Әлеуметтендіру дегеніміз — жеке тұлғаны жан-жақті қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процеісінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мудделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт- дастүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адам-гершілік пен
мінез-құлық нормаларын меңгеру арқылы оларды біртіндеп өздері өмір суріп отырған қогамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.
2. ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Адамның жеке басының қалыптасуы — оны әлеуметтендіру процесінде жүзеге асырылатын күрделі процесс. Бұл процесс, яғни адамның жеке тұлға, кісі ретінде қалыптасуы ол жарық дүниеге, өмірге келген сәтінен басталады. Ең алдымен, ол өзі жарық дүниеге келген әрі алды өмір сүретін ортасының алуан түрлі жағдайларына бейімделеді. Әлеуметтік ортаның, тәлім-тәрбиенің ықпалымен оның бойында біртіпдеп адамдық, қасиеттер “болады”, “болмайды”, “ар”, “ұят” сияқты адамгершілік нормалары, мінез-құлық пен сұхбаттасу мәдениеті, әдептілік пен тәртіптілік белгілері т. б. қальштасып, дамиды. Әрі олардың мазмүны күннен-күнге жаңа сапалық қасиеттермен толығып, толысып отырады. Себебі, кісілік тұрпат ешқашан жетілу шегіне жетіп, тоқырап қалмайды. Ондай шек жоқ әрі ешқашан болмайды да. Өйткені адамға, өсіп келе жат-қан әлеуметтік жаңа тұлғага үнемі қозғау салып, жаңартып, жаңғыртып отыратын өмірдің өзі, адамдардың арасындағы күрделі қарым-қатынастар. Адам қанша өмір сүр-
14
се сонша уақыт оның әлеуметтік-психологиялық бейнесі, түрпаты да өзгеру, толысу немесе кему үстінде болады. Өйткені адам түрпатының өзгеруіне сыртқы орта әсерінің тікелей қатысы бар. Адамның түр-тұрпатында оны қоршаған әлеуметтік ортаның әсері өзінің өте күрделі, қайшыққа толы бай мазмұнымен кескінделеді.
Демек кісі дегеніміз — бұл жаңа сападағы индивидтің, өзімен бірге іштен тумаган, белгілі тарихи-мәдени ортада ететін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттері қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі1. Басқаша айтқанда, ол қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, рухани тұрғыдан байыған, жан-жақты жетілген адам.
Кісінің қалыптасуы оның әрекеттену (в сфере деятельности) және басқа адамдармен ой алмасу (в сфере общение), сондай-ақ сана-сезімінің пісіп-жетілу (развитие самосознания) процестерінде өтеді. Бұл орыс ғалымы Г. М. Андрееваның пікірі1. Ал, американдық оқымысты Н. Дж. Смелзердің пайымдауынша, өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің ойдағыдай жүзеге асырылуына 3 нәрсе қажет: үміт арту, мінез-қүлықты өзгерту және үміт етіп күтіліп отырылған нәтижеге лайықты болуга ықыластылық2.
Алгашқы пікір — әлеуметтік психология ғылыми тұрғысынан берілген әрі бүкіл ТМД елдерінде бірауыздан мақұлданған пайымдау. Екінші пікір таза Батыстық мәнердегі символдық интеракционизм мектебі өкілдерінің пайымдауларына жақын — әлеуметтендіру екі жақтың өзара қатынасының нәтижесі ретінде қарастырылады3.
Іс-әрекет саласы өскелең үрпақты әлеуметтендірудің негізгі саласы болып табылады. Өйткені, кез-келген адам, ең алдымен, еңбек үстінде, іс-әрекет үстінде өзінің өмір сүру ортасында, өзін де өзгертеді. Себебі, қогағық болмыстың дамуында белгілі бір мақсат қалыптасады, оны іс жүзіне асыру үшін оның жолдары мен амалдары танылып-білінеді, одан кейін ол жүзеге асырылып, нәтижесі пайдаға жаратылады. Нәтиже — бүл ойдағы идеалдық мақсат-
1 Жанділдин Н., Исмагабетоеа 3. Адам турлы// Философия. Алматы, “Рауан”. 1991. 170-бет.
1 Андреева Г. М. Социальная психология. М., 1988. 335-бет.
2 Смелзер Н. Дж. Социология. Глава 4. Социализация// Социологичөскиө исследования. 1991. № 3, 110-бет.
3 Бул да сонда. 110-бет.
15
тың материалдық объективтік шындыққа айналуы. Олай болса, адамдардың өмір сүру тәсілі ретінде олардың іс-әр кеті жануарлардың тіршілік ету әрекетінен мүлдем өзгеше. Жануарлар әрекеті мен олардың психикалық бейнеле табиғи ортаға, биологиялық мәнді объектілерге бейімде;ғана. Ал адамның іс-әрекеттік қызметі — өз организм: ортаға сәйкес өзгерту емес, керісінше, өзінің тарихи қалыптасқан қажетсінуіне сай табиғат күштерін өзгерту. Адамның осындай сапалық өзгешелігіне сәйкес сыртқы дүниені игерудің ішкі субъективтік формасы ретінде адам- ның психикасы қалыптасады. Ойлау мәдениеті дамиды. Ол қоғамдык, қатынастар жүйесінен өз орнын тауып, толық әлеуметтенеді. Демек, әлеуметтік іс-әрекет саласы -өсіп келе жатқан жас баланы, ұрпақты адамдар қоғамын кіргізудің басты саласы, адамды шын мәнінде адам ететі процесс.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге ықпал ететін екін-
ші сала — бұл тілдік қатынас, басқалармен ой алмасу, сұх-
баттасу. Тілдік қатынассыз адамдардың бір-бірімен түсі
нісуі, пікір алмастыруы, бір нәрсе туралы өз ойын білдіруі
белгілі бір құндылықтарды, білімдерді, адамгершілік нор
маларын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруі мүмкін емес
Сондықтан, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтенді-
руде, оларды оқытып, тәрбиелеуде, олардың бойына қогам
да қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез-құлық норма
ларын сіңіруде олардың басқалармен ой алмасуы, пікір та-
ластыруы айрыңша орын алады. Жас бала тілдің көмегі
мен дүниені танып-біледі. Ой алмаса отырып, ол дүние
жайлы, табиғат пен қогам дамуы туралы, адамдар арасын
дағы жақсылы-жаманды қарым-қатынастар туралы, әдеп
тілік пен әдепсіздік, жақсылық пен жамандық, иманды-
лық пен имансыздык,, арлылык, пен арсыздық, жігерлілік
пен жігерсіздік, т. б. көптеген қарама-қайшы өмірлік мәні
бар құбылыстар туралы түсінік алады. Басқалармен пікір
таластырғанда бір нәрсенің анық-қанығына жетіп, ой-се-
зімін жетілдіреді. Тілдік қатынас — бұл тек хабар тарату
немесе хабардар болу, тіпті қала берді психологиялық (бі-
реуді жақсы немесе жек көру) қүрал ғана емес, сонымен
бірге күрделі әлеуметтік құбылыс. Өйткені ол белгілі бір
мүдделерді, қажеттерді, таңырқауды (өтірік не шын), тұ-
рақты не тұрақсыз әлеуметтік қүндылықтарды бағалауды,
басқа адамдардың бойындағы адамдық қасиеттерді, т. с. с.
байқауды тілге тиек етеді. Іс-әрекеттің қайсы бір түрі бол-
масын — өндірістік, тұрмыстық, т. б.— тілдік қатынассыз
16
іс жүзіне аспайды. Сонымен қатар, тіл әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті. Тарихы бай халықтың тілі де бай, материалдық және рухани мәліметі жоғары. Бір сөзбен айтқанда, өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде тілдік қатынас өзіндік орны бар негізгі салалардың бірінен саналады.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге тікелей ықпал ететін үшінші сала — бұл олардың сана-сезімінің қалыптасып, дамуы. Өйткені әлеуметтендіру дегеніміздің өзі адаімдардың бойына кісілік қасиеттерді сіңіру. Кісілік қасиеттертер адамдардың бойында бірден қалыптаспайды, керісінші әлөуметтік ортаның әсерімен бүкіл өмірі бойына қалыптасады. Өзіндік сана-сезім адамның жан-дүниесінің басты белгілерінің бірі. Ол жеке адамның өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең, жоғары сатысы. Демек, өзіндік сана-сезім дегеніміз — адамның өзі жайлы ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Дегенмен, сана-сезім адам өзін-өзі түсінгенінен гөрі кең ұғым. Өйткені оған адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері кіреді. Адам өзінен басқа адамға қарап тұрып, айнага қарағандай өзін, өзінін, сондай адам екенін көреді. Өзінің де басқа адамға сондай адам екендігін ұқтырады. Керек десе адам өзінің дене құрылысын да бірден байқамайды, басқага қарап, келе-келе түрлі әрекеттер арқылы сезеді. Демек, адамның айнасы басқа адам.Соған қарап түрып өзін көреді. Сана-сезімінің бастамасы міне, осы. Одан соң, адам өзін-өзі көргісі келсе, оны өз еңбегінен, атқарган ісінен көруі керек. “Мен пәленмін “мен түгенмін” дегеннен еш нәрсе шықпайды, Адамның істеген еңбегі, атқарған ісі, міне, бүл адамның заттандырылган санасы, ойы. Сана-сезім, бір жағынан, танымдық, екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Сондықтан, адам өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне-өзі баға береді, ісін елекке салады, өзін басқамен салыстырады. Сана-сезім философия, социология, этика, психология, педагогика, этнография сияқты бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін айрықша бір қүбылыс. Сонымен, адам алдымен өзін сезінеді, кім екенін біледі. Одан соң адам өзінің орнын түсіну атқаратын қызметін меңгеру арқылы өзінің қабілетін,қолынан не келетінін, не келмейтінін, үжымын, ұлтын,т.б сезінеді. Сол арқылы оның қоғамдық сана-сезімі оянады.-Өзін-өзі түсіну арқылы адам өзін-өзі жөнге салады, мінез- қүлқын реттейді, тәрбиелейді. Демек сана-сезімнің қалыптасуы жас баланың өмірдегі өз орнын түсінуі, қоғам-
17
дық қатынастар жүйесінен берік орын тебуі, толық әлеметтенуі деген сөз.
Қоғамдық қатынастар жүйесінің сан салалы түрлерінің
ішінде, әсіресе, осы үш сала — іс-әрекет саласы, ой алма-
су процесі және сана-сезімнің қалыптасып, дамуы өмірге
жаңадан қадам басқан жас өспірімнің толық әлеуметте-
луіне: өзін қоршаған нақты әлеуметтік ортасын, сондай-ақ
белгілі бір әлеуметтік-экономикалык, қүрылысқа тән
бүкіл қоғамдық қарым-қатынастар жүйесін танып, білуін
әрі оны өзгертуіне, осы өзгертілген ортаға сәйкес өзінің
жеке басын: рухани дүниесін, мінез-құлқы мен қабілетте
рін жетілдіріп, өзгертуге себепші болады. Олар оның мінез
құлқында, сезім көрінісінде, темпераментінде,қимылдары
мен жүріс-тұрысында, сөйлеу ыңғайында, сыртқы әсерлер-
ге қайтаратын жауаптарында, бөтен адамдармен қарым-
қатынасында, белсенді іс-әрекетінде, т. б. тіршілік әрекет
терінде байқалады. Осы қайталанайтын өзіндік ерекшелік-
терінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын
өзіндік қырлары туады. Бұлардың негізі физиологиялық
ерекшеліктерде жатқанымен, оған, әрине, өмір сүру орта-
сының, өскелең үрпақты әлеуметтендірудің кәдімгідей қа-
тысы бар. Оның үстіне өсер үрпақ белгілі бір елде, тарихи
дәуірде, белгілі дәрежеге жеткен материалдык, және руха-
ни мәдениет жемістерімен сусындап өседі. Оның шыққан
әлеуметтік (таптық), этникалық (ұлттық) ортасы болады.
Ол белгілі бір тарихи ортада қалыптасңан білім жүйесінен
дәріс алады. Үлгі — өнегелік тәлім-тарбие алады. Осылар-
дың бәрі жас өспірімнің жан-дүниесін байыта келіп, өзін-
дік бітім-болмысын, дүниеге көзқарасын, тәжірибелік па-
йымдауларын, ішкі сезім дүниесі мен ақыл-ойын, қайраты
мен ерік-жігерін, жоғары адамгершілік мәдениеті мен мі-
нез-қүлқын, тағы да басқа көптеген адамдың сапалары
мен қасиеттерін түзеді. Қоғамдағы өзіндік орны мен өмір
сүру жолдарын түсінуге, мақсат-мүраттары мен мүдделе-
рін негіздеуге ықпал етеді. Жас өспірімнің жан-жақты
және үйлесімді дамуына, жаңа қогам сұранысына сай жа-
ңа тұрпатты азамат қалыптастыруға мұрындық болады.
Жастарды әлеуметтендіру процесі негізінен белгілі-
белгілі үш кезеңге бөлініп қарастырылады.
Белгілі психолог Л. С. Выготскийдің пікірінше, адамның жеке тұлға, кісі ретінде қалыптасуы әрңайсысының біршама өзіндік дербестігі бар, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты екі жақты дамудың — табиғи өсіп-жетілу мен әлеуметтік пісіп-толысудың — өзара әрекетінің жемісі.
18
Табиги өсіп жетілдірудің негізінде адамның биология-
ік өсіп жетілу процесі, яғни онтогенез жатыр. Бірак
дамның жан-жақты жетілген жеке адам ретінде қалып-
асуы тек оны әлеуметтендіру процесінде жүзеге асыры-
лады әлеуметтендіру процесі, академик И. С. Коннын зерттеуінше, 11-12-23-25 жас аралығын қамтиды. ;ұл екі аралық белгілі-бір үш кезеңге бөлініп қарастырылады.
І-ші кезең 11-12-14-15 жас аралығын қамтиды. Бұл
кезең боз-баланың, яғни балалық пен жігіттіктің екі аралыгындагы әлеуметтену кезеңіне жатқызылады. Бозбалалық шақ осы сөздің биологиялық мағынасында алып қарағанда, жас азаматтың жыныстық жағынан пісіп-жетілуі. Ал әлеуметтік түрғысынан, бүл шақ баланы семьяда, балалар бақшасында, бастауыш кластарда басталған әлеуметтендіру процесінің заңды жалғасы. Бұл жастагылардың негізгі қызметі — оқу. Яғни олардың бірі қалмастан бәрі түгел оқушылар. Жалпы бүл шақ балалықтың аяқталу, өсіп, ер жетудің басталу кезеңі ретінде суреттеледі.
II-ші кезең 14—15—17—18 жас аралығын қамтиды.
Бұл мезгіл аралық әлеуметтену немесе жас өспірімнің әлеуметтенуі деп аталады.
Биологиялық тұргыдан, бұл мезгіл — пісіп жетілудің аяқталу кезеңі.
Бұл шақта жас өспірімдердің әлеуметтік жағдайы әр қилы. Біреулері — жалпы орта білім беретін мектептердің, не кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары, екін-шілері — арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері, ал үшіншілері- болса — дербес еңбек жолын бастаған жас өспірімдер. Бүл шақта олардың қоғам алдындағы жауапкершіліктері де арта түскен: 14 жасында ер балалар мен қыздар түрлі Жастар үйымдарының қатарына өтсе, 16 жасында паспорт алады, ал 18 жасында депутат-тар сайлауына қатысуға және сайлануға праволы. Сонымен қатар, бұл мезгіл жас өспірімнің өз тағдырын өзі шешуге ұмтылушылық, өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеуге құштарлық кезеңі. Олар үшін ең жауапты, терең әлеуметтік мәні бар басты міндет — мамандық таңдау, өмірден өз орнын таба білу. Жалпы жастық шак, әлеуметтендірудің бастапқы формасының аяқталу мезгілі ретінде қарастырылады.
III-ші кезең 17—18—23—25 жас аралығын қамтиды.
Бұл екі аралық орнықты, яғни біржола әлеуметендіру
19
кезеңіне жатқызылады. 17—18—23—25 жас аралығындағы азамат биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік түрғыдадан да толық ер жеткен, естияр адам. Оның әлеуметтік-психологиялық бейнесі енді жасына қарап емес, керісінше, мамандығына, әлеуметтік орнына қарап анықталады. Олаға білім беру жалпылама емес, арнаулы кәсіптік сипатта жүргізіледі. Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищедегі, не арнаулы және жоғары оқу орнынданы оқу еңбектенудін белгілі бір түрі ретінде қаралады. Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады. Жалпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек әлеуметтендірудің объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-өндірістік қызметтің белсенді субъектісі ретінде де қарайды. Олардың еңбектегі жетістіктерін “үлкендердің” өлшемімен багалайды. Олардың еңбекке деген құлшынысты, творчестволық қатынасты талап етеді. Ал, 25 жастан кейін әлеуметтенген, қалыптасқан ересек адамның әрі қарай дамуы басталады1.
Демек, бұдан көріп отырғанымыздай, жас адамның жеке адам ретінде қалыптасуы оның биологиялық тұргыдан пісіп жетісуінен ғана көрінбейді. Сонымен қатар оны белсенді түрде әлеуметтендірудің, біртіндеп қогам өміріне “ендірудің нәтижесінен де айқын көрінеді.
3. ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ИНСТИТУТТАРЫ
Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің әрбір жаңа кезеңіне әлеуметтік институттардың белгілі бір түрі сәйкес келіп отырады. Мысалы, отбасы, мектеп, еңбек ұжымы т. с. с. Бұл әлеуметтік институттардың өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге бағытталған іс-әрекеті мен қызметі, әсіресе, халықтың ірі қалаларға шоғырлануы мен шаруашылықты индустрияландыру жаппай сипат алып отырған қазіргі заманда өте зор маңызға ие болып отыр. Өскелең үрпақты тәрбиелеу мен оларды қогамдың өмірге даярлау жалпы-мемлекеттік (жалпыұлттық) сипат алып, оны басқару мен жоспарлау, оқу-ағарту жүйесінің әртүрлі құрылымдық элементтерінің, атап айтқанда, отбасындагы бала тәрбиесінен бастап мектеп жасына дейінгі тәрбие орындарының, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім беру, орта арнаулы бі-
1 Кон И. С. Психология старшеклассника. М., Просвещениө, 1980. 41—43-беттөр.
20
лім берү жоғары білім беру орындарының қызметтері үй-
лестерліп, қатаң түрде ортақтандырылуда. Өскелең ұрпақты
әлеуметтендірудің мақсаты мен міндеттері, оның құрал-
дары мен әдістерінің,субъектілері мен әлеуметтендіру
институттарының іс-әрекеті мен қызметінің тиімділігі мен
нәтижелігі жан-жақты қарастырылып, елді еркендетудің
белгілі бір мерзімге арналған негізгі бағыттары жоспар-
ланғанда, онық әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған
бөлімінің басым бөлігі тек қана өскелең ұрпақты әлеумет-
тендіруі сөйтіп,оларды оқытып, тәрбиелеудің негізінде қоғамдық өмірге даярлап, қосу мәселелерін негіздеуге бағындырылған. Әрине, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелеріне мұндай жүйелі көзқарастың қалыптасуы адамзат қауымы өзінің дамуында мәдениет пен ғылым шыңдарының, қоғамдық прогрестің жаңа сатыларына көтерілген соңгы ондаған жылдардың жемісі. Ал адамзат қауымдас тығының даму тарихында өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің мәні, мазмұны, құрылымы, міндеттері мен тәсілдері мен амалдары белгілі бір әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекеті мен практикасының ауысып отыруына байланысты елеулі өзгерістерге ұшырап, үнемі жаңарып отырған. Айталық, қоғам дамуының алғашқы сатысы — қауымдық құрылыста өскелең ұрпақты әлеуметтендіру ісімен қауымдастықты барлық мүшелері түгелімен айналысқан. Олар жас балаларды алғашқы қауымдық құрылысқа тән іс-әрекеттің балалық түрлеріне жұмылдырған. Балаларды аң, балық ауладға үйретіп, жөн-жоралғылық, діни-ритуалдық, және әскері жаугершілік ойындарға тартқан.
Қоғамның одан әрі қарай дамуы, қоғамдық, соны ішінде, әсіресе, өндірістік қатынастардың жаңа формаларының пайда болуы, өскелең үрпақты әлеуметтендіруді жаңа түрлерінің тууына себепші болды. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беріп, адам санатына қосудың ескіден келе жатқан классикалық формаларының пайдаланудан қалған түрлерінің, мысалы, еңбек етуге жастайынан ерте араластырып, белгілі бір кәсіпті меңгертумен шектеліп қалатын тәрбиелік шаралардың орнына жас өспірімнің дүниеге келген күнінен кәмілетке толып, адамзат аталуына дейінгі аралықтағы өсіп-жетілу мерзімін қамтитын әле меттендіру процесінің көптеген жаңа әлеуметтік институттары, формалары мен құралдары пайда болды. Мысалы олардың қатарына отбасын, мектепті, бұқаралық ақпар құралдарын т. б. жатқызуға болады.
21
Өскелең ұрпақты әлеумөттендіру,қогамдық өмірге даярлау процесі отбасынан басталады. Өйткені отбасынандағы туысқандық қарым-ңатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Ата-ананың, аға-апаның, іні-қарындастың, туған-туыстың өнегелі үлгісі баланың сана-сезімінің, ой-өрісінің өсуіне адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. “¥яда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп қазақ халқы тегін айтпаған.
Отбасы тәрбиесі жас бала жарық дүниеге, өмірге келген алғашқы күннен-аң басталады. “Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала ақтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет. Ақылы,есі жоқ. Мінекей, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса баяу есетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей,яғни оны тәрбиелемей болмайды”1.
Иә, өмірге жаңадан келген жас нәрестені асырап,бағып
-күтіп, жетілдіру, аяқтандырьш, адам санатына қосу,
әсіресе, оған жан-жақты өнегелі тәлім-тәрбие беріп,бой-
ына адамзат қауымдастығына тән адамдық қадыр-қасиет-
тер мен сапаларды сіңдіру, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан ба-
лаға мирас болып келе жатқан әлеуметтік тәрбиені,шаруа-
шылық жүргізудің машықтары мен белгілі бір ісмер-
лікті меңгерту, білім негіздерін оқытып-үйрету, дағды-іс-
керліктер мен біліктілікке баулу, бір сөзбен айтқанда, жас
сәбиді адам деген атты дұрыс алып жүруге лайықты аза-
мат етіп қалыптастыру қиынның қиыны. Жас нәресте өзі-
нің жарық дүниеге келген алғашқы күндерінен бастап-ақ
әке-шешесінен өзіне деген ыстық ықыласты қамқорлық-
ты, табиғи мейірімді, махаббат пен сүйіспеншілікті күтеді.
Онсыз оның адам болып қалыптасуы, пісіп-жетілш, өсіп
өнуі мүмкін емес. Тек жас нәрестеге деген осындай көз
қарас оның бойында адамшыл қасиеттер мен сапаларды
қалыптасып, жан дүниесінің, сана-сезімі мен ақыл-ойы-
ның, түйсік-түсінігі мен көңіл-күйінің, өзіндік психикалық
ерекшеліктері мен мінез-құлңының, сезімі мен қайрат-ж
герінің, зейіні мен талғамының жан-жақты дамуына дұрыс
ықпал етеді. Жас баланың одан әрі қарай өсуіне орай
1 Жумабаев М. Педагогика, Алматы, “Ана тілі”, 1992, 13—14-беттер.
22
оның тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талап та арта
түседі. Баланың ақыл-ойының дамуы, үнамды мінез-құлқының қалыптасуына айрықша назар аударылады. Себебі жұғымды мінез-құлықтың негізі мектепке дейін қаланады. Бала отбасында еңбекшілдікке, әдептілікке, кішіпе-иілділікке, жинақылыққа, өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған мінез-құлық пен тәртіп мәдениетіне үйретіледі. Бала үй шаруашылығындағы жұмыстарға қатысу арқылы еңбек етуге үйренеді. Мектеп жасындағы баланы оқу еңбегіне үйретудің маңызы зор. Баланы оқу материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге, білім меңгеруде табандылыққа, жігерлілікке үйрету, мамандыққа баулу отбасының басты міндеті. Отбасы тәрбиесі ата-аналардың оқытушы, жұртшылықпен бірлескен тәрбие жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Мемлекет тарапынан ата-аналарға обасындағы бала тәрбиесін үнемі жақсартып отыруға елеулі көмек көрсетіледі.
Отбасы жас ұрпақты жеке түлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауында тұр. Ол жеке тұлганы қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін халықтық педагогиканың алуан түрлі формалары мен құралдарын ғана емес, сонымен бірге үлттық рухани мәдениеттің, мінез-құлық пен әдептіліктің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың, ырым-жоралғылар мен мұралық қазыналардың, ой мен тілдің, ауыз әдебиеті мен аңыз-ертегілердің, батырлар жыры мен халық әндерінің терең тәлім-тәрбиелік мәні бар озық үлгілерін кеңінен пайдаланады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, баланың жан-жақты қалыптасып, дамуы отбасының өмірі-сен, тұрмыс қалпымен біте қайнасып жатыр. Сонымен қатар, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына, оның қогамдық өмірге бейімделуіне телевидение, радио, баспасөз, көркем әдебиет т. б. ықпал етеді. Ал отбасы мүшелерінің көргені мен естігенін, білгені мен оқығанын әңгімелеп, пікір алмасуы баланың дүние жайлы, өмір ағымы, тіршілік иірімдері туралы өзіндік ой тоқуы мен көзқарасынының орны-ғуыіна_кәдімгідей салдарды септігін тигізеді.
Әлеуметтік институт ретіндө жалпы білім беретін мектептің өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі орны мен ролі айрықша бөлек. Өйткені, жас өспірімнің жеке тұлга ретіндке қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мөктептегі жылдарымен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, Отан алдындағы азаматтық борышты адал орындауға баулитын да осы — мектеп. Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық
23
негізі жалпы білім беретін мектепте қаланып, жас ұрпақтың әлеуметтік бітім-болмысы мен адамдың қадір-қасиеттерінің негізгі белгілері осында қалыптаса бастайды. Олар болса, қогамның алға басуы мен болашағы көбіне-көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелеуініне неге және қалай үйрететініне тікелей байланысты.
Осыған орай, жазылған осы еңбектің негізгі зертте объектісі болып табылатындықтан, жұмыстың келесі тарауы түгелімен жалпы білім беретін мектептің мәнін, оны пайда болу және, даму тарихын, мектептегі жаңа қогам сұраныстарына сай қайта құрудың алғы шарттарын, оны: нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатынастар жүйесінен алатын өзіндік орнын, қызметін, мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен онда берілетін білің мазмұнын, оның ғылыми негіздерін, принциптік қағидаларын, құрамын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жан-жақты талдап, анықтауга арналды. Ал зертте жұмысының онан кейінгі тарауларында Әлеуметтендіру институты ретінде жалпы білім беретін мектептің бір қоғамдың-экономикалық формациядан екіншісіне көшудіі өтпелі дәуірінде өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудіі негізінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп жинаңталған қажетті ғылыми білімдерді, құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды біртіндеп жаңа қоғам өміріне ендіруге бағытталған іс-әрекеті мен қызметінің күрделі табиғаты жан-жақты қарастырылып, талданды.
24
ІІ-ТАРАУ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП —
Достарыңызбен бөлісу: |