Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады.
Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді.
Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады.
Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.
Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.
Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.
Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.
Этникалық сәйкестілік әлеуметтік сәйкестіліктің бір бөлігі болып саналады, бұл өз алдына психологиялық категория, сондықтан этникалық қоғамды анықтауда өзіндік түсінікке ие болады. Этникалық сәйкестілік –бұл тек қана өзіндік ұқсастық, тепе-теңдік ұғымды білдіруші ғана емес, сондай-ақ этникалық топтарға бағыныштылықты білдіреді.
Этникалық сәйкестілік әлеуметтік сәйкестіліктің бір бөлігі болып саналады, бұл өз алдына психологиялық категория, сондықтан этникалық қоғамды анықтауда өзіндік түсінікке ие болады. Этникалық сәйкестілік – бұл тек қана өзіндік ұқсастық, тепе-теңдік ұғымды білдіруші ғана емес, сондай-ақ этникалық топтарға бағыныштылықты білдіреді.
Сәйкестілік (оның ішінде, тілдік) таңдалынатындықтан, кейде «сәйкестілік дағдарысы» пайда болуы мүмкін, сондай жағдайда «Сүйкімсіз үйректің» күйіне тап болады. Мұндай жағдайлар, мысалы, этникалық және тілдік сәйкестілік арасындағы қайшылықта, бір тілдік сәйкестіліктен басқасына көшу жағдайында туындаған жағдаяттар қазіргі уақытта және сол мезгілде (мысалы, тіл мәртебесінің ауысуы кезінде) қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерді шынайы бағалай алмауына және сәйкестілікке байланысты таңдауды дұрыс жүзеге асыра алмағандықтан аса өзекті; мысалы, этникалық топтың өз тілін ауыстыруы (жоғалтуы) жағдайында ұжым бөлігінің қоғамдағы басымдылықтың және басқаларының ауысуына қарамастан, бұрыннан қалыптасқан стереотиптерді сақтап қалуы кезінде маңызды.