Әлеуметтік педагогика


-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша
1-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ БАСТАУЫ

Педагогикадағы әлеуметтік бағыт тереңнен бастау алады. Әлеуметтік педагогиканың бастау-көзін айқындайтын материалдарды зерттеу және жүйелеу, зерделеуді қажет ететін мынадай бірнеше тәсілдерді бөліп алуға мүмкіндік берді:



  • жеке тұлға дамуының әлеуметтік факторы қажеттіліктеріне қарай,педагогика идеяларын (жеке тұлғалық-әлеуметтік тәсілдеме) дамыту;

  • өскелең ұрпақ тәрбиесінде қоғамның талап-тілегін (әлеуметтік-жеке тұлғалық тәсілдеме) ескеру;

  • әлеуметтануды ғылыми білім және практика (орталық тәсілдеме) ретінде қалыптастыру және дамыту.

Барлық тәсілдемелер өзара тығыз байланысты, белгілі бір дәрежеде шартты түрде анықталды және әлеуметтік педагогиканың бастауын бірлесе отырып толықтырады.


1.1 Педагогика идеяларын жеке тұлға дамуының әлеуметтік факторы қажеттіліктеріне қарай,
(жеке тұлғалық-әлеуметтік тәсілдеме) дамыту

Жеке тұлғалық-әлеуметтік тәсілдемені ұсынған Петр Андреевич Соколов (1876 ж. туғ.)1 болатын. Ол мынаны басты негізге алды: адам қоғамның қабыл алуы және осы қоғам мен өзінің мүдделеріне сай өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруы үшін тәрбиеленеді. Адамзат қоғамы адамгершілік нормалары және ережелерімен реттеледі. Демек, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу тәрбие қызметінің бағытын анықтайды. Адамгершілік тәрбиесінің нормативтік негіздері тәрбиеленушінің өмір сүру ортасымен, ал тәрбиелеу ерекшелігі – оның өзгешелігімен анықталады.


Адамгершілік тәрбиесі идеясы Ағарту дәуірінде дамыды. Осы кезеңде педагогикада адамгершілік тәрбиесі және адамды жекелей тәрбиелеуді барынша дұрыс санайтын идеяларды дамытуға ықпал ететін индивидуалистік ағым пайда болды.
Петр Андреевич Соколов философия мен педагогикадағы әлеуметтік ерік-жігер (адамгершілік - ерік-жігер) бағытының алғашқы өкілі ретінде неміс философы Иммануил Кантты атады (1724-1804). Ол Ағарту дәуірінің индивидуалистік моралінің орнына парыз моралін енгізді. И.Кант бойынша ол жалпы ерік-жігердің заңы, жоғары адами ынтымақтастық заңы болып табылды. Мұның мәнісі мынада: «Сенің (өз өміріңнің барлық жағдайындағы) мінез-құлқың жалпыға ортақ ереже бола алатындай болсын». Жігерлі адам өзінің қылықтары арқылы жеке мүддесі мен тілегін білдіруде жалғыз еместігін, яғни жалпыға ортақ тұтас қоғамның мүшесі екендігін ешқашан ұмытпауға тиіс. Мұнымен қатар, басқа да орталықтар, басқа «Мендер» бар. Тәрбиеде (және өмірде) адамгершілікті мінез-құлық пен адами ерік-жігерді бірінші орынға қою тікелей И.Канттан басталады.
Адам өзінің өмірі мен қызметінде – адами тіршілік иесі, бұл оның өзінің әлеуметтік мінез-құлқын, жеке тұлғалық ерік-жігерін бүкіл адамзаттың мүддесімен біріктіруі әрекетінен көрінеді. И.Канттың ойынша, тәрбиенің бастапқы міндеті – адамның шынайы адамдық табиғатын дамытып, оны адамгершілікті іс-әрекетке дайындау. Оның ұстанатын этикасы бойынша, адамның мінез-құлық ережесі жалпыға ортақ ережеге және оның тәрбиесі жалпы адамзаттық тәрбиеге сәйкес келу тиіс. Кант тәрбие негізі жекелеген тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар, бүкіл адамзатты жетілдіру болуы керек деп санады. Сондықтан, тәрбие тікелей не жанама түрде халықтың барлық топтарын қамтуға тиіс.
И.Канттың идеялары неміс философы және педагогы Иоганн Готлиб Фихтенің еңбектерінде өріс алды (1762-1814). Ол ұлттық тәрбие идеяларының негізін салушы болып табылады. Ол үшін өз халқына сену, өз ұлтына деген сүйіспеншілік барлық ұлы істердің ұйытқысы болып табылады. Тәрбие жұмысының өзегі мен тірегі – ұлттық тәрбие. Ұлттық фактор – тәрбие қызметінің әлеуметтік факторы болмақ. И.-Г.Фихтенің әлеуметтік тәрбие саласындағы негізгі идеялары ұлтты сүюге, оған және оның тарихына деген сенімге тәрбиелеуге негізделген. Яғни, И.Г.Фихтенің пікірінше, жеке тұлғаны жоғары адами қасиеттерге тәрбиелеу ұлттық тәрбиемен сәйкестікте болуға тиіс.
Баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен негізін және құрамдарын әлеуметтік тұрғыда түсіну швейцарлық педагог Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) қызметінен көрініс тапты. Ол әлеуметтік педагогиканың негізін салушылардың бірі болып саналады. И.Г.Песталоццидің өзекті әлеуметтік-педагогикалық көзқарастары мынаған саяды:
– халықтың бейшара тұрмысы оның «адам» деген атының жұтаңдануына, еңбек етуге деген сүйіспеншілігі мен қабілеті, салауатты ақыл-ойы мен мейірбан, бауырмалдық сезімі сияқты жоғары адами қасиеттерінің азая бастауына алып келеді.
Тәрбие көрмеген адам ойсыз, парықсыз, жалқау әрі шексіз сараңға айналады. Халықтың шынайы білім алуы оның болмысындағы «адам» деген ұғымды анықтауға, адамдардың бойында жоғары адами сезім мен күш-қуатты молайтуға бағытталған;
– кемел адам практикалық қабілеттер мен дағдыларды меңгереді. Бұл қасиеттер рухани адамгершілік тәрбиенің бірден-бір арқауы ретінде қызмет етеді;
– идеал адам, бұл барлық адамзатқа ортақ ізгі қасиеттерге ие адамгершілікті тұлға;
– тәрбиенің мақсаты – барлық адамдармен бауырластық сезіміне баулу және өнегелі орта құру болып табылады;
– тәрбие ұғымын айқындайтын жалпы қағида – табиғатпен келісімде болу. Барша адамзат болмысы табиғатынан дербес әрекет пен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстан тұрады. Егер жаратылыс адам бойында осындай қасиеттердің дамуына ықпал етуге тиіс болса, онда ол бір жағынан, ата-ана сүйіспеншілігі көмегіне, екінші жағынан, адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған өнерді танып-біліп пайдалануына сүйенеді. Тәрбие табиғатқа көмекке келуге тиіс. Ол табиғаттың өз ұмтылыстары мен қозғалыс бағытымен келісім жасайды. «Адам өнердің (яғни, тәрбиелеу өнерінің) арқасында ғана адам болады».
Фридрих Фребель (1782-1852) неміс педагогы, мектепке дейінгі тәрбие теоретигі, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін құрушы, И.Г.Песталоццидің ізін белсенді жалғастырушы.
Неміс философы, психологы және педагогы Иоганн Фридрих Гербарттың (1776-1841) тәрбие ілімінде әлеуметтік элемент орын алды. Ол әлеуметтік мүдделі тәрбиеге назар аударуды және ежелгі антикалық дәуірде балалардың халық жанын оның әдебиеті арқылы танып-білгеніне тәнті болды.
Ағарту ғасырының индивидуалдық ағымы адамның жеке бас тәрбиесін абсолюттеуді іске асырды. Неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) көтерген «билікке ұмтылу» культі және «асқан адам» культі адам тәрбиесінің мақсаты - оны қоғамда (мемлекетте) өмір сүруге дайындау идеясының тууына себепші болды. Индивидуалдық идеясына қарама-қарсы қоғамдық ынтымақтастық үрдісі қалыптаса бастады. Жеке адамның еркін дамуы идеясы жария болуымен бірге оның қоғамдық дамуының жалпының жалқы бөлігі ретіндегі негіздері де іздестірілді. Бұл адамға өзінің дамуы және тәрбиеленуі барысында белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада өзін-өзі танытуға дайындалуы қажеттігінен туындады. Қоғамның өзі де бір-бірімен шаруасы жоқ, ештеңеге мұқтаж емес жекелеген адамдардың жиынтығы емес, тұтас бір әлеуметтік мәдени ортаны құрайтын адамдарды қажет етеді.
Аталмыш факт ХІХғ. екінші жартысынан бастап Еуропада «педагогикадағы әлеуметтік бағыт» атты жаңа идеяның пайда болуына алып келді. Оның көрнекті өкілдері: неміс философы және педагогы Пауль Наторп (1854-1924), неміс педагогы Пауль Бергеманн (1862-1946), американдық философ, психолог және педагог Джон Дьюи (1859-1952), неміс педагогы Георг Кершенштейнер (Кершенштайнер) (1854-1932), швейцарлық педагог Роберт Зейдель (1850-1933) және басқалар.
«Әлеуметтік педагогика» кітабының авторы П.Наторп өз ілімінде мына жайттарды зерделеп, алға тартты:
- педагогика, бір жағынан, адамның білім алуына қызмет ететін әлеуметтік жағдайларды көрсетуі тиіс, басқа жағынан алғанда – бұл білімнің адамның жалпы жұртқа, басқа адамдарға, топтарға қатынасын сезінуі үшін қандай болуы қажет екенін көрсетуі тиіс. Бұл өзара анықтау әлеуметтік педагогиканың мазмұнын құрайды;
- «
Жеке тұлғалық әлеуметтік тәсілдеменің әлеуметтік педагогиканың қалыптасуында рөл атқаратын бірнеше бастау көздері осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет