“Адам өмірінде жастық шақтан басқа қызығарлықтай нәрсе, сірә, бар ма екен?”
Жастар ең зерек, алғыр топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтерімен және басқа да құрылымдарымен қарым-қатынастарының, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Қазіргі заманғы өркениетті көбіне ақпараттық қоғам деп атайды. Ұдайы үдей түскен ақпараттық ағындар жас адамдардың сана- сезімі мен психикасына әсер етеді, сол арқылы олар жастардың дүниетүйсіктері мен дүниетанымдарын өзгертеді. Шексіз еркіндік, күш көрсету мен “тыңдамау” алдынғы қатарға шықты. Ғылыми әдебиетте жастардың құндылықты бағдарларын қалыптастырумен байланысты әлеуметтенудің негізгі үш кезеңі шартты түрде жіктеледі.