Жігіттің сұлтаны кім? саралаңыз



Дата12.03.2018
өлшемі45,82 Kb.
#39088
Тәрбие сағатының тақырыбы:

Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз

Мақсаты:



Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау шарты:

  • «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру.)

  • «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)

  • Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)

  • «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)

Қойылатын талаптар:

  • Ұлттық киім.

  • Сахна мәдениеті.

  • Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында.

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

алыстарға самғаңдар

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді

2-жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?



1. Түйе – Ойсылқара

2. Жылқы – Қамбар ата

3. Қой – Шопан ата

4. Ешкі – Шек-Шек ата

5. Сиыр – Зеңгі баба

2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.



1. Қаңтар 7. Шілде

2. Ақпан 8. Тамыз

3. Наурыз 9. Қыркүйек

4. Сәуір 10. Қазан

5. Мамыр 11. Қараша

6. Маусым 12. Желтоқсан

3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?



1. Жылқы - құлын

2. Сиыр - бұзау

3. Қой – қозы

4. Ешкі – лақ

4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.



Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын



атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

6 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?



Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

1. Салмақ тасын көтеру.

2. Мойын арқан тартпақ.

3. Білек күшін сынау.

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

(Ән орындалады)

1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар



1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

2 асық. Жеті атаны талдап беру.



Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

3 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.



Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.

Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!

(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет