Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет12/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

141

“ауылға қарай шаппа”, “үйге қарай жүгірме”, “босағаны керме”, “құмырсқаның илеуін бұзба”, “тізеңді құшақтама, табаныңды тартпа”, “үйдегі жан санын санама”, “желі, көгенді аттама”, “құр ерге мінбе, тоқымды төсенбе”, “жыңғылмен ат қамшылама”, “қолыңды артқа айқастырып жүрме”, “үйге сыртыңмен кірме”, “нанды бір қолмен үзбе”, “нан уағын тастама”, “киімді желбегей жамылма”, “жер таянып отырып, не жатып ас ішпе”, “таңғы асты тастама, кешкі асты тоспа”, “жақсының жасын сұрама”, “жақсы аттың тісін ашпа” т. б. қағидалар жастарды әдептілікке баулитын сөздер. Бала тәрбиелеудің негізі бола алатын физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдардан хабары жоқ, мал бағудан басқа кәсібі болмаған халқымыздың болашақ кәсіп пен өнерге ғылыми педагогика тұрғысынан балаларды дұрыс баулығанына таңданбасқа болмайды. Қазақ шаруашылығының негізі мал, оның ішінде дені қой болды, халықтың кисе киімі, жесе азығы, ішсе сусыны, тіпті, балалардың ойыны да осы қойға байланысты болды. Мәселен, асық ойындарына тек қойдың асығын пайдаланды. Асық ойындары баланы ептілікке, қимылға, әрекетке төселдіреді. Үзіліс кезінде оқушыларымызға асық ойындарының бірнеше түрлерін ойнатып жүрміз. Айтайық: “Алшы”, “оңқа”, “хан”, “кет-сін бір” т. б. Қыздарымыз “Бес тас” ойынын ойнайды. Бұл ойындарда кейде жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындармен алмастырамыз. Олар: “аңшылар”, “тұзақ құру”, “ақ байпақ”, “соқыр теке”, “көк сиыр”, “түйе-түйе” т. б.

Осындай ойындар арқылы халық даналығы балаларға өмір сүрудің негізгі көзі осы малда екендігін, оның әкеден балаға қалатын мұрасы екендігін байқатады. Халқымыз сол жануар, хайуанатпен әр күйде айналысу-араласу арқылы оқушылардың алуан-алуан жаратылысы, мерзім-машығы, тілек-тәсілі, өзгешеліктері туралы көп нәрсені білген, таныған. Сонау елімізде материалдық мәдениет-тің толық қалыптасқан дәуірінде елімізде материалдық денелерді қолданып ойнайтын ұлт ойындарының сан алуан түрлері шыққандығынан да оқушыларымызға маглұмат беріп, сол ойындарды үйретіп отырмыз. “Шалма”, “түйілген шыт”, “арынды арқан”, “леп жалау” немесе “шүлдік”, “домалақ ағаш” немесе “қазан”, “қарт-құрт”, “сиқырлы таяқ”, “таяқ жүгірту”, “әуе таяқ”, “орамал тастау”, “тұтқын алу”, “бөрік жасырмақ”, “қамалды қорғау” т. б. Бұл ойындарда балалар күн ұзақ далада таза ауада

142

жүрумен қатар, жүгіріп, секіріп, күш-қуаттарын қалыптастырады, көпшіл болуға тәрбиеленеді.

Құрал-жабдықсыз ойналып, жастарды түн қаранғы-сында қорықпай жүруге, тығылған кезде жер бедерін дұрыс бағдарлай білуге, батырлыққа баулитын ойын—“Жасырынбақ”, “Шертпек”, “Бұрыш”, “Айгөлек”, “Бұғнай”, “¥шты-ұшты”, “Мәлке тотай”, “Шымбике” ойындары баланың жан-жүйесіне әсер ететін эстетикалық тәрбиенің жемісі. Күлдіргілі, көпшілік ортасында тапқырлықты талап ететін “Инемді тап”, “Айдап сал”, “Қарамырза”, ойындарымен қатар, қимыл-әрекетті шыңдайтын “Ақ сүйек”, “Қасқүлақ”, “Белбеу таптау”, “Сақина тастау”, “Көрші”, “Алты бақан” ойындарын да тәрбиелік мақсатта пайдалануға тырысамыз.

¥ëттық мерекелерде оқушыларымыз “Арқан тартыс”, “Ат омырауластыру”, “Тұмақ ұру”, “Жігіт қуу”, “Ат үстіндегі тартыс”, “Түйе жарыс”, “Жаяу көкпар”, “Жаяу тартыс” ойындарына қатысады. Кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, таза ауада жүру — жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. “Бала жасында ойнаған әр түрлі ойындардың әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәр-биеленіп қоймай, мүсінді, дені сау, қоғамның қиыншылығына төзімді азамат шығады”,— деген еді атақты педагог А. С. Макаренко. Сондықтан ойындар жастарды халқымыздың ізгі қасиеттеріне, этикалық және эстетикалық дәстүріне тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы деп толық айта аламыз.

Сабақ арасында кейде арнайы да түрлі ойын-жырларын үйретуді тәжірибеге ендіріп жүрміз. Сондай ойын-жырларының бірі — санамақ. Оның 3—4 түрін білеміз. Келесі бір түрі — сұрамақ. Түрлі ойындарда әркімнің ойынға кіріп, кімнің онан шығатынын, кімнің басқаратынын белгілеу үшін айтылатын тақпақтарды жаттап оты-руды дағдыға айналдырмақ. Үлкенді қадір тұтып, ерекше сыйлап өткен қазақ елшнің өмірінде қарттарға деген ықылас, ілтипат, сый-құрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар семьяда ұстаздық тәрбиешілік қызметті атқарған. Олар өткеннің тағлымын жас ұрпақтың тәрбиесінен тысқары нәрсе деп қарамаған. “Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер”,— деп өз атасының кім бол-ғанын, оның ел аузында қандай игілікті істері қалғанын мақтанышпен әңгімелейтін қариялар арамызда азайып ба-

143

рады. Өзім сабақ беретін кластардағы оқушыларыма жеті атасын жаттатып әрқайсысы жазып келіп, жинақтап альбом жасадық. Семьядағы бала тәрбиесінде әкенің орны өз алдына бөлек. Әке — семья мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі — баланың көз алдындағы өнеге-үлгі алатын,соған қарап өсетін нысанасы. Семьяда әкелер өз өнерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей құсбегі, аңшы, мерген, қолөнер шебері немесе күйші етіп тәрбиелеуге көңіл бөлуі керек болса, бұл мәселе бізде жолға қойылған. Ауылымызда бүркітшілер мектебі ұйымдастырылған, оның мүшелері өткен желтоқсанда “Бүркітші” мерекесіне қатысты, қолөнер шеберлері Маяқов пен Арықбаев өз өнерлерін оқушыларға үйретуде.

Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, семья ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның еңбек сүйгіш, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қол өнеріне икемі жоқ қыздарды “өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер” деп келеке еткен. Тіпті, шай құю мен төсек жинау, киіне білудің өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін “Қыздың жиған жүгіндей” деген теңеу текке айтылмаса керек. Қыздарымызға өнер үйретерліктей әже-леріміз беп апаларымыз да ауылда баршылық. Сырмақ шеберлері Ибраимова Хажра мен Зәйтуна, құрақ шеберлері — Нұрбаева Рая, Оспанова Райкүл, Қожахметова Кекілік өз өнерлерін жастарға үйретуден жалыққан емес. Халықтық педагогикада семьяның басқа мүшелерінің тәрбие мәселелеріндегі ролі де назардан тыс қалмаған. Семьядағы баланың үлкені — кішісіне қамқоршы, ақылшы, үлгі-өнеге болуы керек. Осы пікірді дәріптеген халық: “Ағаға қарап іні өсер”,— дейді. Ал, олардың біріне-бірі қолғанат, сүйеу болуын құптап: “Ағасы бардың жағасы бар”, “інісі бардың — тынысы бар”, “Ананың үйі — ақ жайлау” дегенді айтады. Ағайынды адамдардың сыйласымды болуын, кішісінің үлкенді сыйлауын ежелден дәстүр тұтқан халқымыз: “Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без”, “Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың”— деп, сыпайылыққа, әдептілікке, өзара сыйласымды болуға шақырады. Бүгінгі жастарға халық айтқан: “жасы үлкенді сыйла, құрметте, одан үйрен”, “өзіңе дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды”, “егдеге — ізет, жасқа — жол”, “кәріге — құрмет”, балаға — міндет” — дегенді жиірек қайталауымыз керек. “Қисық ағашты жез, қисық мінезді сөз түзейтінін” есте үстаған жөн. Тәрбие-

144

нін ғасырлар бойы жинақталған жақсы үлгілері бүгінгі ұрпақтың құбылнамасы екенін естен шығармайық.

Бабаларымыздың тұтынған, бұл күндері кездеспейтін қарапайым мүліктермен таныстырып отыру да — тәрбиенің бір түрі. Ол да оқушыларды еңбекке тәрбиелейді. Өнердің бір түрі — зергерлік. Зергерлік өнеріне қатысты халықтық атау терминдер мен күнделікті сөйлеу тілінде жалпылама қолданылатын сөздердің тіркесуінен жасалған сөз тіркестері өте көп екендігін (400) оқушыларға айта келіп, оларды халықтық заттармен таныстыру, эстетикалық талғамын арттыру, тілін жетілдіру көзделеді. “Зер қадірін зергер біледі”, “Алтын жерде жатпайды, жаман ұста суын таппайды” сияқты 350-ден астам зергерлікке мақал-мәтелдер бар. Оқушыларды ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы етіп тәрбиелеу үшін қазақ халқының ежелгі қолөнер бұйымдарымен таныстырып отырмыз. Қолөнердің қызықты да маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату, үй жиһаздарын дайындау шеберлігінің туып-қальштасу мәселелерін сөз етеміз. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазақтың ою-өрнек өнері көп қорлы, көп сырлы шежіре. Оның өн бойынан композиция, ырғақ, симметрия принциптері кездеседі, оқушылардың эстетикалық талғамдарын жетілдіреді, оюларды заттардың бетіне салып безендіру шеберлігін, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырады, ұқыптылыққа баулиды. Халқымыз тұтынған музыкалық аспаптардың да тәрбиелік мәні зор. Оларды жасау бір өнер де, оларда ойнай білу — екінші өнер. Музыка аспаптарын халық ағаштан, сүйектен, металдан, тұяқтан, мал терісінен жасаған. Тіпті кез келген жерде өсетін кәдуілгі қара қурай-ды да жасап алып, ойнай берген. Бұл аспаптардың үні арқылы адам баласының жан дүниесіндегі қуанышын да, күйзелісін де білдіре алған. Осы аспаптардың ырғағына беріліп халық ән айтқан, биге елтіген; жауларымен сайысқа түскен, олар саятшыларға да, малшыларға да жәрдемші болған. Атадан — балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғысып келе жатқан осы өнерді дәріптеу де біздің міндеті-мізге жатады.

145


ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамда орын алып отырған өте күрделі экономикалық дағдарыс күн көрісі көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп жоқшылыққа ұшыраған бұқара халықтың қайсы бір топтарының, әсіресе, жастардың бойында моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады. Жастар арасында бұрын-соңды болмаған тәртіп бұзушы-лық, құмар ойындарымен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасау мен ішімдікке салынушылык, т. б. кең етек алуда. Жалпы қатаң бәсекелестік пен пайдакүнемдік, арамдық пен ұятсыздық, жезөкшелік пен жалаң еліктеушілік белең алған нарықтық экономика жағдайындағы өзгермелі заманның күйбең тіршілігі күннен-күнге сұрықсызданып, ұзақ ғасырлар бойы қоғамда қалыптасқан адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын жуып-шайып барады. Ізеттілік — дөрекілікке, қайырымдылық — қаты-гездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа, имандылық — имансыздыққа айналуда. Нәтижесінде үлкеннің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті қыздарымыз ата-әжесін беттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп немесе қаңғытып жіберуде. Әр-кімге жәутеңдей қарап “апалаған” тірі жетімдеріміздің саны күннен-күнге көбейе түсуде. Жастарымыздың кей-біреулері тағдыр тәлкегіне төзе алмай, құмар ойындары мен нашақорлыққа, үрлық пен алкоголизмге бой алдырып, халқымыздың салт-дәстүрлеріне жатпайтын, әдет-ғұрпына кереғар келеңсіздіктерді тез қабылдап, нарықтық жүгенсіздік орын алған азғантай уақыттың ішінде азғындап шыға келді. Мұндайлардың басым көпшілігі

146

кеше ғана мектеп бітіріп, жұмыс іздеп ауылдан қалаға келген қазақ жастары екендігі баршаға аян.



Міне, сондықтан да қоғамның саяси-әлеуметтік дамуының осындай аумалы-төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты нарықтық әкономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатынастарға бейімдеп, әлеуметтендіру мәселелеріне айрықша назар аударылып отыр.

Әлеуметтендіру дегеніміз — жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дұниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отыр-ған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.

Жеке тұлғаның қалыптасуы оның әрекеттену (в сфере деятельности) және басқа адамдармен ой алмасу (в сфере общение), сондай-ақ сана-сезімінің пісіп-жетілу (развитие самосознания) процестерінде өтеді.

Жастарды әлеуметтендіру процесі 11—12—23—25 жас аралығын қамтиды. Бұл екі аралық белгілі-белгілі үш кезеңге бөлініп қарастырылады.

І-ші кезең 11—12—14—15 жас аралығын қамтиды. Бұл кезең боз баланың, яғни балалық пен жігіттіктің екі аралығындағы әлеуметтену кезеңіне жатқызылады. ІІ-ші кезең 14—15—17—18 жас аралығын қамтиды. Бұл мезгіл аралық әлеуметтену немесе жас өспірімнің әлеуметтену деп аталады. ІІІ-ші кезең 17—18—23—25 жас аралығын қамтиды. Бұл екі аралық орнықты, яғни біржола әлеу-меттендіру кезеңіне жатқызылады. Ал 25 жастан кейін, әлеуметтенген, қальштасқан ересек адамның әрі қарай дамуы басталады.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің әрбір жаңа кезеңіне әлеуметтік институттардың белгілі бір түрі сәйкес келіп отырады. Мысалы, отбасы, мектеп, еңбек ұжымы т. с. с. Әрбір әлеуметтендіру институтының өскелең ұрпаққа тигізетін әсерінің тиімділігі көбіне-көп қоғамда қалыптасқан қоғамдың қатынастар жүйесінің ықпалына тікелей байланысты.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе, жалпы білім беретін мектептің орны мен ролі айрықша бөлек. Өйт-

147

кені олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі жылдарымен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, Отан алдындағы азаматтық борышты адал орындауға баулитын да осы — мектеп. Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық негізі жалпы білім беретін мектепте қаланып, жас ұрпақтың әлеуметтік бітім-болмысы мен адамдық қадір қасиеттерінің негізгі белгілері осында қалыптаса бастайды. Олай болса, қоғамның алға басуы мен болашағы көбіне көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелеуіне, неге және қалай үйрететініне тікелей байланысты.

Әлеуметтендіру институты ретіндегі жалпы білім беретін мектепте өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудің яғни оларды жан-жақты әлеуметтендірудің негізгі мақсаты етіп енді ғана қалыптасып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың демократиялық принциптеріне берілген, білімді меңгерген, келер ғасыр талабына жауап бере ала- тын, жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, адам құқын құрметтеудің маңызын түсінетін, өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-мұраты және мүдделері асқарлы, адамгершілік пен мінез-қүлық мәдениеті толық жетілген дүниеге берік көзқарастағы өзін де, өзген де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлауды ұсынамыз.

Бұл міндеттің ойдағыдай іс жүзіне асырылуына қажетті жағдайлардың тудырылуы үшін:

1. Жалпы білім беретін мектеп ұжымы, мұгалімдер мен тәрбиешілер өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты тәлім-тәрбиелік шараларды іс жүзіне асыру барысында жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) мәні бар және белгілі бір ұлтқа тән әлеуметтік қасиеттерді сапаларды, рухани құндылықтарды және мүдделерді меңгертудің үйлесімді сабақтастығының сақталу заңдығын үнемі басшылыққа алып отыруы шарт.

2. Жеткіншек ұрпақтың адамдық бітім-болмысының қадір-қасиеттері мен сапаларынын жан-жақты және үйлесімді қалыптасып, дамуына ықпал ететін әлеуметтік тәжірибенің озық үлгілерінің, рухани құндылықтар мен ой-пікірлердің, идеялар мен мақсат-мұраттардың, мүдде-

148

лер мен рәсімдердің, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларының алдағы бүкіл өмірі бойы сіңдірілуіне түрткі болып отыратын өзіндік бағыт-бағдарлы ой қорытушылық қабілеті бар жетекші қайнар көзі, ойлау қабілеттерінің ең жоғары тиімді тәсілі, жан дүниесінің ең негізгі діңгекті ұстыны ретінде дүниеге ғылыми көзқарастың алынып, қалыптастырылуы жөн.



3. Жас, өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік түрғыдан әлеуметтендіру оларға белгілі бір тарихи-мәдени ортада қабылданған мінез-қүлық нормаларын меңгертудің негізгі бағыттарының бірі ғана емес, сонымен бірге, бүл күндері қоғамдық өмірдің төрінен орын алып отырған нарықтық жүгенсіздік жағдайында зор мәнге де ие екендігін мектеп ұжымының, мұғалімдер мен тәрбиешілердің үнемі есте ұстаулары керек.

4. Жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) мәні бар әлеуметтік қасиеттер мен сапалардың алдыңғы қатарында Қазақстанда азаматтық татулық пен ұлттық келісімді тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі ретінде әрбір ұлт өкілінің, әсіресе, олардың ертеңгі күні орнын басар жас ізбасарларының бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру шарт.

5. Өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді, қадір-қасиеттерді, рухани құндылықтарды, мақсат-мұраттарды, мүдделерді, талғамды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, ұлттың өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, мәдениетті, өнерді және іскерлікті дарытудың таптырмайтын құралы — халықтық педагогика болып табылады.

Жалпы өскелең ұрпақты жан-жаңты әлеуметтендіріп, жаңа қоғам өміріне қосу үшін жалпы білім беретін мектеп оқушыларға мыналарды меңгертуге міндетті:

— оларға өмір бойы қызмет ететін, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпыадамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, өскелең үрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда түрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз беттерімен шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейім-деуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі өмірде қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байланысты алдағы еңбек жолында керек болатын білім негіздерімен, дағды-іскерліктерімен және біліктілікпен қаруландыруға;



149

— оқу процесін барынша ізгілендіру мен гуманитарландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, оқушыларға жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық мәдениет, ғылым, тіл, өнермен ұштастырыла тәрбиелеудің негізінде жеке тұлғаны ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білетін әрі қастерлейтін адамгершілігі мен мінез-құлық мәдениеті жоғары азамат ретінде тәрбиелеуге;

— білім берудің басты принципі — өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту қағидасын басшылыққа ала отырып, оқытудың барлық сатылары мен деңгейлерінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, одан әрі дамытып отыру үшін даралап және саралап оқытуға,оқыту процесінде үнемі жаңадан жетілдірілген әдістерді және информациялық технологияны мүмкіндігінше пайдалануға, оқытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен үштастыруға, оқушының өздігінен денсаулығын нығайтуына, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, сөйтіп, қоғамдық өмірде үнемі белсенділік көрсететіндей, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен нанын тауып жеуге дайын болатындай етіп даярлауға;

— ұлттық мәдениеттің , халықтық педагогиканың, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ұлттық психология мен этиканың, өнерді компоненттерін барлық пәндердің мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, үлттық сана-сезімді, мінез-қүлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлтык сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, үлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгертуге;



— оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға, олардың санасында өзге ұлт өкілдеріне құрмет пен сыйластық, достық пен ынтымақтастық сезімдерін сіңдіруге, оларға азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім принциптерін үнемі түсіндіріп отыруға міндетті.

150
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет