Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет6/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

70

Осыдан барып, үлкен мен кіші арасында жарасымды

қарым-қатынас орнығады. Мұндай өзара сыйластық келе-

келе жұғымды әдетке айналып, әдептілік ережесін тудырады.

Әдепті азамат кішіпейіл келеді. Оқушының кішіпейілдігі оның басқалармен арадағы инабатты қарым-қатынасынан, сүхбаттасу мәнерінен, сыпайы мінезінен көрінеді. Кішіпейілдік, мысалы, танымайтын адамға “сіз” деп ізеттілік танытудан айқын аңғарылады. Ал туған-туыстарға, достарға “сен” деп сөйлеу көңіл жақындығын білдіреді. Танымайтын біреуден бір нәрсенің жөнін сүрағанда: “мүмкіндік болса” деп сызылу мәдениеттілікті көрсетеді. Сонымен қатар, кішіпейілділік басқа адаммен сүхбаттасқанда дауыс көтеріп, қатты сөйлеспеуді талап етеді. Егер басқа біреуді ренжітсең немесе өкпелетсең, ол адамнан көптің алдында кешірім сұрауды міндеттейді.

Дей тұрсақ та, басқа адамдармен арадагы тату-тәтті, сыпайы қарым-қатынас баланың адамшыл қасиеттердің түпкілікті сіңгендігін білдіре алмайды. Себебі басқа адамдармен арадағы сыйластықтың жасанды болуы мүмкін ғой. Олай болса, өсіп келе жатқан азаматтың бойында басқаларға деген құрмет пен сыйластықтықтың шынайы сезімін орнықтыру үшін оларды ең алдымен жоғары адамгершіліктің негізгі компоненттерінің бірі — қарапайымдылыққа баулу қажет. Қарапайым адам басқалардың дәлелді пікірімен санасады. Басқаның іс-әрекетін дұрыс бағалайды. Оның мақсат-мұраттары мен мүдделерін құрметтейді. Басқаның ақыл-кеңесіне құлақ асады. Басқаларды ұсақ-түйек жұмыстарымен мазаламайды. Ол өз қолы жеткен ерен табыстарын айтып, мақтанбайды. Керісінше, басқалардың еңбектері мен жетістіктеріне балаша қуанып, оларды жүрген жерінде мақтап жүреді. Өз қажетін өтеуде, төңірегін-дегілердің де мүдделерімен санасады. Өз мүддесінен гөрі Отан мүддесін, халық тілегін жоғары қояды. Өскелең ұрпақты қарапайымдылыққа баулу — бұл оларды сезімтал етіп төрбиелеу, адамдардың мұң-мүқтажын терең түсініп, әрқашан да оларға көмек көрсетуге даярлық сезімін қалыптастыру.

Жоғары адамгершілік сезімнің келесі бір элементі — төзімділік. Төзімділік дегеніміз қабылданған шешімді, алға қойылған мақсат-мүратты орындау үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру, мақсатқа жету үшін басқа қажеттіліктердің бәрін тежеп, өзін-өзі үстай білу қабілеті. Бала-

71

ларды төзімділікке тәрбиелеу — олардың ерік-жігерін, мінез-құлқын және мінезін қалыптастырудың алғы шарты, бой көтерер тұғыры. Жалпы төзімділікке тәрбиелеуді баланың сәби кезінен бастаған жөн.



Оқушының бойынан, мінез-құлқынан және іс-әрекетінен көрінетін шыншылдық пен адалдық, батылдық пен батырлық сияқты адамгершілік қасиеттерге аға ұрпақ сүйсініп, қуанған. Ал бойында мұндай қасиет жоқ баланы “жігерсіз”, “қорқақ” деп даттаған. Қорқақтық көрсету — туған-туыстың, ағайын-жекжаттың, жақындар мен достардың арасында сый-құрметтен қалу, абыройдан айырылу. Қорқақ адамнан басыңа қиыншылық туғанда араша күту немесе шыншылдык, пен адалдыққа куәлік сұрау қиын. Қилы-қилы заманда қорқақтық сатқындыққа апарып соқтыратындығы өмірде аз кездеспейді. Сондықтан, ата-аналар мен ұстаздар қауымы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты шыншылдық пен адалдыққа, батылдық пен батырлыққа баулуға міндетті. Ал педагогика ғылымы — өс-келең ұрпақтың бойына мұндай қасиеттерді сіңдірудің әдістемесін жасап, оқу-тәрбие процесіне ендірсе, нұр үстіне нұр.

Дегенмен, өмірде, күнделікті іс-әрекетте керісінше болып жатады. Айталық, балалар ауыл айналасына гүл теруге шықты делік. Мұндайда, көбінесе, ата-аналар кейде ұстаздар да, “алысқа ұзамаңдар, қасқыр жеп кетеді” деп қорқытады. Ал шындығын айтқанда, ауыл айналасында қасқыр тұрмақ, басқа, мысалы, түлкі-қарсақ сияқты аңдар болған емес. Жас балаларды “Абайла, жығыласың! Аяғын сынады!”, “Ағашқа өрмелеме, құлайсың, жазым боласың!”— деген сөздермен үнемі қорқыту қорқақтыққа үй-ретпесе, батылдық пен батырлыққа тәрбиелемейтіні анық. Оның үстіне мұндай “қамқорлық” жас балалардың бойында қорқақтықтың негізін қаламасына кім кепілдік бере алады?

Әрине, бас-көзсіз батырлық, ұр да жық мінез арсыздық пен табансыздыққа, кейде, тіпті, қорқақтыққа апарып соқтыруы әбден мүмкін. Ал шынайы шыншылдық пен адалдық, батылдық пен батырлық жоғары адамгершілік қасиеттер бойға әбден сіңіп, сөз бен іс бірлігі мінез-құлыктың күнделікті нормасына айналған кезде ғана жүзеге асырылады. Биік адамгершілік мұраттар белсенді өмірлік позицияға, борышқа деген саналы көзқарасқа айналғанда ғана Отан алдындағы борышты адал ниетпен орындауға,

72

қоғамда қабылданған мұрат-мақсаттар мен мүдделерді қадірлеп ардақтауға, шыншыл болуға негіз қалайды.



Өсіп келе жатқан жас үрпақтың моральдық тұрғыдан қалыптасуында олардың бойына арлылық пен намыс сезімін сіңдіру айтарлықтай орын алады. Демек, өскелең ұрпақтың бойына — арлылық пен намыс сезімдерін сіңдіру мұгалімдерден орасан зор тәлім-тәрбиелік жұмысты талап етеді. Нәтижесінде, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында біртіндеп арлылық, тектілік, кісілік және намыс сезімдері пайда бола бастайды. Ол толыса, кемелдене келіп, орасан зор адамгершілік күшке айналады. Мұндай азамат Отан үшін, өз халқы үшін, елі үшін, ата-ана, туған-туысы және достары үшін адал қызмет етеді. Ақиқат шындықты батылдықпен қорғайды. Туган Отаны — Қазаңстанның көркеюуі мен гүлденуі үшін аянбай еңбектенеді. Арлылық пен намыс оған өтірік айтқызбайды, басқаны алдауға, серттен таюга жол бермейді. Арлылық пен намыс оты басқалармен қарым-қатынаста адалдық пен тазалықты талап етеді. Ал мұның өзі қазіргі нарықтық бәсекелестік пен жүгенсіздік жағдайында таптыра бермейтін адамгершілік сапалары. Жасы өсіп, есейген сайын мүндай бала тек өз басының намысын ғана емес, отбасының, өзі оқитын класы мен мектебінің, туғаны отаны — Қазақстанның намысы мен даңқы үшін күреседі.

Жалпы білім беретін мектепте өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің мазмұнын, сондай-ақ, үлтжандылық, Отан сүйгіштік сезімдер, терең мәнді таза интернационалистік қасиеттер, коллективистік және гуманистік принциптер, еңбекке жаңаша көзқарас, нарықтық экономика жағыдайындағы адамгершілік мәселелері, бәсекелестік пен іскерлік, табыс табу жолдары, жауапкершілік пен парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру қүрайды. Ал мәдениеттілікті адамгершіліктің өзегі болып табылатындықтан адамның адамгершілік кел-бетінен, мінез-құлқынан және іс-әрекетінен бөліп алып, қарастыруға болмайды.

Мәдениеттілік — бұл адамның биязы мінезі, сыпайылығы, әдептілігі, өзге адамдармен сыйластығы, оларға деген құрмет сезімі.

Мәдениеттілік — бұл өзге адамдарға деген сүйіспеншілік көзқарас, гуманистік принциптер.

Мәдениеттілік — адамгершілік қасиеттердің ажырамас бөлігі.

73

Мінез-қүлық мәдениеті: жоғары адам адамшылыққа тән ең қьмбат айшықты белгілерді меңгерген тұлга, кісі. Ондай адам жүрегі таза, жан дүниесі шынайы, мөп-мөлдір. Ондай адам ізгі жанды, адал да шыншыл. Адал адам — принципшіл, айтқанында түрады. Атқаратын ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өзін де, өзгені де қүрметтейді. Ондай адам мейірімді әрі қамқоршыл келеді. Адамдық ары таза, оған шаң жұқтырмайды. Жалғандық пен екіжүз- ділікке төзбейді. Адамның адам екенін танытып, көрсететін де осындай адамгершілік қасиеттер.

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру қиын әрі күрделі процесс. Ол өскелең үрпақтың бойына жүғымды адамгершілік сапаларын сіңдіріп қана қоймайды. Сонымен қатар, ол жас өспірімдерге өздерінің бойларындағы жүғымсыз қасиеттерді көре білулеріне көмек-тесіп, оны жоюга атсалысады.

Мінездің ең жиренішті жақтары — өзімшілдік, күншілдік, жағымпаздық. Өзімшілдік, күншілдік, және жағымпаздық мінез-қүлқын жеке басының пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (мысалы, отбасының) пайдасы билейді. Өзімшілдік,күншелдік,және жағымпаз да, күншіл де — ой-өрісі тар, өрсіз, ұсақ, жаны жадау, үлкен игілікті істерге қабілетсіз адамдар. Бишара жан баянды ештеңе тындыра алмайды. ¥сақшыл, зымиян, өзімшіл жан сайьш келгенде алаулап жалын ата алмайды1.

Жағымпаздық мақтауы мен жарымсақтануы басшының

нақты қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауына кедергі

жасайды. “Мақтау — ақымақтарға қазылған ор”— деген

нақыл сөз бар. Сондықтан өсіп келе жатқан жас үрпақты

өзімшілдіктен, бозсөзділіктен, күншілдіктен, өтірік айту-

дан, жағымпаздықтан, өркөкіректіктен, қүбылмалылықтан

т. с. с. сақтандырып, әрбір оқушының бойында берік, мыз-

ғымас моральдық жағымды сапалық қасиеттерді қалып

тастыру, мұратты ныгайту, жамандық іске өмір бойы төзбейтін қуатты рухани үшқын беру, өмірдің күрделі жағдайларында өз бетімен бағдарламай білуге әзірлеу адамгершілік тәрбиесінің өзекті арқауы.

Қоғамның қазіргі өтпелі дәуірінде оның өмірі мен қоғамдық қатынастар жүйесінің негізгі салаларының бірінеі атап айтқанда, нарықтық экономикалық қатынаста орыналып отырған бәсекелестік, іскерлік, еңбек пен менпіікі жаңа қатынас, кәсіпкерлік еркіндігі, фермерлік, бизнес,



1 Қараңыз: Аасамаа Ийна. Әдептөн өзбайық. Алматы, 1990.

74

баюга ұмтылушылық т. с. с. өскелең ұрпақты қатты қызықтырып отыр. Бұл пікіріміздің дәлелі үшін нақты социологиялық зерттеу мәліметтерін келтірелік.

Өсіп келе жатқан жас үрпақты әлеуметтендіруде жалпы білім беретін мектептің алатын орны мен ролін анықтау мақсатымен Орал және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары арасында таратылған Анкетада әрбір оқушынын, өмірлік бағдарын білуді мақсат тұтқан сүрақтар да болды.

Берілген сұрақтардың ішінде “Мектепті бітіргеннен кейін қандай іспен айналысқанды қалар едіңіз?”— деген сұрақтың жауабы төмендегідей болды. № 2 таблицаны қараңыз.

Қорытынды мәліметтерден көрініп тұрғандай, екі облыстың мектеп оқушылары да үйреншікті мамандықтардан гөрі замана сұранысына сай нарықтық экономикалық қатынастар жүйесінде шешуші роль атқаратын кәсіптерді көбірек таңдаған. Бұл түсінікті де. Оқушылар өздерінің болашағы көбіне көп осы бастан кәсіпті дұрыс таңдап алу-ға байланысты екенін жақсы түсінген.

Ал Орал облысының мектеп оқушыларына қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысы мектеп оқушыларының көбірек бизнеспен немесе фермерлікпен айналысуға құлшыныстары бұл екі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің, сондай-ақ географиялық-климаттык, жарыдайларының әр түрлілігімен ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанда халықтың тығыздырына қарай, бір жағынан, жұмыс көзін бірден тауып, орналастырудың қиындығына, екінші жағынан, өзіндік жергілікті ерекшеліктер-



2 таблица

75

ге, атап айтқанда, бұрыннан сауда-саттыққа үйір өзбек ағайындардың, тәжіктердің т. б. халықтардың ықпалымен қалыптасқан әдет-ғұрыптарға да байланысты.



Бұл мәліметтер “қазіргі мектеп оқушыларының моральдық сипаты” туралы не білдіреді? Оны анықтау үшін бұл мәліметтерді осыдан ондаған жылдар бұрын қазіргі мектеп оқушыларындай жап-жас кезінде алдағы өмірін бағдарлап, жоспар сызған балаң жігіттер мен өрімдей жас қыздардың жауаптарымен салыстырып көрелік.

Социологиялық зерттеу нәтижелері көрсетіп отырған дай, 60-жылдардың орта шенінде ҮIII- класты бітірушілердің басым көпшілігі оқуын ІХ-класта одан әрі жалғастыруға және толық орта білім алудуға ұмтылған. Перспективада жоғары білім алуды мұрат тұтқан. Тек олардың 1/з-і ғана кәсіптік-техникалық училищелер мен техникумдарға оқуға түсуге тілек білдірген.

70-жылдардың орта шенінде ҮIII-класты бітірушілердің негізгі бөлігі белгілі бір мамандықпен қатар толық орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелерге түсуге ұмтылған. Көрісінше, орта арнаулы білім беретін оқу орнына түскісі келетіндердің саны күрт кеміп кеткен. Себебі, 70-жылдары біліктілігі жоғары маман жұмысшылар басқаларға қарағанда біршама материалдық және моральдық артықшылықтарға ие болды. Социологиялық анкета-лардың белгілі бір кәсіптердің тартымдылық себептері туралы сұрақтарына жауап бергенде, жасөспірім жігіттер мен қыздар бірінші орынға еңбектің еркін шығармашылық сипатын, екінші орынға кәсіптің қоғамдың маңыздылығын, үшінші орынға жалақының мөлшерін қойған.

Арада тағы ондаған жылдар өтті. 80-жылдардың орта шенінде ҮІІІ-класты бітірушілердің өмірлік мақсат-мұраттарында анау айтқан өзгерістер бола қойған жоқ. Белгілі бір мамандыққа қоса орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелерге түсуге талаптанушылардың саны одан әрі арта түсті.Тіпті, жас өспірімдерді қатты қызықтыратын мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары ма-мандар даярлайтын кәсіптік-техникалық училищелерде конкурстық іріктеу қажеттілігі туады. Орта кәсіптік-техникалық училищелер өндіріске,құрылысқа, транспортқа, байланысқа, қызмет көрсету салаларына білікті маман жұмысшылар мен ауыл шаруашылығына механизатор даярлаудың нағыз орталығына айналды. Жоғары оқу орнына түскісі келетіндердің саны екі есеге кеміді. Жоғары, әсіресе, техникалық-инженерлік білімнің ңұны түсіп кетті.

76

Десекте, жас жігіттер мен қыздардың тоқырау жылдарында жұмысшы мамандығына жаппай ұмтылушылығы іс жүзінде оның қоғамдық пікірдегі дәстүрлі бейнесінің бейнеленуі болуы да мүмкін. Мысалы, қызмет көрсету саласының кейбір кәсіптеріне тоқырау жылдарында жас жігіттер мен қыздардың менсінбей қарауы көбіне-көп ересектердің нақ сондай көзқарасын қайталау ғана болды. Заман өзгерді. Кешегі мұрат тұтқан құндылықтар, бүгін күлкілі. Мұны, ең алдымен, жастар түсінеді. Бүгінгі күні олардың басым көпшілігі қызмет көрсету саласында,сосың ішінде, әсіресе, терең білім мен белгілі бір мамандықты талап етпейтін түрлерінде еңбектенуге әуес. Олардың арасында еңбектенудің мұндай “жеңіл” түрі “бизнес” деп аталады. Біз таратқан анкета сұрақтарына жауап берген оқушылардың Орал облысы бойынша 17%, Оңтүстік Қазақстан бойынша 31% еңбектенудің “бизнестік” түрін қалаған. Анкета сұрақтарына берілген басқа жауаптардан көрініп тұрғандай, “одан әрі оқырым келеді” дегеннің өзі, “еңбектенуден” қашқалақтаудың амалы емес, керісінше, еңбектің белгілі бір түрінде, әсіресе, “бизнесте” табысқа жетудің тиімді жолы ретінде қарастырылады. Бір қызығы, оқушылардікі сияқты студент жастардың да “бизнеске” көзқарастары жылы. Анкета сұрақтарына жауап берген Түркістан қаласындағы жоғары оқу орны студенттерінің 29%-і оқумен қатар күн көріс үшін кәкір-шүкір сату-мен шұғылданатындықтарын жасырмаса, 30%-тен астамы университетті бітіргеннен кейін таза “бизнеспен” айналысқысы келетіндіктерін атап көрсеткен.



Әринө, уақыт сұранысына сай өмірлік жоспар сызу, мамандық таңдау жөн. Бірак, егемендігін жаңадан алған жас мемлекет — Қазақстан Республикасының гүлденіп, жан-жақты өркендеуі үшін тек бизнесмендер, брокерлер, менеджерлер т. б. ғана емес, маман жұмысшылар, кең профильді мамандар да керек. Осының өзінде алғашқыларынан гөрі соғылары анағұрлым көбірек керек. Шындыққа сәйкес келмейтін талап-тілектер кейде жанға қатты бата-тын түңілушіліктерге әкеліп соғады. Сондықтан өмірлік бағдарды қоғамның нақты мүмкіндіктерімен сабақтастыру орынды.

77

3. ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚТЫҢ БОЙЫНДА ¥ЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУ



а) ¥лтаралық қатынас мәдениетін оқу процесінде қалыптастыру іс-шаралары

Қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен гүлденуі көбіне-көп қазақ халқының және республиканы мекендеген басқа ұлт өкілдерінің арасындағы татулыққа,өзара түсінушілікке және сыйластыққа тікелей байланысты. Осыған орай, қазір мемлекет басшылары тарапынан ішкі саясаттың түп қазығы ретінде әр халықтың өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің алуан түрлілігін сақтай отырып, азаматтық татулық пен үлтаралық келісімді тұрақтандыруға айрықша мән берілуде1.

Мәселенің бұлай қойылуы, үлтаралық қатынасты одан әрі жетілдіруді, халықтар достығын талмай насихаттауды, әрбір ұлт өкілінің, ең алдымен жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеуді талап етеді.

¥ëтаралық қатынас мәдениеті — бүл әртүрлі ұлт өкілідерінің бойында татулықты,өзара түсінушілікті, сыйластықты, коллектившілдікті, ізгіліктілікті, имандылықты тәрбиелеу,өз халқының өзіндік үлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа үлт пен ұлыстардың өскелең өмір тәжірибесін, тұрмыс салтын, дәстүрін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, өнерін, мәдениетін меңгеруге үмтылушылық сезімін қалыптастыру, үлттық менмендікке, шовинистік дандайсушылдыққа, басқа үлт пен үлыстарды жек көрушілдікке ымырасыздықты орнықтыру.

¥ëтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әртүрлі үлт өкілдері арасындағы қарым-қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, оқу, мәдениет және сауда-саттық орындарында, автотранспортта, көршілік қарым-қатынаста т. с. с. көрінеді. Әрбір ұлт өкілі, жеке адам басқа бір ұлт өкілін (немесе басқа бір адамды), оның бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді, жанының тазалығын немесе жамандығын, еңбекке икемділігін, басқа үлт өкілдеріне көзқарасын, адамгершілігі мен мінез-құлық мәдениетін, рухани дүниесінің байлығын немесе жұтаңдығын, кісілігін, біліктілігі мен іскерлігін өзі-

1 Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992. 8-бет.

78

нің өмірлік тәжірибесімен, өз үлтына тән адамдық қасиеттермен, мнез-қүлық нормаларымен және тұрмыс қалпымен салыстыра отырып бағалайды. Басқа үлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына сіңдіруге,өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық машықтарын меңгеруге үмтылады.



Жалпы, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас түрмыстағы татулық, адал ниетті достық қарым-қатынастар, өзара түсіністік пен сыйластық, төзімділік пен парасаттылық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік, бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлеріне, құндылықтарына, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, үлттық сезімдері мен көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық т. с. с. жинақтала келіп халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) этикалық мінез-құлық нормасына айналады. Халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністікті және келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Түбінде этикалық алуан түрлілікке қарамай, тұрмыстың ортаң жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен молшылық идеясы біріктірген адамдардың үйлесімді қауымдастығын қолдайтын әлеуметтік біртұтас ұлттық демократиялық құқықтық мемлекет құруға негіз қалайды.

Демек, зиялы құқықтың қоғам орнатуға бет бұрған егемен жас мемлекеттің өз тұрындарына азаматтық татулық пен үлтаралық келісім, бір-біріне қүрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпағының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетінің ұрығын себуге үмтылысы құптарлық іс. Міне сондықтан да мектеп табалдырығын аттасымен-ақ, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру оқушыларды әлеуметтендірудің бір тармағы ретінде оларды оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеттерінің ірі іспеттес мұғалімдер мен тәрбиешілердің алдына өткір қойылып отыр. Өйткені ұлттық өзгешеліктеріне қарамастан, әрбір жастың бала кезінен көңіліне ұялаған өзара түсіністік пен сүйіспеншілік сезімі есейе келе терең мәнді өзара достықтың, құрмет пен сыйластықтың іргетасына айналатыны анық.

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін

тәрбиелеуді ұйымдастыру ең алдымен оның мақсатын, маз-

ұны мен құрылымын, міндеттерін, негізгі бағыттары мен

79

формаларын, құралдары мен тәсілдерін анықтауды талап етеді. Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеудің мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа шынайы таза интернационалдық тәрбие беру, туған өлке, оны мекендеген халықтар, ұлттар мен ұлыстар тағдырына жауапкершілік, ана тіліне, ата салтына, ел тарихына сергек көңіл, сезімтал жүрекпен қарау, көп ұлтты Қазақстан халқының материалдық және рухани құндылықтарын, өнерін, мәдениетін меңгерту негізінде олардың бойында жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) және өзіндік ұлттық мүдделердің үйлесімді сабақтастығын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеудің міндетті мақсаты бүлдіргіш күштердің ұрпақтардың бірлігін бұзып, ұлт араздырын тудыруына, жас өспірім балауса көңілдерге “ұлтшылдық” ұрығын сеуіп, ұлттық тар өрістілікке бойалдыруына, бүрындары ел басынан өткен өкпе-араздықты, менсініп-жаратпаушылдықты, зорлық-зомбылықты, қор-лық-қоқаңдаушылық жасаушылықты еске түсіріп, халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасында төзбеушілік пен алабөтендік сезімдерді маздатуға, өркөкіректік пен көкезулікке салынып, өткенімізге қара күйе жағуына жол бермеу. Тарих жаман да, жақсы да бола алмайды. Ол — тарих, біздің аталарымыздың, әкелеріміз бен шешелеріміздің, аға жеңгелеріміздің, аға ұрпақ өкілдерінің басып өткен жолы. Отызыншы жылдары аштық, құғын-сүргін болды. Бірақ Түрксіб, индустрияландыру, шөл жерлерді игеру, ¥лы Отан соғысы жеңімпаздарының жүрек жарды қуанышы мен мақтанышы да болды ғой. Мұның ешқайсысы ұмытылмайды, олардың бәрі мәңгі халық санасында, ел есінде қалады. Жұртшылық жақсылықты жылылықпен еске алып, келер ұрпаққа үлгі-өнеге тұтады, жамандықтың қайталан-бауын тілейді.



Оқушылардың бойына үлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру оларға үлтаралық қарым-қатынас туралы жан-жақты нақтыланып, жинақталған, түйсік-түсініктер мен үғымдарды, ғылыми білімдер мен көзқарастарды меңгертуді талап етеді. Оларды меңгертпейінше, оқушылардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкін емес. Себебі, үлтаралық қарым-қатынас пен интернационалдық тәрбие туралы жан-жакты нақтыланып жинақталған ғылыми білімдер мен әлеуметтік тәжірибе қорытындылары оңушылардың бойына қалыптастырылға-

80

лы отырылған ұлтаралық қатынас мәдениетінің теориялық негізі әрі мазмұндық компоненттері болып табылады. Оқу тәрбие процесінде оқушылардың бойына ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру Отан, туған жер, ұлт, достық, татулық сияқты әр баланың көңілі мен жүрегіне етене жақын қарапайым түсініктер мен үғымдардың мән-мағынасын үғындырудан басталып, үлтаралық қарым-қатынас туралы ғылыми білімдердің тұтас жүйесін игертуге негізделеді. Әрине, жас ерекшеліктеріне орай оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынастың мән-мағынасын ашып көрсететін түсініктер мен ұғымдардың мазмұнын түсініп, ұрынуы әрқилы. Бүған оқушылардың арасында оларды бүгінгі таңда неғүрлым терең толғандырып жүрген негізгі проблемалардың қатарында еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынас туралы түсініктері мен үғымдарының, жеке пікірлері мен көзқарастарының қандай деңгейде екендігін анықтау мақсатымен біз жүргізген социологиялық зерттеу нә-тижелерінің кейбір деректері дәлел бола алады. Ақпараттар жинастыру оқушылар арасына анкеталық сұрақ тарату тәсілі арқылы жүргізілді.

Анкета сұрақтарына жауап берген оқушылардың көпшілігі “ұ.лт”, “ұлтаралық қарым-қатынас”, “ұлттық мақтаныш”, “ұлттық психология ерекшеліктері”, т. с. с. ұрымдардың мән-мағынасын толық түсінбейтіндіктерін жасырмаған. Ал анкета сүрақтарына жауап берген оқушылардың біреуі “ұлттық мақтаныш дегеніміз белгілі бір ұлт өкілінің өз ұлтын басқалардан жоғары қоюы және оны басқалардан артық деп есептеуі” деп жазған. Бүл фактілер нені білдіреді? Ең алдымен, оқушылардың бойында үлтаралық қатынас мәдениетінің әлі қалыптасып үлгермегендігін білдіреді. Ал мүның өзі олар басқа ұлт өкілдері болып табылатын құрбы-құрдастарымен араласқанда өзін қалай ұстаудың амалын таптырмай, менмендік пен кемсітушілікке ұрындыруы мүмкін. Сонымен бірге, жауап берген распонденттердің 25,3 проценті елде ұлтаралық қарым-қаты-настардың шиеленісу қаупі бар екендігін белгілеген. Бұл қьшмыстың өсуіне және тәртіп пен заңдылықтың сақтал-мауына қосыла келе ұлттардың қайсы бір топтарының арасында өздерінің бүгінгі және болашақ өмірлеріне деген сенімсіздік тудыратын сезімдерді күшейтіп отыр.

Оқушылардың бойында үлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесінің барлық жақтарында қамтылады. Ол туралы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін тәр-

81

биелік сағаттарда, еңбекке, өнер мен ісмерлікке баулу сабақтарында, туған Отаны — Қазақстанға сүйіспеншілік



оны мекендеген барлық халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға құрмет пен достық сезімдерін орнықтыруды көздейтің патриоттық және интернационалдық тәрбиеде, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қоғамда қабылдаңған мінез-құлық пен тәртіпті сақтауды насихаттайтын құқықтық тәрбие берудө жан-жақты әңгімеленеді.

Дегенмен, соңғы жылдары бір кездердегі адамның жанын жібітіп, жүрегін елжірететін, мысалы халықтардың бір-біріне деген қалтқысыз көмегі, бір-бірімен жан аяспас достығы мен ынтымақтастығы туралы әңгмелердің өте аз айтылып жүргендігін жасыруға болмайды.

Айталық, ¥лы Отан соғысы жылдарында қазаңстандық жауынгерлер фашистерге қарсы қаһармандықпен соғысса, Қазақстан халқы фашистердің талқандауынан зардап шеккен Россия, Украина және Белоруссия қалалары мен селоларына шефтік көмек көрсетті. Бұл туралы тебіренбей әңгімелеу мүмкін бе? Мүмкін емес. Демек, адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, достығы, туысқандығы туралы әңгіме қозғағанда, нақты болған жайды, ақиқатты

фактілерді орын-орнымен пайдалану оқушылардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда, оларға интернационалдық және патриоттық тәрбие беруде зор маңызға ие болады. Өкінішке қарай, халықтар арасындағы достық, бауырластық, ынтымақтастың туралы нақты әңгімелер, қызықты фактілер мен ақиқатты шындықтар баяндамалар мен насихаттың лекциялардан ғана емес, оқулықтар мен көмекші оқу құралдарынан да ұмыт қалып барады. Жалпы оқушылардың, өскелең ұрпақтың бойына үлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мұғалімдер мен тәрбиешілерден мына төмендегі міндеттерді үнемі басты назарда ұстап, орындауды талап етеді:

— сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде халықтар арасындағы достықты, татулықты, өзара түсінушілік пен сыйластықты үнемі насихаттап отыруды;

— әр оқушының бойында өз халқының өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерін дамыта отырып, басқа ұлт пен үлыстардың өскелең өмір тәжірибесін, тұрмыс салтын, дәстүрін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, өнерін, мәдениетін меңгеруге ұмтылушылык, сезімін қалыптастыруды;

— қазақ халқының және республиканы мекендеген

82

баска ұлт өкілдерінің жан-жақты үйлесімді және еркін



дамүы үшін Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы —

Конституциясында, нәсіліне, ұлтына, жынысына,тіліне,

әлеуметтік тегіне, діни көзқарасына, сеніміне қарамастан,

барлық азаматтардың құқықтык, теңдігі қамтамасыз еті-

летіндігің, қазақ тілінен басқа да тілдердің қолдану ая-

сын сақтауға кепілдік беретіндігінің, олардың еркін да-

муына қамқорлық жасалатындығының бекітіліп, жария-

ланғандығының терең мәні мен маңызын үнемі түсіндірін

отыруды;

— жалпы Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық жақтарын: әлеуметтік-саяси өмірін, мәдениетін, экономикасын, өндірісін өркендету мен дамыту қазақ халқының және республикадағы сан алуан ұлттардың өзіндік ерекшелігін түлету мақсатында жүргізіліп жатқандығын ұгындыруды;

— көп ұлтты Отанымыз — Қазақстанның тағдырына жауапкершілік сезімін сіңдіруді;

— дүние жүзі халқымен туысқандық ынтымақтастықты білдіру, нәсіліне, ұлтына және тіл өзгешілдігіне қарамастан, әлем халықтарын құрмет тұтуды тәрбиелеуді;

— дүние жүзі елдеріндегі құрбы-құрдастарының өміріне, тұрмысына, оқуына, адамшылдығына, мінез-құлық мәдениетіне, эстетикалық талғамына т. с. с. түсінушілікпен қарау сезімін тәрбиелеуді;

— ұлттық сана-сезімді ұлтшылдық, шовинистік көріністерден ажырата білуге үйретуді;

— ұлттық менмендікке, шовинистік дандайсушылдыққа, басқа ұлт пен ұлыстарды жек көрушілікке, кемсітушілікке және оларды бір-біріне айдап салушылыққа ымырасыздықты орнықтыруды;

— Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ел-таңбасы, Жалауы, Гимні туралы әңгімелерді жиі өткізіп отыруды талап етеді.

Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру — Қазақстан тұрғындарының санасында және іс-қимылында жаңа тұрпатты ұлттық қарым-қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрініс табу формасы болып табылатын қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі. Ол ұлттардың, ұлыстардың, этникалык, топтардың даму, гүлдену және жақындасу процестерін қайтадан ой елегінен өткізетін призма тәріздес әлеуметтік-саяси және моральдық принцип



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет