7 – ші тақырып. XVIII ғ. – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі54,35 Kb.
#186576
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 лекция
фило1, алиме, Химия тест тапсырмалары



7 – ші тақырып. XVIII ғ. – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы


2. Қазақстанның Ресейге қосылуының экономикалық және саяси алғышарттары мен себептері
3. Кіші және Орта жүздердің бірігуі. Қазақстандағы патшалықтың отарлық саясатының басталуы
4. 1822-1824 жылдардағы патша әкімшілігінің реформалары. Кіші және Орта жүздердегі хан билігінің жойылуы


1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы

XVI – XVIII ғғ. Қазақстанның шығысынан зор қауіп – ойраттар, торғауыттар одан кейін жоңғарлардан төнді. Оларды қазақтың, ен даласы, жайлымдық жерлері, мыңғыраған малы, сән – салтанаты қызықтырған болатын. Сөз етіп отырған уақыт аралығында тәуелсіздік үшін олармен көптеген соғыстар өтті. Торғауыттар бұрын ойраттар құрамында болған этнографиялық топ. Бұлар Қытайдың Шыңжаң өлкесінде, ішкі Монғолияда тұрған. Торғауыттар алғаш Ресейге шабуыл жасай отырып, қалмақтарға қосылып. Жоңғария мемлекеті құрамына енген. Сондықтан Жоңғар хандығы Батыс Моңғол тайпаларының /ойраттардың/ саяси бірлестігін құрған. Шыңғысханның феодалдық империясы кезінде – ақ олар оның негізгі күшіне айналса, Моңғол империасы күйреген соң да олар ұзақ уақыт кескілесуінен сан түрлі соғыстардан кейін Қытайға баратын сауда жолдарын иемденіп ХV ғасырдың бірінші жартысында бүкіл Монғолияға билік жүргізді. Алайда, ХV ғасырдың екінші жартысында ойрат феодалдары жеңіліске ұшырап, саяси батыраңқылығын тереңдете түсті. Осының салдарынан ойрат феодалдарының ортақ мақсат – мүддесін қорғайтын бір мемлекеттің құрылуы қажет болды. 1635 – 1658 жылдары осындай мемлекет құрылды да, оның ханы Батыр Контайшы болды. Ол хандық құрып тұрған дәуірде феодалдық қатыныстар нығайып Жоңғария мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты айқындалып, жаугершілік саясаты белең ала бастады. Әсіресе бұл саясат Батыр Контайшының мирасқорлары Қалдан – Серендер үстемдік еткен кезеңдерде одан әрі дами түсті.


Батыр Контайшының хандық жасап тұрған тұсында – ақ жоңғарлар қазақтарға үш дүркін шабуыл жасайды. Бұл соғыстарға да ойрат тайпаларының көбі қатысқан.
Жоңғар феодалдарының біріккен жойқын күшіне алғаш Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүр бастаған қазақ жастақтары қарсы тұрып, бұл соғыста бірнеше рет жеңіске жеткен. 1643 ж. атақты Орбұлақ шайқасы. Алайда жоңғарлықтар осыған қарамастан өздерін жеңілдік деп санамаған.
1652 жылы Батыр Контайшы қазақ жасақтарын жеңіп Қазақстанның Оңтүстігіне қарай шабуылын үдетеді. Бұл соғысты Жәңгір хан қаза табады.
Жоңғарлар жергілікті елді ығыстрып, Сырдария бойындағы сауда оталықтарын қолға түсіруді мақсат етеді. Олар Жетісу жерін шауып Шу өзеніне тоқтайды. Отырар/Алмалық/ кентін жермен - жексен етеді. Осы соққыға шыдамаған жергілікті Шапрашты руы да өз жерін тастап, жоңғарлардан ығысып Сыр бойына қарай жөңкіп ауа бастайды. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, ел бірлігін, халық намысын қорғауды Қарасай Алтынайұлы өзі ұйымдастырады. Жауға қарсы жасақ құрып, жоңғар әскерлерін Шу бойынан бастап қуып, оларға жүзден аса соққы бере отырып, жауды Іле өзенінен одан әрі Жонғар қақпасынан әрі өткізіп тастайды Жауға қарсы шапқанда, сарбаздарының бәрі «Қарасайлап» ұран салған.
Қарасай батыр өмір бойы қарсыласқан жауына тынымсыз, талассыз күйрете соққы беріп, өз жерін жау басқыншыларынан босатып Шу мен Іле өзендері ортасына Шапырашты. Дулат руларын қоныстандырған.
Жоңғар қақпасы: қазіргі батысында Жоңғар Алатауы мен Шығысында Бірліктау, Майлытау арасындағы жарты өткел. Алакөл мен Жалаңашкөл маңындағы тар шатқал болып табылады.
Қарасай батырдың ұрпағы да шетінен батырлар. Олар «Қараш батыр, Ер және Наурызбай /1706-1781 жж/ Сұраншы батыр» т. б. Қарасай ұрпақтарынан тараған батырлар туралы халық: «Ұлы жүздің ішінде, Үйсіннен бұлар тараған, Халқына қатаң күн туса, қамқорына жараған» - деп жырлаған.
XVII ғ. екінші жартысында жоңғар хандығы күшейе түскен және ол Ресейдің
Шығыс Сібірді бағындыру әрекетіне де кауіп туғызды. Сол себепті орыс патшасы 1 - ші Петр жоңғар қонтайшысы Цеван – Рабданға елші И. Унковскийдің тобын жіберді. Орыс ағзамның басты мақсаты жоңғарлардың назарын қазақ жерлеріне аудару арқылы, басқыншылық соғысқа итермелеп, екі жақты әлсірету еді. Әрине 1723 жылға дейін Қытайға тісі батпаған жоңғарлықтар Алакөл тұсынан қазақ жеріне келіп тиісті.
Бұл туралы атақты Қожаберген жырау: «Елім - ай» дастанында:
... Қырылу Алакөлден басталып тұр.
Қазақтар жау қалмақтан жасқанып тұр.
Орыстар мен Қытайға арқа сүйеп,
Ит қалмақ сол екі елден күш алып тұр – деп толғанады.
Жоңғар хандығы Жетісуды, Сыр бойындағы қалаларды. Қазақстанның орталығы Түркістан мен Ташкентті жаулап алды. «Елім - ай» зары қазақ даласында төгіліп жатты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы тұра алмауы мына себептер ме дейміз:
а/Әз – Тәуке хан өлген соң ел билігіне таласаушылық арқылы келген ала – ауыздық бірліктің жоқтығы;
а/ Жоңғар әскерлерінің 60 – 100 мың болып топтасып, орыс – швед шеберлері жасап берген қарулы күшінің артықшылығы. Әскер басы, қонтайшылар - Цеван – Рабдан. Қалдан – Серендер кемеңгерлікпен соғыс жүргізді.
б/ Жоңғар мемлекеті Қытай, Ресей тарапынан еш бір қарсылықтар көрмеді:
Абай Құнанбаев: «Абылай мен Кенесары қазақ халқының қаһармандары.
Олардың істері мадақтауға лайық, ұмытылмайтын істер» – деген екен.
Ол, Абылай дара тұлға. Колбасшы, саясат адамы. Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түскен халық қалаулысы. Тағдыры қыл үстінде, қылыш жүзінде, найза үшінде тұрған қазақ жұртшылығының, үш жүздің басын қосқан. Жоңғар мемлекетінің жойқын жаулап алушылығының көзін құртқан, аты жалпы алаштың ұранына айналған хан.
Абылай – Шыңғысхан нәсілінен. Оның ұлы Жошының бұтағы. Ол Жәнібектің Жәдік деген ұлынан тарайды. Жәдіктен Шығайхан, Шығайханан Есім. Есімханнан Жәңгірхан, Жәңгірден Уәли. Уәлиден қанышер Абылай, Абылайдан Көркем Уали. Көркем Уәлиден кейін Абылай атанған Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанышер» Абылайдың ұлы «Көркем» Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өткен. 1723 жылы қалмақ қонтайшысы Цеван – Рабдан жүз мыңға жуық қолмен қазақтарға келіп, еңкейген кәрі, еңбектеген балаға дейін қырып, қалың ел «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» аталатын зұламатқа ұшырады. Сүргінге ұшыраған қазақтар Ходжентке қарай Сырдария арқылы өтіп арып – ашып, шаршап – шалдығып Алқакөлге жетіп жығылды. Бұл жерден жұтаған жұрт Самарқанд. Бұқараға барып Түркістанның отырықшы елін аштыққа ұшыратады. Он екі жасар «Сабалақ» атанған жас бала ата – тегін, аты – жөнін жасырып күн кешеді, себебі о заманда шапқыншылар, хан тұқымынан біреуді өлтіретін болса, артында кек алатын кісісі қалмасын деп, бесіктегі баласына дейін құртып отырған. Шоқан Уәлихановтың жазуы бойынша Әбілмансұр «жақсылық руынан шыққан бір бай қазаққа жалданыпты». Ал тарихшы Мұхамеджан Тынышбаев болса «1725 жылы қаңғыбас бала сабалақ, кейіннен атақты хан болған Абылай Төле бидің түйесін баққан». /М. Тынышбаев. Қазақ халқы тарихынан мәліметтер. Қарағанды жастары. Арнаулы басылым. 1990 ж. З.Б/
«Абылай заманың шежірешісі Бұқар Жырау:
Ай Айбылай, Айбылай,
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет төренің
Қызметкері болып жүр едің.
Қалтақтап жүріп күнелткен
Үйісін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің» деп жырлауы тегін болмаған.
«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламадан» кейін елдің бірте – бірте есі кіре бастайды. Осы тұста айта кеткеніміз жөн 1698 ж. басталған жоңғар, ойрат, қалмақ пен қазақтар соғысы үздік – создық, өршіп басылып елу жылдан астам созылған. Осы түстарда халық мүддесін ту ғып ұстап, «көптің жоқшысы» болған ел каһармандары қазақ даласының қай бұрышынан болса да шығып бой көрсетті. Азаттыққа ұмтылудың бір мысалы Ақтамберді жыраудың «Күлдір – күлдір кісінетіп Күренді мінер ме екеміз». жырында да кездеседі.

Онда: Күлдір – күлдір кісінетіп


Күреңді мінер ме екеміз.
Күдеріден бау тағып.
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!
Қоныраулы найза қолға алып.
Қоңыр салқын төске алып.
Қол төңкерер ме екеміз.
Жалаулы найза қолға алып.

Жау қашырар ма екеміз - деп арман қылады. Қайрат – қимыл ел басшыларынан шықты. 1726 жылы үш жүздін жақсылары мен жайсандары Шымкенттің батысында Ордабасы тауында бас қосып, ымыраға келді. Жаумен соғысуға мәмлеге келді. Бұл ұйымдастырушылыққа сауын айтып, басы – қасында Ұлы жүз Төле Әлібекұлы /1663 – 1756 жж/. Орта жүз Қазыбек Келдібекұлы /1667 – 1765 жж/. және Кіші жүз Әйтеке /Айтық/ Бәйбекұлы /1688 – 1748 жж/ көш басшылық етіп, тірлік пен бірлік, каһармандық пен ерлікке ұйтқы болды. Бас қолбасшысы кіші жүздін ханы Әбілқайыр, әскер басы болып Богембай батыр сайланды. Боралдай мен Қошқар ата өзендерінің бойына жиналған қазақ ұландары әскери жаттығулар өткізді.


Осы жылы қазақ қолы Бұланты өзенің бойында Қара – сиыр деген жерде қалмаққа бірінші рет соққы берді. Онда «Қалмақ қырылған» деген жер бар. 1729 жылы Балқаш көлінен он екі шақырым жердегі Итішпес көлінің жанында Ақрақай шайқасында қазақтардың біріккен қолы тағы да жеңіске жетті. Осы соғыста он сегіз жасар Сабалақ жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры Шырышты /оны Қалдан – Сереннің ұлы деп те атайды/ өлтіріп жауға атасы «Абылайлап» ат қойып «кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып, тұйғынша түйіліп, үш кіріп, үш шығып қалмақты торғайдай тоздырып, іріген ірімшіктей бытыратып жіберді» - дейді. Абылайдың Шарышпен жекпе – жегі дастандар мен жырларда көп орын алған. / Ол 1985 жылғы Қытайда басылып шыққан Оразанбай Егеубай ұлының «Абылай» жыры, Абайдың туысы Көкбай ақынның «Сабалақ» дастаны т.б.
Сабалақ осы жеңістен кейін Абылай атанады. Ол атқа заңдылық берген Әбілмәмбет хан. Жеңіске жеткен белгісіз батырды хан өзіне шақыртады.
Онда ол: Шырағым, неге шаптың «Абылайлап?»
Босады жүйкем қатты, ағамды ойлап.
«Әкең кім? Ел жұртың кім? Туғаның кім?
Жөніңді бастан аяқ айтшы жайлап.
Бала айтты қазақ, қалмақ ерегісі
Мұндайда ердің қозар делебесі
Қысылған соң аузыма түсіп кетті.
Атам – Абылай, мен болам - немересі».
Көкбай дастаның соңында Әбілмәмбет «ой бауырым» - деп Сабалақпен жылап көрісіп, «жәмиғат, тақыт иесі осы» деп өз орнын береді.
Абылай хан тағынан бас тартып Абылай сұлтан атанады.Тек 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткеннен соң ғана хан сайланды.
Сол Абылай заманын ақын М. Жұмабаев «Батыр Баян» жырында былай деп суреттеген:
Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалын қалмақ
Артында ор, алдында көр, жан – жағы жау.
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?!
Осы тұйықтан шығуда Абылай көп күресті. Абылай отыз жасқа жетпей ел билігіне араласты. Абылай – сұлтан атанды. Ол бойында артық еті жоқ ширақ, шапшаң, кескінді, ашаң жүзді, күлсе өмір бойы қабақ шытпайтындай, ал каһарға мінсе өмірі күмейтін шығар деп ойлайтындай адам болған. 1741 жылы Абылайды аңдып жүрген ойраттар үстап алып Қалдан – Сереннің қолында тұтқын ретінде аяқ – қолы кісенделіп екі жыл бойы зынданда жатады.Тек Орта жүздің биі Қаз дауысты Қазбек бидің елшілігімен 1743 жылы босанып шығады. Кепілдікке қазақтың он атақты адамдарының балалары «ақ үйлі аманат» ретінде жоңғарларға тапсырылды. Уақытша бітім жасалып негізгі шарт ретінде Қазақ жері Ресей бодандығынан кетіп Жоңғария үстемдігіне бас июге тиісті болды.
Абылай ұлттың әскердің он талапқа сай құрылуын жөнге келтірді.
1.Күресте жеңу.

  1. Аударыспақта басым түсу.

  2. Садақ тартқанда құралай көзіне тигізу.

  3. Құрықпен шоқпармен өнер көрсету.

  4. Асау атты үйрету

  5. Бүркітпен түлкі алу.

  6. Ат жарыста мәреге алғаш жету.

  7. Қылыштасуда көзге түсу.

  8. Найзалауда жауын қанбақтай ұшыру.

  9. Найза атуда нысанаға дөп тигізу.

Оның тұсында жауынгерлік сайыстар, жекпе – жектер өткізіліп тұрған. Осының бәрі екі аждаһадан /Ресей мен Жоңғардан/ қазақты аман есен алып қалушылық еді.
Абылайдың айналасына қазақ батырлары жиылды.
Қара Керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақ ұлы Жәнібек,
Шапырашты Наурызбай,
Шұбыртпалы Ағыбай т. б.
Осының бәрі аттары аңызға айналған батырлар. Абылай қытай империясымен елшілікте зор табысқа жетіп, 1755 жылы келісім бойынша 1736 – 1758 жылдары қытай әскерінің көмегімен /90 мың МыңШың бастаған қытай қолы/ бір жағынан қазақ әскерлері қалмақты біржолата талқандады. /Тарихта 1 млн. қалмақ өлтірілген/. Елдің болашағын ескерген Абылай өз заманында үш жүздің басын біріктірді. Кімнің жау, кімнің дос екенін көрсетіп кетті. Ол 1781 жылы дүниеден өтті.
Жаңа жоғарыда айтқан Абылай хан батырларының бірі, елімізде 1991 жылы туғанына 300 жыл толу мерей тойы тойлаған батыр Қара керей Қабанбай. Оның азан шақырып қойған аты – Ерасыл, ол 1691 жылы туып 1769 жылы 78 жасында қайтыс болған.
Ол көп соғыстарға қатысты. Бәрі жоңғар шапқыншыларына байланысты болды. Өйткені олар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы бір қыдыру жерлерін жаулап алған еді.
1724 жылы Түркістан қаласы үшін соғыс. 1725 жылы «Әйгілі Алакөл шайқасы». 1728 жылы Шұбар теңіз жағасындағы шайқас. 1729 жылы Бұланты өзенің бойндағы және Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Итішпес көлі бойындағы шайқас . 1730 жылы Іле өзенің бойындағы шайқас. 1750 жылдың аяғына қарай Жоңғар қақпасындағы соңғы шайқас, осының бәрінде де батыр Қабанбай көп ерліктер жасады. Ол жоңғарларға қарсы соғысқа 103 рет кірген. Оған Абылай хан «Дара боз», «Хан батыр Қабанбай», деген құрметті атақтар да берген. Қабанбайдың «Кубас» атты аты болған. Ол онымен 40 жылға тарта серік болған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет