Тақырыбы: Скрининг. Скрининг негізгі міндеті. Скринингті өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жоспары



Дата11.01.2022
өлшемі15,87 Kb.
#111241
Байланысты:
ден нығ 9 такырып


Тақырыбы: Скрининг. Скрининг негізгі міндеті. Скринингті өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Жоспары:

1.Скринингте жас ерекшеліктерімен топтау, талдау

2.Балалар арасындағы психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру

3.Скрининг. Скрининг негізгі міндеті

4.Скринингті өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

5.Психикалық-дене даму скрининг кезеңі

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде балалар мен ересектер арасында скрининг өткізуді қолға алды. Скрининг-арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлар мен ауруларды ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеру. Олардың түрлеріне келсек ,ол:

1.холестеринді,қант глюкозасынанықтау арқылы гипертония,қант диабеті ауруларын ерте ақтау скринингі

2.балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын есту патологиясын анықтау скринингі

3.әйелдерге РАР –тесті пайдалана отырып, жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау

Скринингі

4.гепатит С және В түрлерінің скринингі

5. глаукоманы ерте анықтау скринингі

Енді оны жас бойынша кесте түрінде қарасақ, ол скринингтен төмендегі

жастағы тұлғалар өтеді:

1.25,30.35,40,42,44,46,48,50,52,54.56,58,60,62,64 жастағы ер және әйел адамдар

- холестерин мен қанттың деңгейін анықтау

- электрокардиографиядан өту

- кардиолог пен эндокринологтың қарауы
2.40 жастан бастап 70 жастағы ер және әйел адамдар ( екі жылда бір рет)

- көздің қысымын өлшеу


3.30 жастан бастап 60 жастағы әйел адамдар (әр 5 жылда бір рет)

-жатыр мойыны сүртіндісін цитологиялық зерттеу

- Акушер-гинекологтың қарауы,кольпоскопия
4.50ден бастап 60 жастағы әйел адамдар ( екі жылда 1 рет)

-маммографиядан өту

- Маммологтың және онкологтың қарауы
5.50 ден бастап 70 жастағы ер және әйел адамдар (екі жылда 1 рет)

-нәжісті жасырын қанға тестілеу-тоқ ішек ауруы

- тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия)
6.50 ден бастап 66 жастағы ер адамдар (әр 4 жылда 1 рет)

-қуықасты безі телімді антигені мен оның түрлеріне қан талдау

- урологтың қарауы,УЗИ мен биоскопия
7.50 ден бастап 60 жастағы ер және әйел адамдар ( әр 2 жылда 1 рет)

- Асқазан және өңешті эндоскопиялық зерттеу

Гастроэнтреролог пен онкологтың қарауы
8.С - гепатиті анықталған ер және әйел адамдар

- альфа-фетопроьейнге қан талдау

- бауырды ультрадыбыстық және фиброскапамдық зерттеу
Балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру

  Психикалық-дене дамуы скринингі психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды анықтауға және оларға түзету-дамыту көмегін көрсету үшін стандартты жаппай тексеру болып табылады.

Скринингтің негізгі міндеттері

  Скринингтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:


      1) сәби және бүлдіршін жастағы балаларды жаппай скринингті тексеруді жүргізу;
      2) психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды анықтау;
      3) психикалық-дене дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларды тереңірек тексеру мен түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін ПМПК-ға жіберу;
      4) психикалық-дене дамуының бұзылу қатері бар балаларды тереңірек тексеру және емдік көмек көрсету үшін аясы тар мамандарға жіберу;
      5) ата-аналарына баланы күту және психикалық дамыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
      6) халықтың арасында скрининг өткізу және дамуында кенжелеп қалу қатері бар балаларға түзету-дамыту көмегін уақытылы көрсету қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      7) тексерілген балаларды есепке алу, түзету-дамыту көмегіне мұқтаж балаларды анықтау бойынша ПМПК-мен бірлескен жұмыс жүргізу.

Скринингті өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
және оның мазмұны

 Психикалық-дене даму скринингі үш кезеңде жүзеге асырылатын бес скрин -ингті тексеруді жүргізуден тұрады.

-Тексерудің бірінші кезеңі есту қабілеті скринингін қоса алғанда, "Жаңа туған нәрестелерде психосоматикалық дамуындағы ауытқуларды болжау" деген бірінші скринингті өткізуден тұрады. Бұл тексеруді перзентханаларда дәрігер-неонатолог жүргізеді

-Тексерудің екінші кезеңі "Жүйке-психикалық дамуы бұзылыстарының болжамды скринингі" деген екінші скринингті өткізуден тұрады. Бұл тексеруді балаға үйде бастапқы патронаж жасаған кезде учаскелік медицина қызметкері жүзеге асырады.



-Тексерудің үшінші кезеңі "Бүлдіршін жастағы балаларды скринингті аттеста -циялау" деген үшінші "Балаларда көру қабілеті функциясын бағалау" деген төртінші және "Балаларда есту қабілеті функциясын бағалау" деген бесінші скринингтерден тұрады. Бұл тексеру БМСК мекемесінде дені сау бала кабинеті жағдайларында жүргізіледі.

Өткізілген скринингтің нәтижесі перзентханадан шығару қағазында көрсетілуге тиіс. Есту қабілетінің бұзылу қатері болған кезде бала сурдолог маманға жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет