Әлеуметтік мәдениет


Әлеуметтік сипат — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік



бет3/23
Дата20.03.2022
өлшемі4,06 Mb.
#136466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5 дәріс Мәдениеттану Әлеуметтік мәдениет

Әлеуметтік сипат — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік.

  • Әлеуметтік сипат — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік.
  • Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген.
  • Ол әлеуметтік сипат ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді.
  • Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады:
  • а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді;
  • ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді;
  • б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.
  • Әлеуметтік сипат ұғымы әлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады.

Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады.
Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор.
Әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты.
Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет