- төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады.
- Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі.
- Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды.
- Нитроглицериннен жеңілдік болмайды.
- Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа.
- Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.
Қауіп топтары - Жынысы - Жынысы «ер» болса соғұрлым шалдығу қаупі жоғары.
- Жасы - шалдығу көрсеткіші адам жасы ұлғайған сайын артады.
- Отбасылық және жеке анамнез - мысалы, отбасылық анамнез кезіндегі ерте жастағы коронарлы атеросклероз ауруына шалдығу.
- Генетикалық бейімділігі Генетикалық белгілері қауіп факторының ішкі басқа да түрлерін анықтай алады.
- Дене массасының жоғары индексі (ДМИ) және семіздік
- Артериалды қысымның жоғары көрсеткіші (АҚ), артериалды гипертензия (АГ)
- Қосалқы аурулар, ісіну және инфекциялар (диабет, инсулинорезистенттілік, ревматоидты артрит, ағзалардың белгісіз себептерден асқынуы)
- Гиперхолестеринемия
- Гипергликимия
- Өмір сүру салты (Темекі шегу, майлы тамақтану, аз қимылдау)
Статистика - Жүрек аурулары 20 жылдан бері бүкіл әлемде өлімнің жетекші себебі болып келеді.
- Алайда, олар ешқашан бүгінгідей көп адамның өмірін қиған емес.
- 2000 жылдан бастап жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім саны 2 миллионнан асып, 2019 жылы 9 миллионға жетті.
- Бүгінгі таңда жүрек аурулары әлемдегі барлық өлімнің 16% құрайды.
- Елімізде 2020ж деректер бойынша өлім себептерінің арасында бірінші орында қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты өлім-жітім тұр (36,6 мың адам). Ол жалпы өлім-жітімнің 22% үлесін алады. 2019 жылмен салыстырғанда инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиядан болатын өлім-жітім саны 6,3 мыңға (+ 20,6%) артты.
Достарыңызбен бөлісу: |