36
ақ бағдарлы толық орта мектептердің құрамына кіретін гимназияға, медресеге, лицейлерге, колледждерге кең жол ашылады.
Жалпы орта мектептің жаңа құрылымының қабылдануы
қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептердің
демократияландыру, ізгілендіру негізінде қайта түлеп жаңару-
ына, егеменді мемлекетте жан-жақты жетілген, іскер адам тәрбиелеуге толық мүмкіндік тудыратыны анық.
Дегенмен, жас өспірімдерді бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеуді кешегі тоталитарлық империяның колониясы болып тұрган күндерге тән “ескіше” төрт жыл көлімінде қалдыру дүние жүзі қабыл алған оқытудың технологиялық принциптеріне, балалардың құқын қорғау Заңдарына қайшы келмес пе екен? Себебі, Біріккен ¥лттар Ұйымы жанындагы ЮНИСЕФ-тің (балалар қорының) анықтауына қарағанда, оқу-ағарту жүйесін барынша жан-ландырудың ең кәміл жолы — ана тіліндегі 5—6 жылдық бастауыш мектептерде жақсы білім, үлтық тәлім-тәрбие беру болып табылады.
Оның үстіне “үлы державалық” орыс мүддесіне қызмет еткен кешегі күнгі коммунистік тоталитарлық режим адам қүқын аяққа таптап, 50-жылдардың ортасынан бастап бір мың бір жүзден астам қазақ мектептерін жауып тастады. Олардың басым көпшілігі бастауыш мектептер болатын. Осының салдарынан қазақ баласы ата-ана бауырынан, туған ауылынан ерте ажырап, біртұтас орыс тіліндегі “ірілендірілген” мектептерге өз құқын қорғай алмай, еріксіз тартылды. Іргесіндегі мектебі мен бауырындағы баласынан айырылған қазақ ауылдары азып-тозып кетті.
Тағы бір құлаққағыс ететін жәйт, кешегі күнгі мектеп тек білім берумен ғана шұғылданды. Оқу-ағарту жүйесінің білім беруден басқа келесі екі принципі: балаларды тәрбиелеу мен жетілдіріп дамыту назардан тыс қалды. Себебі. 3—4 жылдық бастауыш мектептегі бірлі-екілі мұғалімнің тек білім беруге ғана қауқары болды да, баланы тәрбиелеуге, жетілдіріп, дамытуға шамасы жетпеді. Баланы белгілі ортада тәрбиелеп, жетілдіру ушін жалғыз мүғалім емес, бірнеше ұстаздардан тұратын берік ұжым қажет. Оны 5—6 жылдық бастауыш мектептер тиімді орындай алады.
Бұл пікірдің ақиқаттығының дәлелі ретінде алдыңгы
қатарлы дамыған елдердің (АҚШ, Жапония, Германия,
Франция, Швеция т. с. с.) барлығында дерлік бастауыш
мектептердің 5—6 жылдық болып қайта құралғандығын
37
тілге тиек етіп айтуга болады. Мысалы, Жапон халқы сонғы жылдардағы ғарыштап дамуының, технократиялық революцияның шылауында кетпей, таза күйінде сақтап қалған ұлттық келбеті мен дәстүрінің кілтін — өзінің алты жылдық бастауыш мектебінде деп біледі. Оны ерекше қастерлеп, шаңырағын жеке және биік ұстайды. Бастауш мектептің мұгалімінің жалақысын Токио университетінің профессорымен теңгеріп берді. Мұндай қамқорлық басқа да көптеген алдыңғы қатарлы дамыған елдерге тән құбылыс.
Кешегі күні тоталитарлық коммунистік режимнің оқыту-ағарту жүйесіне тән тағы бір кемшілік ондаған жылдар бойы білім берудің бір ғана деңгейін (оның өзінде де жоғары деңгейін) өз алдына мақсат етіп қойды. Барлық мектептерде күллі пәндерді жоғары деңгейде меңгеру оқушы мұраты делінді. Сайып келгенде, бастауыш мектепті бітіріп, ежелеп оқитын, орта мектепті бітіріп, өтініш жаза алмайтын қасіретке тап болдық. Бұл да орта мектеп құрылымын дұрыс таба алмаудың, көп деңгейлі білім мазмұнын құра алмаудың, оқытудың дидактикалық принциптерін тап басып айқындай алмаудың салдарынан туған қасірет.
Бұдан былай әр оқушының қабілетін, ынтасын, табиғи алғырлығын, қызыгушылығын және жеке мүддесін ескере отырып, олардың білім мазмұныньщ әр түрлі деңгейін әр бір сатылар бойынша толық әрі жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік туғызылады. Мысалы, бастауыш мектептің міндеті логиқалық ойы жеткілікті дамыған, тілдік сауаты жоғары жеткіншекті тәрбиелеу. Бұл осы сатыдағы білімнің биік деңгейі болып табылады. Оған жету үші бастауыш мектептің кем дегенде бес жыл болуы шарт. Негізгі мектептің міндеті — қажетті орта білімнің тек базалық деңгейін меңгерту. Ал белгілі бір сапа бойынша орта білімнің толық және тереңдетілген деңгейін бағдарлы мектептер қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, осы жерде айта кететін тағы бір келелі мәселе — әрбір оқу сатысының көлемінде өткізілетін әр түрлі жеке пәндердің мазмұны да төменнен — жоғары, аздан — көп, жеңілден ауырға қарай деңгей-деңгейімен анықталып, оқытылғаны жөн. Мысалы, Англияда бір кластың өзінде физика оқулығы 12 деңгейде жазылған. Оқытудың мұндай дидактикалық шарты әр оқушының қабілетін толық ашып, ұдайы дамуы қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру оны
38
үш басқыштан тұратын жаңа құрылымдық үлгісін қабылдаумен тоқтап қалмауы тиіс. Оған қосымша ондағы берілетін білім мазмұны түбірімен жаңартылуы қажет.Егеменді жаңа мемлекеттің жаңа мектебіндегі білім мазмұны алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім беру жүйлеріне тән деңгейдегі білім мазмұнымен теңестірілгенде ғана өскелең ұрпақты қазіргі нарықтық қатынастар жағдайындағы қиын өмірден өз орнын тауып, өз бетімен күн көруге бейімді, білімі, біліктілігі, мінез-қүлық мәдениеті ен адамгершілігі жоғары, іскер де епті бесаспап етіп тәрбиелеуге берік негіз қаланады. Демек, жалпы білім беретін орта мектептегі білім мазмұнын жаңарту үшін оған қатысты объективті және субъективті факторлар жанжақты екшеленіп, мына төмендегі принциптік қағидалар мен негізгі бағыттар есепке алынған жағдайда гана оның өз жемісін беретіндігі сөзсіз.
— Біріншіден, мектептегі білім мазмұнын қазіргі ғылымның динамикалық құрылымына сәйкестендіру;
— екіншіден, тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін (оқу, жұмыс, қарым-қатынас) ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шыгармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудару;
— үшіншіден, өздігінен білім жинаңтаудың қажеттігін түсінуге және алған білімдерін іс жүзіне қолдана білуге тәрбиелеу;
— төртіншіден, жалпы адамзаттық және біздің елдегі асқа халықтардың тарихы мен мәдениетін ескере отырып, ұлттық рухани мәдениеттің қайтадан жаңаруына байланысты өскелең үрпақтың дүние-танымын, адамгершілігін байыту және олардың өсуін қамтамасыз ету1.
Сонда ғана мектептің өмірімен байланысы ныгаяды. Мектеп жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің педагогиқалық тиімділігі артады. Білім құрамы мен құрылымы балалардың психикалық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне, қабілеттері мен сұраныстарына қарай үйлестіріліп, мектепте оқытылатын пәндердің басым көпшілігі кәсіби, политехникалық біліктілікке, адамгершілік және азаматтық тәрбиелілікке бағытталады. Оқу процесі барынша ізгілендіріледі.
Сонымен қатар, мектептерде баланың сатылап дамуын қамтамасыз ететін білім мазмұнын ішкі және сыртқы са-
Қараңыз: Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1994.
39
ралау принципіне және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, сондай-ақ туған халқының әдет-ғұрпын, салт дәстүрін, бүкіл рухани әлемін ашып көрсететін білімнің қосарлана ену принципін қатаң сақтауға баса назар аударған жөн сияқты. Шындығында да, білім мазмұның өзара бірігіп, бір-біріне қосарлану принципі қазақ халқы- ның ұрпақ тәрбиелеудегі, әулет құрудағы өскелең өмір тәжірибесін, салт-дәстүрлерін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, сондай-ақ республиканың тәбиғи, саяси, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін оқу жоспарларына жеке пәндер ретінде енгізіп қоймай оларды басқа да пәндер мазмұнына қосалқы енгізуге жол ашады. Мысалы, тіл мәдениетін жетілдіру — бұл тек тіл пәндерінің міндеті ғана емес. Ана тілі жеке курс ретінде беріліп қоймай, ол басқа пәндердің барлығына да әдеби тілдің шұрайымен, ғылыми тілдің терең ойлы өрнегімен енуі керек. Бұл — барлық пәнгө ортақ принцип.
Әрине, қазақ мектебінің балабақшадан университет дейінгі біртұтас, үзіліссіз жүйесін, сондай-ақ оқулықтар, мен оқу материалдарын жасамай, қала берді оның бүкіл методикалық жүйесін халықтың рухани мұрасының негізінде қайта құрмай, бұл принципті іске асыруға болмайды. Аударма оқулықтар қазақ халқының рухани байлығын, республика ерекшеліктерін ашып беруге дәрменсіз. Бұдан аударма оқулықтардың жалпы қажеті жоқ деген қортынды тумаса керек, қайта дүниежүзіне кеңінен танымал оқулықтардың кейбір үздік нүсқаларын тікелей тәржімалаумен қатар олардың озық ғылыми методикалық жүйесін барынша мол пайдалану керек.
Техника мен технологияның негіздерін оқытуга бағытталған политехникалық білім беру — жас ұрпақты жан-жақты дамыту үшін аса қажетті құрамдардың бірі болып табылады. Орта мектептердегі практикалық курстардың құрамына қазақ халқының қолөнері мен ата кәсібін үйрететін, қазіргі өндірістік еңбекке баулитын поли- техникалық мазмұндағы жаңа курстар ендірілуі қажет. Бұл курстардың оқу жоспарларында туған Отанымыздың өзіндік ерекшелігі мен қазаң халқының ұлттық игілікте жан-жақты көрініс тапқаны жөн.
Сонымен қатар, қазақ халқының салт-санасы, әдет- ғұрпы, мінез-қүлқының өзгешеліктері, қол өнері мен ата кәсібі барлық пәндерге қосарлана енгізілсе нұр үстіне нүр. Осы мақсаттың іс жүзіне ойдағыдай асырылуында “Казақстан тарихы”, “Қазақстан географиясы”, “Әдеп және
40
психология” Қоршакған орта сияқты жеке пәндердің орны айрықша бөлек.Негізгі мектепте “Қазақтың көне жазүы” атты факультативтік курстың міндетті түрде енгізілгені де дұрыс сияқты. Жеткіншектердің жалпы мәдени өрісін, ой жүйесін дамытуда айрықша орын алатын
Бейнелеу өнері” мен “Музыка” пәндерінің де маңызы
жаңа оқу жоспарларын толықтырмаса, кемітпейтіні анық. Бұл пәндер негізгі мектептің барлық курстарында оқытылуы лазым. Әсіресе, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына аса қажетті білімнің негізгі салаларын құрайтын іргелі пәндерді: тіл мен әдебиетті, тарихты, философияны, математиканы, физиканы, химияны, географияны, астрономияны, кибернетиканы (информатиканы), биологияны, психологияны, эстетиканы, этиканы, дене шынықтыруды орта мектепте оқыту бүрынғыдан да әлдеқайда мазмұндырақ бола түскені абзал.
Мұның бәрі оқушылардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай септігін тигізетіні анық. Дегенмен, жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие жұмысында әлі де болса бірқатар кемшіліктер орын алып отыр. Мүның дәлелі ретінде білім мазмүнының ғылым мен техниканың, технологиялық процестердің қазіргі заманғы даму талаптарына сәйкес жаңартылуының өте баяу жүргізіліп отырғандығын айтуға болады. Сондай-ақ қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, мәдениеті мен тарихын, туған өлкесінің табиғатын, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ашып көрсететін тараулар көптеген пәндерден, оқу жоспарларынан әлі өз орнын таппаған. Осыдан барып, кейбір оқулықтарда қазақ халқының ұлттық игіліктерін бүкіл адамзат мәдениетінің сабақтас бөлшегі ретінде қарастыру принципі сақталмай отыр. Ал, бұл принциптің сақталуы ұлттық томаға-тұйықтыққа ұрынбай, керісінше, халқымыздың тарихын, ұлттық игіліктерін, әдет-ғүрпын, салт-санасын, қол өнерін, ата кәсібін, мәдениетін және рухани байлығын жалпы адамзат мәдениеті мен цивилизациясы дамуының құрамдас бөлігі ретінде тығыз байланыста қарастыруға мүрындық болып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына кең өріс ашады.
Сонымен қатар, сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін тиісті тәрбие жұмыстарына жеткілікті көңіл бөлмеу, оған жалпылама, қалай болса солай қарау факілері, педагогтік өктемдік немесе балаларды өзінің дербес әрекеті мен күшіне сенуден мақұрым ететін орынсыз тәртіп белгілеу, тәрбиеленушінің бойындағы құштарлық құбылыстар-
41
ға жеткілікті көңіл аудармау, кейде баланың ішкі дүниесіне селқос қарау сияқты қүбылыстардың әлі де болса жиі кездесіп отыратындығын да жасырып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына мұндай формалистік көзқарас тұргысынан немқұрайды қараушылықтың аяғы баланың бір жақты, ұяң, тұйық және жат болып өсуіне әкеліп соғады. Оның бойында өмірге бейімсіздікті тудырады. Менмендік пен өзім білемділікке бой алдырады. Бос уақытын көшеді, бос жүріспен өткізуге ықпал етеді. Өзінің табиғаты жағынан алып қарағанда, оқушы тәрбиесіне мұндай ат үсті қараушылық мұгалімдердің егеменді мемлекетіміз қойып отырған талаптарға қайшы келеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты әлеуметтендіруге, олардың бойын; белсенді өмірлік позициясын қалыптастыруға кесірін тигізеді.
Жеткіншек ұрпақты әлеуметтендіруге әрбір оқушыны жеке басына әсер ететін тәрбиелік шаралар объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың өзара диалектикалық байланысының қисынынан шығып, оқыту, тәрбиелеу мен жетілдіріп дамыту процесінде пайда болатын қайшылықтар мен кемшіліктер ойдағыдай уақытылы жойылып отырған жағдайда өмірге жан-жақты даярлығы бар адамдардың қалыптасатындағын көрсетеді.
Сондықтан оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту процестерін білім берудің субъектісі болып табылаын оқушылардың белсенді іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өз іс-қимылының мақсаты мен маңызын түсініп-ұғынуға талаптанады. Оларды ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп-жетіледі. Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктіліктің және дағдылардың берік негізі қаланады. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда айтылып, сөз болған барлық проблемалардың нәтиже; шешімі жалпы білім беретін орта мектептің қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар, дағды-іскерліктер мен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы жас ұрпақты егеменді жас мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольде1 жүйесіне ұтымды қоса білуінен, яғни оларды әлеуметтендіруден көрінеді.
42
III-Т АРАУ
ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК (ЖАЛПЫ¥ЛТТЫҚ)
МӘНІ БАР ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. ДҮНИЕГЕ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ —
ӨСКЕЛЕҢ ¥ÐПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ
¥ÑТЫҢДЫ ҚАЗЫҒЫ
Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс.
Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі жұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырылғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті әлементтерді құратын заңды қүрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқара-сының қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі болып табылады. Олай болса, мектептегі оқытудың, тәрбиелеудің жас жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің,яғни жас өспірімдерді әлеуметтендірудің заңды арқау жібі — әрбір оқушының бойына дүниеге ғылыми көзқарастың негіздерін қалыптастыру болып табылады. Дәлірек айтқанда, нарық жағдайында оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың басты міндеті — оқушыларға білімдердің дайын жүйесін беру емес, алдағы бүкіл өмірі бойнда адамның өзін-өзі қалыптастыруы үшін қажетті
43
білімдер негізімен және дүниені танып білу мен өзгертудің ғылыми методымен қаруландыру болып табылады.
Орта мектеп оқушыны тәрбиелеудің пассивті объектісінен өзін-өзі жетілдіріп, дамытудың белсенді субъектісіне, яғни өзін-өзі тәрбиелей білетін жеке тұлғаға айналдыруға тиіс. Жеткіншек ұрпақты қоғам өміріне даярлау,оның ертең қандай болатыны оған тек белгілі бір жалпы мәдени және кәсіптік білім беруге ғана байланысты емес. Бастысы бұл іске — нарықтық экономика жағдайында өмір сүруге, қызмет істеуге қабілетті іскер де ойшыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дүниені танып-білу өзгертудің жанды өзегі болып былатын дүниеге дәйекті көзқарастагы мүндай жеке ад ды қалыптастыру үшін, ең алдымен әрбір оқушының ті честволық ойлау ңабілетінің жан-жақты жетілуіне б назар аударылуы керек. Творчестволық тұргыдан ой, білудің өзі тек қабілеттілік түріндегі туа біткен қас болып табылады. Бұл қабілеттілік жетілдірілуге тиіс. Ө кені егеменді жас мемлекетіміздің жан-жақты гүлде мен өркендеуі үшін жасампаз іс-әрекеттің қандай бір ріндө болмасын терең және жан-жаңты ойлай білуге білеттілік ой самгауының, жаңаны тынбастан іздеудің, жаңаны қолдаудың, барлың жерде және барлық істе, ның ішінде нарықтык, экономика саласында да инициаті көтерудің үйтқысы болып табылады.
Мектеп жасындағы шақ — ойлау қабілетінің дамуындағы ең бір маңызды кезең. Көрнекті швейцарлық психолог Ж. Пиаженің зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда жас өспірімдердің творчестволық ойлау қабілетінің негізі 12—16 жас шамасында қалыптаса бастайды1. Демек,ойлау қабілетінің жан-жақты дамуын оқыту процесінен бөліп қарауға болмайды. Мүндай қорытындының дұрыстығын белгілі ғалымдар Л. И. Божовичтің, И. С. Конның және басқалардың жүргізген зерттеулері де көрсетіп отыр. Мысалы, психолог Н. С. Лейтес өзінің байқауларыгның оқушылармен әңгімелесуінің және олардың іс-қимылдарының нәтижелеріне, сондай-ақ кәдімгі эксперимент мәліметтерге сүйене отырып, II, IV, IX класс оқушыларының ойлау қабілеттерінің айырмашылықты ерекшелік терін салыстырған. Оның пікірінше, жас өспірімдер, теориялық ойлауға қабілеттілігі бастауыш класс оқушыларының ісіне қарағанда анагұрлым жоғары.
1 Пиаже Ж. Избр. психологические труды. М., 1969.
44
Рас жоғары класс оқушыларының ойлау қабілеті өте белсенде және біршама дербес өтетін процесс. Олар мүғалімдердің айтқанын сын көзімен қабылдайды. Өздерінің ішкі пайымдауларымен салыстырып көреді. Сонан соң ғана барып жүйелі бір қорытындыға келуге талпынады.Мұндай талаптылық олардың ойлау қабілетінің аса маңызды-сапасы болып табылады. Творчестволық ойлаудың арқасында олар бүгінгі таңдағыны бейнелеп қана қоймайды,сонымен қатар өткендегіні танып біледі, болашақты күн ілгері болжайды. Олар үшін ойлау қызметінің арқасында бастауыш кластардағы сыртқы, жеке тікелей қабылдана-гын құбылыстарды сезім арқылы танып білуден гөрі енді ішкі жалпы тікелей қабылданылмайтьш заңдылықтарды рациональдық (логикалық) тұжырымдау жолымен меңгеруге ұмтылушылық тән сипат.
Бірақ, олардың ақыл-ой қалауының тереңдігі көбінесе ойдың бытыраңқылығымен, белгілі бір жүйеге келтірілмеуімен және әдістің жоқтығымен байланысып жатады. Демек, белгілі бір жүйелі абстрактілі ойлауды дамыту, түрлі-түрлі логикалық айла-тәсілдермен қаруландыру Қазақстандағы білім беру жүйесінің қандайының болмасын алдында түрған аса маңызды міндет.
Қазіргі заманда творчестволық тұрғыдан жан-жақты ойлай білу қабілеттілігін дамыту ойлаудың аса маңызды формасы болып отыр.
Өйткені табиғатта болып тұратын даму процестерін, табиғаттағы жалпыға бірдей байланыстарды зерттеудің бір саласынан екіншісіне көшуді түсіндіретін бірден-бір дүрыс тәсіл — тек қана осы диалектика. Диалектика дегеніміз — табиғаттың, қоғамның, ойлаудың және танымның қозғалысы мен дамуының жалпыға бірдей заңдары жайындағы ілім. Ол заттарды және олардың ойда бейнеленуін өзара байланысты, олардың қозғалысы, пайда болуы және дамуы түрғысынан алып зерттейді. Демек, диалектика ғылыми дүние таным негіздерін нақты игеруге және дүниенің тұтастай бейнесін қалыптастыруға тікелей әсер етіп, білім мазмұнындағы негізгі білімдерді, құбылыстарды және фактілерді тақырыптық-синтетикалық түрде оңып-үйренуден дүниенің жалпы интеграцияланған ғылыми бейнесін оқушылардың ой жүзінде түтастай елестете алуына көмектеседі.
Тегінде, білім беру дүниеге дәйекті көзқарасты қалып-тастырудың ғылыми негізін қүрайды. Сондықтан біздің елімізде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалып-
45
тастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі ретінде мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жузеге асырылса дұрыс болар еді. 0л біріншіден, оқыту барысында ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ғылыми білім негіздерін, рухани құндылықтарды және дағды-іскерліктерді меңгерту процесінде; екіншіден, оқушылар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында; үшіншіден, көпшілік мәдени және қоғамдық жұмыстарға оқушыларды тартуда; төртіншіден ата-аналар мен көпшілік арасында жүргізілетін насихат жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс. Соңғысы, яғни халықты қоғамымызға жат көзқарастардан арылту — ата- аналардың балаларын сүйікті Отанымыз — Қазақстанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Өйткені “бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының қоғамдық ұйымдардың , бұқаралық ақпарат қүралдарыны барлық жүйелеріне, әрбір отбасына қатысты”1.
Ал, енді өсіп келе жатқан жас ұрпақты ә л е у м е т е н д і р у барысында олардың ішкі дүниесін байытудың ұстынды өзегі — дүниеге көзқарас дегеніміздің өзі не нәрсе? Ол қандай ұғымның жиынтық бейнесін білдіреді? Дүниеге көзқарас ұғымының мәні, мазмұны, құрылымы және сипаттық белгілері қандай?— деген сұрақтарға жауап беріп өтелік. Өйткені қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғымды толық түсінбейінше, алдымызға қойылған проблеманы талдап-шешу, практикалық іс-әрекетте пайдалану мүмкін емес.
Дүниеге көзқарас ұғымы алғаш рет XVIII ғасырдың аяғында немістің философиялық әдебиетінде қолданып бастады. Бұл үғымды өз еңбектерінде алғаш рет қолданған ғалым немістің классикалық философиясының негізін салушылардың бірі И.Кант болды. Көп үзамай-ақ бұл ұғым басқа тілдерге аударыльш, дүниежүзілік қоғамдық-саяси әдебиеттен берік орын тепті.
Қоғамдық-саяси әдебиетте әлі осы уақытқа дейін “дүниеге көзқарас” үғымы туралы ортаң пікір жоқ. Зерттеулерде бұл ұғым туралы бір-біріне қарама-қайшы әртүрлі анықтамалар беріліп жүр. Мәселен, “дүниеге көзңарас” ұғымы мазмүны жағынан тек философиялық көзқарастарды ғана қамтымайтындығы жан-жақты дәлелденгенімен, кейбір зерттеушілер, атап айтқанда, А. С. Тонких,
1 Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы — қоғамның идөялық бірлігінде. Алматы, 1993. 25-бет.
46
В.Ф. Черноваленко бұл ұғымды философияның баламасы
Ретінде қолданады.
Ал Г.В. Платонов, В. С. Буянов және басқалары “дүниеге
көзқарас” ұғымы өзінің мазмұнына белгілі бір идеялық ағымның әртүрлі құрамдас бөліктерімен қатар,гуманитарлық және жаратылыс тану ғалымдарының, революциялық -өзгерртушілік іс-әрікеттің мәліметтерін жинақтайтындығын тілге тиек етеді2.
Біздің пікірімізше, “дүниеге көзқарас” ұғымын екі жақты мағынада: тар және кең мағынада қолданған дұрыс. Кең мағынасында “дүниеге көзқарас” ұғымы күнделікті тұрмыстық сананың өзіндік ерекше бір формалық дәрежесі ретінде жалпылама, барлық адамдарға тән құбылыс ретінде, ал, тән мағынасында дүниеге көзқарастың белгілі бір типі ретінде алып қарастырған жөн. Дүниеге көзқарастың кең мағынадағы жалпылама, күнделікті тұрмыстық дәрежесі стихиялы түрде қоршаған ортаның, өмірлік тәжірибенің ықпалымен қалыптасады. Ал, дүниеге көзқарастың қандайда болмасын белгілі бір типі, өз мүддесін білдіріп отырған таптың ойшыл өкілдерінің — идеологтардың күшімен арнайы жасалып, мақсатты тәрбиелік іс-әрекеттің көмегімен саналы түрде бұқара көпшіліктің саласына ендіріледі.
Осы сөздің кең мағынасында дүниеге көзқарас дегеніміз — табиғи және қоғамдық өмір құбылыстарының әр-түрлі жақтарын бейнелейтін нақтылы білімдердің, әлеуметтік практика мен кәдімгі күнделікті тұрмыстың-тәжірибелік пайымдаулардың айтарлықтай тұрақты, жалпылама тұжырымдарының, идеялардың, сондай-ақ өмірлік мәні бар мақсат-мұраттардың адамдардың берік ішкі сеніміне, мінез-қүлық ережесіне айналған жиынтық көрінісі.
Бұл ұғымды бұлай бөліп құрастыру ғылыми әдебиеттерде “дүниеге көзқарас” ұғымы туралы беріліп жүрген әртүрлі анықтамалар мен түсініктерді жинақтап, теориялық тұрғыдан қорытуға, белгілі бір жүйеге түсіруге септігін тигізеді.
Дүниеге көзқарас өзінше бір рухани призма тәріздес.
Тонких А. С. Научное мировоззрение: понятие, структура, функции. Изд-во Воронежского университета, 1980, 28—29-беттер; Черноваленко В. Ф. Мировоззрениө и научное познаниө. Киев. Изд-во Киевского унивөрситета. 1970. 13-бет.
Платанов Г.В. Картина мира, мировоззрение и идеология. Научное мировоззрение: социально философский аспект. М., 1987. 65—66-беттер.
47
Сол арқылы айналадағы дүниені адам қабылдайды және
басынан кешіреді. Өйткені дүние туралы түсініктер адам-
ның ішкі сезімі мен ақылына тікелей әсер ете отырып
қорытындысында белгілі бір мүдделік мақсат-мұраттардық
тууына, өмірді танып-білуге күш беретін идеялардың
көңіл-күйлердің қалыптасуына жағдай жасайды. Осыған
байланысты, дүниеге көзқарас адамның тіршілік болмы-
сына, мінез-құлқына, дүниені тану және өзгерту қызметіне бағыт бере отырьш, оның өмірінде шешуші роль атқарады. Өмірдің аса маңызды құбылыстары жайлы адамның ой-пікірін, оған деген қатынасын білдіре отырып,ол адамның рухани талаптарымен, түбірлі мақсат-мүдделерімен тығыз байланысып жатады. Адамның еңбекке, басқа адамдарға қатынасына, өмірге талпынуының сипатына, арманы мен мақсатының орындалуына әсер етеді. Олай болса дүниеге көзқарас дүние жайлы бір жақты үстірт және
жалаң пікірлердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше,
сананың рациональдық, эмоциялық және еріктік компонентерінің қүймасы, дүниені танып білудің және өзгертуде тәсілі, рухани-интеллектуалдық ізденістің мақсатты практикалық іс-әрекетімен ұштасып жатқан терең мағыналы қайнар көзі. Ол нақты қүбылыс ретінде сөз бен істің бірлігі, өмір салты мен ой жүйесінің тұтастығы, білімнің,сенім мен практикалық іс-әрекеттің біте қайнасқан шоқ жұлдызы. Дүниеге көзқарас — өзі өмір сүріп отырған қоғамда
қабылданған адамгершілік нормаларын, мақсат-мұраттарынды, әлеуметтік құндылықтарды айқын түсініп ұғыну.Оның басты міндеті — адамның алған білімдері мен әсерлерін белгілі бір тәртіпке көлтіріп, өмірі мен іс-әрекетіің стратегиясын анықтап беру. Дүниеге көзқарастың басты мәселесі — дүниеге көзқарастың объектісі — айналадағы орта мен дүниеге көзқарас субъектісі — адамның өз қарым-қатынасын білдіру.
Дүниеге көзқарас — өмір шындығын бейнелеудің ерекше формасы. Ол өзінің мазмұньна қоғамдық сананын әлеуметтік практиканың және өмірлік тәжірибенің жаң- жақты талданып, дәлелденген, айтарлықтай тұрақты жалпылама түйіндеулерін ғана емес, сонымен бірге адамддардың қиялында, сезімінде, еркі мен іс-әрекетінде көрі табатын субъективтік-эмоциялық және психологиялық көңіл-күйлерді де қамтиды. Алайда,осыған қарамастан,ғылыми әдебиетте бүл үғамның құрылымын бір жақты, негносеологиялық-танымдық, не социологиялық, не аксио- логиялық-мәнділік қасиеттері тұрғысында түсіндіру ба-
48
басым. Біздің пікірімізше, бұл дұрыс емес. Өйткені, дүниеге көзқарастың қүрылымын бір жақты түсіндіру, оның мазмұнын,өзіндік ерекшеліктері мен сипаттық белгілерін жан-жақты алып, толық көрсетпейді. Сондықтан дүниеге көзқарасты оның гносеологиялық-танымдық түзілісі мен социологяялық нышандары, сондай-ақ аксиологиялық мәңдік қасиеттері тұрғысында, яғни үш жақты алып қарастырған жөн.
Дүниеге көзқарастың гносеологиялық-танымдық түзілісін қоғамдық сананың әртүрлі формаларының жалпылама тұжырымдары құрайды. Осыған орай, объективті дүниені дұрыс, не теріс бейнелеуіне байланысты дүниеге көзқарас не ақиқатты (ғылыми), не жалған боямалық (ғылымға жат) сипатта болады.
Сонымен қатар, дүниеге көзқарасты дүниені тану тәсіліне қарап та анықтауға болады. Мұнда да біз жоғары-дағыдай бір-біріне кереғар әртүрлі көзқарастарға кезігеміз. Олар мыналар: 1. дүниеге диалектикалық-материал-истік көзқарас; 2. дүниеге диалектикалық идеалистік көз-қарас; 3. дүниеге метафизикалық-материалистік көзңарас; 4. дүниеге метафизикалық-идеалистік көзқарас.
Дүниеге көзқарасты социологиялық тұрғыдан зерттеу оны қоғамдық қүбылыс ретінде талдауды, қүрамындағы әлеуметтік қасиеттер мен белгілерді анықтауды қажет етеді.
Дүниеге көзқарастың әлеуметтік мәні бар қасиеттерінің қатарына, ең алдымен оның таптық белгісі жатады. Осыған орай, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағытына, таптық белгілеріне байланысты дүниеге көзқарас не коммунистік, не буржуазиялық, не діни сипатта болады.
Қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сәй-кес келетін-келмейтіндігіне байланысты, дүниеге көзқарас не прогресшіл, не реакцияшыл сипатта болады. Дүниеге прогресшіл көзқарасты жақтаушылар прогресті өндіріс тәсілін қорғаушы, қоғамның прогресшіл жолмен дамуын қолдаушы таптар болып табылады. Ал күні өткен ескі тәртіптер мен қоғамдық қатынастарды сақтап қалуға тырысқан тап әруақытта да дүниеге реакцияшыл көзқарасты жақтаушылар болып табылады. Жалпы, дүниеге реакцияшыл көзқарас ескі қоғамға тән қасиет.
Озінің алдына қойған әлеуметтік-практикалық мақсатына байланысты дүниеге көзқарас не консервативтік, не демократиялық сипатта болады.
Дүниеге көзқарас белгілі бір мақсатқа байланысты
49
не оптимистік, не пессимистік, адамшыл қасиетіне қарай — не интернационалистік-гуманистік, не нәсілшілдік,үлтшылдық, адам баласын жек көрушілік сипатта болады.
Сонымен қатар, өзінің таптық сипатына байланысты дүниеге көзқарас белгілі бір таптың идеологиясының құрамына кіреді. Дегенмен, осыған қарамастан, қоғамдық саяси әдебиетте “дүниеге көзқарас” және “идеология ұғымдарын ауыстырып, тең мағынада пайдалану, әдөтке айналып барады. Біздің пікірімізше, бұл дұрыс емес. Өйткені, бүл ұғымдардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Біріншіден, “идеология” ұғымы “дүниеге көзқарас”
үғымына қарағанда әлдеқайда кең мағыналы. Идеологиялық қоғамның бүкіл рухани дүниесі. Ол қоғамдық сананың барлық түрлерінде өзінің қандай да болмасын көрінісін тауып отырады. Ал, дүниеге көзқарас болса, идеологияяның тек қана идеялық қызметін атқарады, оның идеялық бағытын білдіреді.
Екіншіден, Г. В. Платонов айтқандай, идеологияның құрамына саяси және праволық идеология, философия мораль, өнер және т. с. с. кірсе, ал дүниеге көзқарастың мазмұнын олардың жалпы тұжырымдары құрайды1. Үшіншіден, идеология мен дүниеге көзқарас өздерінің өмір сүрү уақыттары бойынша да әртүрлі.
Дүниеге көзқарас — ақиқаттың тек мазмұны ғана емес әрі оны жете түсінудің тәсілі, сол сияқты ақиқаттың сипатын анықтаушы өмір принциптері. Ол — тек білімдердің логикалық жүйесі ғана емес, сонымен бірге сенімдерді де системасы, адамдардың негізгі өмірлік мүдделерінің мұрат-мақсаттарының жиынтығы. Осы жөнінен алғанда дүниеге көзқарастың адам үшін терең құндылығы бар .Демек, дүниеге көзқарасты гносеологиялық-танымдық және социологиялық нышандары тұрғысынан ғана емес сонымен қатар аксиологиялық-мәнділік тұрғысынан ғана емес сонымен қатар аксиологиялық-мәнділік тұрғысынан да талдау қажет.
Дүниеге көзқарастың бул қасиеті әртүрлі табиғи және қоғамдық өмір қүбылыстарының мәні мен мазмұнының адамдардың практикалық іс-әрекеті нәтижелерінің бағалық критерийі болып табылады.Құндылық, бір жағынан, табиғи құбылыстар мен процестердің, заттардың, адамдардың мақсатқа сәйкес әрекетінің шеңберіне ілініп, белгілі бір
1 Платонов Г. В. Картина мира, мировоззрөние и идеология М., 1972. 35—36-беттер.
50
әлеуметтік мазмұнға ие болуына байланысты өзінен өзі бейтарап жатқан заттар пайдаға асырылып,қажетке жаратылады қоғамдық игіліктерге айналады. Демек, құндылық әлеуметтік црактиканың нәтижесі ретінде субъект пен объектінің арасынағы байланыстан туындайды. Ал мұның өзі оның табиғатын ашьш көрсетуге негіз болады.
Екінші жағынан, құндылық қоғамдаы структуралық-
құрылымдық элементтермен (таптар, әлеуметтік топтар,ұлттар және т. с. с.) тығыз байланысты. Яғни, бір тап игілік ретінде бағалайтын заттың келесі тап үшін құны болмауы мүмкін. Таптардың дүниеге көзқарасында ең алдымен таптың әлеуметтік позициясын бейнелейтін құбылыстар бірінші орынға қойылып дәріптеледі. Демек, дүниеге көзқарастың аксиологиялық-мәнділік қасиеттеріне оның мазмұнында елеулі роль атқаратын мұраттар мен мақсаттар адамгершілік нормалары және т. с. с. кіреді. Өйткені олар адамдардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар бере отырып, қызметке ұмтылуга серпін туғызады.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, дүниеге көзқарасты үш жақты талдау, жік-жікке бөліп қарастыру, оның мәнін, құрылысын, маңызды әлеуметтік белгілерін және т. с. с. жан-жақты ашып көрсетуге септігін тигізіп, ғылыми талдау барысында қолданылады. Ал, ақиқатын айтқанда, дүниеге көзқарастың мазмұны, әлеуметтік белгілері және мәнділік қасиеттері бір-бірінен ажырағысыз диалектикалық бірлікте ғана, бұл тарихи феноменнің өзіндік қайта-ланбас ерекше бір тұтастығын құрайды, оның ішкі қүрылысын ашып көрсетеді. Осы бірлікте ғана жеке адамның санасы өзіне тән сипаттық белгілерін сақтай отырып, қоғамдық санамен, мақсат-мұраттармен ұштасып жатады. Осы бірлік қана дүниеге көзқарасты біртұтас рухани құбылыс ретінде талдауға мүмкіндік береді.
Дүниеге көзқарасты тұтас күйінде алып қарастырғанда, ең алдымен оның құрылымдық мазмұнының басты элементін қоғамдық сананың, әлеуметтік практиканың айтарлықтай түрақты жалпылама түйіндеулері құрайтындығын атап көрсеткен жөн. Өйткені бүл тұжырымдарда адамдардың табиғи және өмір қүбылыстарына, өздеріне, басқа амдарға қатынасы, өмірдің мәні, іс-әрекеттің сипаты, болашақ, мақсат-мұрат және т. с. с. туралы толғаныстары,ой пікірлері және көңіл-күйлері бейнеленген.
Ал дүниеге көзқарастың маңызды бөлігін ежелгі және шешуші мақсаттар ретінде идеялар құрайды.
Жалпы дүниеге көзқарастың қүрамына кіретін әлеу-
51
меттік практиканың, өмірлік тәжірибенің және қоғамдық
сананың мазмұны адам өзінің идеяларының, көзқарастарының, не түсініктерінің дұрыстығына толық көз жөткенде, сенгенде ғана дүниеге бір тұтас жүйелі көзқарасқа айналады.
Олай болса, дүниеге көзқарастың құрамына негізгі компоненттерінің бірі ретінде сенімдер де кіреді. Сенім дегеніміз дүниеге көзқарастың өзегі, сананың объективт; дүниені танымдық бағалық тұрғыдан бейнелей білу ерекшілігі.
Сенім, жоғарыда айтылғандай, білімдердің, белгілі идеялардың, теориялардың т. б. негізінде қалыптасады. Білімнің сенімге айналуы өте күрделі процесс. Себебі әлемді рухани тұрғыдан ұғыну үшін білім алу аз. Ол білімдерді нақты өмірдің фактілерімен, адамдардың қажерімен салыстыра отырып, бағалай білу керек. Сонда ғана білім берік ішкі сенімге айналып дүниеге көзқарастылыптастырады. Сенім — адам үшін бүкіл өмірінде, қыметінде және мінез-құлқында басшылыққа алатын сөзсіз ережелерге айналған рухани қажет нәрсе.
Дүниеге көзқарастың басқа негізгі құрылымдық элементтерінің қатарына қатынастық, бағалаушылық,бағдарлык, және әрекеттілік қасиеттері жатады.
“Дүниеге көзқарас” ұғымын анықтау үшін оның құрылымын, маңызды әлеуметтік белгілері мен мәнділік қасиеттерін жан-жақты алып қарастырғандағы мақсатымыз оның қалыптасуының күрделілігің көрсету. Өйткені, дүниеге көзқарас әртүрлі элементтердің жай, механика; досындысы емес. Дүниеге көзқарас — бұл сананың рациональдық, эмоциялық және еріктік компоненттерінің құймасы, табиғи және қоғамдық өмір құбылыстарының әртүрлі жақтарын бейнелейтін нақтылы білімдердің дәлелдеген, айтарлықтай жалпылама тұжырымдардың, идеялар мен сенімдердің жиынтығы. Дүниеге көзқарас — бұл өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған адамгершілік нормаларын, мақсат-мұраттарды, әлеуметтік құндылықтарды айқын түсініп, ұғыну. Дүниеге көзқарас бұл сөз істің бірлігі, тұрмыс қалпы мен ой жүйесінің тұтасты Дүниеге көзқарас — бұл білімнің, сенімнің және практикалық іс-қимылдың біте қайнасуы. Оның әртүрлі элементері бірімен-бірі ажырағысыз диалектикалық бірлікте болып, дүниеге көзқарастың болмысына әл беріп, оның мағыналық, мазмұндың және бағыттық сипатын ашып тұр.
Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру — қиын да
Достарыңызбен бөлісу: |