Әлеуметтік педагогика пәні
Әлеуметтік педагогика пәні, ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы
Қазақстандағы әлеуметтік педагогиканың дамуы
Қазақ халқындағы әлеуметтік тәрбие және әлеуметтендіруге байланысты салт-дәстүрлер.
Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік педагогика пәні, ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы
Әлеуметтік педагогика пәні – әлеуметтік қажеттілікке, әлеуметтендіруге байланысты біріккен жеке адамды, топты оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі.
ХVІІІ ғасырдың аяғында жеке тұлғаның дамуының бір кезеңі ретінде ерте жеткіншектік шақ бөлініп қарастырылып, жеткіншек балалар мен қыздар педагогиканың зерттеу объектісіне айналды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамдық тәрбие жүйесі мен педагогиканың мазмұндық ауқымы кеңейе түсті.
- біріншіден жастар мен ересек жастағы адамдардың тәрбиесі;
- екіншіден әр түрлі жастағы адамдарды қайта тәрбиелеу және бейімдеу.
«Әлеуметтік педагогика» ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырда неміс педагогы А.Дистервег енгізген. Бірақ көп уақыт салып әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми педагогикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г.Нол, Г.Боймер есімен байланысты болды.
Ресейде әлеуметтік педагогика ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдары мектеп пен өмірді және әлеуметтік ортамен байланыстыру негізінде жүзеге асырылып отырады. Бұл идеяны Ресей педагогы С.Т.Шацкий теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық тұрғыдан жүзеге асырды. Дегенмен, тәжірибеде қарапайым түрде қарастырылады.
Әлеуметтік педагогика – педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде адамдар, топтар, ұжымдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас заңдылықтары мен іс-әрекет барысындағы мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеумен де айналысады.
Кеңес дәуірінде «әлеуметтік педагогика» деген ұғым болған жоқ. Ал, педагогикалық энциклопедияда (1968) «әлеуметтік педагогика буржуазиялық педагогиканың бір бағыты ретінде әлеуметтік – педагогикалық мәселелердің шегін зерттеумен айналысады», - делінген. Дегенмен, жеке адамға білім беру мен оны тәрбиелеу қоғаммен, қоғам заңдылықтарымен тығыз байланысты. Әлеуметтік – педагогикалық ойлар мен тәжірибе өз дамуында әр түрлі кезеңдерден өтті.
Ерте Шығыстағы (Месопотомия, Египет, Индия, Қытай) тәрбие мен білім беру саласының дамуы б.э.д. ІІІ мыңжылдығында Шумер, Вавилон, Ассирия сияқты мемлекеттердің қалалары пайда болып, онда патриархалды – отбасы тәрбиесі дәстүрлі дамыды. Вавилондық царь Хаммурапидің (б.э.д. 1792-1750) заңы бойынша тәрбие ата-ананың міндеті болып есептелініп, ұлын өмірге даярлап, кәсіпке үйретуге әкесі жауап беретін болды. Кейінірек тәрбие қоғамның әлеуметтік қызметі ретінде бөлек бөлініп шықты.
Египетте тәрбие мемлекеттің қажеттілігіне сай дамыды, ал білім елдің саяси жүйесін көсету құралы ретінде болды. Ертедегі Египетте дәстүрлі отбасы тәрбиесінің негізінде чиновниктерді даярлау тәжірибесі алынды. Тәжірибелі әкімшілік қызметкер өзіне «ұл» қылып бірнеше жас жеткіншектерді алып, басқару технологиясына, құжаттарды толтыруға үйретіп, адамгершілік және діни танымдармен таныстырды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі, бай адамдардың балалары тақ мұрагерімен бірге хан сарайында тәрбиеленді.
ХVІ ғасырдың орта хандық дәуірінде (б.э.д.) балаларға көбіне дене тәрбиесі және әскери жаттығулар және сарай тәртібі мен мінез-құлық ережелері үйретілді.
Египетте жаңа мемлекеттер пайда болды. Онда оқушылар білім деңгейі мен жас кезеңіне қарай топтарға бөлінді. Осы кезеңнен бастап Египетте білім берудің негізгі мақсаты: әлеуметтік жоғары деңгейге жету болды. Ертедегі Египетте мектептегі білім беру жүйесі екі деңгейлі болды. Оның біріншісіне балалар оқу және жазу дағдысын меңгеретін қарапайым мектеп жатса, екіншісін жеткіншектердің мұғалімдерге «көмекші» болуы құрады. Ерте египеттік білім беру оқушылық және отбасылық тәрбие дәстүрін сақтап, мұғалімдерді «әке» деп, оқушыларды «ұлым» деп атады. Мектепте оқушыларды мәдениеттілікке, шешендікке, басқаларды тыңдай білуге үйретті.
Ертедегі үнді тарихы негізгі екі кезеңге бөлініп, олар дравидтік-арийстік және буддийстік деп аталынды. Тәрбиелеу мен білім берудің бірінші кезеңі отбасылық сословиялық сипатта болды. Мектептік білім б.э.д. ІІ-ші мыңжылдықтары пайда болды. Тәрбие мен білім дамуының негізгі факторы брахманизмнің діни саясаты индуизм болды. Индуизм – бұл тек дін ғана емес, өмірге деген көзқарас, этникалық ереже мен әлеуметтік жүйе, мерекелер мен салт-дәстүрлердің бірлігі болды.
Ертедегі үнді тарихының екінші кезеңіндегі тәрбиеге діни-философиялық ілім-буддизм әсер етті. Буддиялық мораль адамдардың туғаннан бірдей болуын және өтірік, ұрлық, зорлық зомбылық, ішімдіктен аулақ болуын қалады.
Ертедегі Қытайда білім беру мен тәрбиелеу жөнінде құнды тәжірибе жинақталып, педагогикалық ойдың дамуына ерекше әсер етті. Мұнда б.э.д. VІ ғасырда бірінші философиялық бағыттар қалыптасты. Соның ішінде негізінен белгілі болған конфуцианизм және даосизмді атауға болады. Осы уақытқа дейін Қытайда жинақталған педагогикалық бай тәжірибенің ары қарай дамуына б.э.д. 419-551 жылдары өмір сүрген Қытай ойшылы Конфуцийдің қосқан үлесі зор болды. Ол табиғатынан қоғамдағы адамдардың мүмкіндіктері бірдей емес деп есептеп, қоғамдағы адамдардың 4 категориясын бөліп қарастырды.
Бірінші категорияға тәңір берген жетілген ақылдылық иесін (совершенномудрее) жатқызса, екінші категорияға оқу арқылы білім алатын адамдарды жатқызады. Үшінші категорияға қиындыққа қарамастан оқитын, білім алатын адамдар жатады деп есептеді. Төртінші категорияға білімді қабылдай алмайтын қарапайым халық жатқызылады.
Конфуций тәрбиешіге білімін үнемі жетілдіру, оқуға ынтасы бар адамдарды оқыту, қиындыққа кездескендерге көмек көрсету сияқты талаптар қойды. Сонымен қатар оқушылармен жеке жұмыс жүргізу оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыстың болуын талап етті. Қорыта келе ертедегі Қытайда педагогикалық ойдың дамуына үлес қосқан педагогтардың бірі болғанын атап кеткен жөн. Антикалық әлемде Батыстағы әлеуметтік тәрбиеге байланысты кезең «мәдени төңкеріс» деп аталды. Шығыстағы әлеуметтік мәдени қозғалыстан айырмашылығы, Батыста діни-философиялық сипат болмады. Мұндай өзгерістер ертедегі грек мемлекеттерінде байқалды. Онда тәрбие дәстүрі негізгі екі: спартандық тәрбие жүйесі және афиналық тәрбие жүйесіне сүйеніп жүргізілді. Спартада тәрбие міндетті жалпыға бірдей, жоғары нәтижелі, мемлекеттің саяси әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста болды. Спартандық тәрбие жүйесі адамдарды әлеуметтік топтың қажеттілігіне бағындыру мақсатында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында жүргізілді.
Балаларды 7 жастан бастап әскери орындар мен жаттығуларды орындауға, дене дайындығына үйретті. Оларды суыққа, ыстыққа, аштыққа, ауруға шыдамды болуға тәрбиеледі. Спартандықтардың интелектуалдық тәрбиесі тар көлемде жүргізіліп, оқуға, жазуға үйрету өте кеш жүргізілді.
Спарталық тәрбиеге қарама-қарсы Афиныда демократиялық қоғамдық құрылыс болды. Онда ақыл – ой, дене тәрбиесі, көркемдік және адамгершілік тәрбиесі кешенді жүргізілді. Бостандық сұлулық, жан жақты тәрбиелік сияқты сапалар Афиныда қалыптастырылды. Өзінің азаматтық міндетін абыроймен атқаратын, қоғамдық, жеке бастық, ұжымдық талаптарды ұштастыра алатын адам Афиналық тәрбиенің идеалы болып табылады.
Ертедегі Римдегі тәрбие бірнеше кезеңге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |