«Келісілген» «Бекітемін» ҚР спорт және «Ордабасы» командалық дене шынықтыру ойынының Қазақстандық



бет1/9
Дата08.06.2018
өлшемі3,2 Mb.
#41721
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Келісілген» «Бекітемін»

ҚР спорт және «Ордабасы» командалық

дене шынықтыру ойынының Қазақстандық

істері бойынша Агенттігі федерациясы» Президенті

төрағасының орынбасары

Т.К. Есентаев __________________ Р.Исмазов

«__»__________2013 жыл «___»___________2013 жыл

«Ордабасы»

Ұлттық командалық

спорт ойынының

Ережелері


Тараз қ.

«Ордабасы» командалық спорт ойынының

жалпы қағидалары

«Ордабасы» - орта ғасырдағы ру немесе орданың туы тігілген ру немесе Орда басының (хан, бек, батырдың) шатыры (қосы).

«Ордабасы» ойыны қазақ халқының балалар мен жастарды патриоттық, өз жеріне деген махаббат рухында тәрбиесінің ежелгі салт-дәстүрлерін ашып, байланыстырады және оларда мемлекет рәміздері мен өз елінің абыройын қорғауда ерлік пен батылдықты шынықтырады.

«Ордабасы» командалық ойыны – бұл арнайы құрастырылған ережелері, киім-кешегі, тыйым салынған және рұқсат берілгін әрекеттері, төрешілер алқасы және ойын алаңының белгіленген өлшемі бар жаңғыртылған қарусыз шайқастың нұсқасы. Бұл ойындағы спортшылардың негізгі мақсаты –өзінің «қосын» және «туын» сақтап қалып, қорғау немесе шығыс жекпе-жек элементтері мен тәсілдерін пайдаланып, қарсыластарының «туын» тартып алып, өз аумағына әкелу.

Ойын ережелерін ойында шығыс жекпе-жегінің көптеген түрлерінің (қазақша күрес, жекпе-жек және т.б.) қатысу мүмкіндігімен «Ордабасы» командалық ойынының Қазақстандық федерациясы» РҚБ құрастырды.

Жіктелуі бойынша «Ордабасы» ойыны командалық қимыл ойындарына жатады.

Жарыстарды өткізу орны мен ойын алаңының өлшемі

«Ордабасы» командалық ойыны өз мүмкіндіктері бойынша әмбебап. Жарыстарды өткізу орны әр түрлі өлшемді алаңдар бола алады: ойын алаңының ең кіші өлшемі – бала бақшасының спортзалы немесе мектеп спортзалы, ең үлкен өлшемі – стадионның футбол алаңы. Сонымен бірге жарыстарды аула балалар алаңында, баскетбол, волейбол алаңдарында, жағажайда және т.б. өткізуге болады. Толық ойынның басты шарты – әрбір ойын алаңында нақты түрде алаң бөлігінің сызығы (ортасы) және ойын алаңының шекаралары анықталуы қажет. ( А, Б суреттерін қара)





Қызылдардың аумағы Көктердің аумағы

№ А суреті

Ойын алаңы тікбұрышты болуы қажет (стандарт - 7м-14м), ал алаң бөлігінің сызығы ойын алаңының нақты ортасында орналасып, ашық түспен айқын белгіленуі тиіс.

Ойын алаңы үшін негіз болйып– «даянг» (жуандығы 2,5-3мм кем емес), «татами» немесе жасанды шөп бола алады, себебі ойын кезінде аударылып түсу, лақтыру және жығылу қолданылады.

Екі бөлікке бөлінген алаң екі команда әрқайсысының жеке аумағы болып табылады (ойын кезінде). Ол жерде әрбір команда ойын барысында жеке басымдыққа ие болады. Әрбір команданың аумағында ойын алаңының басында «Ордабасы» құрылғысы орналастырылады. .

«Ордабасы» құрылғысы

«Ордабасы» құрылғысы екі бөліктен тұрады – «қос» және «ту».

«Қос» құрылғысы – бұл жоғары жақтан түзулетіп кесілген, іші қуыс, сеігз қырлы призма, пішіні бойынша жоғары жаққа созылған шатыр тәрізді. Призманың жоғарғы жазықтығында, дәл ортасында, диаметрі 25 мм дөңгелек саңылау орналасқан (1.А сур.). Бұл саңылауға ойын алдында «ту» құрылғысының сабы салындаы (1.Б сур.). «Ту» сабының диаметрі 20-22мм аспауы қажет, себебі ойын кезінде ол «қос» құрылғысынан еркін шығарылуы керек ( 2 сур.).

«Қос» құрылғысы жеңілдетілген материалдан жасалынады: пластмасса немесе полипропилен. Құрылғыда ешқандай үшкір бұрышы мен темір заттары болмауы тиіс, барлық қырлары мен бұрыштары сопақ пішінді болуы керек.

«Ту» сабы ағаштан немесе пластмассадан жасалынуы тиіс, ұзындығы 35-40см, диаметрі 20-22мм, ұштары мен қырлары сопақ пішінді болады. «Тудың» жоғарғы жағы жібек матадан тігіледі, үшбұрышты және әртүрлі белгілер мен суреттерсіз болады.

Әрбір команданың «Ордабасы» құрылғысы әр түрлі түсті болады: қызыл және көк, «тулары» да осыған сәйкес болады.



«Қос» және «ту» құрылғысы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет