Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу. Арнайы пәндер оқытушысы: Әжібай А. Н



бет5/6
Дата08.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#161828
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Клиникалық көрінісі

  • төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады.
  • Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі.
  • Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды.
  • Нитроглицериннен жеңілдік болмайды.
  • Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа.
  • Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.

Қауіп топтары

  • Жынысы - Жынысы «ер» болса соғұрлым шалдығу қаупі жоғары.
  • Жасы - шалдығу көрсеткіші адам жасы ұлғайған сайын артады.
  • Отбасылық және жеке анамнез - мысалы, отбасылық анамнез кезіндегі ерте жастағы коронарлы атеросклероз ауруына шалдығу.
  • Генетикалық бейімділігі Генетикалық белгілері қауіп факторының ішкі басқа да түрлерін анықтай алады.
  • Дене массасының жоғары индексі (ДМИ) және семіздік
  • Артериалды қысымның жоғары көрсеткіші (АҚ), артериалды гипертензия (АГ)
  • Қосалқы аурулар, ісіну және инфекциялар (диабет, инсулинорезистенттілік, ревматоидты артрит, ағзалардың белгісіз себептерден асқынуы)
  • Гиперхолестеринемия
  • Гипергликимия 
  • Өмір сүру салты (Темекі шегу, майлы тамақтану, аз қимылдау)

Статистика

  • Жүрек аурулары 20 жылдан бері бүкіл әлемде өлімнің жетекші себебі болып келеді.
  • Алайда, олар ешқашан бүгінгідей көп адамның өмірін қиған емес.
  • 2000 жылдан бастап жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім саны 2 миллионнан асып, 2019 жылы 9 миллионға жетті.
  • Бүгінгі таңда жүрек аурулары әлемдегі барлық өлімнің 16% құрайды.
  • Елімізде 2020ж деректер бойынша өлім себептерінің арасында бірінші орында қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты өлім-жітім тұр (36,6 мың адам). Ол жалпы өлім-жітімнің 22% үлесін алады. 2019 жылмен салыстырғанда инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиядан болатын өлім-жітім саны 6,3 мыңға (+ 20,6%) артты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет