке, ынтымақтастыққа негізделіп, жасампаздыққа немесе қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдық ситуациялардың әсерімен қиындықтарға да алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Әлеуметтанудың мақсаты - түрлі әлеуметтік байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп, дауларды шешудің тиімді жолдарын көрсету болғандықтан бізге, яғни қоғамда болған әр құбылысқа тікелей байланысты. Әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қалыптасу сипаты адамдардың құндылықтарымен, өмірге деген көзқарастарымен, мәдениетімен, психологиясымен анықталады және олардың қалай қалыптасатындығы әлеуметтік жағдайға белгілі бір деңгейде байланысты. Сондықтан да әлеуметтануды оқу арқылы өзімізді, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, түрлі топтарды немесе ұжымдарды, олардың әлеуметтік психологиясын, мәдениетін, түрлі ситуацияда қандай әрекетке дайын болатындығын түсіне аламыз.
Мысал келтіретін болсақ, қарапайым жеке тұлғаның бір ортадан екінші ортаға ауысуы сол тұлға үшін өте бір үлкен құбылыс болып саналады. Себебі, ол тұлғаның әлеуметі, яғни қоғам, ортасы ауысты. Жаңа әлеуметке үйрену оңайға түспейді. Әр ортаның өзіндік мінезі, жүріс-тұрысы, талқылатын мәселесі, мәдениеті өзгеше. Құрылымдық функционализм – негізінен алғанда, Толкотт Парсонс, Роберт Мертон және олардың шәкірттері мен ізін жалғастырушылар еңбектеріндегі басты әлеуметтану теориясы. Келісім теориялары, оның бірі – құрылымдық функционализм және конфликт теориялары арасындағы ерекшеліктерді қарастыру аса маңызды. Көп уақыт бойы конфликт теориясы құрылымдық функционализмге балама болып келген екен. Дегенмен құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенмен, олардың ұқсастықтарының да маңызды екенін ұмытпау керек. Қандай уақыт, қандай мезет болмасын қоғам әр кез қарым-қатынаста сондықтан оны бір орында ұстап тұру немесе белгілі бір тәртіпті енгізген күйде де оның арасында конфликт немесе түсініспеушілік болмайды деп айта алмаймыз. Құрылымдық-функционалдық теория, әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асыралытыны туралы проблеманы зерттейді.
Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмым істейтінін зерттеуге мүдделі. Құрылымдық- функционалдық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Бұл функцияның әлеуметтанушылар үшін маңызы өте зор. Мысалы, белгілі бір жоғарғы сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мектеп кештері негізінен мектеп рухын қалыптастыру, оқушылар арасындағы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға сияқты бірнеше функцияларды атқаруға арналған. Бұл мысалдан қоғамды сақтауға үлес қосатын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда әкелу мүмкіндігін байқаймыз.
Конфликт теориясы- қазіргі әлеуметтік құрылымдардың, яғни қандай да болмасын топ және ұжымда кездеседі. Мысал келтіретін болсам, тұрмыстағы зорлық- зомбылық, бұл тұста еркектерге қарағанда әйелдердің жиі және қатты зәбір көретіні бәрімізге айдан анық.Әлеуметтік қиял- қарапайым тілмен алғанда жеке тұлғаның проблемасын түсінуді сонымен қатар әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша біз ,яғни адамдар көптеген нәрсені толықтай бақылай алмаймыз, себебі көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да біздің назарымыздан тыс жүзеге асып жатады. Әлеуметтік қиял- әлеуметтанудың басты бағыты, ол өз өмірімізбен басқа адамдардың да өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде көре білу қабілеті.Әлеуметтік қиял адамдардың өмірі мен қоғамын өзгертуіне мүмкіндік береді, бұл «жеке басымызды» көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қиял әлеуметтің перспективаның маңыздылығын көрсетеді - қоғам әлеуметтік өнім болып табылады, сондықтан оның құрылымдары мен институттары өзгереді. Әлеуметтік құрылымдар мен күштер біздің өмірімізді қалыптастыратыны сияқты, біздің таңдауымыз бен іс-әрекетіміз қоғамның табиғатына әсер етеді. Біздің күнделікті өмірімізде біздің мінез-құлқымыз қоғамды растайды немесе оны жетілдіруге шақырады. Әлеуметтанулық көзқарас екі нәтиженің де мүмкін екенін көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік перспектива-бұл өткен, қазіргі және болашақ бірлігіндегі шындық, оның тұтас бағыты мен әлеуетті динамикасы. Болашақ, өткен және қазіргі деген ұғымдар - әлеуметтік перспективаның балама компоненттері десек те болады. Осындай әлеуметтік мәселелерге конфликтологтар көбінше көңіл бөледі екен.
Күнделікті өмірде біз экономиканың, әлеуметтік құрылымдардың өмірге тигізетін әсерін сирек байқаймыз. Қазіргі заманның экономикалық ахуалына байланысты үйсіз немесе баспанасыз қалған көптеген жандар күнделікті өмірде кездеседі. Олардың баспанасыз қалуының бірнеше себептері болуы мүмкін мысалға жоғарыда айтылғандай экономикалық ахуал және соның ішіндегі ақша жетіспеушілігі немесе ол тұлғаның қазіргі заман адамдарының көп қолданатын мүмкіндіктерінің бірі ипотека алуында. Осындай мәселелерді әлеумметтік қиялмен кеңірек талқылауға болады. Әлеуметтік қиялмен бұл мәселеге келетін болсақ баспанасыз қалған адам бірнеше сәтсіздіктерді басынан кешуі мүмкін , яғни бұл дегенім ол адамның жұмыс жасайтын орнының жабылуы, ипотека, несие, шамадан тыс көп қарыз алуы деген сияқты жағдайлар себепші болуы мүмкін. Әлеуметтік қиял- жұммыссыздықтың жоғары болуы, адамның жеке бас ерекшеліктерінен гөрі әлеуметтік жағдайларға көбірек байланысты екенін көре аламыз.