Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы


ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА — ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚҚА ¥ЛТТЫҚ М¥РАЛАРДЫ МЕҢГЕРТУ Қ¥РАЛЫ



бет9/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА — ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚҚА ¥ЛТТЫҚ М¥РАЛАРДЫ МЕҢГЕРТУ Қ¥РАЛЫ

1. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА, ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ Қ¥РЫЛЫМЫ

Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан үрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек.

Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен рөлін, ұлттық тәлім-тәрбиенің өсіп келе жатқан жас үрпақты әлеуметтендіру мәселелерін зерттеуге арналған бірде-бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептіқ оқу-тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемінде ғана халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі-өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсету-мен шектелген1.

Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу-тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты үғым — “Халықтық педагогика” терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін, ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып



1 Қараңыз: Жарықбаев Қ. Аталар сөзі — ақылдың көзі. Алматы, 1980; Ұстаздық еткен жалықпас. Алматы, 1986; Қалиев С. Халық. педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы, 1987; Табыл-диев Ә. Халық тағылымы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал, мәтел, терме. Алматы, 1992; Сагындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1976. және басқалар.

111


отырылған кез-келген проблеманың шешімі, көбіне-көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты. Онсыз қарастырылып отырган проблеманы жан-жақты талдап, анық түсініп, шешу мүмкін емес.

Білім беру, оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы қазақ тілінде жарық көрген ғылыми мақалаларда “Халықтық педагогикасы” ұғымының орнына бара-бар ұгым ретінде “Халық педагогикасы” үғымын пайдалану басым. Біздің пікірімізше, бұл үғымдардың арасында шамалы болса да, айырмашылық бар сияқты. “Халық” ұғымы белгілі бір ел, мемлекет тұрғындарын білдіреді. Мысалы, қазақ халқы, орыс халқы т. с. с. Ал “халықтық” ұғымы белгілі бір халыққа тиесілі нәрсені білдіреді. Мысалы, зат, табыс т. с. с. Олай болса, педагогика бар-жоғы оқыту мен тәрбиелеу әдісі туралы ғылымның жиынтығы болғандықтан, белгілі бір халыққа тиесілі. Халықтікі. Демек, дұрысы — “халықтық педагогика” ұғымы. Сондықтан ғылыми әдебиетте, күнделікті баспасөз бетінде “халықтық педагогика” ұғымының орнына оқырмандарды шатастырып, орынсыз пайдаланып жүрген “халық педагогикасы” ұғымын қолдануды мүлде тоқтаткан жөн. Бұдан педагогика ғы-лымы ұтпаса, ұтылмайды. Қайсы бір ұғымды болмасын орынды пайдалану тақырыптың ажарын ашады. Дұрыс түсінік береді.

Халықтық педагогиканың кейбір теориялық мәселелерін, жекелеген тақырыптары мен озық үлгілерін оқу-тәжірибе ісінде қолдану әдістемелерін тілге тиек етіп, арнайы жазылған ғылыми мақалаларда, хабарламаларда және тезистерде “халықтық педагогика” ұғымын бір-екі ауыз үстірт сөзбен сыдырта өте шығып, анықтау баршылық. Мысалы, “халықтың педагогика” үғымына Қазақ Совет Энциклопедиясында мынадай анықтама берілген. “Тәжірибе жөніндегі халықтық ой-тәжірибелердің жиынтығын халық педагогикасы дейміз”1. Педагогика ғылымдарының кандидаты А. Бәлдіков: “Халық педагогикасы дегеніміз халықтық педагогикалык, тәжірибесі”2 деп қысқа қайыра-

1Қазак, Совет Энциклопедиясы. 11-том. Алматы. 1977, 591-бет.

2 Бәлдіков А. Қазақ халық педагогикасының ерекшеліктері/ /Халық педагогикасы мен психологиясы дәстурлерінің оқу-тәжірибе ісінде қолданылуы./ Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Мамыр айының 19—20-сы. 1992./ Алматы, 1992, 22-бет.

112


ды. Ал, оның әріптесі доцент Н. Дәулетов “Халықтық тәрбие дегеніміз бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуі”1 деген де қойған. Жалпы, “халықтық педагогика” үғымына бір-екі ауыз үстірт сөзбен сыпайы берілген мұндай анықтамаларды Білім министрлігі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары оқу-тәрбие процесіндегі озық іс-тәжірибені насихаттау мақсатымен шығарған шағын кітапшалардың, мақалалар жинақтарының және ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары жарияланған топтамалардың қай-қайсысынан болса да кездестіруге болады.

Бұл анықтамалардың бірден-бір кемшілігі айтылмақ ойдың шолақ қайырылуына байланысты, “Халықтық педагогика” ұғымының мазмұнын құрайтын негізгі компоненттердің басым көпшілігінің қамтылмай қалғандығында.

Әрине, бұған қарап қазақ тілінде жарық көрген педагогикалық ғылыми әдебиетте “халықтық педагогика” үғымына жөні түзу анықтама берілмеген екен деген жаңылыс ой тумаса керек. “Халықтық педагогика” ұғымына берілген тәп-тәуір бірнеше анықтама бар. Айталық, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Сағындықовтың анықтамасы: “Халық педагогикасы дегеніміз — әр халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктеріне негізделген, өзін қоршаған қоғамдық-әлеуметтік орта мен табиғат жағдайына бейімделе қалыптасқан, халықтың шаруашылық экономикалық жағдайына байланысты атадан-балаға мұра болып келе жатқан тәрбие туралы ақыл-ой үлгілерінің жиынтығы”2. Немесе, зерттеуші Ш. Таубаеваның анықтамасы: “Халық педагогикасына негізделген тәжірибе дегеніміз — белгілі бір үлттың өкілі болып табылатын халықтың өз ұрпағына қалдырып отыратын мәдениеті, сөз өнері, қол өнері, музыка саласындағы жинақталған білімі, да дағдысы және іскерлігі”3.

Бүл анықтамалар алдыңғыларға қарағанда біршама толық болганымен, “халықтық педагогика” ұғымының мазмұнын толық аша алмаған. Халықтық педагогиканың маз-



1 Дәулетов Н. Халықтық тәрбиенің кейбір мәселелері.// Бұл да сонда. 117-бет.

2 Сағындықов Е. Алдымен атауын анықтайық: халық педагогикасы туралы бірер пікір. Ақиқат. 1993. № 10, 15-бет.

3 Таубаева Ш. Халық пөдагогикасына негізделген тәжірибені жинақтаудың кейбір мәселелері// Халық педагогикасы мен психо-логиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы... 116-бет.

113


мұнынан ажыратуш болмайтын кейбір қасиеттері анық-тамадан сырт қалган.

Халықтық педагогиканың нысаналы міндеті — өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан үлттық өзіндік адамшыл қадір-қасиеттерді, салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптардың терең тәлімдік мәні бар озық үлгі-өнегелерін сіңдіру; шаруашылық жүргізудің ұлттық машықтары мен ісмерлігін мең-герту; жалпыадамзатқа тән білім негіздерін оқытып үйрету; дағды-іскерліктер мен біліктілікке баулу; өнерге, сөз өнеріне, би билеуге, музыкаға, қол өнеріне, еңбекке т. б. бейімдеу. Бір сөзбен айтқанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз ұлтының мәртебесін тасытатындай лайықты өмір сүруге даярлау.

Олай болса, “Халықтық педагогика дегеніміз халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиынтығы. Халықтық педагогика мұралары ескіден келе жатқан ертегілерде, аңыздарда, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде, өнерде сақталып, ұлттың өзіндік салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көрінеді, өсіп келе жатқан жас ұрпақты бұқара халықтың ең озық мұраттары рухында оқыту мен тәрбиелеуге қызмет етеді”1.

“Халықтық педагогика” ұғымына берілген бұл анықтама мен түсініктеменің авторы Россия Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, Қырғызстан ¥лттық Ғылым Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Э. Измайлов., Бір емес екі ғылым ордасы академигінің бұл анықтамасы мен түсініктемесінде “Халықтық педагогика” ұғымының мазмұнын құрайтын негізгі компоненттерінің бәрін қамтуға ұмтылыс жасалған. Аталмыш құбылыстың халықтың рухани дүниесінің бір көрінісі ретінде өзіндік ұлттык, мәдениетімен, тұрмысымен, өмір салтымен бөлінбестей болып қиюласа бітісетіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, автор практикада тексеруден өткен шыншыл, қүнды, пайдасы зор білімдерден, мәліметтерден де басқа халықтық педагогикасаның құрамына күнделікті тұрмыстық-тәжірибелік пайым-



1 Измайлов А. 9. Народная педагогика. Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана, М., 1991, 76-бет.

114

даулардың, әмпирикалық жолмен жинақталған білімдердің де кіретіндігін баса айтқан. Мұндай пайымдаулар мен білімдердің өмірмен жанаспайтын кереғар, бүрмаланған, кейде діни нанымдардың әсерімен, әсіресе, қоғамдағы үстем идеологияның ықпалымен қате, тіптен, залалды ой-пікірлерді білдіруі мүмкін екендігін де жасырмаған. Мысалы, “Қатынның шашы үзын болғанымен, ақылы қысқа” т. с. с.

Халықтық педагогика — әлеуметтік-тарихи феномен. Оның пайда болуы мен дамуын халықтың пайда болуы мен дамуынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Халық қаншалықты жасаса, халықтық педагогика да соншалықты өмір сүріп келеді. Айталық, қазақ халқы қазақ екенш түсініп, ес біліп, етек-жеңін жинаған, тайпалық қауымдастыққа бірігіп, біртұтас ел болған бағзы заманнан-ақ оша-гындағы жаққан отын сөндірмей, ұрпақтан ұрпаққа өткізер бұтағының тәлімді тәрбиесіне талапты болған. Артында қалатын ұрпағына амандық пен бірлік тілеп, ертеңгі күні орнын басар, жері мен суына, малы мен жанына, жиғаны мен тергеніне ие болар түяғына ата дәстүрі мен салтының, әдет-ғүрпы мен ырым-жоралғысының озық үлгілерін сіңіре білген. Ата кәсібіне баулып, шаруашылық жүргізудің өз ұлтына тән қыр-сырына үйреткен. Еңбекке, өнерге, түрлі зергерлік бұйымдар жасауга, өрмек тоқуға, іс тігуге т. б. бейімделген. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ән айтқызу, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе ұлттың ойын түрлеріне: жамбы ату, аударыспақ, найза лақтыру, көкпар тарту т. б. машықтандыру ұлттық тәлім-тәрбиенің өзекті арқауы болған. Бірде-бір той-томалақ, үйлену тойы, құда түсу, жау-шы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік-төр көрсету, жар-жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, қырқынан шығару, ат қойып, айдар тағу, тұсау кесер, тілашар, сүндет тойы, мүшел тойы т. б. өнер сайысынсыз отпеген. Сайысқа түскендерді ел болып көтермелеп, мадақтаган. Бұл дәстүрдің қандай терең тәлімдік-тәрбиелік мәні бар десеңізші! Өйткені мақтау сөз таланттыға қуат беріп, өнер шыңына жетелеген. Қатарының алды болсам, басқалардан озсам деген сезім тудырған. Талантты бұлақ-тың қайнарын ашып, бағын асыруда, бұдан артық тәлім бар ма екен, шіркін!

Өсіп келе жатқан жас үрпақты үлттық дәстүрге, әдет-ғұрыптарды қүрметтеуге, үлкенге — ізет, кішіге — құрмет көрсетуге, кішіпейіл де қарапайым, ибалы да ізетті болу-



115

ға баулу халықтық педагогиканың жанды тақырыбы, Адамгершілік пен инабаттылық, ізгілік пен имандылық, мейірбандылық пен қайырымдылық, тәрбиелік пен мәдениеттілік, тазалық пен сыйласымдылық, кішіпейілділік пен сыпайылық, ата-ананы құрметтеу, үлкенге орын беру т. б. миллиондаған адамшыл жағымды сапалық қасиеттерді өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңдіру ежелден-ақ қазақтың дәстүріне айналған. Жастары қандай ашынса да, үлкендер тарапынан орынды айтылған бір ауыз сөзге тоқтаған. Мал, жан, жесір дауы қадірменді ақсақалдардың уәжді сөздерімен реттеліп отырған. “Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”. Бұл нақыл босқа айтылған емес. Оның шын мәнісіне түсініп, зер сала аңғарған жөн.

Ал ұлтшылдықты емес, ұлтжандылықты, жан-тәнімен ұлтын сүйетін ұрпақты тәрбиелеу халықтық педагогиканың басты тақырыбы болған. “Өз ұлтын қадірлейтін адам ғана басқа ұлттың қадірін біледі” деген қағида қазақ халңының ұрпақ тәрбиесіндегі діңгекті қазығы, негізгі қағидасы екендігі жұртшылыққа аян, ақиқат шындық. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты білімпаздыққа, біліктілікке, іскерлікке, адал еңбекке, адамшыл ізгі қасиеттерге баули отырып, ата-бабамыз оларды туған Отаны — Қазақстанды, өсіп-өнген тұрғылықты мекенін, елін, жерін сүю мен қорғауға, ар-намыс үшін күресуге жасынан даярлаған. Батырлық, ержүректілік, ар-намыс, тектілік, ат құлағында ойнау, жекпе-жекке шақыру, найза лақтыру, садақ тарту, аударыспақ, көкпар тарту, жебе асыну, шоқпар ойнату, дулыға мен сауыт киюі, қалқан ұстау, берен асыну т. б. — қазақ баласының тұлғасын сомдар қастерлі атаулар. Батырларды дәріп-теу, олардың ерлігін жырлау, сол батыр өмір сүрген дәуірдегі ол тарихының ащы-тұщысы, ауыс-берісі, тіршілік тынысы, рухани дүниесі, сана-сезімі мен мақсат-мұраттары, мүдделері мен рухы өсіп келе жатқан жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеудің ауыз әдебиетінен, Батырлар жырынан орын алған қасиетті шумақтары, ұлттық тәлім-тәрбиеинің нағыз ұстаздық дастаны.

Жалпы, ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге, яғни оларды әлеуметтік өмірге даярлап, қосуға бағытталған тәлімдік дәстүрлі өнеге-үлгісі халықтың аңыз, әңгімелерінде, ертегілерінде, мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, эпостық жырларында, әдет-ғұрыптарында, наным-сенімдерінде, ырым-жоралғыларында, өнер түрлерінде, күйі мен биінде, қол өнері мен әсем бұйымдарында, емшілік пен бақсы-балгерлік ісмерлігінде т. б. сақталған.

116

Бір сөзбен айтқанда, Қазақта халық педагогикасының тәлімдік үлгі-өнегелерін қамтитын рухани мұра мол. Оны халқымыз үзбей, тәлім-тәрбие ісінде орын-орнымен тиімді пайдаланып келеді.



Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзегі іспеттес қазіргі ғылыми-педагогикалық және психологиялық заңдар мен ережелердің қалыптасуына халықтық педагогиканың тәлімдік жөн-жоралғылары кәдімгідей ықпал етті. Жалпы, ғылыми педагогика мен психология өзінің қайнар бастауын халықтық педагогикадан алады. Әр уақытта да халықтық педагогиканың терең мәнді гуманистік идеялары, дәстүрлері мен іс-тәжірибесі кез-келген ұлттың зиялыларының — атақты ғалымдарының, ақын-жазушыларының және халық ағарту ісін ұйымдастыру-шыларының өскелең үрпақты оқыту мен тәрбиелеу жайлы толғанған айшықты зерттеу еңбектерінің, өлең-жырларының, публицистикалық-философиялық сараптауларының, педагогикалық және психологиялық пайымдауларының өзегіне арқау болған. Айталық, оған қазақ топырағынан шыққан ұлы ойшылдар — Әбу-Насыр әл-Фарабидің халықтық педагогиканың өз заманындағы озық үлгілеріне сілтемелер жасаған этикалық трактаттары, Жүсіп Баласа-ғүнның “Қүдатғу білігі”, XIX ғасыр алыптары Ш. Уәлихановтің Ы. Алтынсариннің, А. Қүнанбаевтің, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, Т. Тәжібаев-

тің т. б. еңбектері куә.

Халықтық педагогиканың мазмұны бай, құрылымдық элөменттері әр түрлі. Халықтық педагогиканың құрамына тәлімдік мәні бар белгілі бір ұлтқа тән барлық құбылыстар кіреді. Олар мыналар: ұлттық болмыс, дін, қадір-қасиет, ұлттық сана-сезім, өзіндік дүниетанымы, ұлттық психологиялық ерекшеліктері (мінез-құлқы, түйсік-түсінігі, көңіл-күйі, ұлттық сезімі, эмоциялық шымырқануы, ұлттық мақтанышы, ұлттық талғамы), ұлттық материалдық және рухани қүндылықтары, ұлттық мүдделері, мақсат-мүраттары, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтары, іскерлігі және тәжірибесі, салт-дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, жөн-жоралғылары, наным-сенімдері, тұрмыстық және үй шаруашылық қызметі, рухани дүниесі,ұлттық мәдениеті, ұлттық өнері, ұлттық қол өнері, ән-күйі, халық билері, сөз өнері (ауыз әдебиеті мен фольклоры, ертегілері, мақал-мәтелдері, жүмбақтары, жаңылтпаштары, хиссалары, эпос-тық жырлары, қазіргі ұлттық көркем әдебиеті туындылары т. с. с.), Отан қорғау, жаугершілік, аң аулаушылық тә-

117

сілдері, ісмерлігі (емшілік, бақсылық т. с. с.), ұлттық тәлім-тәрбие, білім беру, дағды-іскерліктерге және біліктілікке үйрету т. б.

Әсілі, халықтық педагогиканың, ұлттық тәлім-тәрбиенің құрылымдық элементтерін тауысып, санап шығу мүмкін емес. Оның мазмұны мен құрылымдық элементтері үнемі уақыт сұранысына сай материалдық өндірістің деңгейіне байланысты болатын тұтынудан туындайтын нақты жағдайға орай торлығып, жаңарып отырады. Ескісі көнеріп, жаңасы ұлттың жаңа өмір салты мен тұрмыс жағдайына, әлеуметтік-экономикалық ахуалына және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады. Уақыт талабына қайшы келетіні сұраныстан кетеді, ұмытылады. Себебі, дүниеде, табиғат пен қоғам өмірінде өзгермейтін құбылыс жоқ, уақыт пен элеуметтік жағдай бәріне өз билігін жүргізеді.

Құдіреті күшті табиғат ана мен тарих атаның тудырған кереметтерінің бірі — адам баласының үлттық жәнө этикалық өзгешелік сапаларын жасап шығаруы. ¥лттық сана-сезім мен психикалык, құрылымның, соның ішінде, әсіресе, ұлттық мінез-қүлықтың, түйсік-түсініктің, көңіл-күйдің, сезімнің, мақтаныштың, талғамның, мүдделер мен мақсат-мұраттардың қалыптасуында ұлттық дәстүрлердің орны бөлек. “Дәстүрге, — дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Н. Сарсенбаев өзінің “Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір” атты монографиясында,— әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері меп тұрмыстық формалары, ырым-жоралары,рәсімдер жиынтығы кіреді”1. Жалпы, әрбір ұлт өзінің дәстүрлерін, әдет-ғұръштарын, жөн-жоралғыларын, рәсімдерін т. с. с. көзінің қарашығындай сақтайды. Озығын кәдесіне жаратады. Өскелең үрпақ тәліміне пайдаланады. Өйткені ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, жөн-жоралғылар мен рәсімдер қоғамда қалыптасқан белгілі бір мінез-құлық нормалары мен қарым-қатынастарды реттеп отырады. Бұл белгілі бір ұлт өкілдері арасындағы өзара сыйластықтан, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруден, сондай-ақ ұлт мәдениеті мен өнерінен, көркем әдебиеті мен фольклорынан айқын көрінеді.

¥ëттық дәстүрдің түрі көп. Олардың кейбір формалары тәлімдік үлгі-өнегелер ретінде ұстаздар қауымы мен

1 Сарсенбаев Н. С. Обычай, традиции и общественная жизнь. Алма-Ата, 1974. 121-бет.

118


халықтық педагогиканы оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын іздестіріп жүрген ғалымдардың арасында жиі айтылып, педагогикалық басылымдарда жарық та көріп жүр. Олар мыналар: 1. Тәрбие басы — әдептілік деп түсініп, баланы әдептілікке үйретуді мансұқ еткен. Әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. 2. Ауру, сырқау, кем-кетік адамдарға қол ұшын беруге, қайырымдылыққа шақырған. Ал, қайырымдылық — гуманизмнің басты шарты. 3. Тіл алғыш, елгезек, еңбек сүйгіш бол деп үйреткен. Баланы жастайынан еңбекке баулу — халықтық педагогикарың басты шарты. 4. Адалдық пен шыншылдыққа баулу көзделген. 5. Білмегенді білуге тырыс, ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңда, ақпақұлақ болма, құймақұлақ бол, көпшіл бол, дегенді марапаттап келген. 6. Үлкенді, ата-ананы сыйлауды басты міндет етіп қойған. 7. Кісі айыбын бетке баспа, кемтар адамға күлме, инабатты, сыпайы бол дегенді уағыздаған. 8. Ел қорғаны, батыр бол, халқыңа адал қызмет ет дегенді насихаттаған1.

Өскелең ұрпақтың бойына халықтық педагогиканың, ұлттық тәрбиенің тәлімін тіндіруде, әсіресе, рухани құндылықтар — мәдениет пен өнер, көнеден қалған асыл мұра, әдебиет, соның ішінде халық фольклоры айырықша роль атқарады. Халық фольклорында ұлттық сана-сезімнін; қалыптасуына ерекше бір әсер ететін көңілге сондай жақын тыныс тіршілік иірімдері, көңіл-күй, болмыс оқиғалары бейнеленеді. Айталық, “Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың қойнында, Құшата өзенінің бойында Жұмаш деген би болыпты...” деген өрнекті сөзбен басталып, тыңдаушысын кейіпкерімен қоса неше түрлі кереметке толы ¥лы даланы шарлататын ертегілер мен аңыздар исі қазақ баласынын, қиялын шарықтататыны анық. Ондайда танауыңды отта жанып жатқан қи түтінінің исі қытықтайды...

Фольклор шығармалары сан қырлы.. Оның шығармалық үлгілері қисапсыз мол, жанрлық түрлері көп. Мұнда батырлар жыры, ғашықтар жыры, ертегі, аңыз, тарихи жыр, өлең, мақал-мәтел, шешендік сөз, жұмбақ, мұң-шер жырлары, өтірік өлең, тағы басқалар бар. Бұлар орындалу мә-

1 Қараңыз: Қалиев С. Халық педагогикасы мектептердегі оқу-тәрбие ісіне өнеге болуы керек. Ана тілі. 1993; Бәлдіков А.Қазақ халық педагогикасының ерекшеліктері// Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәжірибе ісінде қолданылуы... 22-бет.

119


неріне қарай,— Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, білгір фольклор маманы, профессор С. Қасқабасовтің пікірінше — не поэзия түрінде, не проза түрінде болып келеді. Поэзия түріндегі айтарлықтай зерттелген, ал проза үлгісіндегілері ғылыми жағынан әлі толық қарастырылмай келеді. Әділдігін айтсақ, қара сөз түріндегі фольклор өзінің көнелігі ұшқырлығы ғажайып сипаты жағынан поэзиялық үлгілерден кем емес, қайта көп жағдайда басым түсіп жатады. Оның бұдан да басқа толып жатқан қасиеттері бар. Егер өлең түріндегі фольклор, негізінен, көркемдік, эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған болса, прозалық халық шығармалары елге көбінесе табиғаттың сырын ұғуға, дүние танымды кеңейтуге, өмірді білуге жәрдемдескен1. Түптеп айтқанда, фольклордың түрлі жанрлары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, наным-сеніммен тығыз байланыста туындаған. Сондықтан да олардың тәлімдік-тәрбиелік мәні зор.

Фольклор шығармалары аға ұрпақтың, ата-бабаларымыздың дүниенің жаратылыс, өмір, қоғам, табиғат жайлы түсінігі мен бағасының пайда болу, даму және өзгеру сатыларын білдіретін куәліктері де болып табылады. Үс-тірт қарағанда, халықтың балаң дәуіріндегі,— деп жазады Қазақстан Республикасы ¥лттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Р. Бердібаев,— қиял жемісі секілденіп көрінетін түсініктерінде замандар шындығының өзге ешбір деректерден таптырмайтын елесі жатады. Көне дәуірлердің ауыз әдебиеті шығармаларында кездесетін куәліктері объективті шындықтары дәл бейнеленгенімен ғана емес, адамдардың бір кездегі наным, ұғымдарын білдіре алатындығымен де тарихылық мәнге ие болады. Мәселен, дүние құрылысы жөніндегі мифтік танымдардың өзі халық санасының күрделілену сатыларының заңдылықтары тұрғысынан алып қарағанда, көңіл аударарлық. Демек, фольклор туындыларының тарихилығы әлем, қоғам жайындағы адамдар танымының тізбегі, эволюциясы ретінде ерекше бағалы. Жаһанның жаратылуы туралы мифтік ұғымдардан бастап, сонғы дәуірлерде жасалған тарихи өлеңдерге дейінгі аралықтағы фольклорда адамзат басып өткен қилы-қилы белестердің өзіндік іздері тізілген2.

Фольклорлық шығармалар ел өмірімен, күнделікті түр-

1 Қасқабасов С.Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984. 3-бет.

2 Бердібаев Р. Алғы сөз// Қазақ фольклорының тарихилығы. Алматы, 1993. 5-бет.

120


мыспен ажырағысыз бірлікте дамиды. Оның түрлі-түрлі жанрлары халықтың әдет-ғұрпымен жымдаса өріліп, қоса қабат өмір сүреді. Фольклордың таза көркем әдеби туындыларын ірге ажырататын бір қыры да осы практикалық қолданбалығында жатыр. Айталық, халық ауыз әдебиетінің бір бұтағы — балалар фольклорының мазмұнынан бұл байланысты айқын аңғаруға болады. Бесік жыры, сәбилік салт жыры, мәпелеу, уату жырлары, тақпақтар мен сұрамақтар, арнау, тілек өлеңдер, қызықтамалар, өтірік өлеңдер, мазақтамалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, қорқынышты, күлдіргі әңгімелер, ойындар т. с. с. қайсысы болмасын өмірмен, тұрмыспен және тіршілікпен тығыз байланысты. Сәбилерді жақсы көру, сүю, мадақтау, өмірге үйрету т. б. арналғанымен, бұл фольклорлық жанрлардың бәрі де халықтың, белгілі бір ұлттың кәсібімен, салт-дәстүрімен, діни нанымымен, дінімен, тарихымен, өнерімен біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамдық даму сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысьш отыратын ұлттық нәрі мол қастерлі мұра. Өмір сынынан өткен, ұлттық ерекшеліктерін бойына мол сіңірген, практикалық мәнінің күштілігімен де әр халықтың дәстүрлі тәрбие ісі өзше қымбат.

Тегі, халық ауыз әдебиеті шығармаларының басым көпшілігі, соның ішінде, әсіресе, балалар фольклоры белгілі бір ұлттың ертеңгі күні ізін басар өсіп келе жатқан жас ұрпағын ұлттық рух, болмыс, қадір-қасиет, сана-сезім, өмір салты, тұрмыс-тіршілігі, дәстүрі, әдет-ғұрпы, т. с. с. негізінде тәрбиелеуге арналған мұралық қоры. Жалпы, халықтың фольклорлық шығармалары әлеуметтік-тұрмыстық, жаугершілік, саяси, экономикалық туыстық, рулық, рухани, мәдени, қарым-қатынастық т. с. с. басқа да біршама объективті және субъективті факторлардың ықпалымен қатар, таза педагогикалық практикалық қажеттіліктен туындаған терең тәлімдік мәні бар, орнын жоғалтпас асыл қазына болып табылады.

Соңгы жылдары халықтық педагогиканың озық үлгілерін насихаттау, ұлттык, тәлім-тәрбие беру жөнінде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда, тіптен, қала берді, халықтық педагогика мен психология дәстүрлерін оқу-тәжірибе ішінде қолдану мәселелеріне ар-

1 Матыжанов К. Балалар фольклорының этнографиялық бастаулары // Қазақ фольклорының тарихилығы... Алматы, 1993. 247-бет.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет