Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы


ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ОРТАЛЫҒЫ



бет3/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ОРТАЛЫҒЫ

1. ЖЕТКІНШЕК ¥РПАҚҚА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

Білім беру қоғамда зор әлеуметтік, халықшаруашылықтық, мәденни-ағартушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарына — оның экономикасы мен әлеуметтік құрылысына, мәдениеті мен бүкіл рухани өміріне зор әсерін тигізеді.

Білім берудің әлеуметтік міндеті — өндірістің түрлі салаларында, ғылым мен мәдениет ошақтарында белсене қыз-мет етуге қабілетті, мінез-құлық мәдениеті мен эстетика-лық талғамы жогары, дүниеге берік көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген кәсіби білікті адамдарды даярлау болып табылады.

Дегенмен, білім беру тек әлеуметтік міндеттерді ғана шешіп қоймайды. Сонымен бірге, ол жұмысшылардың, мамандармен қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арқылы олардың кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдетеді, жаңа кәсіптік мамандықтарды игерулеріне ықпал жасайды. Сөйтіп жұмысшы күшінің потенциалдык мүмкіндіктерін сапалык. жаңа дәрежеге өсіреді, өндірісті үйымдастыру мен басқаруды жақсартады, еңбек өнімділігін арттырады. Жоғарыда сөз болған әлеуметтік (сондай-аң мәдени-ағартушылық және тәрбиелік) міндетке тікелей қатысы болғанымен, бұл соңғы халықша-руашылыңтық міндеттің өзіндік дербестігі және аса ірі практикалық маңызы бар: білім берудің даму мүмкіндігі өндіргіш күштердің даму дәрежесіне тәуелді.

Мемлекет өз мүшелеріне өте орынды талап қояды: әр-бір адам міндетті қызметін мүлтіксіз атқаруы үшін өзінің кұмыс орнында өз заманындағы ғылыми-техникалық прогрестің дәрежесіне сәйкес келуі керек. Ал оған Қазақстан-

25

дағы еңбекке жарамды барлық адамдардың білімін көтеру арқылы жетуге болады.



Қазір өндірістің тұрақты түрде тиімді жұмыс істеуі бұрынғы жылдардағыдай қара күшпен, қолдың шеберлігімен анықталмайды. Керісіншө, қызметкерлердің білімдарлығымен, жалпы білімі мен кәсіптік даярлығының жоғарлығымен сипатталады. Қазаңстанның күші — тек оны экономикалық және өндірістік күш-қуатымен өлшенбейді. Сонымен бірге,қоғам мүшелерінің интеллектуальдық потенциалымен де бағаланады. Қоғамның интеллектуальдық күш-қуаты неғүрлым жоғары болса, соғұрлым оның әкономикалық күш-қуаты да мықты болады.

Білім берудің әсерлі ықпалы тиетін қоғам өмірінің тағы бір саласы бар. Ол — қоғамның рухани өмірі.

Білім беру арқылы қоғам өзінің өте маңызды әлеуметік функцияларының бірі — мәдени-ағартушылық міндет жүзеге асырады. Білім беру жүйесі мемлекетте адамдардың рухани және интеллектілік қажеттерін дамытып, қанағаттандырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру процесінде олар рухани мәдіниеттің түрлі құңдылықтарын өз бойларына сіңіріп, жеке бастарында биік адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастырады, творчөстволық қабілеттері мен эстетикалық тағылымдарын өсіреді, жоғары мәдениетті адам ретінде қалыптасады. Ал мұның өзі жет - кіншек ұрпақтың белгілі бір мамандықты дүрыс таңдауына,кәсіби шеберлігі мен қабілетін ұдайы дамытып отыруына және еңбекке дұрыс көзқарасы мен саяси белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Олардың қоғам өміріне алатын өз орнын анықтауына ықпал жасайды. Жеткінше ұрпақтың азамат ретінде қальштасуына негіз болады.

Білім беру қоғамда зор әлеуметтік, халықшаруашылык тың және мәдени — ағартушылык, міндеттермен қатар терең мәнді тәрбиелік қызмет те атқарады.

Жастарға білім беру — бүл жалпы орта, кәсіптік арнаулы және жоғары мектептердің бір міндеті ғана. Маңызы одан кем түспейтін келесі міндет — бұл жеткіншек ұр пақты тәрбиелеу мен жетілдіріп дамыту. Себебі, мектептің табиғаты мен құрылымы оның оқыту-ағарту жүйесіндегі үш бүтағының: білім берудің, тәрбиелеудің және жетіл діріп дамытудың ажырамас бірлігінен туындайды,

Ал, бұл бірлікті бұзу орны толмас опық жегізеді. Орысша “образование” сөзі осы үш бірдей ұгымды қамтиды оған қазақша “оңу-ағарту” сөзі жақын келеді. Осы үш мін-



26

детін мектепте ең “оңай” орындалатыны — білім беру,қиыны тәрбиелеу, одан да қиыны — баланы жетілдіріп дамыту.

Демек, “білім беру жүиесінің басты міндеті — үлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау”1.

Осыған орай, Қазақстанда білім беру жүйесінің бүкіл жұмысы: әрбір сабақтың мазмұны, сабақтан тыс жүргізілетін әрбір іс-шара, оқытудың сан алуан түрлері тәрбиелік міндетпен тығыз байланыста, ажырамас бірлікте жүргізіледі.

Білім беру жүйесінің басты ең негізгі бұл міндетінің, ең алдымен, мынадан,— өсіп келе жатқан жас үрпақты жүйелі түрде оқытып, тәрбиелеудің негізінде белгілі бір тәртіпке келтірі.п, жинақталғаң қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және қоғамда қабылданған мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды біртіндеп қоғам өмірінө ендіруден,яғни өскелең ұрпақты әлеумет-

теруден айқын көрінеді.

Әрине, бұган қарап жас ұрпаққа білім беру және жас ұрпақты әлеуметтендіру бір-біріне бара-бар нәрсе екен деп біржақты, үстірт ойлауға болмайды. Себебі, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ғылыми білімдердің негізімен қаруландыру әлеуметтендірудің тек қана негізін құрайды. Ал элеуметтендіру” үғымы өзінің мазмұны жағынан “білім беру”, “оқыту”, тіпті, қала берді, “тәрбие” ұғымынан да мазмұндырақ әрі ауқымы, кең.

“Әлеуметтендіру” термині XX ғасырда пайда болды. Әдетте бүл терминді адамның “әлеуметтік табигатын” немесе “мінез-құлық нормаларын” белгілеу үшін ғана қолданды. Бертін келе адамның әлеуметтенуі психикалық жетілудің, әлеуметтік тәрбие мен оқытып, тәрбиелеудің нәтижесі ретінде қарастырыла бастады.

Социологиялық әдебиетте “әлеуметтендіру” ұгымымен қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту және жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қогамның әлеуметтік-экономикалык, құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер системасьіна қос уды бейнелейді1.

Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы,1992.3-бет.



Нусқабаев 0. Дүниеге ғылыми көзкарас және жастар. Алматы,1984.29-30-беттер.

27

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру,ең алдымен,оларға әлеуметтік бағдар беруді, алдарында тұрган өмір ағымының әрқилы жардайларында өз бетімен іс істеуге қабілетті интеллекті, мақсат-мұраты мен мүдделері асқарлы,адам-гершілігі, мен мінез-құлық мәдениеті толық жетілген де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты жан-жақты даярлап, қоғамдық өмірге қосуды талап етеді. Әлеуметтік-бағдар беру дегені-



міз өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпаққа қоғамдық өмірден өз орнын дөп басып, дұрыс таңдауына ықпал ету, оларға белгілі бір ғылыми білімдердің негіздерін, дағды-іскерліктерді және біліктілікті меңгерту арқылы еңбек және қоғамдық қызмет саласында белсенді еңбектенуге және қызмет бабында төменнен жоғары қарай сатылап көтерілуін мүмкіндік беретін жаңа кәсіптер мен мамандықтарды

тандап, игере білулеріне негіз қалау.

Әлеуметтік бағдар беру кәсіптік бағдар берумен тікілей байланысты. Дегенмен “әлеуметтік бағдар беру” ұғымы өзінің мазмұнына және қоғамда атқаратын қызметініне қарай “кәсіптік багдар беру” ұғымынан әлдеқайда кең әріауқымды. Айталық, кәсіптік бағдар беруде белгілі бір кәсіпті дәріптеу немесе оны басқа бір кәсіппен салыстыру арқылы оқушыларға таңдатуға мүмкіндік тудырылады.Ал әлеуметтік бағдар беруде, керісінше, баланың тұған әкесінің немесе шешесінің кәсібі, баланың шыққан тегі, сондай-ақ қоғамның мүмкіндігіне орай өз мүшелеріне ұсынып отырған кәсіптердің ішінен оқушының өзінің денсаулығына, білім деңгейіне, талап-тілегі мен қабілет — мүмкіндігіне қарай белгілі бір кәсіпті дұрыс таңдап ала алуы шешуші роль атқарады.

Сондықтан өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беруде басқару органдары, оқу-ағарту жүйелері және мүғалімдер қауымы оның әлеуметтік астарына (аспектісіне) айрықша назар аударуы тиіс. Атап айтқанда,олар оқушының белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты таңдауына ғана көңіл аударып қоймай, белгілі бір кәсіп пен мамандықты дұрыс таңдай білудің терең мәнді әлеуметтік құндылығы болатындығын да жан-жақты негіздеп, түсіндірулері керек. Өйткені, өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беруді дұрыс түсіндіріп, ұғындыру, оқушының білім деңгейі мен қабілетіне орай кәсіптік, арнаулы және жоғары оқу орнын дұрыс таңдату, талап-тілегіне сай белгілі бір еңбек ұжымына жұмысқа орналасуына көмектесу, қызмет бабында

28

өсуне ықпал ету т. с. с. кәсіптік бағдар берудің әлеуметік салалары болып табылады.



Кәзіргі уақытта егемен Қазақстанның күнделікті тіршілігінде болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени-ағартушылық ірі оң өзгерістер өсер үрпақтың алдына бұрындары қойылып келген мақсаттар мен мүдделерге кереғар жаңа талаптар қоюда. Қоғамның нақ төрінен орын алып отырған жаңа әлеуметтік қүрылымдар, нарықтық экономикалық және жаңа түрпатты қоғамдық қатынастарға бетбұрыс өсер ұрпаққа кәсіптік бағдар берудің өріісін кеңейтіп, әртүрлі оқу орындарында оқып жүрген оқушы жастардың жаңа кәсіптер мен мамандықтар таңдауына кең жол ашып отыр. Мысалы, осы уақытқа дейін ектеп бітірушілердің басым бөлігі негізінен жұмысшылар мен колхозшылардың қатарын толықтырып келген болса, қазір олардың басым бөлігі бизнеске, фермерлік қожалықтарға, қызмет көрсету мен сауда-саттык, салаларына күрт бет бұруда.

Дей тұрғанмен, жасөспірімдердің белгілі бір кәсіпке қызығушылығы, ең алдымен, өскен ортасының, ата-анасыың, ағайын-туғандарының және көрші-қолаңының ықпалымен бала кезінен-ақ өте ерте қалыптаса бастайды. Балалардың бұл арман-тілегі есейген сайын өмірлік тәжірибенің тұжырымдарымен, ой-пікірлерімен және жеке бастың айдалы нәрсеге құмарлығы сияқты пендешілік пайымдауларымен толыға, толыса келіп, олардың дүниеге көзқарасының төрінен берік орын тебеді. Өмірлік жоспарлары мен бағдарларының мазмұнына арқау болады. Олар негізгі мектепті бітіріп, өз қалаулары бойынша бағдарлы орта мектептерді, лицейлерді, гимназияларды, медреселерді, немсесе орта білім беретін колледждерді таңдатуға да, жоғары ілім алуға да мұрындық болады.

2. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ

ОРНЫ МЕН РОЛІ

Мектеп жасындағы шақ — өскелөң үрпақты әлеуметендірудегі ең бір жауапты кезең. Сондықтан мұғалімдер қауымы өскелең үрпақты әлеуметтендірудің, яғни оқыту мен тәрбиелеудің негізінде оларды қоғамдық өмірге даярлап,қосу процесінің ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін әр-бір оқушының талғам-тілегін, оның табиғи және биологиялық-генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен



29

психикалық ерекшеліктерін, әсіресе, ең алдымен, оларді жас мөлшерін барынша ескере отырып, жеке тұлғаны творчестволықпен іс-әрекет етуге баулуы басты мақсат етіліп қойылады. Осыған байланысты соңғы жылдары бүкіл дүние жүзі ғалымдары жас кезеңі мәселелеріне айрықша назар аударуда. Дегенмен, бұл мәселенің шешімінде әлі де болса бірыңғай қалыптасқан көзқарас жоқ. Жас кізеңдері мәселесі төңірегінде ғылыми әдебиетте әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Айталық, кейбір ғалымдардың пікірінше, жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіні дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреуле адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Педагогика гылымы өкілдері балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, бөбек жас жасындары балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындары балалар т. с. < Балаларды осылайша сатыға бөлу іс жүзінде үйреншікі ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген. Жалпы жаңа туған баладан баста жас өспірімдік шаққа дейінгі жас аралығы кезеңдері жеті сатыға бөлінеді.

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін).

3. Ерте сәбилік шак, (бір жастан үш жасқа дейін).

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан жеті жасқа дейін).

5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 —12 жасқа дейін).

6. Жеткіншек шақ (11—12 жастан 14—15 жасқа дейін).

7. Жас өспірімдік шак, (14—15 жастан 17 жасқа дейін).

Дүниежүзілік масштабта қабылданған осы жас кезеңдері ережесіне сәйкес мұғалімдер қауымы өскелең ұрпақты жан-жақты әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге даярлап қосуга бағытталған тәрбиелік іс-шараларды мектепке дейінгі балалық, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек және жас өспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму процесінде болатын өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып ұйымдастыруы тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері



1 Қараңыз: Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы Алматы, 1987. III—ІУ-тараулар.

30

қатайып бұлшық еттері дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы 14 килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделекті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүек-бұлшық ет системасы үзақ еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатын еске алып,енбек тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері аркылы жаттықтыруы қажет.

Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған: кысқа әңгімелейді тыңдауға, айтып беруге, ойыншықтар-мен ойнауға өте қүштар болады.Негізгі іс-әрекеті — ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көріне бастайды. Бірінші класқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынтасы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесін, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпара мәліметтерді білуі, дененің жетілуі

т. б.


Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерөкшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу кезеңінде болады, мидың үлкен жарты шарының қызметі дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, ал салмағы 32—35 кг шамасында болады.

Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті — оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі (қабылдау, зейін, ес, қиял,ойлау) дамиды.

7—12 жастағы балалар үшін әсіресе құрбылармен бірігіп ойнайтын ойындардың маңызы ерекше. Ойын балаларды еріктілікке, үйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастың сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.

Бұл жастагы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу, отбасы, мектеп ұжымы және қоғам үшін пайдалы еңбектің (үй шаруа-шылығына қатысу, класс бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй жанындағы бау-бақшада мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т. б.) түрлерін істей білуге үйрету қажет.

7—12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын дене еңбектерінің барысында еске алғаны жөн.

Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақ-



31

сы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, турлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындауда қашушылық т. б. Балалардың мұндай теріс қылықтары жол бермеу ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжір бесіне байланысты.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс үйымдастыру үшін, олардың мынадай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкес болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды, арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүм-

кі ндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындары өте ықыласты т. б.

Жеткіншек шақта балалардың бойының ұзындығы 134—155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық өттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді.

Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде айналамен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуіндө елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы — қаңқаның сүйектену процесінің нығаюы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы (ер баланың жыныс мүшесі 15—16 жаста, қыз баланыкі 13—14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз, өз бетімі талаптануын туғызады. Олар отбасында, мектепте түрлі еңбек процесіне қатысады, күнделікті өмірді бақылайд, ой-өрісі кеңиді. Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын есе ген адаммын деп есептейді.

Жеткіншек жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралар мен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан олар бұл жағдайды үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып, наразылық білдіреді. Үлкендердің мінезіндегі шындық пен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың қатынасында түсініспеушілік, салқындық туады.

Балалардың үлкендер жайлы көзқарасына біржақты түсініп қана қоюға болмайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттеріне масаттанады, тәжім етеді. Мысалы, балалар космонавт, спортші барлаушы,ғалым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз етеді, олардың істері мен табыстарына бас иіп, еліктейді. Осы тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу ықыласы мен таным қабілетін дамыту мүқтаждықтар

32

мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі қажет.



Жасөспірімдік шақта жастардың организмі — қаңқасы

бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттердің күші мен жұмыс қабылеті үлкендердің нормасына жақындайды.

Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттерінө жауапкершілігін арттырады.

Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік шаралары өте қауіпті, оларды жиі қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені, ата-ана немесе тәрбиеші жастарды өздеріне ңарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін өз беттерінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау және педагогикалық басшылық жасау қажет.

Жасөспірімдік кезеңде жолдастық сезім, достық қарымқатынастар жақсы дамиды.

Бұл кезеңдегі балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, шашын сәндеп ұстауға, дене қимылына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамдардың назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді үнатады. қыздарға қүрмет көрсетеді, оларды үнату, я оларға үнау сезімі билейді. Жастар арасында қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді. Осының нәтижесінде өз-ара пікір алысады. Әңгіме ең алдымен түрлі адамгершілік, әдеби және ғылыми тақырыптар саласында айтылып, бірте-бірте жолдастық, достық, махаббат сияқты ұғымдарды да сөз етіп, көзқарастарын анықтауга тырысады.

Осындай шын достық қатынастың нәтижесінде жастар арасындағы махаббат пен шын жүректен тебіреніп шығатын, өте нәзік, тың, таза, лирикалы болады. Махаббат жайлы қайғыру ер және қыз балалар үшін олардың арасындағы бірін-бірі сыйлаушылықпен, достықпен, өзара түсіну-пплікпен сипатталады. Олар өздеріндегі жоғары адамгершілік қасиеттерді бағалайды. Ал кейбір ер және қыз балалар махаббат мәселесіне жете түсіне бермейді. Олар адамдағы ең басты нәрсе — сыртқы пішін, киім кие білу дейді.Шынында, бүл — біржақты ұғым. Балалар мен қыздарда мынадай адамгершілік қасиеттердің болуы қажет: кіші-

33

пейілділік, адалдың, абырой, сенімділік, қарапайымдылық өз күшіне сенушілік т. б. Жастар өзінің сезіміне, өзара адамгершілік, жақын достық қатынас жасау мәселесі зор жауапкершілікпен қарайды.



Жастардың мұндай сезімін күлкі ету, мазақтау, сөғу,оған қарсы немесе бейтарап болу, олардың беделіне және келешегіне нұсқан келтіреді. Сондықтан осындай көп ойландыратын күрделі мәселелерді шешуде ата-ана және мұғалім жастарға дер кезінде көмек көрсетеді, оларға қамқорлық жасап, келешек өміріне бағыт береді.

Бұл кезеңдегі басты мәселелердің бірі — балалардық психикалық дамуының қозғаушы күші. Қозғаушы күш деп мектеп және отбасы ұжымдарының қоятын талаптары мен балалардың психикалық даму ережесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелең жастардың адамгершілік қасиеттерін, ақыл-ойын және творчестволық күштерін үйлесімді дамыту жолымен шешіледі. Әрбір оқушының санасын дамыту арқылы өзіндік моральдық-

психикалық қасиеттерін бағалап толық түсінуіне дұрыс қойылған талаптар игі әсер етеді. Оқушы өзінің жеке өміріне, қабілетіне назар аударады, қойылатын талаптарға мінез-құлқының сәйкес немесе сәйкес еместігін сезеді.Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында оны басшылыққа алады.

Сонымен мектепке дейінгі балалың шақтан жасөспіррімдік шаққа дейін балалардың бейімділігі мен қабілетін және мінез-құлқы мен темпераменттерін оқыту — тәрбие жұмысының барысында мүғалім, тәрбиеші, ата-аналар үне мі еске алса, олардың дүрыс дамуы мен қалыптасуы жан-жақты ықпал жасай алады1.

Жоғарыда қарастырылған принциптік қагидаларды басшылыққа алған егеменді Қазаңстанның жалпы білім беретін мектебі іс жүзінде өсіп келе жатқан жаңа жас ұрпақты әлеуметтендірудің нагыз ғылыми орталығына қалып отыр. Өйткені, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептік түрімен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, ата-ана алдындағы қасиетті борышты адал орындауға тұғыр болатын білімнің барлың негізгі жалпы білім беретін орта мектепте қаланады. Мектепте оқу жылдарында өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын

1 Қоянбаев Ж. Жас ерекшеліктеріне сүгіене отырып. Казақстан мектебі, 1993. № 8, 58—59-беттер.

34

негізі белгілері қалыптаса бастайды. Бұл сезімі шоқ болып жалындап тұрган бозбаланың өз кемелділігін байқау кезеңі Бұл бозбала көңілдің өз болмысын, қабілетін, ерік-жігерін және іс-әрекетін қозғаушы себептердің салдарын түсініп ұғынуға ұмтылған, бозбала сезімнің өмірден өз орнын іздеп аласұрған шағы. Бұл өмірдің мәнін ұғыну-адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнісін түсінуге талпынған балауса дәурен. Мектепте оқу жылдарында жас өспірімнің айналадағы дүниеге қатынасы еш бір қоспасыз жеке бастың мүдделерімен астарласып жатады. Өмір құбылыстары оны жасандылығымен ынтықтырады. Олар өзін де, өзгені де белгілі бір қатынас үстінде, іс үстінде салыстыра отырып бағалайды. Олардың санасында дүяиеге терең көзқарастық маңызы бар мынадай сұрақтардың мағынасын түсінуге қызығушылық артады: өмірдің пайда болып, даму процесі; адамның шығу тегі, оның дуние құбылыстарының өзара жалпы байланысындағы орны; ақиқатты танып, білудің жолдары; қоғамның пайда болу жәнө даму заңдылықтары; әлем құрылысы, басқа ел-дердегі адамдардың тұрмыс қалпының ерекшеліктері, ұлт тарихы т. с. с. Олардың сана-сезімінде мектеп пен түрлі Жастар ұйымдарындағы жарқын істер, мектепті тамамдауға даярлану сәттері өшпес із қалдырады.

Мектеп жасындағы шақ балалық шақтан кәмелеттікке жетудің бір бөлшегі болып табылатындықтан, өзінің биологиялық негізі ретінде жыныстық пісіп-жетілуді қажет етеді. Дегенмен, жас өспірімнің табиғи пісіп-жетілуі, жыныстық қатынас жасауға қабілеттілігі оны бірден апарып жан-жақты жетілген сақа адамдардың санатын қоса салмайды. Мысалы, ұрпақ қалдыру, өзі тәрізділерді дүниеге әкелу жануарларға да тән қасиет. Бұл олар үшін негізгі және түпкі мақсат болып табылады. Қалған міндеттері тек қана осы басты мақсаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Ал, адамның іс-әрекетінің негізгі мазмұны еңбек, материалдық және рухани құндылықтарды жасау. Олай болса, адамның адам болып қалыптасуы тек табиғи пісіп-жетілуді ғана қажетсінбейді. Сонымен қатар, міндетті түрде пісіп келе жатқан жас ұрпақты қоғамдық| өмірге даярлауды да талап етеді. Бұдан көріп отырғанымыздай, жас ұрпақтың кемелденуі оларды әлеуметтендіруге тікелей байланысты. Сондықтан мектеп жасындағы шақ тек организм дамуындағы белгілі бір кезең ретінде ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың жеке адам болып қа-

35

лыптасуының, яғни балалық шақтан ересектікке өту кезеңі ретінде де қарастырылады.

Жас үрпақты әлеуметтендіру — адамзат мәдениетінің сабақтастық байланысының қажетті шарты және оның негізгі қоғамдық функцияларының бірі. Бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру ісіне мемлекеттің аса мұқияттылықпен қарап, қамқорлық жасауын талап етеді.

Міне сондықтан да, жас өспірім ұрпақты әлеуметтендірудегі мектептің айрықша ролін терең түсінген егемендік жас мемлекет өзінің тәй-тәй басып, қаз тұра бастаған алғашқы айларынан бастап-ақ елді жан-жақты дамыту мен өркендетудің саяси-әлеуметтік өмір, экономика, өндіріс идеология, ішкі және сыртқы саясат салаларындағы кез күттірмейтін стратегиялық бағыттарын белгілеп, шешумен қатар рухани дүниесінің өзегі — білім беруді де түбірімен жаңартып, қайта қүруға қызу кірісіп кетті.

Осы күрделі істің алғы шарты ретіне 1992 жылғы қаңтар айының 18-і күні “Білім беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Артынша, көп ұзамай-ақ Білім министрлігінің алқасында жалпы білім беретін орта мектептің жаңа үлгісі, ондағы оқу мазмүнының тұжыры дамасы талқыланып, бекітілді. Егер Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін мектебінің тұжырымдамысында1 жаңа мектептің мақсаты, міндеттері, құрыльп және жаңартуға қажетті жағдайлар нақтыланса, ал осы алғашқы қүжатқа сабақтас, әрі заңды жалғасы болып табылатын екінші құжатта2 жалпы білім беретін орта мектептегі білім мазмұны, оның ғылыми негіздері, принциптік қагидалары, құрамы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары т. б. анықталган. Сондай-ақ бүл тұжырымдамаға қосымша базистік оқу жоспары, тиіптік оқу жоспарының үш нүсқасы ұсынылған.

Қазір Қазақстанда орта мектептің жаңа құрылымы әр қайсысы өз алдына дербес шаңырақ болатын үш басқыш тан: төрт жылдың бастауыш мектептен, бес жылдық негізі орта мектептен, екі немесе үш жылдық бағдарлы толық орта мектептен тұрады. Жалпыға міндетті білім беру (бастауыш мектепті қосқанда) тоғыз жылдық негізгі орта мектеппен аяқталады. Бағдарлы толық орта мектептерді жас өспірімдер өз қалаулары бойынша таңдап алады. Сондай



1 Қараңыз: Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін мектебінің тұжырымдамасы. Алматы, 1994.

2Қараңыз: Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1994.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет