«Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте диагностикасы мен алдын алу қағидалары,қауіп факторларын айқындау. Скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру,жүргізу және бақылау.»



бет2/3
Дата28.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#160112
1   2   3
Байланысты:
2 срс- Сатылганова Амина,545

Интеракция

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте диагностикасы медициналық технологиялардың даму деңгейімен ғана емес, сонымен қатар, әрбір индивидтің диагностикалық емшараларды өткізуге ішкі дайындығымен, дәрігермен қарым-қатынасқа түсу барысында жеке, интимді тақырыптардың қозғалатынына дайын болуы керек.

Роберт Витч

Медицина қызметкері мен пациент арасындағы өзара қарым-қатынастың 4 базальдық моделі бар:

  • Инженерлік(техницистік).Дәрігердің міндеті-науқастың «сынған» жерін орнына келтіру;
  • Патерналистік.Ата-ананың балаға,дін қызметкерінің келушіге деген қатынас моделіне ұқсас.Яғни,бірінші орынға моральды жақтан қолдау шығады;
  • Әріптестік.Науқас ауруы жайында ақпаратталған және дәрігермен әріптесі ретінде сөйлесіп,өзінің еміндегі маңызды шешімдерді қабылдайды.
  • Келісімді.Науқас үшін ең оңтайлы модель. Себебі,науқас өзіне ыңғайлы және мүмкін шарттармен қатынас орнатады.

Кардиоваскулярлық аурулардың профилактикасында Европалық ұсыныстар бойынша денсаулығын сақтап қалғысы келетін адамдар келесі кеңестерді ұстанулары тиіс:

0 3 5 140 5 3 0

0-Шылым шекпеу;

3-3км қашықтықты жаяу жүру немесе күнделікті 30 мин физикалық белсенділікті сақтау;

5-Күнделікті 5 порция көкөніс пен жеміс тұтұну;

140-Систолалық қан қысымы;

5-Қандағы жалпы холестерин мөлшері 5 ммоль/л аспауы тиіс;

3-ТТЛП деңгейі 3ммоль/л пасауы тиіс;

0-Артық салмақпен күрес және ҚД алдын алу.

Айтылған кеңестер тек кардиоваскулярлық аурулар ғана емес, жалпы әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алудағы жақсы көмекші болып табылады.

Скрининг жүргізу алгоритмі

Скринингті қараудың мақсаты-ауруды бастапқы сатысында анықтап,аурудың дамуын, қауіп факторын, аурудың пайда болуын алдын алып,тұрғындардың денсаулығын нығайту. Скрининг-кепілді медициналық көмек аясында денсаулық сақтау органдарымен тегін көрсетіледі

ҚР ересектерді скринингті қарау

  • АГ,ЖИА,Қант диабеті.Осы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70ж ерлер мен әйелдер үшін антропометриялық өлшеу(бой,салмақ,бел айналымы), қан қысымын өлшеу, холестерин, глюкоза мөлшерін анықтау 2жылда 1 рет. Кардиолог, эндокринолог, ЭКГ көрсеткіштер бойынша.
  • Глаукома.Көзішілік қысымды 40-70ж ерлер мен әйелдерде өлшеу 2жылда 1 рет.Офтальмолог кеңесі көрсеткіштер бойынша.Бұл ауруларды зерттеу арқылы инфаркт,инсульт,соқырлықтың алдын аламыз;
  • Жатыр мойнының ісікалды және қатерлі ісіктері.30-70ж әйелдерде 4жылда 1 рет жатыр мойнынан жағынды алып цитологиялық зерттеу.Акушер-гинеколог,кольпоскопия көрсеткіштер бойынша.
  • Сүт безінің ісікалды және қатерлі ісіктері.40-70ж әйелдерді маммографиядан өткізу 2жылда 1 рет.Маммолог,онколог кеңестері көрсеткіштер бойынша;
  • Жуан және тік ішектің ісікалды және қатерлі ісіктері.50-70ж ерлер мен әйелдер 2жылда 1 рет нәжістегі жасырын қанға тексеру. Хирург, проктолог, гастроэнтеролог, колоноскопия көрсеткіштер бойынша;
  • Балаларды профилактикалық медициналық қарау 0-18ж.Педиатр және ЖТД қарауымен жүргізіледі.Тар шеңберлі мамандар кеңесі көрсеткіштер бойынша;
  • 30-70ж мінез-құлық бұзылыстарын ерте анықтау.Психолог кеңесі көрсеткіштер бойынша.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет