1.Түрлі құндылықтарды ұғыну- отбасы, ата-ана, оқу орны бұл кезеңде маңызды рөл атқарады.
2.Жастақ шақ- өмірдің жаңа саласына қадам басуымен байланысты- қарулы күштер қатарындағы қызмет, жоғару оқу орнында оқу, қызмет және т.б
3.Жастардың сана- сезіміндегі қарама- қайшылықтар еңсеріліп, моральдық құндылықтарға терең жеке тұрғыда, шығармашылық құндылықты бағдарлардың жүйесі дами және жетіле түседі.
Құқықтық мәдениет — белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т.б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т.б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан.