Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды.

Оған:
Жалау
Елтаңба
Әнұран
Ата заң
Ұлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. Тәуелсіздік жылдарында жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздің мәдени іргетасымыз беки түсті.

Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – деді.
Қазақстанның мәдени саясат пайымын жай ғана ұсыну емес, сондай-ақ, оның дамуына жаңа импульстер, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру механизмдерін көрсету қажеттілігі туды.

Жаңа мәдени саясаттың басымдылықтарының бірі – әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәртебесін нығайту. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет процесінде біріктіру әлеуеті жеткілікті іске асырылмауда.

Халықаралық байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС және тағы да басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру қажет. Келешекте елімізде гуманитарлық-ынтымақтастық саласында өңірлік зерттеу және ғылыми-білім беру орталығы – ЮНЕСКО халықаралық институтын құру жоспарлануда.