Әлеуметтік педагогика пәні


Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс



бет5/5
Дата26.01.2022
өлшемі45,13 Kb.
#129882
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек 1

Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік педагогика ғылымын зерттеу және оның теориялық-тәжірибелік нәтижелеріне өмірде пайдалану қажеттілігі туып отыр. Әлеуметтік педагогика ғылыми тұрғыдан зерттеулер шетелдерде дұрыс жолға қойылған. Әлеуметтік педагогика мәселелері соңғы кезде Қазақстанда да қолданылып, ғылыми ізденіс жұмыстары жүргізілуде және осы ғылым саласының нәтижелері жоғарғы оқу орындарында арнайы педагогикалық мамандықтарда базалық пән ретінде оқытылып, студенттерді осы бағыттағы білімдермен қаруландыруда.

Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуының нақты сипаттамасының негізінде жалпы азаматтық қажеттілік жатыр. Ұрпақтың жалғасуы мен сақталуы, атадан балаға әлеуметтік құнды тәжірбиені беру және соңғыларын осының негізінде өз бетімен еңбек ету дайындау. Әлеуметтік – педагогикалық жұмыстар «саналы адамның» қалыптасуының, оның әлеуметтік ырықсыз сезімдерінің дамуының қайнар көзі.

Әлеуметтік педагогиканың тағы бір қызметінің ерекшелігі: ересектердің балаларды қоғамдық қарым-қатнасқа жүйесіне ену үрдісіне көмектесуі, оған бейімделуі болып табылады. Тәрбиемен әлеуметтену тұтастай алынғанда, жас ұрпақты қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау қажеттілігінен туып, ілгері дами да, адамзат қоғамының өркенниеттілігі қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік педагогика ғылымы объективті білімді өндіруге және жүйелеуге, сонымен қатар ақиқат жайлы көрініске бағытталған адамзаттық іс-әрекеттің сферасы ретінде жаңа ғылым саласы болып саналады.

Әлеуметтік педагогиканы ғылым ретіндегі ерекшелігін түсіну үшін, ол нені зерттейді және өзіндік зерттеу аймағын бөліп көрсету қажет.

Ғылымның қандай саласы болмасын зерттеу объектісі ретінде өмірдегі қандай да бір жағдайдағы нақты әрекет алынады. Ал, пәні ретінде зерттеу объектісінің қызметі мен даму заңдылықтарын теориялық тұрғыда талдау болып саланады. Сондықтан зерттеу объектісі ретінде шындықтың объективті көрінісі болса, пәні ретінде – осы шындықты меңгеру, түсіну нәтижесі болады.

Бір объект бірнеше ғылыммен зерттелуі мүмкін. Мысалы, адам биологияның, философияның, психологияның, әлеуметтанудың, педагогиканың және тағы да басқа ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Бірақ, әр ғылымда өзінің зерттеу пәні болады, яғни объекттің ішінде нені зерттеуі, бұл жағдайда – адамда. Осыдан, психология адамның психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмдерін, педагогика – тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің заңдылықтарын және т.б. зерттейді. Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі мен пәнін анықтамас бұрын, «әлеуметтік педагогика» терминінің өзіне тоқталайық. Көріп тұрғандай, бұл ұғым екі сөзден құралған – «педагогика» және «әлеуметтік». Мұндай екі ұғымды біріктіру жай емес, ол ғылымда дифференциация және интеграция үрдістерімен байланысты. Жаңа білімнің өсуі, шынайы өмірге ғылыми ойлардың ену сферасының кеңеюінің көлемі бойынша, жаңа мәселелердің және қоғам қажеттіліктерінің пайда болу көлемі бойынша ғылымның мамандануы мен дифференциациялануының тенденциясы байқалады, яғни негізгі ғылымды өз бетті дамитын жекешелеу аймақтар қатарына бөлу. Басқа жағынан, мәселелер қатарын шешуде, бір объектті, бірақ әртүрлі көзқараспен зерттеуші, өз бетті ғылымдар қатарын біріктіруші интеграция құбылысы байқалады. Мысалы, педагогиканың әртүрлі ғылымдармен тоғысуында зертеудің өзбетті аймақтары анықталды: философиямен – білім беру философиясы, әлеуметтанумен – тәрбиелеу әлеуметтануы мен білім беру әлеуметтануы, психологиямен – педагогикалық психология. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Педагогика ғылымында дифференциация және мамандану үрдісі соңғы уақыттарда біршама күшейді. Кейбір мамандандырылған аймақтар педагогиканың өзбетті ғылыми салалары болып қалыптасты: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, арнайы педагогика, кәсіби педагогика, педагогика тарихы және т.б. соның ішіне әлеуметтік педагогика. Әлеуметтік педагогиканың педагогикадан жеке пән ретінде даралануы, педагогикамен зерттелетін, бірақ олар белгілі бір, өзгеше аспектпен қарастырылатын үрдістер мен құбылыстардың, оның көзқарасында болғаны жайлы айтады. Білгілі болғаны, бұл педагогикалық білімнің жаңа аймағының өзгешелігі «әлеуметтік» сөзінде көрсетілген.

«Әлеуметтік» ұғымы (лат. тілінен аударғанда ортақ, қоғамдық) адамның бірлескен өмірімен, оның қарым-қатынасының және өзара әрекеттесуінің әртүрлі түрлерімен байланысатынының барлығымен бірігеді. Осыған орай, егер педагогика – өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жайлы ғылым болса, ал әлеуметтік педагогика баланы қоғамда бірлескен өмірге кіріктірумен байланысқан тәрбиелеу мен білім беру үрдісіндегі аспекттер мен құбылыстарды белгілейді. Баланың қоғамға «ену» үрдісі, оның белгілі әлеуметтік тәжірибені (білім, құндылықтар, жүріс-тұрыс ережелері, нұсқама түрінде) иемденуі әлеуметтену деп аталады.

Баланың әлеуметтенуі – ұзақ жүретін және өте қиын үрдіс. Бір жағынан, кез келген қоғам өзінің әр даму кезеңінде әлеуметтік және адамгершілікті құндылықтарының белгілі жүйесін, өзінің мұрат-арманын, жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін өндіріп, ең алдымен, әр бала оларды қабылдап және меңгеріп, бұл қоғамда өмір сүре алу үшін және оның толыққанды мүшесі болуға өзі қызығушылық танытуы қажет. Бұл үшін бұл немесе басқа түрде қоғам тәрбиелеу мен білім беру арқылы тұлғаға мақсатты түрде әрекет етеді. Басқа жағынан, оның қалыптасуына қоршаған өмірде болып жатқан түрлі стихиялы, кенеттілік үрдістері үлкен әсер етеді. Сондықтан мұндай мақсатты түрде бағытталған және стихиялы әсер ету нәтижесінің жиынтығы ылғи болжамды емес және қоғам қызығушылықтарына ылғи жауап бере бермейді.

Өзінің құрылымы бойынша қоғам өзімен түрлі көптеген өзара байланысқан және өзара әрекеттесуші әлеуметтік институттарды көрсетеді – адамдардың қоғамдық өмірін бағыт-бағдарлау және ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан түрлері. Дәл осы арқылы бала қоғамдық нормалар мен жүріс-тұрыс ережелерін меңгеріп және бейімделеді.

Дегенмен түрлі әлеуметтік институттардың рөлі баланы әлеуметтендіруде бірдей емес. Бұлардың біреуі, баланың дамуы мен әлеуметтік қалыптасу процесі кезінде оған стихиялы әсер етеді, ал басқалары оның тұлға болып қалыптасуына мақсатты түрде бағытталған әрекет ету функциясын орындайды. Толығымен әлеуметтендіру институттары деп атауға болатын әлеуметтік институттарға отбасы, білім беру, мәдениет және діни ұстаным жатады.

Отбасы әлеуметтанудың негізгі институты болып келеді, ол арқылы бала өзіне бұл қоғамда өмірге қажетті негізгі әлеуметтік білімді меңгереді, адамгершілікті іскерлікті және дағдыны иеленеді, белгілі құндылықтар мен мұратты қабылдайды.

Басқа әлеуметтік институт, баланың нәтижелі әлеуметтенуінде маңыздылығы бар отбасы сияқты, бұл – білім беру. Бала білім беру арқылы да бұл қоғамда пір тұтылатын құндылыққа бейімделеді. Білім беру процесінде білім ала отырып, ол дами отыра, қоғамда өмір сүруге бейімделеді.

Мәдениет – адаммен құрылған барлық материалды және рухани құндылықтарды өзіне сіңіруші әлеуметтік институт. Баланың әлеуметтенуінде мәдениеттің рөлін айтсақ, танымал ғалым, орыс діни философиясының өкілі П.А. Флоренскийдің (1882-1937) сөзіне ереміз, оның тұжырымы бойынша «мәдениет – тұлғаны өсіруші және қоректендіруші орта». Бұл мағынада, балаға әсер етуді қайта бағалау қиынға түседі баланың қалыптасуы және даму үрдісінде мәдениет: әдебиет, музыка, көркем өнер, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.

Дін әлеуметтік институт ретінде өзімен қиын қоғамдық құбылысты, ерекше көрсетілімдердің, сезімдердің, діни қозғалыстардың, мекемелердің діндар адамдардың түрлі бірігулерінің тұтастай жүйесін көрсетеді. Шіркеу уағыздаушы (жақын адамға махаббат және күтушілік, шынайылық, шыдамдылық және т.б.) мәңгі адамгершілік құндылықтары, діни мейрамдар мен дәстүрлер, діни музыка және т.б. баланың қоғамдық моральды нормаларды, онда жүріс-тұрыстың ережелерін игеруге үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да баланы әлеуметтендіру үрдісінде дін маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Баланың әлеуметтенуінде түрлі әлеуметтік институттардың тарихи ұғымы өзгереді. Қоғам дамуының түрлі даму кезеңдерінде бұл немесе басқа институттардың маңыздылығы азды, көпті болып келеді. ХХ ғасырлар бойы даму мысалынан келтіруге болады, бұлар үш кезеңге шартты түрде бөлінеді: кеңес өкіметіне дейін, кеңестік және кеңестік кезеңнен кейінгі.

Кеңес өкіметіне дейінгі кезеңде баланың адамгершілігінің қалыптасуына және оның қоғамға интеграциялануына үлкен әсерін отбасы мен дін тигізді.

Екінші кезеңде білім беру мен мәдениеттің рөлі өсуде. Отбасылықтың алдында қоғамдық тәрбиенің басымдылығын жариялау тәрбиенің ауырлық орталығын отбасыдан мектепке ауыстырды

Кеңестік кезеңнен кейінгі кезеңде баланың әлеуметтенуінде бұрынғыдай білім берудің маңызды рөлі сақталуда. Осыған орай отбасы мен діннің маңыздылығы арта түсті. Бірақ мәдениет рөлі біршама өзгерді, бұның деидеологизациясы бала тұлғасына әсер етуінен балада стихиялы, кенеттілік мінез пайда болуға әкеп соқты.

Егер әлеуметтік институттар өздерінің міндеттерін оңды орындаса, онда баланың әлеуметтену үрдісі «табиғи жолмен» жүреді. Дегенмен бұл процесте «кедергілер» болуы мүмкін, бұның себебі тұлғаның қалыптасуына мақсатты түрде әсер ету міндетін орындамайтын баланың өзінде немесе әлеуметтік институтқа негізделген. Мысалы, туғанынан соқыр және құлағы естімейтін балаға немесе ақыл-ойының дамуында кемшілігі анық көрінетін бала, дені сау балаға қарағанда, әлеуметтену үрдісі қиындырақ болып келеді, ал ата-анасы маскүнем және олардың жағынан жағымсыз әсерін байқайтын балалардың да әлеуметтену үрдісі біршама қиындатылады. Осы және алдыңғы жағдайда да балаға көмек қажет болады.

Әлеуметтік педагогика объективті, нақтылы ғылыми-әдіснамалық және ғылыми практикалық негіздерге сүйенеді. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық мәдениеті әрбір компоненттің маңызды элементі болып табылады.Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің өзіндік ерекшелігі мен мамандық айырмашылығы әлеуметтік педагогиканың өнер ретіндегі мәселені де көлденең тартады.

«Әлеуметтік педагогика» және «әлеуметтік жұмыс» ұғымдары практикада кеңінен қолданылып келеді. Бұл ұғымдарды мазмұндық жағынан бірдей деп санауға болмайды. Өйткені әлеуметтік жұмыс әлеуметтік педагогиканың бір бөлігі ғана болып табылады. Бұл тұста барлық ғалымдар көзқарасындағы ортақтық – әлеуметтік педагогика қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтік тәрбиесінің проблемаларын тұтастай, соның ішінде әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясат проблемаларын да тұтастықта қамтитытындығында екендігін мойындағандығында. Осылай болса, әлеуметтік педагогика – кешенді, интеграциялық ғылым.

Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтік тәрбиесін, яғни бүкіл өмірі барысындағы әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалының нәтижесін қарастыратындықтан, бүгінгі педагогикалық еңбектерде «тәрбие» ұғымының өзі «әлеуметтендіру» ұғымымен қатар өзара сабақтастықта қарастырылып жүр. Тәрбиелеу, әлеуметтендіру түсініктерінің мақсат-міндеттері өте жақын. Адамның әлеуметтік тәрбиесінің қоғамдағы орны мен, рөлін анықтау оның «даму», «әлеуметтендіру» процестері арқылы анықталады.

Әлеуметтік педагогика пәнінің зерттеу объектісі – адамның әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негізінде оның қоғамдағы даму процесі болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты – өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге технологияларды жасау.

Ал, әлеуметтік педагогика пәні – адамның әлеуметтенуінің және оның қоғамға бейімделуінің педагогикалақ аспектісі болып табылады. Г. Нол мен Г. Боймер әлеуметтік педагогика пәнін анықтау барысында кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтың алдын алу және панасыз балаларға әлеуметтік көмек көрсету деп тұжырымдайды. Әлеуметтік педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуі негізінде қалыптасу, қоғамға толық ену ретіндегі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын ынталандыру мақсатын, міндетін, мәнін, мазмұны мен принциптерін, әдістері мен формаларын зерттейді.

Әлеуметтік педагогика өзінің пәндік өрісіне ие және ғылым ретіндегі өзіндік міндеттері айқындалған. Олар:

– тұлғаның даралық дамуын гармониялы бірлікте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;

– тұлғаның дамуы мен әлеуметтендіру процесіне әсер етуші қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;

– тұлғаның қоғамға және әлеуметтендіру процесіндегі педагогикалық ғылымдардың көпжақты әсерінің мүмкіндіктерін реттеу;

– әлеуметтік ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың марттарын және тәсілдерін зерттеу;

– тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін тісіндіру;

– адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;

– тұлғының дамуы мен өзін өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;

– әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.

Неміс зерттеушісі П. Наторптың пікірінше, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселелерін зерттеу әлеуметтік педагогиканың міндетіне жатады. Х. Мискестің тұжырымы бойынша әлеуметтік педагогка жалпы педагогиканың әлеуметтік функциясын ашып көрсетеді барлық жасаралық топтардағы тәрбие процесін зерттейді. Е. Молленхауэр жастардың әлеуметтік жүйеге тез бейімделуіне көмектеседі деген ойды құптайды.

Адамның дамуын қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негізінде дамуын оның әлеуметтенуінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Әлеуметтену:

– адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы өмірдің әртүрлі жағдайларынан;

– адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы;

– тәрбиенің немесе адамның дамуының белгілі бір жағдайда мақсатты бағытталған процесі арқылы;

– адамның өзін-өзі тәрбиелуі немесе өзін-өзі дамытуы арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздеріне кең мағынада әлеуметтік педагогикаға қатысты алғанда әдіснамалық функцияны атқаратын білімдер, тұжырымдамалық, теориялық қағидалар жатады. Әлеуметтік педагогика қоршаған ортаның тұлғаны қалыптастыру мен оны тәрбиелуге тигізетін ықпалын зерттейтін педагогикалық білім бөлімі ретінде мектептен тыс жүргізілетін мақсатқа бағытталған процесті қарастыратын педагогика болып есептеледі.

А. П. Нечаев баланың психикалық дамуында тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие рөлін анықтауда тұлғаның психикалық даму барысындағы әлеуметтік факторларына ерекше назар аударады. Ғылыми санамен басқарылатын жалпы адамзаттың тіршілік ету ортасы В.И. Вернадский тарапынан ноосфера деп аталғаны белгілі. Тіршілік ортасы адам тарапынан ойлау және тұрмыстық жағдайларды талап етеді. Орта табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи орта «организм – орта» типіндегі экологиялық жүйе класына жатады. Осыған орай ноосфера табиғи және жасанды ортаның синтезі ретінде анықталады.

Әлеуметтік педогогика – әлеуметтендіру процесін білімдік-тәрбиелік құралдармен реттеудің және жүзеге асрудың танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтік болмыстың адам өмірі барысындағы мақсаты мен міндеттерін ықпалын қарастырады. Әлеуметтік саясат индивидтің қажеттілі негізіндегі әлеуметтендірудің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда адекватты түрдегі бағдарламаларды, оқу-тәрбие жүйелерін, әдістері мен құралдарын жасап, оларды тәрбиеге енгізеді. Әлеуметтік педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетуді өзміндетіне жатқызады.

Әлеуметтік педагогикалық тәрбие және тәжірибесінің нысаны – жеке дара және қоғамдық сипаттама бірлігін қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесі болып табылатын адам, ал оның пәні – адамның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектілері.

В. А. Никитин әлеуметтік педагогиканың социеталды, әлеуметтік орта және жеке даралық деңгейін ажыратып көрсетеді. Ресей ғалымы Я. Анурин социеталды қарым-қатынасқа: «... бұл адамдардың қандай да бір өзара ортақ қызығушылығы мен мүдделеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынастарының жүйесі. Ол нақтылы талаптармен шектелген тұрақты жүйе...» деп санайды. Әлеуметтік педагогика теориясы мен практикасының социеталды деңгейіндегі нысаны адамдардың салыстырмалы түрде алғандағы тұрақты қауымын құрайтын қоғам болып есептеледі, ал педагогикалық іс-қимылдардың ұйымдастырушысы, әрі оны дәйектілікпен жүзеге асырушысы, әрі оны дәйектілікпен жүзеге асырушы – мемлекет, алуан түрлі сана және қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар.

Әлеуметтік-педагогикалық теория практикасының екінші міндетінің нысаны – қоғамның әлеуметтік шеңбері, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т.б. болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әректті жүзеге асырудың белгілі құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру – сауықтыру, әлеуметтік тәрбие жұмыстарын т.б. ендіруге болады.

Әлеуметтік педагогиканың үшінші деңгейдегі нысаны – әлеуметтендірудің алуан түрлі сатылары мен деңгейдегі жеке адам болып табылады.



Жоғарыда аталған әлеуметтік педагогиканың деңгейлерінде нысан мақсаттарына байланысты білімдік-тәрбие жұмыстары мәселелері ерекше орын алады. Өйткені педагогикалық көмекке мұқтаж адамдардың меңгерген әлеуметтік қасиеттері дұрыс өмір сүруге кедергі жасауы әбден мүмкін. Әлеуметтендіру реті бұзылған адамдар әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі ерекше мәселелер типтерінің қамқорлығында болады. Осыған орай әлеуметтік педагогика және әлуметтік жұмыстың арақатынасы мәселелері күн тәртібінде маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі күні Қазақстанның өзінде 268 жетім балаларға арналған мекеме бар және бұларда Республика бойынша 38386 бала тәрбиеленуде. Солардың ішінде: 14052-сі мемлекеттік мекемелерде, 22067-сі отбасыларына қамқорлыққа берілгендер, 2267-сі патронтта.

Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысымызда тастанды балар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет