пайда болуы мен таралуы белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық жүйенің қолайсыз жағдайларының әсеріне байланысты болатын және қоғамға зиян келтіретін, адамды әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулар тобы.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицина ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасақ,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.