Сырдарияның оң жағалауындағы Сығанақ, Саран, Созақ қалалары қазақ хандарының билігінде қалады.
Қазақ хандарының Сырдария өңіріндегі негізгі стратегиялық орталықтарды қосып алуы елді тұтас біріктіру жолындағы табысқа жетуінің кілтіне айналды. Ғасыр соңында қазақ ханығының әуел бастағы шекаралары ұлғая түсті. Оған Батыс Жетісу, Созақ, Сығанақ, Саран қалаларымен біргк, Қаратау аймағы, Сырдария мен Солтүстік Арал алқаптары, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі енді. Қазақ хандығының байрағы астына қазақ рулары мен тайпаларының жаңа топтары барған сайын көптеп өте бастады.
Қазақтардан жеңіліске ұшыраса да Орта Азияда ұлы мемлекет орнатқан Шайбани Дешті-Қыпшақтан үмітін үзбейді. Аз ғана уақыттың аралығында бүкіл Орта Азияны, Ауғанстан мен Хорстанды жаулап алған Мұхаммед Шайбани назарын қайтадан Сыр бойындағы қалаларға аударады. Қалай болса да Сыр бойындағы қалалар мен Қаратау өңірін қайтарып алу мақсатында XV ғасырдың алғашқы он жылында Шайбани қазақ жеріне төрт рет ауыр жорықтар ұйымдастырады. Қазаққтардың қапысыз отыратын қыс айларында жасаған жорықтарында Шайбани жеңіске жетеді. Қазақтардың Жаныш және Таныш сұлтан бастаған әскерлері ауыр жеңіліске ұшырайды.

Үлкен жеңіске жеткен Мұхаммед Шайбани 1510 жылы қазақ хандарын біржолата талқандау үшін өзінің ең соңғы жорығын жасайды. Бірақ Қасым сұлтан әскерлерінің күйрей жеңілген шайбанилықтар Самарқанға қашады және сол жылдың соңында Иран шахы I Исмаилмен шайқаста жеңіліп, Мерв түбінде Мұхаммед Шайбани қаза болады. Көп кешікпей Сырдария бойындағы ең оңтүстегі қалалардың бірі Сайрам да қазақ хандығының қол астына көшеді.