52
күрделі іс Мұнда оқу мен тәрбие, теория мен практика,адамның ақыл-ойы, сезімі мен еркіне әсер ету т. б. ұштасып келуге тиісті. Сонымен қатар,ойлау қабілеттілігіне және дүниеге көзқарасқа баулу әрбір оқушының жас шамасын және бейімділігін ескере отырып, жан-жақты ойластырған жоспарлы жұмыс бойынша жүргізгені дұрыс.Мұндай тәсілдің тиімділігін көрнекті социолог С. И. Конның және басқалардың зерттеулері де растап отыр1.
Алайда барлық жерде істің жайы бұлай емес. Кейбір мектептерде дүниеге көзқарасты, ерік-жігерді және сенімділікті қалыптастыру ісіне жүрдім-бардым қараушылық байқалады. Көбіне-көп оқушылардың өздері іштей даярланып жүрген өмірлік белсенді позиция, оларды терең толғандырып жүрген психологиялық тебіреністер, жас шамасына байланысты мінез-құлық қайшылықтары, даралық ерекшеліктері т. с. с. ескерілмейді. Ең өкініштісі сол әрбір оқушының жас шамасын, қабілетін, бейімділі-гін және ерекшелігін ескере отырып,жан-жақты ойластырылған, әр оқушыға жеке-жеке арналған жоспарлы тәрбие жүмысы жоқ. Бұл жұмыстарда жалпыламалық пен үстірттік басым. Ал, тәрбиеленушілер мен жан сезімі байланысьш сақтай білу,олардың толғаныс әлемі мен ізденістерін түсіну,оларға дер кезінде қол ұшын беру, қиын шымшытырық ой толғаныстарын дұрыс қорытындылаудың жолдарын нұсқау оқушылардың дүниеге жүйелі көзқарастасын қалыптастырудың маңызды шарты. Оқушылардың бойында дүниеге көзқарас пен сенімділікті қалыптастыру мұғалімдерден нәзік сезімталдықты, ұстамдылықты және педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Адамдардың, соның ішінде оқушы жастардың, дүниеге көзқарасының қалыптасуына ең алдымен қоршаған орта — нақты болмыс әсер етеді. Оқушылар да, адамдардың барлық топтары сияқты, елеулі факторлар мен Отанымыз — Қазақстанның экономикасында, әлеуметтік өмірінде және мәдениетінде болып жатқан процестердің ықпалына тартылған. Міне, сондықтан да оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы жеке бастың өзін қоршаған ортамен тұрақты түрде белсенді, творчестволық қарым-қатыпас жағдаиында қалыптасады.
Қоршаған ортаны, адамдардың арасындағы қатынасты
53
тану, жамандық пен жақсылықты ажырату, Отан, коллектив,ата-ана алдындағы азаматтық борышты сезіну, өзінің жеке адам ретінде қалыптасу барысында жиі кездесетін өмір қайшылықтарын жеңу, өмірдегі өз орнын анықтауға талпыну, өз бойына көздеген мұратқа жетуге жауап беретін сапаларды дарыту, адамгершілік түсініктер мен категорияларды терең ұғыну,оларды белгілі бір жүйеге келтіру, мектептен тыс орта, қоғамдық әрекеттің әр қилы түрлерінде сыналуы және т. с. с. арқылы оқушылардың өмір жолын, мінез-құлық жәнө әлеуметтік позициясы белгілей отырьш, іштей мақұлдаған терең сезінілген дүниеге ғылыми көзқарас жеке бастың игілігіне айнала,
Жоғары саналылықты, кәмелетті пайымдауларды шылар ең алдымен сабақ үстінде,оқу процесінде алады .Сондықтан әрбір оқу пәнінен өтетін сабақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастырудың пәрменді құралы болуға тиіс. Мұнда әлеуметтік-гуманитарлық пәрменді: тарих,қоғамтану, экономикалық география, әдебиет сабақтарын оқытудың ерекше маңызы бар. І
Айталық, тарихи сана оқушының дүниеге көзқарасының негізгі компоненттерінің бірі.Сондықтан тарихты оқып-үйренудің, білудің маңызы зор. Тарихи сана дүниге көзқарастық құрылымның жалпыадамзаттық және ұлтық құндылықтарын тарихи фактілермен толықтырып әлемдік тарихты, Қазақстан тарихын, өз халқының
тарихын әрбір оқушының санасында бір-бірінен ажырағысыз
бірлікте біте қайнастырады, біріктіреді, сабақтығын
терең сезіндіреді. Сондықтан, әлемдік тарих соғыстардың
жаулаушылық жорықтардың, қанды шайқастардың тарихы
ретінде емес, әртүрлі қоғамдық қауымдастықтар мен
мемлекеттер, ұлттық құрылымдар мен халықтар арасында-
ғы терең достық пен ынтымақтастықтың, келісім мен
өзара түсіністіктің, олардың арасындағы тату-тәтті саяси
әлеуметтік,экономикалық,өндірістік және мәдени байла-
ныстардың, сауда мен мәдени-ағартушылық қарым-қаты-
настардың тарихы ретінде оқытылуы тиіс. Әсіресе,әрбір
жас қазақстандық үшін ортақ Отан — Қазақстан тарихі
қазақ халқының тарихын,өз халқының тарихын, ұлттық
батырларының тарихын, халықтық әдет-ғүрыптарды, салт
дәстүрлерді және ырым-жораларды, халық әндерін, ертегі-
лерін, хиссалары мен аңыздарын оқып-түсіну ерекше
маңызды. Оларды білу кез-келген оқушының дүниеге бір
тұтас тарихи көзқарасының қалыптасуының қайнар көзі
болып табылады.
54
Оқушылардың бойына адам сүйгіштік_ қасиеттер мен жоғары амамгершілік қағидаларын сіңдіру дүниеге өте терең көзқарастық мәнге ие. Этикалық көзқарастар қоғамда қабылданған белгілі бір мінез-құлық нормаларын басшылыққа,адамдар арасындағы онсыз да күрделі қарым-қатынастарды реттейді. Белгілі бір адамгершілік қағидалардың негізінде жалпы адамзатқа ортақ мұрат-мудделері руханилықты қалыптастырады. Сондықтан да болар, өсіп келе жатқан жас үрпақты этикалық мәнгілік проблемалар — жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, сүйіспеншілік пен жаратпаушылық, арлылық пен арсыздық, Отан сүйгіштік — патриоттық сезімдер мен опасыздық арасындағы мәңгілік күрес мәселелері үнемі қызықтырады.
Саяси көзқарастар ішкі сезімдер мен өмірлік мүрат тұтар мүдделер саяси теориялар мен платформалар мен нақты іс-әрекеттің ықпалды әсерімен қалыптасады. Олар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа саяси-әлеуметтік бағдар беріп, оларды өте-мөте қызықтыратын өмірлік мәні бар сұрақтарға жауап іздеттіреді.Олардың қатарына еліміздің Бас Заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі баптары, азаматтық хүқық, жеке бас пен арождан бостандығы, саяси хүқықтар мен бостандықтар, меншік пен кәсіпкерлік мәселелері, қоғамдық құрылыс сипаттамасы, мемлекет, өкімет пен үкімет, саяси партиялар, бұқаралың қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктер қызметі т. с. с. жатады.
Оқушылардың бойына дүниеге ғылыми көзқарасты қа-лыптастыруға жаратылыстану ғылымдарын оқытып-үйрету де аз ықпал етпейді. Математика, физика, химия, биология, физикалық география пәндері ғылыми дүниетаным негіздерін нақты игеруге және дүниенің тұтас бейнесін жасауға қажетті білімдерді, қүбылыстар мен фактілерді, дүниетанымдық үғымдар мен жалпы даму заңдылықтарын түсініп-ұғынуға мұрындық болады. Жаратылыстану ғылымдарын оқып үйрене отырып, оқушылар табиғаттың даму заңдарын меңгереді. Табиғат қүбылыстарының ара-сындағы өзара тығыз диалектикалық байланысты себеп-салдарлы қатынастарды, дүниені танып білу мен өзгертудегі адамның орны мен ғылымның ролін анықтауға талап-танады. Дүниенің тұтас бейнесін көз алдарына түтас елестетуге ұмтылады.
Философиялық көзқарастар дүниеге ғылыми көзқарастың өзекті арқауы болып табылады. Өйткені, дүниеге көз-
55
қарастық мәселелердің айқын жауабын беретін де, кез келген құбылыстың туу, даму, қалыптасу, кемелдену және өшу себептерін түсіндіретін де тек философиялық білім Айталық, философия онтологиялық тұрғыдан болмыстың өзгеруін, адамның дүниедегі орны мен ролін, өмір сүруін мәнін түсіндірсе, гносеологиялық тұрғыдан адамның дүниені танып білу мен өзгерту жолдарын айқындайды. Ақиқат-шындықтың, іс-әрекеттің мәнісін екшейді. Ал диалектика ілімі түрғысынан дүниенің, табиғаттың, қоғамнын және ойлаудың жалпы даму заңдарын, жаңаның пайда, болуын, өркендеуін, прогресс, регресс дегендердің не екенін тайға таңба басқандай екшелейді.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үзіліссіз процесс.Себебі, дүниенің өзі де,заттар мен құбылыстар да үнемі қозғалыс үстінде, өзгерісте.Қоғамдық өмірде солай. Олай болса, оқушылардың дүниеге көзқарасы үнемі өзгеріп, жаңа ғылыми тұжырымдармен, өмірлік тәжірибенің пайымдауларымен толығып отырады. Ал мұның өзі оқу пәндері мен блогтарындағы дүниеге көзқарастық мәселелерді жиі-жиі жаңартып,ғылымның,қогамдық өмірдің, күнделікті іс-әрекеттің жаңа қорытындыларымен то- лықтырылып отыруды талап етеді. Дегенмен, оқу пәндер мен блогтарының басым көшпілігінде дүниеге көзқарастық мәселелер жалпылама, үстірт қамтылған. Демек, дүниеге көзқарастық терең мәні бар ғылыми тұжырымдар, тәжірибелік пайымдаулар, жалпыадамзаттық мәдени құндылық тар мен үлттық мәдениеттің, халыңтың педагогиканын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, ұлттық психология мен этиканың жан-жақты талданылып, дәлелденген айтарлықтай тұрақты, жалпылама қортындылары жеке тұлганы жан-жақты дамытуға бағытталган оқу пәндері мен блок- тарына енгізілгені жөн. Сонымен қатар, оқу процесін барынша ізгілендіру мен гуманитарландыру принциптеріі басшылыққа ала отырып, жалпы оқу жүктемесіндегі гуманитарлық циклдің пәндеріне берілген сағат санын көбейту, өнерге айтарлықтай көңіл бөлу, жаратылыстану-математика блогы пәндерінің мазмұнын үлттық және әлемдік мәдениетпен, рухани және жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту проблемаларына да баса назар аударылуы қажет.
Оқушылардыңі алған білімдерінің өмірлік ырзығына, берік ішкі сенімдеріне айналуында шешуші роль атқаратын басты тұлға — мұғалім. Баланы оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту процестеріндегі тапқырлық, сабақ
56
берудің әдісін баланың жас ерекшелігіне қарай икемдей отырып, әрбір оқушының өзіндік және шыгармашылық қабілеттерінің жан-жақты ашылуы мен дамуына қолайлы жағдай тудыра бІлу,әр сабақтың тиімді өткізілуі үшін тиімді әдіс тәсілдерді дәл тауып, дөп басу мұғалімнең үлкен ізденіс пен толғанысты талап етеді. Ал, мұғалімнің біліктілігі, білімінің жан-жақтылығы, эрудициясы, педагогикалық шеберлігі, белсенді өмірлік позициясы, дүниеге өзіндік берік көзқарасы көп ретте оқушылардың жеке бастарының үйлесімді қалыптасуының айқын кепілі. Сондықтан,орта білім беру жүйелерін басқару органдары мынау қатаң бәсекелестік, нарықтық жүгенсіздік жағдайында мұғалімдердің тұрмыстық хал-ақуалдарына, үй және коммуналдық сұраныстарына, талап-тілектері мен кәсіптік біліктіліктерін уақтылы жетілдіріп отыруға жауапкершілікпен қарап, олардың творчестволықпен еркін қызмет етулері үшін барлық қажеттілікті тудыруы лазым. Оқушылардың дүниеге көзқарасы оларды тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту процестерін зерттеушілік ізденумен, өндірістік еңбекпен, қарым-қатынастың сан алуан түрімен біте қайнасып жатқан өмірлік тәжірибемен, күнделікті түрмыстық іс-қимылмен ажырағысыз бірлікте жүргізгенде ғана өмірлік нақты көзқарастар жүйесіне айналады. Міне сондықтан да өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге бағытталған,ягни ғасырдан-ғасырға мүра болып қалып, жинақталған білімді, біліктілікті, дағды-іскерліктерді меңгертуге бағытталған оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту білім берудің негізгі іс-әрекеті болғандықтан, оның мазмұндық құрылымында жеке адамның өмірлік тәжірибесі мен іс-қимылының барлық компоненттері, ең алдымен еңбек тәрбиесі толық көлемде қамтылуы тиіс. Ол үшіін, оқушыларды;
— ұлттық салт-сана, әдөт-ғұрып, өнеркәсіп және түрмыстык, тәжірибе негізінде оқыту,тәрбиелеу әрі жетілдіріп дамыту;
— мектепте оқытылатын пәндердің барлығын кәсіби, политехникалық білімділікке, адамгершілік және азаматтық тәрбиелілікке бағыттау;
— еңбек пәнінің дәрістерінде білімділік, біліктілік,іскерлік қасиеттерге жетелеу;
- әрдайым қоғамра пайдалы, отбасына қажет өнімді енбекке баулу;
- техникада шығармашылдық, ауыл шаруашылығында тәжірибешілдікке талпындыру;
57
— ғылыми негізде белгілі бір кәсіпке бағдарлау; I
— сабақтан тыс және каникул уақыттарында өз еркімен пайдалы еңбекке, еңбекпен байланысты қоғамдық істерге қатыстыру керек.
Қайткен күнде де жалпы білім беретін орта мектеп пайдалы еңбек атаулының жақсы-жаманы жоқ екенін, адамның еңбекке көзқарасы оның дүниеге өзіндік көзқарасын, адамгершілік, азаматтық келбетін көрсетерлік айна екенін шәкірт санасына ендіруі басты мақсат. Оқушыларды уақыт сұранысы — нарықтық экономикаға тән кәсіпқорлықа, алыпсатарлыққа, қатаң бәсекелестікке,жеке шар; шылық жүргізуге, жалдамалы еңбекке дайындау да мектептің, ондағы жүргізілетін еңбек сабағы мен тәрбиесі: міндеті.Сондықтан, өз түлектеріне нарық пен қатаң бәсекелестік жағдайында дәрменсіз қалмайтындай,қоғамда жүріп жатқан реформаға сай дамыта жетілдіріп, күнкөрерлік кәсіптік дайындық беру жалпы білім беретін орта мектептің ең қасиетті әрі қүрметті борышы. Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білімділік біліктілік және дағды-іскерлік адам баласының тіршілікке, еңбекке құштарлығы мен мүмкіншілігін арттыратын сенімді қүралы.
Бұл ретте Батыс Ңазаңстан облысындағы мектеп ок, шыларын еңбекке оқыту мен_тәр_биелеу, өндірістік еңбе
Бұл ретте Батыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу,өндірістік енбекті ұиымдастыру көпшіліктің назарын аударарлық. Мұнда облыстық білім басқармасы “Нарық және мектеп” бағдарламасын жасап, оны мұгалімдер мен шәкірттерді әлеуметік тұрғыдан көтермелеуге пайдалануда.Бүгінде облыс көлемінде 7 миллионер мектеп бар. Бұл бағыттағы үлгі бастаманы бастаған облыстың “Орда” совхозындагы қазақ орта мектебінің үжымы. Олардың мектебінің арнаулы есепшотында 15 мыңдай теңге табыс көзі бар. Бұл, ақиқатын айтқанда, мектеп үшін ірі табыс. Мектеп директорі К. Қүманталиева мектеп нарық жағдайында өзі табыс табуға тиіс әрі таба да алады деп есептейді. Бүл — құптарлық мәселе.
Республика мектептерінде жас бүлдіршіндерді қогамды пайдалы және өз мүмкіндіктеріне орай еңбекке тартуда, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары — ұжымдық отбасылық,жеке іскерлік сияқты түрлері де дамып отыр Оқушылар еңбегін бұрынғыша үйымдастырудан бойды аулақ салып, еңбекті бағалауға оқушылардың өздері қатыс тырыла бастады. Оқушылар, әсіресе, еңбек бірлестіктер мен өндірістік бригадаларға шын ықыластарымен жазы
58
луда. Тек сонғы бір-екі жылдың ішінде ғана Қазақстанда
жаңадан 900-ден астам еңбек бірлестіктері құрылды. 700
мындай оқушылар жазғы каникул айларында малшылар-
ға,егіншілерге және құрылысшыларға ынталылықпен кө-
мектесуде. Оқушылардың егістік алқаптары Республика
бойынша үстіміздегі жылы 370 мың гектардан асты. Әсі-
ресе, жоғары класс оқушыларының өндірістік бірлестікте-
ріндегі ерен еңбектері Қараганды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында орынды аталып өтсе, Батыс Қазақстан облысындағы оқушылардың өндірістік бригадалары 70-80 теңге шамасында таза пайда тапты. Соның нәтижесінде әрбір оқушы бір маусым ішінде 750—800 теңге мөлшерінде қаржы тапты.
Ал, Жамбыл облысындағы мектептерде құрылған 88 бригадада 3 мыңнан астам оқушы еңбек етті. Екі жарым мыңга жуық жас өспірім жазғы каникул кезінде түрлі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды. Мұнымен қоса, ондаған мың жоғары класс оқушылары дәстүрлі еңбек бригадаларында, еңбек және демалыс лагерьлерінде демалып, жұмыс істеді. Осылайша қазіргі мектептердегі еңбек бірлестіктерін алдағы уақытта нарық ырғағына көшіріп оқушыларды мейлінше көп тартуға жол ашылып отыр.
“Архимед мектебі” — А. ЬІсқақовтың авторлық мектебінің де іс-тәжірибесі өскелең үрпақты еңбекке, шығармашылық дәстүрлерге баулудың озық үлгісі ретінде біздегі ғана емес, басқа да бірқатар елдердің педатогтар қауымының назарын аударуда. “Архимед мектебін” құрудың мақсаты — тәрбиесі қиын балаларды оқуға қызықтыру, еңбек ету, жеке қабілеттерін, қызығушылыгын дамыту арқылы жан-жақты және өмірге белсенді көзқарасы қалыптасқан
азамат тәрбиелеу.
Бұл мектепке материалдық көмек пен ерекше тәрбиені қажет ететін IX—XI класс оқушылары қабылданады. Олар түске дейін астана өндіріс орындарында еңбек етіп, түс қайта білім алады. Еңбектен түскен қаржының бір бөлігі степендияға, туристік жолдамаға, пән кабинеттерін жабдықтауға жұмсалатын мектеп қорына аударылады.Бұл дүрыс та. Өйткені білім тек жай білім үшін емес, күнделікті түрмыста, әлеуметтік тәжірибеде, өмірде пайдалану үшін қажет. Бұл мектепте басты мәселе ретінде әлеуметтік ынталандыру қарастырылған.
Павлодар қаласындағы Кинитенко Василий Петрович директорлық ететін № 8 лицейде де өсіп келе жатқан жас ұрпақты еңбекке, өмірге даярлауда біршама үлгі тұтар іс-
59
тер жүзеге асырылуда. Онда дарынды балаларды физика- математика ғылымы саласына бейімдеп, техникалық жоғары оқу орындарына кәсіби бағдарлаумен айналысуда. Мұндагы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру теориялқ оқуды Павлодар техуниверситетінің лабораториялары мен оқу-өндірістік шеберханаларындағы практикалық жұмыстарымен сабақтастыра жүргізуге негізделген. Бұл түсінікті де. Өйткені, тек еңбекте, өз басыңа, қоғамға пайдалы іс- әрекетте ғана жаңашыл идеялар мен ұғымдар мәндік касиетке ие болады, жеке бастың қажетіне айналады. Адам өзінің іс-әрекетінің, еңбегі мен қызметінің мақсаты мен маңызын саналылықпен түсінеді. Сол үшін де мақсатына жетуге қажетті білімділікті, біліктілікті және дағды-іскерліктерді игереді. Міне сондықтан да жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларды жалпы адамзаттың қол жеткі игіліктері мен ұлттық мәдениет, ғылым, тіл, өнермен ұштастыра тәрбиелеу негізінде оқытып дамытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбекпен, іс-әрекетпен байланыста жүзеге асыра беруі керек.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін келесі фактор — бұл оларды қоғамдық жұмыстарға көптеп тарту, араластыру. Өйткені оқушылардың дүниеге көзқарасы тек оқыту мен тәрбиелеу процестерін ғана емес, сонымен бірге олардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы барысында да қалыптасады. Оқушылар мектептегі және мектептен тыс жастар ұйымдарының, түрлі партиялар мен бұқаралық қозғалыстардың кәсіптік және шығармашылық одақтардың жұмысына араласа отырып,қоғам өмірімен танысады, оның жүрек соғысына тыныс-тіршілігінің шамасын бағдарлайды. Өздерінің саяси көзқарастарын шыңдайды. Қоғамдық жұмыс оқушылардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруге жәрдемдеседі. Олар түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметіне араласа отырьш, мемлекеттік істерді, мемлекетік және жергілікті маңызы бар заңдар мен шешімдерді талқылауға,қабылдауға қатысу жолдарын үйренеді.
Әрине, оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жоғарыда сөз болғандарынан басқа да көптеген объективті және субъективті факторлардың нәтижесі. Олардың бәрін түгелдеп, талдауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мектепте оқыған жылдары тұрақты түрде ықпал ететін факторларды ірі-ірі топтарға бөліп алып,қарастыру тиімдірек болар деп есептейміз. Дүниеге көзқарасты қалыптастыру мемлекеттік тәрбие
60
№ 1 таблица
Оқушылардын дүниеге көзқарасының, өмірлік мүдделері мен мақсат-мұраттарың қалыптасуына ықпал ететін кейбір фактолардың ретті орындарынан сипаттама
беру жүиесінің кұрылшмдық элементі ретінде жеке басты жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталған нақты іс-әрекетінің құрамына кіреді. Сонымен қатар, жеке бастың қалыптасуына оның күнделікті өмір сүріп отырған ортасы — отбасы, қүрбы-құрдастары, аула, қарым-қатынас т. с. с. стихиялы түрде әсер етеді. Демек тәрбие процесін екі жақты: мемлекет тарапынан арнайы ұиымдастырылған тәрбие жүйесі және арнайы_ұйымдастырылған, стихиялы түрде қалыптасқан тәрбиелік орта ретінде қарастыруға болады. Мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесі макро деңгейлі құрылым және микро деңгейлі қүрылым болып бөлінеді.
61
Макро деңгейлі құрылым жеке адамға өзінің нассихат жүйелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ықпал ететін мемлекеттік басқару органдарынан тұрады.
Микро деңгейлі құрылым дегенімізге халық арасьнда мақсатты тәрбие жұмысын тікелей жүргізетін мекемелер жатады. Мысалы, өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытып тәрбиелеп, әлеуметтендіретін жалпы білім беретін орта мектеп микро деңгейлі құрылым санатына кіреді. Ал арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесіне жатпайтын
әліметтік институттар санатына отбасы, аула, бейресими топтар т. с. с. жатады.
Жалпы білім беретін орта мектепте білім беруді жетілдіру жолдарын айқындау мақсатымен жүргізілген зертеу шеңберінде, оқушылардан мектепте оқу жылдарында олардың дүниеге көзқарасының, өмірлік мүдделері мен мақсат мұраттарының қалыптасуына қандай факторлар қандай деңгейде ықпал ететіндігі де сұранылды.1993 ж. Орал қаласындағы №№ 3, 13, 19 мектептердің 8—9 класс оқушылары, 1994 ж. Кентау қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі мен № 16 орыс мектебінің 10— класс оқушылары арасында жүргізілген социологиялі зерттеу мәліметтері № 1 таблицада көрсетілген.
Оқушылардың пікірлерінде біршама субъективті-эмоциялық сезімдер түрғысынан бағалаушылық басым болғанымен, олардың жауаптары дүниеге көзқарастың, омірлік мүдделер мен мақсат-мұраттардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Ал мұның өзі тәрбие берудің методологиялық қағидалары мен социологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, оқушыларды оқытып, тәрбиелеу процесінде олардың дүниеге көзқарасының, өмірлік мүдделері мен мақсат мұраттарының қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлардың моделін жасауға мұрындық болды. Бұл моделді
жасауға социологиялық және әлеуметтік-психологиялық
тәсілдер пайдаланылды. Модель элементтері әлеуметтік
(сыртқы) және ішкі (тұлгааралық) деңгейлерде көрсетілген. Жалпы алғанда, әлеуметтік деңгей өзінің құрылымына макро деңгейлі де (қоғам көлемінде), микро деңгейлі деп (мектеп ұжымы шеңберінде) факторларды қамтиды.
Макро орта факторлары мемлекет мүдделері тұрғысынан ықпал етеді. Айталық, қоғамдык, құбылыстар мен дүниені танып, білудің методологиясын меңгерген, дүниеге берік ғылыми көзқарасысы қалыптасқан, нарық жағдайында
62
өз мүдесі мен қоғамдық мүдделерді үштастыра білетін зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншектерді калыптастырудың мақсаты мен қозғаушы күші жас егеменді мемлекеттің әлеуметтік сұранысынан туындайды .Өйткені жас, жаңа мемлекетке өзінің жан-жақты гүлденуі мен өркендеуі үшін аянбай тер төгер еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, азаматшылдық пен интернационалистік сенідерді өз үлтының мәдениетіне, оның мәні мен қайнар көздерін танып білуге деген сүйіспеншілікпен тығыз қабыстырған ертеңгі күн азаматын қалыптастырудан асқан касиетті борыш жоқ. Болмақ та емес. Ертеңгі күні елдің тутқасы болар сегіз қырлы, бір сырлы бесаспап азаматтарды қалыптастыруға мемлекеттік насихат қүрулдарының; барлық түрі тартылған. Олардың ішінде біздің пікірімізше, жас ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе, баспасөздің, радио мен телевизияның орны айрықша бөлек.
Оқушыларды әлеуметтендіруде, ең алдымен олардың бойына дүниеге көзқарастық ой-пікірлер мен жоғары адамгершілік нормаларын сіңдіруде,зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, көркем әдебиет пен өнердің манызы өте жоғары. Сонымен қатар, оқушылардың саяси көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды факторлардың қатарына қоғамдық-саяси әдебиетті де жатқызуға болады.
Өсіп келе жатқан жас үрпақтың ойына микро деңгейлі құрылым шеңберінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалып-тастыру көбіне көп жалпы білім беретін орта мектептің қызметімен тікелей байланысты. Себебі, дүниегеі көзқарастың мазмұнын құрайтын, үрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ғылыми білімдердің, рухаани құндылықтар мен дағды-іскерліктердің негіздері жалпы білім беретін орта мектепте қалыптасады. Мектепте ”оқушылардың бойына дүниеге ғылыми көзқарасты сіңдіруге бағытталған іс-әрекеттің ішінен, мына төмендегі факторларды айрықша бөліп алып, жеке-жеке атап көрсетуге болады.
1. Оқу-тәрбие процесінде:
— әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту;
— жаратылыстану-математика блогы пәндерінің мазмұны ұлттық және әлемдік мәдениет, рухани және жалпыадамзаттық қүндылықтар мен толықтыру жолымен дүниеге көзқарастық бағдарлығын күшейтіп, дәрістеу;
- оқушыларды жалпы адамзаттың қол жеткен игілік-
63
тері мен ұлттық мәдениет,ғылым, тіл, өнермен ұштас тәрбиелеу негізінде оқытып дамытуды политехникалық бағыты бар түрлі еңбек іс-әрекетімен байланыста жүзегеасыру;
— көпшілік мәдени және қоғамдық жұмыстарға оқушыларды көптеп тарту;
— оқушылар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын іс-жоспар негізінде тұрақты жүргізу.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас саласында:
— пән мұғалімдері;
— класс жетекшісі;
— кластастары, достары;
— отбасы (ата-анасы, бір туған бауырлары және туыстары).
Жоғарыда аталған әлеуметтік және тұлгааралық қарым-қатынас факторлары өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ішкі сезімдері мен ақылына тікелей әсер ете отырып,қорытындысында белгілі бір мүдделік мақсат-мүраттардың тууына, өмірді танып білуге күш беретін идеалдардың көңіл-күйлердің қалыптасуына жағдай тудырады. Ал жеткіншек үрпақтың белгілі немесе өзгеше бір дүниеге көз- қарастық пайымдауларды таңдауы өзінің жеке басын өрісіне байланысты сапалық қасиеті. Сондықтан тәрбиенің басты маңызды міндеті, ең алдымен, әрбір оқушының жеке басына тән әлеуметтік-психологиялық сипаттамасынан, оның мінез-қүлқы мен өмірге жүйелі көзқарасын реттеуші күштерді дәл тауып, дөп басу. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудың әлеуметтік және түлға-аралық қарым-қатыстың қозғаушы күштеріне қосымша тағы бір факторлар тобы бар. Ол жеке бастың өзіне ішкі қозғаушы күштер (факторлар) тобы. Оған:
— ішкі эмоциялық сезімдер мен көңіл-күйлер;
— түйсіктер, түсініктер және ой-пікірлер;
— ерік-жігер;
— тәжірибелік пайымдаулар;
— өмірлік мүдделер мен мақсат-мүраттар;
— рухани қүндылықтар бағдары;
— ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ықпалы;
— руханилық және ізгіліктілік талаптары;
— адамгершілік және мінез-құлық нормалары т. с. жатады.
Бұлардың бәрі дүниеге белгілі бір көзқарастың қалып- тасуында шешуші роль атқарады. Сонымен қатар, олар
64
дүниеге көзқарастық мазмұндық құрылымының негізгі компонентері де болып табылады. Әлеуметтік факторлар,тұлғааралық қарым-қатынас және адамның жеке басына тән ішкі қозғаушы күштер бір-бірімен ажырағысыз бірлікте,қатынаста, тығыз байланыста әрекет етіп, жеке адамның дүниеге берік көзқарасының қалыптасуына ықпал
етеді.
Әрине, ұсынылып отырған модель барлық объективті және субъективті факторларды қамтиды деу артық айтқандық болар еді. Ол,ең алдымен, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында дүниеге көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін маңызды факторларды анықтауға септігін тигізді. Десек те, жоғарыда сөз болған барлық объективті және субъективті факторлардың тәрбие процесінде алатын өзіндік орны мен маңызды ролін талдап, анықтау, оларды кез-келген тәрбиелік мақсатты шешуге бағытталған іс-әрекетте пайдалануға мүмкіндік береді.
2. ӨСКЕЛЕҢ ¥ÐПАҚТЫ АДАМГЕРШІЛІК Т¥РҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің бірі — жас өспірімдерге адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Адамгершілік тәрбие міндеттеріне, профессор Н. И. Болдырев айтқандай, адамгершілік сананы қалыптастыру,моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез-құлық-дағдылары мен әдет-қылықтарын бойға сіңдіру енеді.Мұның бәрі сайып келгенде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына қажетті моральдық қасиеттерді сіңдіріп, орнықтыруды, оларды қоғамдық және жеке өмірге даярлауды қамтамасыз етеді1.
Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардан бөліп алып, жеке сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың, қоғамның және жеке адамның дамуы туралы философияның методологиялық принциптеріне, социология, педагогика, психология және физиология ғылымдарының озық жетістіктеріне сүйенеді. Ал адамдардың адамгершілік қатынастарын,моральдық санасы мен қызметі формаларының жалпы заңдылықтарын талдайтын этикалық ілім адамгершілік тәрбиесі мен практикасының методология-
65
лық негізі болып саналады. Себебі, этика ілімі адамдардың, әлеуметтік-тарихи қажеттіліктерін бейнелейтін адамгершілік принциптерін ғылыми тұрғыдан талдап, негіздейді Жеке түлға өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрган мақсат-мүддесіне сай өскелең ұрпақтың бойнда қандай адамгершілік сапалық қасиеттерді қалыптастыруға болады деген сұраққа ғылыми түрғыдан жан-жақты негізделген жауап іздейді. Сондықтан, өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруде этика ғылымының жетістікте-ріне сүйенбей табысқа жету мүмкін емес.
Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан қалъштасты-
ру — әр түрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінен іске
асатын күрделі әрі жан-жақты процесс. Жас өспірімдер
әртүрлі ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи фактор-
лардың әсерімен қалыптасып, дамиды. Өзін қоршаған ор-
тадағы көптеген құбылыстар тікелей әсер етіп, оның мі-
нез-құлқында, бітім бейнесінде із қалдырады. Сөйтіп ба-
рып, біртіндеп баланың адамгершілік сапалары, мораль-
дық қабілеті қалыптаса бастайды1.
Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын айқындайтын ортаң тұрмысы мен мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы.
Моральдың нормалардың түрлері көп. Мысалы, белгілі бір қауымдастық шеңберіндегі қарым-қатынас нормалары. Жалпы қоғамда қабылданған моральдық нормалар мен халық бұқарасының мыңдаған жылдар бойы бойына сіңген негізгі мінез-құлық қалыптары адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын құрайды. Олар мыналар: адамның қоршаған ортасына, табиғат пен қоғамға қатынасы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, халықтар, ұлттар және ұлыстар арасындағы қарым-қатынас, күнделікті тұрмыстағы адамгершілік қарым-қатынастар, жеке адамдар арасындағы, от-басындағы және қоғамдың орындардары тәртіп нормалары,т. с с.
Демек, белгілі бір қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпыадамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбесінің негізгі міндеттері мыналар:
— адамгершілік санасын қалыптастыру;
— жалпыадамзатқа ортақ сапалық адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру;
— өскелең үрпақты туған Отанына сүйіспеншілік ру-
1 Сейталиев К. В. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986, 70-бет.
66
хында,оны қорғауға әзір болуға,енбек пен меншікке жаңа қатынас,қоғамда қабылданған тәртіп,хұкық,мінез-құлық нормаларын құрметтеу, ар-ождан бостандыған қастерлеу, өзге адамдарға, үлкендерге құрмет,кішілерге ізет сезімдерін, т. б. тәрбиелеу мен одан әрі дамыту;
- ізгілік, парасаттылық, ізеттілік,мәдиниеттілік,тектілік, қарапаиымдылық,арлылық, әдептілік,тілалғаштық,айтқанда тұру, төзімділік т. с. с. қасиеттерін қалыптастыру;
- жағымсыз қасиеттерден өзімшілдектен,күншілдіктен, жағымпаздықтан, арсыздықтан, ұятсыздықта,мейірімсіздіктен, қатыгездіктен, дұниеқоңызтықтан, парақорлықтан, маскүнемдіктен, бүзақылықтан, нашақорлықтан,құмар ойындарына құмарлықтан т.с.с. арылту.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті-өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғам алдында тұрған максат-мұраттар мен мүдделерге сай адамгершілік қасиеттердең тұтастығын тәрбиелеу.
Психологтар жеке адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді:барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдасы.Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай,бүл бөлектерден тәрбие беру процесінде жекешілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол семьядағы тәрбиеге, баланын жас ерікшлігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиетеріне,қоршаған ортасына байланысты болады.
Жоғары адамгершілік қасиеттер адамшылдықтың айшықты белгілері ретінде, ең алдымен,қоғамда қалыптасқан өмір салтының, адамдар арасындағы қарым-қатынастың, өзара сыйластықтың және әдет-ғұрыптың ықпалымен қалыптасады. Дей тұрғанымен, жеке адамның бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда тәрбие ісімен тікелей айналысатын әлеуметтік инститттар-отбасының, жалпы білім беретін мектептің және енбек ұжымының тиімді және мақсатты тәрбаелік қызметінің орны айрықша бөлек. Өйткені адамгершілік сезім,адамгершілік сана, адамгершілік сенім және мінез-құлык дағдылары мен әдеттерді адамгершілік ағарту жұмысы,яғни тұтас педагогиқалық процесс барысында қалыптасады.Сонымен бір
67
ге, жоғары адамгершілік саналардың қалыптасуында адамның өзін өзі тәрбиелей білуі де айтарлықтай роль атқарады. .
Сана-сезімі мен ішкі рухани дүниесі бірте-бірте толығып, енді-енді пісіп-жетіліп келе жатқан жас өспірімнің адамгершілік тәрбиесі отбасынан — әке тәлімімен, туған шешесінің тәй-тәйімен басталады.
Отбасы — адамзат өмірі өз жалғасын табатын, жеткіншек ұрпақ өсіп-өрбіп ұшатын ұя. Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерге баулу осы жерден басталады. Ал бұл қасиеттердің бәрі баланың мінез-құлқынан көрінетін, көңіл-күйінен байқалатын ақыл-ойы мен іс-әрекетінде кездесетін әр түрлі адамгершілік сапалардың негізгі компоненттері, өмір бойы арқа
Сүйер ар-ожданы мен ұятының өзегі болып табылады.
Адамгершілікке тәрбиелеу отбасында нәрестенің бойында адамшылдық сезімдерінің қалыптаса бастаған кезеңінен басталады. Ата-анасының өзіне деген ыстық махаббаты мен қамқорлығының қарымы ретінде баланың нәзік жүрегінде адамдарға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдері қалыптаса бастайды.
Балаға деген махаббат — ата-ананың табиғи сезімі. Ата-анасы немесе тәрбиешілер тарапынан еркелету, қамқорлық, жылылық көрмеген балада адамгершілік қасиеттерінің оянуы мен дамуы екіталай. Ондай бала басқаларға тек өзінің жеке пайдасы тіүрғысынан қарауды үйреніп, тұйық, қатыгез болып өседі.
Әдептілік қариғидаларын баланың бойына сіңдіру отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің қайнар бастауы. Дей тұрғанымен, әдептілік белгілері баланың бойында бірден қалыптаса салмайды. Баланы әдептілікке үйрету әке-шешесінен ұзақ тәлімдік тәрбие жұмысын,төзімділікті, өздеріне де үлгі-өнеге көрсетуді, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық пен әдет-ғүрып нормаларын біртіндеп меңгертуді, адамдар арасындағы сыйластық қарым-қатынастардың мәні мен мағынасын жан-жақты негіздеп, түсіндіруді талап етеді. Осындай қиын да күрделі үлгі-өнегелік тәлімдік тәрбиенің негізінде қалыптасқан әдептілік тағылымдары баланың басқа адамдармен үлгілі қарым-қатынасынан, үлкенге — ізет, кішіге — қүрмет көрсете білуінен көрінеді. Әйтседе, басқалардың есебінен өз қажетін қанағаттандыруға дағдыланған, бірақ өзі еш адамға қамқорлық жасауға талаптанбайтын баланың, тіпті, адамшылықтый бәрін түсініп, жаттап алғанымен, адамгершілік сезімдері
68
төмен болады. Мұндай бала тек өзінің жеке басының қамын куйттеп, өзімшіл болып өседі.Еш адамды жақсы көрмейді, адамдарды тек жеке басының пайдасы тұрғысынан бағалайды, уақытша ірі қызметі үшін сыйлайды. Ол үшін ар, ұждан, борыш, әдептілік, сыйластық, қүрмет т. с. с. адамдық қасиеттердің құр атауы болмаса, мәні жоқ.
Моральдық сана тек қана адамгершілік қарама-қайшы іс-әрекеттерді шектеп қоймайды. Ол адамның абыройын түсіретіннің бәріне — пасықтыққа, өзімшілдікке, дүние-қоңыздыққа, тоғышарлыққа қарсы күреседі. Баланы жаманшылық атаулының бәрінен сақтандырады. Сондықтан баланың бойына адамгершілік сапаларды сіңдіру, оларды әдептілікке үйрету, жаман қылықтардан жирентіп, жақсы қасиеттерге баулу — отбасындағы адамгершілік тәлімнің өте қажетті және маңызды шарттары болып саналады. Жалпы, баланың үйде қалай болмасын бүлжытпай орындайтын өзіне лайықты, бірақ күннен-күнге біртіндеп күрделене түсетін міндеттері болуы қажет. Айталық, күнделікті үй тұрмысында анасына көмектесу, өзінен кіші бауырларын, іні-қарындасын күту, мал жайғау, су әкелу, ағаш жару, бір сөзбен айтқанда, үлкендер тарапынан тапсырылған барлық жүмысты мүлтіксіз орындау. Сонда ғана бала өзінің де, басқаның да еңбегін бағалай біледі. Үлкенге құрмет көрсетеді, кішіге қамқорлық жасайды. Жоғары адамгершілік сапаларын өз бойына сіңіреді.
Отбасында негізі қаланған адамгершілік тәрбиесі мектепте одан әрі жалғасады. Оқушы — мектеп үжымының мүшесі. Сондықтан оқушыларға ереже талаптарын қатаң сақтап, оған бой ұсыну, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау — оқушының моральдык, қалыптасуының бұлжымас шартты белгісі болып табылады.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуына мектеп едәуір ұзақ уақыт тиімді және мақсатты түрде ықпал жасайды. Сондықтан оқушыларға берілетін адамгершілік тәрбиесі олар мектепте оқыған жылдар бойы жүргізіледі.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі оларға күнделікті тұрмыста қажетті қарапайым қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын меңгертуден басталады. Оқушыларға, ең алдымен, өздерін көпшілік ішінде ұстай білу тәлімдері үйретіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау рәсімдері түсіндіріледі.
Жағымды істері үшін бала мадақталады. Жағымсыз қылықтары үшін талқыға салынады немесе жазаланады.
69
Мақтау мен жазалау тәрбие құралы ретінде ежелден қоллданылып келе жатқан ұстаздық тәсіл.
Тілалғыштық пен тәртіптілік, өзара құрмет пен сыйластық; жолдастық пен достық, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қараушылық, ұстамдылық пен төзімділік сияқты моральдық қасиеттер оқушылардың бойына күнделікті жоспарлы түрде сіңдіріліп отырылатын адамгершілік саналарының негізгі компоненттері. Бұл қасиеттерсіз өскелең ұрпақтың нағыз азамат болып қалыптасуы мүмкін емес.
Ал оқушылардың бойына еңбек сүйгіштік пен шыншылдық, әділеттілік пен ибалылык, үлкенді сыйлаушылық пен жасы кішіге қамқорлық сияқты ең қарапайым адамгершілік нормаларының сіңдірілуі жоғары моральдық қасиеттердің олардың жеке түлғаларының бойынан түпкілікті орын тебетіндігінің қайнар бастаулары болып табылады.
Айтқанға тұру оқушының әдептілік болмысының ең-қарапайым түрі. Педагогика ғылымы балалардың бойында осы қасиетті қалыптастыруға айрықша маңыз береді. Өйткені баланың тілалғыштығы — оның жақсы азамат болып өсуінің кепілі. Мүндай баланы тәлімдікке баулу, ізеттілікке тәрбиелеу, бойына қоғамда қабылданған мінез-құлық нормалары мен жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңдіру бір ғанибет.
Өсіп келе жатқан әрбір жас азамат қоғамда қалыптасқан мінез-қүлық нормалары мен әдептілік жоралғыларын түсінін, ұқпай түрып қоғамдық қатынастар жүйесіне араласады, қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, ол үлкендер отырған бөлмеге үрықсатсыз кіруі, онда отырған адамдармен амандаспауы, ағат қылығы үшін кешірім сұрамауы мүмкін. Демек, баланы тәртіптілікке үйрету,қоғамда қа-лыптасқан мінез-қүлық нормаларын бұлжытпай орындауға талаптандыру да оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің бір тармағы болып табылады.
Әдетте, баланың қолдарын ербеңдетіп, қатты дауыстап сөйлеу мәнері ол туралы жаман әсер қалдырады. Олай болса, баланы жақсы әдетке, инабаттылыққа аулу оқушылардың адамгершілік тәрбиесінде өзіндік орны бар сүбелі саласы. Мысалы, қазақ салтында үлкенді сыйлау көрегендіктің белгісі ретінде мадақталады. Жасы кіші азамат үлкен ақсақалды қарияны құрметтеп, төрден орын беріп жатса, ізеттілікпен иіліп сәлем берсе, оған ол өзінің ыстық ықыласын білдіреді. Айталық, ақ батасын жаудыра-
Достарыңызбен бөлісу: |