1.Пәннің қысқаша сипаттамасы Пәннің мақсаты: «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін шешу тұрғысында студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1) қоғамның және оның ішкі жүйелерін зерттеудің негізгі әлеуметтік, саяси және гуманитарлық тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін игеру;
2) қазіргі қоғам мен оның әлеуметтік институттары жұмысының негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін, әлеуметтік процестер мен қатынастардың мәнін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту;
4) студенттердің әлеуметтік ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтануды игеру барысында алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын ынталандыру;
6) сыни ойлау қабілеттерін және оны іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.