Скрининг өткізу-амбулаторлы науқастың профилактикалық медициналық қарау статистикалық қартасын (025-08/у), скрининг-тестті,лабораторлы және инструменталды зерттеуді, мамандардың кеңесін толтыру;
Қорытынды-қосымша зерттеу мен анықталған патология бойынша науқасты диспансерлік есепке алу,есепті-статистикалық документтерді толтырып бітіру.
Қорытынды
Сонымен қорыта келе,әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ауруларды ерте анықтап,олармен күрес жүргізу,асқынуын болдырмау тек қана науқастың емес,сонымен қатар құзырлы органдардың да қызығушылы болып табылады.Себебі,қазіргі таңда осы аурулар жасарып,күннен күнге еңбекке қабілетті тұрғындар арасында кең етек алуда.Жұмысшы санаттағы тұрғындардың дені сау болу экономикамызды жақсарта түспек деген теорияны жоққа шығармаймын.
Аталған аурулармен күресу,оларды болдырмау Экс-Президентіміздің үндеулерінде де айтылып кеткен.Шыны керек,қазақтың: «Ауырып ем іздегенше,Ауырмайтын жол ізде!» деген мақалы бүгінде өз медициналық терминологиясын «СКРИНИНГ»сөзінде тапқан сыңайлы. Сондықтан, тұрғындардың жасырын келе жатқан,бастапқы кезеңдегі ауруларын ерте анықтап,оларды емдеп,сонымен қатар жас категорияларымен скринингтік бағдарлама бойынша тексерістен өткізу оңтайлы шешім деп табамын.Скрининг нәтижесін беріп жүр,бірақ дегенмен халық арасында әлі де хабарсыз адамдар болғандықтан,үгіттеуді медициналық және мемлекеттік қызметкерлер,сонымен қатар биліктің өзі де жоғары деңгейде жүргізуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
http://adilet.zan.kz;
«Қазақстан-2030:Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең» атты Экс-Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы;
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР-ның заңы.2003ж 4маусым;