Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#86863
Байланысты:
Презентация Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

Орындаған: Алдабергенова М.Ж

Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы.

  • Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
  • Мұғалім еңбегінің профессиограммасы-мұғалім тұлғасының моделі.
  • Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі.
  • ҚР-ғы педагогикалық білім беруді модернизациялау

Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам баласы өмір сүріп отырған кезеңдерден бері әр дайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгертуге талпынады.
Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге “ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғару тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазады. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істәң бірі”. В.Г.Белинский былай дейді: “Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр”.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде?

  • Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледіг. А.С.Луначарскийдәң айтуынша, мұғалім балаларға өткен ата-бабамыздың ең таңдаулы тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды,азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.

.

Мұғалімнің атқаратын қызметін жіктеу:

  • ақпараттық (ақпарат беру);
  • дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
  • мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
  • қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
  • коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
  • ұйымдастырушылық (оқуышыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
  • зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті

Мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті түрлі оқыту құралдары арқылы педагогикалық процесс міндеттерін шешеуге бағытталған кəсіби белсенділік. Педагогикалық іс-əрекеттің білім беруші, тəрбиелеуші, ұйымдастырушылық, насихат жүргізу, басқарушылық, диагностикалық жəне т.б. түрлері бар.

Педагогикалық іс-əрекеттің сипаттамасы қандай?

Педагогикалық іс-əрекет адамзат іс-əрекетінің кез келген түріне тəн сипаттамаларға ие.

Бұл, ең алдымен,

  • мақсаттылық,
  • түрткілік,
  • пəнділік.
  • 2014 жылғы 17 қаңтарда республика халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр…», деп көрсетті

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет