Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері



Дата28.01.2018
өлшемі223,56 Kb.
#34631
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экология кафедрасы

Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері
Әлеуметтік экология және тұрақты даму пәнінен әдістемелік нұсқау

Қостанай, 2012

Құрастырушы:

Хасанова Айгуль Исахмедовна экология кафедрасының аға оқытушысы


Рецензенттер:

Блисов Т.М. экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ. қ.

Жокушева З.Г. экология кафедрасының аға оқытушысы

Хасанова А.И.

Әлеуметтік экология және тұрақты даму пәнінен тәжірибелік сабаққа әдістемелік нүсқау

Костанай, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. 2012,- 16б..

5В060800 - Экология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған

Тұрақты дамуға көшу қоғамдық өзгерістерді, дәстүршілік пен модернизацияны рационалды түрде үйлестіруді талап етеді. Нәтежесінде әлеуметтік экономикалық даму тіршілік үшін маңызды.

Аграрлы- биологиялық факультеттін оқу-әдістемелік кеңесімен

__ __ 2012 ж. мақұлданған хаттамасы №

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................4



1 Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері................................................5

2 Әлеуметтік экологияның дамуының модельдік кезеңі .........................7

3 Әлеуметтік экологияның заңдары............................................................9

4 Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы .................................11

Қолданылған эдебиеттер тізімі..................................................................16

Кіріспе
Адам мен табиғат қарым қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын таратушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Адам мен ортаның динамикалық бірлігі неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік-экономикалық дамудың табиғи негізі соғұрлым оңтайлы.



Ұсынылған әдебиеттер

1 Г.С. Оспанова Г.Т. Бозштаева Экология оқулық Алматы.

Экономика 2002ж. 405б.

2 Жатканбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық Алматы. Зият2003ж. 212б.

3 Акбасова А.Ж. Экология оқу құралы Алматы. Бастау 2003ж. 292б.

4. Данило Ж. Маркович Социальная экология. М., 1997.

5. В.А. Ситаров, В.В.Пустовойтов. - Социальная экология. М., 2000.

6. С.М.Мягков Социальная экология. - М., 2001.

7. Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. - Экология. - Алматы, 2005.



1 Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері


Әлеуметтік экология жаңа ғылым саласы - экологияның үлкен бір ғылымы болып есептеледі.

«Әлеуметтік экология» термині өзінің пайда болуымен американдық ғалымдарға қарыздар. Чигачский мектебінің Әлеуметтік психология танушысы – Р.Парку және Е.Берджесу, ен бірінші рет өз еңбектерінде 1921 жылы қалалық ортадағы халықтың тұрмысы туралы еңбегі жарық көрді. Ғалымдар бұл жұмысты «Адам экологиясына» қатысты синонимдік қатынаста жұмсады. Сондай ақ «әлеуметтік экология» түсінігі осының нақты таралу нүктесі десе де болады, онда биологиялық емес әлеуметтік жаратылыстар қаралды әрине биологиялық мінездемемен. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу, арақатынастардың негізгі түрі негізгі биологиялық бақталастық көрінеді.

Әлеуметтік экологияға бірінші тұжырымдама берген 1927 жылы Р.Мак-Кензил оны адамдардың шекараларын және уақытша қатынасын, үйренуге, жайлауға, бөлуге бейім күшті ортасы деп атады. Мұндай әлеуметтік экологияның сипаты, халықтық территориялық бөлігі, қаланың ішкі агломерациясы.

Бірақ, «Әлеуметтік экология» спецификалық анықтау, әлеуметтік ортадағы адамның қарым қатынасы, өзінің өмір сүруі, батыс ғылымына сіңісіп кете алмады, себебі олар бұл ғылымдs «Адам экологиясы» деп атағанды жөн көрген еді. Әрине бұл әлеуметтік экологияның жеке дара гуманитарлық ғылым болып қалыптасуына көптеген кедергілер тудырды. Өйткені жеке «Әлеуметтік экология» ғылымының дамуымен қатар адам өмірінің биоэкологиялық аспектілері қоса өрлей берді. Содан келіп гуманитарлық әлеуметтік экология қалыптасты. Дегенмен де «Әлеуметтік экология» өзінің өмір сүруін дамуын «қала экологиясы» деген атпен жалғастыра берді.

Гуманитарлы ғылымдарды танытушылардың әлеуметтік-экологияны биоэкологияның қыспағынан бөліп алуға деген анық ұмтылыстарға қарамастан, ол көптеген онжылдықтарда өзінің елеулі әсерін сонғы жағынан сынады. Нәтижесінде әлеуметтік экология өзінің категориялы аппаратын өсімдіктер және жануарлар сондай-ақ жалпы экологиядан алып пайдаланды. Д.Ж.Маркович әлеуметтік экология өзінің методоологиялық аппаратын әлеуметтік географияны, кеңістіктік уақыттық жақындауды және экономикалық теорияны меңгерумен біртіндеп жетілідірді.

«Әлеуметтік экологияның» дамуында елеулі алға басу биоэкологиядан жекелену процесі өткен ғасырдың 60-ы жылдары болды. Бұл өзгеріске ең басты әсер еткен 1966 жылы өткен Дүние жүзілік әлеуметтанушылардың конгресі. «Әлеуметтік экология» жеделдтіп дамуына үлес қосқан 1970 жылы Варнада өткен әлеуметтанушылардың кезекті отырысы, онда әлеуметтік экологиялық проблемаларға байланысты Бүкіл Әлемдік әлеуметтанушылардың зертеу комитетін құру қаралды. Д.Ж.Марковичтің айтуы бойынша, осы конференция барысында «Әлеуметтік экология» түп мағынасы бойынша, өзіндік ғылыми салада нақты әрі түсінікті анықтамалар беретін пән ретінде дамуына үлкен серпіліс берілді деді.

Осы ғылымның қлыптасуына келер болсақ бірінші, биологиялық бірлестіктерге байланысты әлеуметтік экология территориялық локализацияланған, адамның аналогиялық заңы және экологиялық қатынасы. Ал 60 жылдардың екінші жартысынан бастап қаралатын проблемалар шеңбері бойынша, адамның биосферадағы орны мен рөлі, оның өмірінің оптимальдық жағдайы, таралуы, биосфераның басқа компоненттерімен гормоникалық қатынасы.

Ал 70 жылдары, әлеуметтік экология саласына тәртіптік зерттеулер енгізген ғалымдарды атап кетуге болады, олар; Э.В.Гирусов, А.Н.Кочергин, Ю.Г.Марков, Н.Ф.Реймерс, С.Н.Соломина және басқалары. Олар бұны тек экологиялық тұрғыдан ғана қарамай, жаратылыстану-экономикалық әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын еңбектер жарық көрді. Осы авторлар өмір сүруге қолайлы жағдайларды зертегенде әлеуметтік экологияның мәселенің екі жағында ескеруі қажет екендігі атап көрсетті. Біріншісі-биологиялық факторлар(климат,жер беті айырмашылықтары,ғарыштағы құбылыстар және т.б.) болса, екіншісі әлеуметтік факторлар(жаңа технологиялар жүйесі. экономикалық қоғамдық мәселелер және т.б.) болуы керек.

Әдістің мақсаты – планетааралық,аймақ көлемінде адам-қоғам-табиғат арасындағы байланысты, процестерді құбылыстарды имитациялық жолмен анықтау. Өз кезегінде имитациялық моделдеукүрделі динамикалық жүйе. Сол себепті де оның техникалық, ақпараттық және математикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс.

Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі дерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып табылады.Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамнаң шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды.

Сонымен қатар, қоршаған орта адам денсаулығына да зиянды әсерін тигізеді.Ауның тазалығы, қоршаған ортаның басқа да құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі-адам денсаулығына әсері.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін медециналық география ғылымының дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін зерттейді. Адам табиғат қарым қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын таратушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі.

2 Әлеуметтік экологияның дамуының модельдік кезеңі
Әлеуметтік экология – қоғамдық құрылымдардың(отбасылық және басқа да әлеуметтік топтардан бастап) олардың айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалар бірлестігі(яғни бұл адамның синэкологиясы).

Адамдардың бірлестігі - әлеуметтік экологияның ғылым ретіндегі орталық мәселесі. Алайда оның адам мүддесі үшін ортаны қайта жасау тұрғысындағы мақсаты табиғаттың өзінің «мүдделерін» ескермеуді білдірмейді. Экологиялық пайымдау – адам мүддесі үшін ортаның қайта жасалуының динамикалық тұтастығын түсіну және табиғаттық табиғи жүйелерін сақтап қалу.

Қарапайым тілмен айтсақ, әңгіме сол бір «ағза мен орта» классикалық формуласына келіп тіреледі. Оған «ағза» - адамдардың, олардың топтарының және жалпы адамзаттың сан алуандығы брлады, ал «ортасы» - барлық табиғи және әлеуметтік үрдістер, құбылыстар мен объектілер болып табылады.

Адам мен ортаның динамикалық бірлігі неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік-экономикалық дамудың табиғи негізі соғұрлым оңтайлы, адамдардың денсаулығына көрініс табатын «тіршілік сапасы соғұрлым жақсы (денсаулық объективті және субъективті физикалық, психикалық және әлеуметтік даму ретінде – ДДС анықтамасы бойынша)

Табиғат пен қоғамның өзара байланысы – адам мен қоршаған ортаның диалективті бірлігі. Адам Жер биомассасының құрамдас бөлігі ретінде бүкіл эволюция бойында ортаға тікелей тәуелді болады. Жоғарғы жүйке қызметінің дамуымен адам ортаның қуатты факторына (антропогенді факторға) айналады, сондықтан оның табиғатқа тигізетін ықпалы қосарлы түрде – оң және теріс.
Адам биоәлеуметтік түр ретінде – адамзат биологиялық заңдылықтарға да, әлеуметтік заңдылықтарға да бағынады, сондықтан Жер бетіндегі адам – бірден-бір биоәлеуметтік түр болып табылады. Адам – бірегей құбылыс, ол биологиялық үрдістерден әлеуметтілерге көшуді жүзеге асырады. «Бір-біріне ниеттестікпен қарайтын мүшелері бәрінен көп болған қоғамдар гүлденіп, өздерінен кейін аса мол ұрпақ қалдыруы тиіс» (Ч.Дарвин). «Адамды адам ғып» шығарған «альтуризм гендері» бойынша сұрыптау болды «Дж.Холдейн).

Саналы адамның түр ретінде пайда болуының негізі – бұл ұжымдық тіршілік ету жағдайында оның иегерлерінің басымдылығын анықтаған альтуристік бейімділік.

Саналы адамның қалыптасу үрдісіндегі еңбектің ролі, түрлі еңбек қаруларын жасау адамды адам тәрізді маймылдардан бөлектеген шекара болып табылады.

Адамның мәдени эволюциясы келесі ұрпақтарға барлық білімнің автоматты түрде емес, үйрету арқылы берілуінде жатыр, осылайша «иеленгенге мұрагер болу» жолымен заңдылықтарды биологиялық эволюцияның заңдылықтарынан мүлдем басқаша болып табылатын әлеуметтік даму жүзеге асырылады.

Тек адам ғана өзі меңгерген қосымша энергияның көмегімен өзінің тіршілік ету ортасын бүтіндей түптамырымен өзінің қажеттіліктеріне икемдеп, қысқа мерзім ішінде табиғи ортаны өзгерте алады.

Адам ағзасының жануарлар ағзасы сияқты табиғаттың сол бір әсерлеріне ұшырауынан басқа, адам өмірінің әлеуметтік жағдайлары, оның еңбек әрекеттілігімен байланысты факторлар бейімделуді қажет ететін ерекше факторларды тудырады. Олардың саны өркениеттің дамуымен бірге өсіп келе жатыр.

Тіршілік ету ортасының кеңеюіне байланысты адам ағзасы үшін тіптен жаңа жағдайлар мен әсерлер пайда болуда. Мысалы ғарышқа ұшу жаңа әсерлер кешенін, атап айтқанда, салмақсыздықты әкеледі. Ол гиподинамиямен, тәуліктік режимнің, психикалық жүктемелердің өзгеруімен және т.б. үйлесім табылады.

Ыстық цехтарда немесе суық климатта жұмыс істеу шекті температураларға бейімделудің кеңейтілген диапазондарын талап ететін факторларды тудырады. Өз қызметінің міндеттерін орындау барысында шуға, жарық түсудің өзгеруіне және т.б. бейімделуге мәжбүр болады.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, ол тек өз параметрлерінде едәуір шектелген ортада ғана өмір сүре алады. Үлкен қалада тұратын адамның тіршілік ортасы ағзаның дамуының түрлі кезеңдерінде оған әлеуметтік және экологиялық әсер етудің күрделі жүйесін білдіреді. Қала тұрғыны үлкен психологиялық күш түсіруді талап ететін проблемаларды шешуі тиіс, ол демалыс кезеңін қысқарта отырып өзінің жұмыс уақытын созуға, үнемі уақыт жеткіліксіздігін сезінуге мәжбүр. Нәтижесінде, шамадан тыс салмақ түсудің әсерінен көптеген адамдар неврозға немесе «өркениет ауруларына» шалдығады.

Біздің ғасырымызға – ғылым, техника мен экономиканың қарқынды даму ғасырына – биологиялық үрдістер аса баяу өзгеріп отырғанда, әлеуметтік өзгерістердің тым жылдам өсуі тән. «Өркениет ауруларының» бірінші себебі міне, осы сәйкессіздікте жатыр. Ол ең алдымен өзінің нақты көрінісін кері жауабы қайтарылмаған эмоциялар неврозынан табады.

Барлық аса кенттенген елдерде психикалық аурулардың өсу беталысы байқалады. Қазіргі қала тұрғындарының «психикалық денсаулығының» бұзылуының ауыр көріністеріне алкоголизм мен наркомания айналды. Ірі қалалардың халқы тығыз аудандарында психикалық бұзылыстар мен қылмыс жасаудың саны аса жоғары деңгейге жеткен. Халықтың тығыз қоныстануы – психикалық аурулар мен әлеуметтік психологияның туындауындағы шешуші факторлардың бірі.

Ғылыми-техникалық ілгерілеудің келесі негативті салдары және «өркениет ауруының» туындауының тағы бір себебі гиподинамия болып табылады. Егер бұдан 100 жыл бұрын қоғамға пайдалы еңбектегі адамның физикалық еңбегінің үлесі 96% құраса, қазір ол шамамен 1% ғана құрайды. Гиподинамияның салдарынан қаңқа бұлшық еттері мен жүрек аса жаттықпайды. Нәтижесінде жаттыққан ағзада миокардтың қызметінде тек физиологиялық нормалар шегінде ғана өзгерістер тудыратын кез келген артық жүктеме мұнда аса салмақ түсіріп, патологиялық үрдістердің дамуына әкеледі. Гиподинамияның аясында жағымсыз ғана емес, жағымды эмоциялар да жүректің қызтетінде едәуір бұзылыстар тудыруы мүмкін. Аз қозғалатын, май басудан зардап шегетін қала тұрғындарында қозғалысты одан әрі шектейтін ортопедиялық аурулар (қаңқа пінінінің бұзылуы, омыртқаның қисаюы, жалпақ табандылық) жиі кездеседі.


3 Әлеуметтік экологияның заңдары


Адам ортасымен табиғатпен әсер ету сипаты соңғы он жылдықта күннен-күнге қызығушылық туғызуда және сонымен бірге, әлемнің барлық еліндегі кең көлемді тұрғындар ортасын алаңдатуда. Осы тақырыпқа арналған әртүрлі баяндамалар мен мақалаларда көбі немесе ортаның техникалық дамуы, өзіне қажетті ресурстарды алу, өзінің жедел даму фактісі мен техникасы, ең бастысы өзінің табиғатқа айланбай істеген қарым қатынасының нәтижесі-өзі өмір сүріп отырған ортасының, табиғаттық жоюына әкеледі деген ойлар айтылады. Соның арқасында ол өзінің болашағы мен келешекте өмір сүру мүмкіндігінен айырылады

Ресурстардың таусылуы мен табиғатқа әсердің күшеюі, ең бірінші ластанған ортаға, сонымен қоса қоршаған ортаға дұшпандық және әскерлік мақсатта қолайсыз әсер етуі бүкіл әлемнің кең көлемді тұрғындар ортасын шыңдап кел алаңдатуда. Осы қойылған сұрақ көптеген конференцияларда, самиттарда, конвенцияларда әрқашан талданылатын сұраққа айналды әлемде жыл сайын табиғи орта қорғау мәселелері мен олардың ресурстарын рациональді қолдануы жайлы ондаған кітаптармен мақалалар шығуда.

Бүкіл адамзаттардың дамуы, өсу ырғағы мен қазіргі сипаты сақталынған ғылымдардың көрсеткіші бойынша 50-100 жылдан кейін аса салмақты кризис болатыны сөзсіз. Ал ол мәні бойынша қазіргі заманғы цивилизация апатына тең келеді Осы уақытқа жеткенде Адам салы 8-9 мирд болады. Адамзаттар ластанған табиғи ортада өмір сүре алмауынан немесе табиғи ресурстардың жеткіліксіздігінен өле бастайды. Үштің екеуі қырылып қалып, қалғандарында тірі қалу мүмкіндігі болады.

Сонымен, табиғи ресурстардың таусылуы мен қоршаған ортаның ластануы ғаламдық экологиялық кризистің негізгі аспектілері болып табылады.

Барлық табиғи ресурстарды бөлуге болады: таусылатын (пайдалы қазбалар, минералдар, мұнайлар), таусылмайтын (атмосфералық ауа, су көздері, топырақ, өсімдіктер және жануар әлемі).

Табиғи ресуртардың жүдеуінің себептері болып, оларды рационалды емес қолдану, тұрғындар санының жоғарлауы, тұтынудың үнемі өсуі, ол өз кезегінде өнеркәсіп орындарының қоладануын стимулдайды.

Соңғы жарты жүз жылдықта тұрғындар саны жер шарында 7 есеге жоғарлады, және де кәзіргі күні 7млрд-ты құрайды. Тұрғындардың жоғарлау үрдісі жер шарында геометриялық прогрессияға әкелді, ол әліде жалғасуда және, «демографиялық жарылыспен» сипатталады. Әлемдегі тұрғындардың күнделікті өсімі Германиядағы тұрғындар шамасына тең, бұл өсу көбінесе дамыған елдерде болады. Бұл 2050жылы әлемде тұрғындар саны 8,5млрд адамға жететін болжауға мүмкіндік береді

Ғылымдардың дәлеледемелері бойынша, табиғатқа зақым келтірмей отырып, адамдар популясының саны 500млн аспау керек. Ал жер шарында шұның мөлшері. 12 есе жоғары оптималды деңгейде.

Қазіргі уақытта таусылатын табиғи ресурстарды рационалды емес қолданады. Мысалы: 1тонна мысты өндіргенде 110 тонна қалдық қалады, 1 алтын жүзікті өндіру үшін 3 тонна қалдық шығады. Бұл жағдай минералды енерготасымалдаушылықпен қосылуда.

Ғылымдардың болжамы бойынша, қолданудың шамалы ырғағының өзінде, Әлемдік мұнай қоры 100 жылға қалған, ал көмір – 50жылға қалған дейді. Егерде тез уақыт аралығында күшті қауіпсіз энергия көздері табылмаса, әлемде ғаламдық энергетикалық құлдырау орын алады.

Табиғи ресурстарды адамдардың шектен тыс қолдануының нәтижесінде, олардың біртіндеп таусылуына алып келеді. Шамамен өсімдіктердің 33мың түріне құстардың 11% балықтардың 30% -не сүт қоректілердің 14% -не өлу қаупі төнуде.

Рациональді емес қолдану және интенсивті ластану қоршаған орта бойынша объектілерінің, атмосфералық ауаның, су көздерінің, топырақтық таусылуына және сапасының жылдам төмендеуіне алып келеді. Элементтерді өндіруде 100мың химиялық байланыстар пайда болады. Қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялардаған тонна қалдықтар шығады. Оларды мұхитқа тастау, кому және жандыру арқылы жою мүмкін емес.

Экологиялық жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіруде.

Ғалымдардың анықтаулары бойынша жалпы экологиялық мәселелер 20-30% береді және онкологиялық аурулар 50% құрайды. Қалыпты экологиялық ортада Ресей федерациясының 15%-ті ғана өмір сүруде. Медиктердің қабылдауы бойынша, Ресей мектебінің бітірушілерінің 12% -ті обсолютті түрде ғаламдарда береді. ТМД елдерінде нәрестелердің 17%-ті генетикалық суытқумен туылады,

Арал өңірінде балалар өлімі 80 мен 1000 құрайды, бұл Ресейден 5-7 есе жоғары.

Ересектер және балалар бір немесе бірнеше аурулармен зардап шегеді.

90%-дейін нәрестелер аурулары қаназдылық және анемия.

Ғаламдық экологиялық құлдыраудан құтылу үшін, егер де өз уақытында қаулы қарарлар шығарса, жалпы адамзаттық үзақ уақыттық жоспарлар қабылдаса, жалпы әлемдік келісім болып, акциялық шешімдер болса, аластануға болады.

Сондай – ақ, бүгінде адам мен қоршаған ортаның рационалдық мәселелерін шешу, қоршаған ортаны сақтап қалудың басты негізі болып табылады. Рационалдық сұрақтардың сұрақтарын экология қарастырады.

Экология мақсаты және міндеті, оның бөлімі туралы түсінік. Экологияда қолданылатын зерттеу әдістері.

Қазіргі заманғы экология – адам және ағзалардың өзара қарым қатынасының, масштаб анықтау, қоршаған ортаның шектік рұқсат етілген қатынасын адамға, нейтрализация кезінде олардың толық байланысуын зерттейтін ғылымды атайды.

Стратегиялық жоспарда – экологиялық жағдайдан шығу мен адамның адамдық қасиетін, олардың глобальды масштабын- жерден басқа планетаның зерттейтін ғылымы туралы айтылады.

Әлеуметтік экология және адам экологиясы бір-бірімен өте тығыз байланысты, өйткені өзара жалпы жұмбақтары ұқсас, адам мен орта айырылмас, адам экологиясы (әлеуметтік экологияға) байланысты болып келеді.

Әлеуметтік экология адамдар қауымдастығының географиялық-табиғат, қоршаған орта, әлеуметтік және мәдени ортада, сонымен қатар тік және жанама өндірістік әсер беріп, қоршаған ортаның қасиеттерін экологиялық байланыстық антропогенді ландштафтарда денсаулыққа және генофондты адамдар популяциясын оқытады.


4 Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы


Қазіргі кезде адамдар мен табиғат ара қатынастары жылдан жылға шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс ластану қаупі төнді. Өнеркәсібі дамыған бір қатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады. Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қалпына келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абыройлы міндеті болып саналады. Табиғатта өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне бастайды. Осыған байлданысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жөн. Өкінішке орай, табиғатпен ара қатынаста бұл талап ұмыт болып, бүгінгі пайдаға қызығып, ертеңді ойламайтын болдық. Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай – талай қиянат жасалнып келеді, олардың зардаптары әлемге әігілі. Мысалы, XX ғасырдың ортасында Мәскеулік «білгіштер» Каспий теңізінің суы азаймас үшін Қарабұғаз шығанағын топырақтан бөгет салып – теңізден бөліп тастауды ұсынды. Бөгет салушылар теңізді сақтауды ойлағанымен шығанақты қоршаған ортаға әсерін ескермеді. Кеуіп қалған шығанақтан жыл сайын 120 –140 миллион тонна шаң мен тозаң, тұз қалдықтарын жел мен дауыл көтеріп Қазақстан, Түркіменстан, Туркия, Иран, Қытай, Ресей, Украина тағы басқа елдерге жеткізіп жатады. Ақылға симайтын бұл бөгет экономикаға көп зиян клтірді, шөптің, егіннің өсімі азайды. Мал өнімдарі кеміді, ауру – сырқау мен өлім жетім көбейді.Арада 25-30 өткен соң Каспийдің суы қайта көтеріліп, жағадағы елді мекендерді, кәсіп орындарды баса бастады. Сөйтіп теңіз суының көбеюі мен азаюы Қарабұғаз шығанағына байланысты еместігі айқын болды. Ол жер шарының эволюциялық даму заңына тән құбылыс еді. Әрбір 60-70 жылда теңіз суы көтеріліп немесе төмендеп тұруы ғасырлар бойы қайталанып келе жатқан құбылыс.Теңіз суы көтеріле бастасымен бөгетті бұзып Қарабұғазға қайтадан су жіберілді. Сөйтіп қыруар қаражат пен бөгет салуға, оны бұзуға жұмсалып зая кетті. Міне осылай, табиғат заңдарын білмеу, біле тұра онымен санаспау бос шығынға ұрындырып, қоршаған ортаға кеселін тигізіп, адамдардың өмір сүруін қиындататын тағы бір рет дәлелденеді. Осындай мысалды Арал теңізіне байланысты да келтіруге болар еді. «Мақта тәуелсіздігіне жетеміз» деген ұранмен Орта Азия мен Қазақстанда егістік көлемі ұлғайтылып, көптеген таяз каналдар мен су қоймалары салынды. Сырдария мен Амударияның суы түгелдей мақта суаруға жұмсалды. Сөйтіп Аралға су келмей, құрғап, құруға айналды. Теңіз суы тартылғасын ондағы балық пен жануарлар дүниесі жойыла бастады. Жағадағы балықшылар жұмыссыз қалып, туған жерін, ата қонысын тастап басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Сонда ғана Арал апаты туралы айтыла бастады, ал оған дейін келе жатқан апатты көрмегендей ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Теңіз өлуге қалғанда мақта егісін азайтып, таяз су қоймаларын жойып Аралға құятын су мөлшерін көбейту шаралары алына бастады. Егер осы шаралар 15-20 жыл бұрын жүргізілсе, мүмкін Арал апаты болмаған да болар еді.

Бүгінгі мақтаны ойлап, теңіздің болашағын, қоршаған ортаның жағдайын, ондағы халықтың қамын ойламау өрескел қате болады. Болар іс болып, Арал апатқа ұшыраған соң теңізді қорғау, қалпына келтіру туралы көп сөз айтылып жүр, бұл тек құрғақ қиял болмаса. Мамандардың есебіне қарағанда Аралдың жағдайын онан әрі құлдыратпай, ақырындап суын көбейтуге ондаған миллиарт теңге керек. Ондай мүмкіндік Өзбекстанда да, Қазақстанда да жоқ Апаттың халықаралық зиянын ескеріп жақында ГФР, АҚШ, Жапония қаржы бөлетіндерін хабарлады. Ал көп жыл бойы тегін мақтаның қызығын көрген Ресей мемлекетінің Аралға көмектесуге қаржысы да, құштары да жоқ көрінеді.

Арал мен Каспидің тағдыры адамдар үшін сабақ болып, табиғатпен арақатынасты жақсарту жолдарын іздестіретін уақыт келді. Өзіміздің іс-әрекетіміз қоршаған ортаға қандай әсер жасайтынын күнілгері біліп, зиянды жақтарын болдырмауды ойластыру қажет-ақ.

Жер жүзінде экологиялық дағдарыс басталды, қоршаған орта адамдар өмір сүруіне қолайсыз қалге түсті деген қағидалар көп айтылатын болды. Әрине, мұндай жағдайда бір жылда, болмаса онжылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Жидек пен жеміс жинағанда, аң мен құс аулағанда, орманды өртеп егістік жер әзірлегенде қоршаған ортаға зиян келіп жатады. Бірақ бұл зиянның көлемі аз болатын да, табиғат өздігінен реттеліп, қалпына келетін. Сөйтіп адамдар жасаған зиян тез жойылып, табиғатта қалыптасқан тепе-тендік көп бұзылмайды.

XX ғасырдың екінші жартсынан бастап жағдай күрт өзгерді. Өнеркәсіп көлемі бірнеше есе өсті, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды, Энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамдарға жаңа құралдар, мәшинелер, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектесті.

Осының арқасында адамдардың күші мен мүмкіншілігі, олардың қоршаған ортаға жасайтын әсері де арта түсті. Енді оны табиғатта болып жататын үлкен құбылыстармен - жа­нартаулар атқылауы, су тасқыны, жер сілкінуі, дауыл сияқты сұрапыл күшті апаттармен салыстыруға болады.

Табиғатты өзгерту, байлықтарын пайдалану қазір өзінің шегіне жеткенге ұқсайды. Мұны елемей қоршаған ортаны осы қарқынмен тонай берсек, табиғат өздігінен қалпына келу мүмкіншілігінен айырылып, жер бетіндегі тіршілікке үлкен қауып төнеді.

Дүние жүзінде экологиялық дағдарыстың басталуына мы­налар себеп болады:

Бірінші - соңғы дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі да­мыған 10-15 мемлекет болса, соғыстан кейін отаршылдық жүйе күйреп тәуелсіздік алған елдер өнеркәсіпті дамыту жо­лына түсті. Әр ел өзінің қазбалы кендерін пайдаланып, зауыт пен фабрикалар салып, жол қатынастарыи тәртіпке келтірді. Жаппай өнеркәсіппен айиалысу қоршаған ортаға зиянды бо­лып, айналаны уытты қалдықтар басып кетті. Соңғы жылда­ры халықтар, мемлекеттер арасында азды-көпті үлкенді-кішілі соғыстар, соғыс әрекеттері де болып тұр. Мұның да табиға­тқа, экологиялық жағдайға тигізер зияны мен залалы көп-ақ.

Екінші - соңғы 40- 50 жылда жер бетіндегі халық саны тез өсе бастады. Егер 1700 жылы олардың саны 600 миллион бол­са, 1850 жылы 1 миллиард 200 миллионға жетті, немесе 150 жылда екі есе көбейді, 1950 жылы 2 миллнард 500 мнллион болды, немесе 100 жылда екі есе өсті. Ал келесі екі есе өсу үшін бар болғаны 35 жыл қажет болды, 1986 жылдың орта­сында халық саны 5 миллиардтан асты.

Халықтың тез өсуі азық-түлік пен тұтыну тауарларын өндіруді тездетіп, тиісті өнеркәсіп орындарын көптен салуды талап етті. Бұл да қоршаған ортаға, бүкіл табнғатқа қосымша ауыртпалық болды.

Үшінші - соңғы жылдары қалалардың саны, олардың тұрғыңдары тез өсуде. Егер 1900 жылы қала тұрғындары 300 мнллион, 1950жылы 700 мнллион 1980 жылы1 миллиард 800 миллион болса, 2000 жылы - 3 миллиард 300 миллионға же­теді деп күтілуде. Сөйтіп 100 жылда қала тұрғындары 11 есе өсетін болады.

Осыншама көп адамдардың көлемі тар қалаларға жиналуы ондағы ауаға, су қорларына, топыраққа үлкен зиян келтіріп, табиғаттың азып-тозуына, ластанып, істен шығуына әкеледі.

Әрине бұл айтылғандардан табиғат қорларын пайдаланбай, тек күзетіп отыру керек деген қорытынды шықпайды, олай деп ешкімде ойламайды. Өйткені табиғатпен арақатынас тоқ­таса адамдар өмір сүре алмайды, олардың өсіп өркендеуі мүмкін емес. қоғаммен табиғат әрдайым арақатынаста болып, бірге өсіп жетіледі. Бірақ сол арақатынас ақылға сыйымды, табиғатқа зиянсыз болуы қажет.

Адамдар әрқашанда табиғатқа тәуелді, оның байлықтары­мен күн көріп, керегіне жаратады, өкінішке орай, соңғы кез­де осы тәуелділікті ұмытып, табиғатты бағындырамыз деген әуре-сарсаң көбейіп кетті.

Тапсырмаларды дәптерге орындау



  1. ДДТ препараттарын қолданудың экологиялық зардаптарына талдау жасау.

  2. Р Карсонның «Меңіреу көктем » атты кітабына талдау жасау.

  3. Планетада қалыптасып отырған күйзелістік жағдай жөніндегі деректерді жинақтау.

  4. Әлемнің алғашқы модельдері туралы баяндама жазыңыз.

  5. Әлеуметтік экологиялық жүйелерді әлемдік және аймақтық дәрежеде зерттеудің перспективаларын көрсетіңіз.

  6. «Қоғам – табиғат» жүйесіндегі әсерлесулердің негізгі заңдылықтары

  7. Н.Ф. Реймерс тұжырымдаған «адам-табиғат» жүйесінің 10 заңы.

Бақылау сұрақтары

  1. Рим клубы халқаралық зерттеу орталығының құрылуы, оның міндеттері.

  2. Рим клубының баяндамалары.

  3. Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық конференция.

  4. Әлеуметтік экологияның дамуындағы эмперикалық кезең.

  5. Глобальдық мониторинг және планетадағы экологиялық жағдайға баға беру.

  6. Ғылыми техникалық прогресстің жағымсыз зардаптары

  7. Әлеуметтік экологияның заңдары



Қолданған әдебиеттер тізімі

1 Г.С. Оспанова Г.Т. Бозштаева Экология оқулық Алматы.

Экономика 2002ж. 405б.

2 Жатканбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық Алматы. Зият2003ж. 212б.

3 Акбасова А.Ж. Экология оқу құралы Алматы. Бастау 2003ж. 292б.

4. Данило Ж. Маркович Социальная экология. М., 1997.

5. В.А. Ситаров, В.В.Пустовойтов. - Социальная экология. М., 2000.

6. С.М.Мягков Социальная экология. - М., 2001.

7. Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. - Экология. - Алматы, 2005.

8. Петров К.М. Общая экология: взаимодействие общества и природы. СПб., 1997.

9. Вронский В.М. Прикладная экология. - Ростов-на-Дону, 1996.

10. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие. - М., 1997.

11. Национальный План действий по охране окружающей среды для устойчивого развития. - Алматы, 1999.

12. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. /Обзор. Серия публикаций ПРООН Казахстан №UDPKAZ 06. - Алматы, 2004.

13. Будыко М.И. Глобальная экология. - М., 1977.



14 Фурсов В.И. Человек и природа: -. Алма-аты, 1983.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет