Әлеуметтік өзгеріс



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі25,34 Kb.
#185953
  1   2
Байланысты:
леуметтік згеріс


Тапсырмалар:
1. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары
2. Әлеуметтік өзгерістердің құрамдас бөліктері
3. Гомогенизация және унификация
Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет