«Сәлемдесу!» командасы «Дайындал!» командасы
Ойын басында немесе ойын кезінде команда өкілі немесе капитанының ойынды жүргізу тактикасы мен стратегиясын талқылау үшін бір минут уақыт алуына құқығы бар. Ол үшін оң қолын көтеріп «Тайм-аут» деп дауыс беруі керек. Одан кейін төрешілер ойын мен ойын уақытын толық бір минутқа тоқтатады. Ал команда өзінің алдағы әрекеттерін талқылауына немесе ойыншыны ауыстыруына болады. Ойыншыны ауыстыру тек спортшы жарақат алған жағдайда немесе команда капитанының (немесе команданың бас жаттықтырушының) шешімі бойынша рұқсат беріледі.
Әрбір команда үшін «Тайм-аут» әр таймда бір рет қана алуға рұқсат беріледі.
Ойынның негізгі ережелері
«Ордабасы» командалық ойынның ережелері спортшыларда командалық рухтың, өзара қолдау көрсету сезімі мен стратегиялық ойлау қабілетін дамыту мақсатында құрастырылған.
Осы командалық ойынында жеңіске жету үшін спортшыда қажетті дене дайындығы, техника мен төзімділіктің болуынан басқа, өзінің «Қосы» (Ордабасы) және «Туы» үшін жоғары жауапкершілік сезімі болуы тиіс.
Қарсыластары қарама-қарсы команданың «туын» тартып алып өз аумағына алып келген жағдайда команда жеңіліске ұшырайды. Сондықтан әрбір ойыншының міндеті өзінің «қосы» мен «туын» қорғап, сақтап қалу немесе өз қарсыластарының «туын» тартып алып, өз аумағына, ойын алаңы бөлігінің сызығынан өткізіп әкелу.
«Ордабасы» ойынына қатысу үшін төмендегі міндетті ережелер қатаң сақталуы қажет:
№ 1 Ереже
Жарысқа қатысу үшін міндетті түрді қатысушының тұлғасын куәландыратын құжат тапсырылады (туу туралы кәлік, төлқұжат), жас категориясы «Ордабасы» командалық ойын ережелерінің талаптарына қатаң түрде сәйкес болуы тиіс.
Спортшылардың саны, ойын басында, әрбір командада тең болуы қажет - 4 адамнан 12 адамға дейін, ойын алаңынан байланысты, стандарт алаңында (7-14м.) 6 адамнан.
№2 Ереже
Ойын немесе тайм аяқталған деп есептеледі, егер төмендегі ережелер сақталса:
-қарама-қарсы команданың ойыншылары басқа команданың «туын» өз аумағына, алаң бөлігінің сызығынан (шекарасынан) өткізсе;
- ойын барысында – қарама-қарсы команданың барлық спортшыларын басқа команданың ойыншылары жықса;
- таймға берілген уақыт аяқталуда, бірақ ешбір команда қарсыластырының «туын» өз аумағына әкелмеді – командалар ойынды селқос жүргізгені үшін дисквалификацияланады.
№ 3 Ереже
Егер ойыншы басына қарама-қарсы команданың ойыншысының аяқпен немесе қолмен жасаған нақты бір соққысын жіберіп алса, онда ол ойыннан «ұшырылған» деп есептеледі (ойыншылар кімнің аумағында болғаны маңызды). Тұру күйінде, солай жатқан күйінде басынан жасалған нақты белгіленген соққылар есепке алынады. Түйісуді асыруға тыйым салынған және қатаң жазаланады. Ең алғашқы түйісуді асырған жағдайда спортшы тайм немесе ойын уақытын дисквалифицияланады. Басына соққыны жіберген спортшы қолын көтеріп өз бетінше алаң шетіне шығуы керек.
Спортшы соққыны сезбеген немесе ойын алаңынан қуылмаған жағдайда - орталық немесе шеткі төрешілер ойынды тоқтатып, ойыншыны шығарады («Төрешілік ережелері» бөлімін қара).
№ 4 Ереже
«Ордабасы» ойынында қарсыластын аумағына өту өте маңызды кезең болып табылады. Егер спортшы екі аяғымен алаң бөлігі шекарасының сызығынан (ортасы) өтсе, ол бөтен аумаққа өту деп есептеледі. Алаң бөлігінің сызығынан бір аяғымен өтсе, ол өту деп есептелмейді.
Ойын барысында бөтен аумаққа алаң бөлігінің шекарасынан өткен қарсыластар өздерінің қарсылас алдында өз басымдықтарынан айырылады:
- олар қарсыластарын тек басынан аяқпен соққы жасаумен ғана «ұшыратады» (түйісу белгеленген – нокаут немесе нокдаунға тыйым салынған);
- ал қарсыластары үстем болады – олар басқа команданың спортшыларын басынан аяқпен де, қолмен де жасаған соққымен ойыннан «ұшыратады» (түйісу белгіленген).
Осылай кері тәртіппен: өз аумағында бола тұрып ойыншылар өздерінің қарсыластарына қарағанда үстем болады.
№ 5 Ереже
Ойын барысында спортшылар алаң бөлігінің сызықтары мен шкараларын нақты көріп, сақтауы қажет. Алаң сызығынан әдейі және байқаусыз шығуға рұқсат берілмейді. Егер спортшы екі аяғымен ойын алаңы шекарасының сызғынан өтсе, шығу деп есептеледі, ал бір аяғымен өтсе, есептелмейді.
Ойын алаңы шекарасының сызығынан қандай да бір шығуында спортшы тайм уақытына ойыннан автоматты түрде шығарылады. Алаң шектерінде жасалған әрекеттер есептелмейді.
Жарақат, техникалық ақау және дау кезеңдері болған жағдайда тайм мен ойын уақыты тоқтаталады.
Рұқсат берілген әрекеттер.
«Ордабасы» ойынында жекпе-жектің барлық түрлері мен стильдері біріктіріледі. Бұл ойынға қазақша күреспен, жекпе-жекпен және т.б. түрлерімен айналысатын спортшылар қатыса алады, себебі ойын барысында жоғарыда аталған жекпе-жек түрлерінің техникасы мен тәсілдері қолданылады.
Бұл ойында келесі әрекеттерге рұқсат беріледі:
басына аяқпен белгіленген соққылар (қорғалған бөлігіне)-тік, шеткі, бұрылып, секіріп, секіргенде бұрылып; тұру күйінде, солай жатқан күйінде басына жасалған соққылар есептеледі;
басына қолмен белгіленген соққылар – жұдырықпен және қол буынының сырт жағымен (кейбір жағдайда, кіші жастағы балалар ойындары немесе қолқапсыз– қол буынының ішкі жағымен немесе саусақтармен жанап өту рұқсат беріледі),тұру және жатқан күйінде, егер ойыншы бөтен аумағында болса;
тұрқысына аяқ және қолмен соққылар (қарсыласының демін түсіріп- рұқсат беріледі, егер 10 секунд ішінде демін жоғалтқан қатысушы қалпына келмесе, ол ойыннан ұшырылған деп есептеледі);
аударылып түсу; қарсыласын тепе-теңдіктен шығару және басынан соғу мақсатында шалу және қармау;
қолмен қамалау; аяғынан, қолынан, киімінен қармау; қарсыласын өз аумағына тарту – тәсілді жүргізу мақсатымен (басынан соққы беру);
ойыншылар өз командасының спортшысына қарсыластың шабуылы туралы дауыспен алдын ала сақтандырыла алады («бірінші!», «бесінші!» және т.б. нөмірлері бойынша) (ойын барысында басқа дауыстарға тыйым салынған);
төтенше жағдайларында тактикалық әрекеттер жасау мақсатында бөтен команданың «жалаушасын» өз командасының ойыншысына колма-қол беруге (лақтыруға тыйым салынған);
«даянг» немесе ойын алаңы шекарасына бір аяқпен басуға;
жатқан күйінде қорғануға және аяқпен, қолмен белгіленген соққылар жасауға.
Ойын алаңында жасалған басқа барлық әрекеттер, рұқсат берілгендерден басқа, тыйым салынған әрекеттеріне жатқызылуы мүмкін немесе төрешілер алқасымен қарастырылады.
Рұқсат берілгін әрекеттер мен соққылар.
Тұрқыға аяқпен соққы (1 сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |