ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИЕТ — күнделікті тұрмыс ырқымен дарып, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын әрі бүкіл қоғамның немесе әлеуметтік топтың аясында тәжірибені екшеп, реттеуге қызмет ететін, белгілі бір байланыстағы адамдар үшін ортақ болып саналатын әлеуметтік мәні бар құндылықтардың, мінез-құлық нормалары мен қағидаларының, түсініктердің, нанымдар мен дәстүрлердің жүйесі.
Әлеуметтік мәдениет қоғамдық өмірді үйымдастырады, сол қоғамның немесе әлеуметтік топ мүшелерінің бірегейлік, бірлік сезімдерін оятады. Әлеуметтік мәдениет адамның қол жеткізген барлық табыстарын қамтитын, қоғаммен және әлеуметтік топпен мойындалатын әрі сіңірілетін көп қырлы, кең, күрделі құбылыс. Ол материалдық (ғимараттар, құрылғылар, еңбек құралдары, кітаптар, суреттер тұрмыс құралдары, діни ордалар, табынатын орындар, әшекейлер) және материалдық емес, рухани (білім, пікірлер, заңдар, ережелер, құндылықтар, тіл, дәстүр, салт жоралары) түрінде көрініс табады. Ата-баба жасап, ұрпағына қалдырған мәдениеттің бөлігі мәдени мұра болып табылады.
Әлеуметтік мәдениет - барлық адамдарға ортақ, нақтылы бір өмір салтымен байланысты, бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топ аясындағы әлеуметтік реттеуге қызмет ететін қүндылықтар мен ережелер, дүниетаным жүйелері.
Әлеуметтік мәдениет қоғамдық өмірді үйымдастырады, сол қоғамның немесе әлеуметтік топ мүшелерінің бірегейлік, бірлік сезімдерін оятады.