Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтануды ғылыми білім және практика (орталық тәсілдеме) ретінде қалыптастыру және дамыту



бет4/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша
1.3 Әлеуметтануды ғылыми білім және практика (орталық тәсілдеме) ретінде қалыптастыру және дамыту

Педагогиканың әлеуметтік бастау көзіне Лев Львович Седов (1906-1938), Леонид Данилович Синицкий (1864-1933), Анатолий Василевич Луначарский (1875-1933) және басқа ғалымдар назар аударды. Әлеуметтік педагогика бастауының аталмыш бағытын ғылыми білім мен практика ретінде әлеуметтанудың қалыптасуымен байланысты орталық тәсілдеме деп атауға болады. Оның негізінде адамның тәрбиесіне елеулі түрде ықпал ететін орта факторларын зерттеу және оны тәрбие мәселесінде есепке алу қажеттігі идеясы жатыр.


П.П.Блонский атап көрсеткендей, педагогиканың әлеуметтанумен байланыстылығы жөнінде неғұрлым айқын ой айтқан француз әлеуметтанушысы және психологы Эмиль Дюркгейм (1868-1917) болды. Оның пікірінше, педагогикалық теориялар, ең алдымен, әлеуметтік жағдайлармен және қоғамдық ағымдармен байланысты. Тәрбиенің мақсаты мен нормаларын белгілеу әлеуметтану ғылымының ісі болып табылады. Тәрбиелеу құралдары әлеуметтік сипатта болады, өйткені, оның әдістері аталмыш қоғамның ой-сезімін және адамгершілік қасиеттерін білдіреді. Педагогикада жеке индивидуумның қоғам мен мемлекеттің талаптарына бейімделуі туралы айтылады, ал әлеуметтану болса – педагогика өз мазмұнын жинақтап алатын ғылым.
Бала ортаға бейімделу және оған белсенді араласу үдерісінде тәрбиеленеді. Бұл оған мінез-құлық үлгісін ұсынады. Тәрбиеленушіге ықпал ету бағыты оған ықпал ететін жағымды ортаны арнаулы ұйымдастыру арқылы анықталады. Аталмыш фактіден бағытталған тәрбиенің мүддесіне орай бала үшін өмір сүру ортасын мақсатқа сай құру керектігі айқындалады. Осындай ортаны құру арқылы біз баланың жеке басының түрлі жақтарының дамуын не күшейтетін, не әлсірететін боламыз.
Л.Седов әлеуметтік педагогиканың бастауларын П.Бергеманның, Л.Д.Синицкийдің Румнің жұмыстары жөніндегі материалдары бойынша қарастырды. Олар педагогикадағы әлеуметтік бағыттар дамуының маңызды факторының бірі – адамды әлеуметтік тәрбиелеудің қажеттігі деп білді. Мұның мәнісі – қоғамдық тәрбиелеу, белгілі бір әлеуметтік (қоғамдық) ортаға арналған тәрбие болып табылады.
«Адамдардың тұрақ табуына. отанын тануына қарай, - деп атап көрсетті П.Бергеманн, - жаңа ізгіліктер дамыды: туған жеріне деген сезімнен, туған табиғатымен достығынан туындайтын отаны мен атамекеніне деген сүйіспеншілік. Мемлекеттің дамуына қарай нышаны, әрине, бұрын да болған саяси адамгершілік те дамиды».
Л.Д.Синицкий да ортаның адамға әсерін атаған еді. Ол мыналардың қажеттігіне назар аударды:
- ортаның әрбір факторының ықпалын жекелей алып ғылыми тұрғыда зерттеу;
- осы ықпалдың дәрежесін мүмкіндігінше дәл өлшеу;
- балалардың әлеуметтік икемділіктерін және осы икемділіктердің өсуіне қоршаған ортаның қай тұстарының ықпал ететіндігін және қайсылары олардың дамуын тежейтіндіктерін зерттеу.
Мұндай зерттеулер жағымды тәрбиелік ортаны құру мақсатындағы ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:
- физикалық орта адам болмысының дамуына елеулі әсер етеді;
- физиологиялық, интеллектуалдық және моральдық жұтаңдық әлеуметтік жұтаңдықтың, яғни физикалық ортаның (тұрғын үй, ауа, тамақтану) нашар жағдайлары жиынтығының тікелей салдары болып табылады;
- ортасының өзгеруі (жыл мезгілі, кеңістіктің жетіспеушілігі т.б.) балаларға тікелей әсер етеді;
- мектептегі орталарда балаларға жағымсыз әсер ететіндей нормаға жатпайтын құбылыстар болады.
Әлеуметтік ортаны Л.Д.Синицкий екі түрлі жағынан қарастырады: жеке тұлғаның әлеуметтігі және оның ортаға әсері, ортаның әлеуметтік құбылыстары, олардың жеке тұлғаға әсері.
Адам тәрбиесіндегі субъективтілік тәрбиеленушілермен тікелей араласып, өзара әрекеттесетін және оларға әсерін тигізетін жеке тұлғалардан көрінеді. Тәрбиелеу ерекшеліктерін білгісі келгендер, ең алдымен, баланы қоршаған ортаны және оның оған еліктеушілік қатынастарын анықтап алуға тиіс. Жеке тұлғалар баламен араласа отырып, оған үлгіге айналады. Оған еліктеген бала оның қай жағдайда қалай әрекет ететін мінез-құлық тәжірибесін үйреніп алады.
Адамның әлеуметтік тәрбиесіне елеулі түрде ықпал ететін тіршілік ету ортасының факторларын зерттеу қажет. Мұндай факторларға адамның өмір-тіршілігінің: отбасы, тәрбиешілері, құрдастары, әлеуметтік-мәдени ортасы жатады. Осындай бір бағытта әрекеттесуі сирек әсерлердің соқтығысуы нәтижесінде өзіне ғана тән қасиеттермен, ынталылығымен, ой-әрекет сипатымен жеке тұлға қалыптасады.
Отбасы өскелең ұрпақты әлеуметтік сезімге және оларды өзіндік мансаптарын қалыптастыруға дайындау үшін тәрбие ошағы болып табылады. Ол индивид пен халықтың арасын байланыстырушы буын болып табылады. Отбасынан ғана бала өзі еліктейтін мінез-құлықтың нақтылы кейпін кездестіреді. Аса маңызды үлгі берушілер – анасы мен әпкесі, ағалары мен әпкелері болып табылады. Кейіннен - тәрбиешілері мен құрбы-құрдастары.
Тәрбиешінің жеке басының маңызы (Джон Дьюи (1859-1952, Dewey) сонда - бала ұдайы соған бейімделумен болады. Еліктеудің түп қазығы әрқашан да анасы, әкесі немесе ұстазы. Олар өздерінің нені қалай сезінетіндігі мен іс істейтіндігі, ойлауы мен сөйлеуі арқылы тәрбиелейді. Сондықтан, бала тәрбиесі көбінесе тәрбиешінің өзінің оларға қоятын мақсатының деңгейіне тәуелді болмақ.
Баланың тәрбиеші ретіндегі рөлі зор (Джон Локк 1632-1704); американ психологы Джеймс Марк Болдвин (1861-1934, Болдуин, Boldwin).
Баланың балаға әсері әсіресе өте жас шағында білінеді. Балалардың ортасы баланың икемсіздігі мен қорқынышын азайтады, оның тар отбасы шеңберінде дамитын өзімшілдігін жояды. Ол ұдайы үлкендермен ғана араласудан құтқарады.
Жеке тұлғаға жекелей болсын, әсіресе, жастар қауымдастығының: құрбы-құрдастарының ортасы маңызды ықпал етеді. Уильям Херд Килпатрик (1871-1965, Kilpatrik) балаларға тән мына жайттарға назар аударды:
- топтық түрде өмір сүруге – басқалармен серіктес болуға ұмтылу үрдісі;
- басқаларға ұнайтындығын – мақұлдауын, сүйіспеншілігін сезіну үрдісі;
- альтруизм - жалпыға ортақ мақсатта және жалпының игілігі үшін бірлескен іс-әрекетке ұмтылу.
Балалар мен жасөспірімдер топтасқан түрде өмір сүруге ұмтылыстың әлеуметтік түйсігін аңғартады. Балалар бірлестіктері өздеріне пайдалы санайтын қандай да бір фактінің әсерімен құрылады. Олар осыған себеп болған фактілер жойылса, тарап кетеді.
Бірлесуге деген бейімділік отбасы мейірімі мен еркелетуінен ада қалған балаларда айрықша ынтамен білінеді. Олар түрлі бандылық топтарға жиі кіріп, достық байланыстарды құрады және жалпыға ортақ жақсы көрушілік пен жек көрушілікті бойларына сіңіреді. Топтан олар тағдыр бермеген олқылықтың орнын толтыруды көксейді. Түзеу колонияларында барлығы дерлік осыған ұмтылады. Олар мұндай бірлестіктерде әкімшілікпен ұдайы болып тұратын қақтығыстарда қорған боларлық белгілі тұлғаға сүйенуге және сыйынуға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Баланың балаға деген жағымсыз ықпалының алдын алу балабақша мен мектепте бақылауды тиісті дәрежеде қоюмен қамтамасыз етіледі. Оның қаупін жою мүмкін емес. Бұл жағдайда мәселе оны болдырмауды емес, ал баланы тәрбиелеу арқылы оған қарсы «шынықтыруда» болуға тиіс. Педагогика тарихында балаларды балалардың оқытушысы етуге деген талпыныстар болған.
Бұл идеяны ежелгі гректер көтерген еді. Ежелгі Спартада мектеп жасындағы кішкентай балаларды ересектердің бақылауындағы жасөспірімдерге тапсыратын болған. Бұған неғұрлым елеулі мысал – XIX ғ. басындағы өзара оқыту жүйесі немесе Белл мен Ланкастердің мониториалдық жүйесі (Белл-Ланкастердің өзара оқыту жүйесі): Бел Эндрю (1753-1832) – ағылшын педагогы, англикан шіркеуінің священнигі және Ланкастер Джозеф (1778-1838) – ағылшын педагогы. Бұл жүйенің мәні мынада: кішкентай балалар тобы оқыту және тәрбиелеу үшін жоғары жастағы оқушыға тапсырылады.
Алайда, мұндай педагогикалық эксперименттер балалардың тәрбиеші ретінде дәрменсіздігін айқын танытты: мұғалім ретінде олар үлкендердің нашар көшірмесі болды, ал тәрбиелеу әдісі қатыгездік пен кішкентайларды пайдалану болып шықты. Ересектеу балаларды тәрбиеші етуді тоқтату қажет. Алайда, бала өміріндегі педагогикалық фактор ретінде баланың балаға берері көптігін ескере отырып, жолдастықты сақтау қажет.
Балаларды тәрбиелеуші ретінде қаһармандардың өмірбаяны. Кіші жастағы балаларды тікелей қоршаған ортадағы адамдар тәрбиелейді. Бірақ кітаптардың арқасында алдынан ерте заманда өтіп кеткен тарихи қайраткерлердің және жай ойдан шығарылған жандардың қоғамы мен өмірлерінің оқиғалары арқылы теңдесі жоқ кең әлемге жол ашылады. Мектеп жасындағы баланың, әсіресе, жас бозбаланың кітаби тұлғаларға деген еліктеушілігі дами бастайды және жыл өткен сайын бұл күшейе түседі. Кітап қаһармандарының өмірбаяндары жас жеткіншектің тәрбиешісіне айналады. Мұны жақсы түсінген ежелгі римдіктер өз мемлекетінің ұлы адамдарының өмірбаяндарын тәрбиенің басты құралы ретінде санады.
Баланың дамуы мен тәрбиесінің маңызды факторы оның өмір сүру ортасындағы белсенділігі мен өзін-өзі танытуы болып табылады.
Бала өзін, ең алдымен, ойын, кейіннен сабағы арқылы танытады.
Ермек ретіндегі ойын (неміс педагогы Иоганн Бренд Базедов (1723-1790, Basedow). Мектеп жасындағы баланы тәрбиелеуде ойынды баланың туғаннан жаратылысына сүйенгендей негізгі тірек ету қажет.
Сабақ ретіндегі ойын. Ойынды баланы тәрбиелеудің дербес құралы ретінде түсінуді неғұрлым толық дамытқан Ф.Фребель болды. Ойынның басты атқаратын рөлі – баланың ішкі жан дүниесін оятуда. Ойын барысында баланың өмірі ересектермен бірігеді.
Өзін-өзі сақтау құралы ретіндегі ойын. Неміс психологы Карл Гростың (1861-1946) «Балалардың ойыны» атты жұмысында даму алған теориясы ойынның баланың өзін-өзі сақтау түйсігімен тығыз байланыстылығын нақтылы материал арқылы көрсетеді. Баланың ойын ойнау кезіндегі қозғалыстары оның болашақ өміріне пайдасын тигізеді. Ойын барысында баланың түрлі органдары жаттығады және есейіп, дербес өмір сүруіне дайындық болады. Әрбір дерлік ойын барысын бақылау баланың қимыл-қозғалыстарының сезіну, түйсіну, байқау, ойлау, әлеуметтік сезімі, еліктеушілігі, шығармашылығы қалай дамитындығын айқын көрсетеді. Жалпы, адам жас болғандығы үшін ойнамайды, бірақ жастықтың өзі оған ойнай алу үшін (өзін-өзі тәрбиелеу үшін) берілген.
ХVII ғ. өзінде баланың ойнаудағы еркіндігі мен еңбектегі мәжбүрлік элементінің айырмашылығы айқындалған. Еңбектің жоғары формасы – рахат алу элементін қамтитын, ойынға ұқсас шығармашылық еңбек. Бұл жағынан алғанда, еңбек пен ойын бір-бірімен ұштас келеді, шығармашылық еңбек нақ ойыннан туындайды. Күнделікті еңбек біршама даярлықтың нәтижесі ретінде тәрбиенің неғұрлым кейінгі сатыларында қалыптасады. Мұндай даярлықтың біртіндеп іске асқаны жақсы: алдымен, табиғи ойын сабаққа ауысады, яғни белгілі обьектілік нәтижесімен педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған табиғи ойынға ауысады; кейін ойын арқылы шығармашылық еңбекпен айналысатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет