Ағзалар мен олардың тіршілік ортасымен байланыстарын зерттейтін «Өсімдіктер экологиясының» ғылым ретінде қалыптасу тарихын тұжырымдаңыз



Дата17.12.2019
өлшемі32.63 Kb.



  1. Ағзалар мен олардың тіршілік ортасымен байланыстарын зерттейтін «Өсімдіктер экологиясының» ғылым ретінде қалыптасу тарихын тұжырымдаңыз.

Өсімдіктердің белгілі тіршілік ортасына, ортаға деген қатынасы жайлы білімде адамзатта ертерек практика жүзінде: жабайы өсімдіктерді жинап, оларды өсіре бастаған кезден қалыптаса бастаған. Өсімдіктердің эколгиялық жағдайлары жайлы хабарламалар өте ертегден белгілі болған. Ботаниканың әкесі атанған және оның жеке ғылым екендігінің негізін қалаушы Теофраст, өз еңбңектерінде өсімдіктерді практикалық қолданудағы маңызы мен қатар олардың құрылысы, физтологиясы, географиялық таралуына аса мән берген. Теофраст өз еңбектерінде – өсімдіктерді сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу жағдайларға байланысты болғандығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген.

Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылу дәуірі (15-16 ғас) жаңа ашылған елдердегі өсімдіктер әлемі жайлы жаңалықтармен ботаниктердің білімін кеңейтіп және ол елдерден әкеліп ауыл шаруашылығында өндірілетін жемісті және әлемдік өсімдіктердің қасиеттері жайлы мағлұматтармен толықтырылды.

Жаңару дәуірінің 19 ғ дейін жаратылыстану ғылымдарының негізгі тенденциясы – материалды жинау және толықтыру, тірі табиғатты инвентаризаациялау болып табылады. Бір уақытта әртүрлі елдердің фаунасы мен флорасының климат жағдайларына байланысты өзгерістері жайлы дәлелді фактілердің саны арта түсті. Сол кездегі ірі жаратылыстанушы ғалымдардың еңбектерінде экологиялық заңдылықтар жөнінде сипатталып, қорытындыланды.

Қазіргі ғылымдардың дүниетанымына ежелгі грек ғалымдарының ықпалы зор. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» еңбегінде су және құрлық жануарларын, жүзетін, ұшатындарды айырып жазды.

Эколгия ғылымы 19 ғ басында өз алдына ғылым болып қалыптасты. Үлес қосқан ғалымдар: К.А.Тимирязев, В.В.Докучаев, Ф.Клементе, В.Н.Сукачев және т.б.

Қазіргі экологияның қысқаша даму тарихын бірнеше негізгі кезеңдерге бөледі:



  1. Экологияны әртүрлі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыстыратын боилогиялық зерттеу деп түсінден кезең

  2. 20-шы жылдың ортасына қарай «экология» термині ағзалар бірлестігін зерттеуге қолд. бастады

  3. 50-ші жылдары ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі ретінде қарастырылатын «биоценоз» және «экожүйе» түсініктер енгізілді

  4. 70 жылдағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар аймақ болып саналатын кезең

  5. Биосфераның құрылуындағы адамның ерекше рөлі және оның жауапкершілігі көрінетін соңғы кезең.

  1. Ағзалар мен олардың тіршілік ортасымен байланыстарын зерттейтін «Жануарлар экологиясының» ғылым ретінде қалыптасу тарихын тұжырымдаңыз.

Қайта өрлеу Дәуірінде географиялық ірі жаңалықтардың ашылуы, техниканың біртіндепдамуына байланысты әлемнің бір бөлігіне саяхат жасауға мүмкіндік тууының нәтижесінде биология ғылымының өріс алып дамуына жол ашты. Әлемдік құрлықтың әр бөлігінде өсімдік, жануарлардың айрмашылығы мен ұқсастығын салыстырып, жер жердің ерекшелігіне ондағы жануарлар қалай үйлескеніне ой жіберіп көз жеткізуге мүмкіндік туды.

17-18 ғ ғалымдар жауарлардың әрбір тобын жекелей зерттей бастады. А.Реомюре жәндіктердің экологиялық ерекшелігін, Трамбле гидраның тіршілігі турады, П.С.Паллас «зоогеография» атты еңбегінде 151 түрлі сүтқоректі жан-дың, 425 түрлу құс-дың тіршілігі, мекен ауыстыруы, қысқы ұйқыға кетуін айқын сипаттап берді. Жануарларға сыртқы ортаның әсері әсер ықпалы туралы француздың табиғат зерттеуші ғалымы Ж.Бюффоның еңбектерінде баяндалды.

Орыс елінде экологиялық идеялар алғаш К.Рульенің еңбектерінде жарық көре бастады, ал оның ізбасар шәкірті К.Северцов жануарлар тіршілігіндегі мезгілдік оқиғалар мен көріністер туралы , көбею қарқыны мен жас жасау мөлшерінің өзара байланысы туралы және жануарларды тіршілік нысаны бойынша жіктеу туралы ұсынымдар жасады.

Экологиялық зерттеу жұмысын теориялық және әдістемелік дұрыс бағытта жүргізуде Д.Н.Кашкаров туындылары орасан зор рөл атқарды. Оның «Орта және Қауымдастық» , «Жан-р экологиясы негіздері» еңбектері эколгиялық зерттеулердің әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.

20ғ 2-ші жартысынан бастап жануарлар экологиясы теориялық мәселелермен қатар дансаулық сақтау, ауыл және орман шар-ғы салаларының практикалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге өзінің пайдалы ықпалын тигізе бастады.

Жалпы жануарларды дарақтық, популяциялық, қауымдастық экология деңгейінде зерттеу мәселелерін жүйелі түрде жинақтап оқулық, оқу құралдарын құрастыруға И.В.Кожанчиков , М.Акимов, Б.Иоганзен, Н. Наумов,В.Яхонтов Шилов,Гиляров қатарлы профессор ғалымдар өздерінің еңбектерін арнады.



  1. Экология және халық шаруашылығының байланысын сипаттаңыз.

Ауыл шаруашылық экологиясы, агроэкология (грекше agros — дала, oіkos — үй, тұрақжай және logos — ілім) — қолданбалы экологияның бір бөлімі.

Ол қоршаған ортаның биотикалық, абиотикалық факторларының және агробиоценоздардың өсімдік дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы танаптарында тіршілік ететін организмдер бірлестігінің құрылымы мен өзгеруін зерттейді. Ауыл шаруашылығы экологиясының теориялық және практикалық негіздерін және зерттеу бағытын Италия ғалымы Дж. Ацци (1956) мен неміс ғалымы В.Тишлер (1965) анықтаған. Ауыл шаруашылығы экологиясының қалыптасуына Н.И. Вавиловтың, Г.Я. Бей-Биенконың, М.С. Гиляровтың, К.Фридерикстың, Т.Вермидің еңбектері, әсіресе олар ашқан табиғи және агробиоценоздардың құрылымдық ерекшеліктері мен елеулі айырмашылықтары, адам игерген жерлердегі жан-жануарлар дүниесінің өзгеру заңдылықтары үлкен ықпал етті. Ауыл шаруашылығы экологиясы бойынша зерттеулер: түрдің жеке мүшелерінің экологиясы (аутэкология); жеке түрлердің экологиясы (популяциялық экология); организм топтарының (биоценоздардың) экологиясы (биоценология) болып 3 бағытқа жіктеледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде агробиоценоздарды игеру барысында туындайтын өзгерістердің жағымсыз зардаптарын болдырмау немесе әлсірету тәсілдерін табуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мәселесін шешуге болады. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экологиясы және қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жетілдіру саласындағы зерттеулер — Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында, Қазақ мемлекет ұлттық ун-тінде, Қазақ мемлекеттік аграрлық ун-тінде, ҒМ ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы экологиясының дамуы Р.О. Оразалиев, Ғ.Т. Мейірманов, С.Әбдіраимов, А.Б. Биғалиев т.б. белгілі ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.



Агроэкология(агро… және экология) – абиотикалық және биотикалық факторлардың мәдени өсімдіктердің өнімділігіне әсерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы егістіктерінде тіршілік ететін организмдер қауымдастығының құрылымы мен өзгеруін зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі.

Агроэкологияның негізін В.Тишлер жасады (1965).

Дала экожүйесінің абиоталық құрауыштарына күн сәулесі, жауын-шашын, минералды қоректік элементтер, ал биоталық құрауыштарына продуценттер, консументтер және редуценттер жатады. Бұл факторлардың өзара қатынасы қауымдастықтың тіршілікке икемділігін сақтай отырып, қоршаған орта жағдайларының өзгерісіне бейімделуіне себебін тигізеді.

Белгілі бір биотоптағы өсімдік түрлерінің санын азайтқанда (мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде) барлық қоректік деңгейдегі түрлер саны азаяды.


Мұндай қауымдастықта кейбір өсімдік қоректі жануарлар түрлерінің көбеюі, оларды жыртқыш аңдардың дұрыс реттей алмауынан күрт өсіп, Агроэкологияның тұрақтылығының бұзылуына әкеледі.
Биоценол. принциптерді қолдану арқылы Агроэкология мәдени өсімдіктердің өнімділігін молайту мақсатымен ауыл шаруашылығының жаңа технологияларын жасайды
Бұған ең бірінші, жер суғарудың (тамшылатып суғару) су сақтайтын технологиясы, өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістері, аралас егіншілік, т.б. жатады.

  1. Экологияның биосфера ресурстарын қорғау және тиімді қолданудың ғылыми негіздерін құрастырудағы рөлін тұжырымдаңыз.




  1. Экологиялық факторлар классификациясын сипаттаңыз.

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген  әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

  1. Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының  теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің  азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері  температураның, атмосфералық қысымның  төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның  экологиялық  факторлары ретінде білінеді.

  2. Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген  себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың  аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

   Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар  минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде  планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің  концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді.Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.

     Экологиялық факторлар табиғаты жағынан  қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;

     1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.

     2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты  қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.

   3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады. 

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

    1.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

     2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

    3.)Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1.Абиотикалық факторларға  айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t–сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

2.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

3.Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.




  1. Өсімдіктер мен жануарлардың таралуына экологиялық факторлардың әсерін сипаттаңыз.

Шығу тегі және әсер ету сипатына байланысты барлық экологиялық факторларды абиотикалық (ортаның бейорганикалық немесе тірі емес факторлары) және биотикалық (тірлік иелерінің әсерімен болатын) деп бөледі. Экологиялық факторлар табиғатта азды-көпті күрделі кешендерге біріктіріледі. Олардың біреуінің өзгерісі басқаларының да өзгерісіне әкеліп соғады.

І. Абиотикалық экологиялық факторларды келесідей топтарға бөледі:

а) Климаттық факторлар: ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар.

ә) Эдафикалық немесе топырақ-грунттарының факторлары: механикалық құрамы, физикалық қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы және химизмі.

б) Топографиялық (немесе орографиялық) факторлар: рельеф, айнала қоршаған орта.

Кейбір авторлар жеке химиялық факторлар тобына бөледі, мысалы, су ағзалары үшін судың тұздылығы және т.б.. Бірақ бұндай жағдайда осы топқа эдафикалық факторлардың бөліктерін де енгізу керек болады (топырақтың тұздылығы, олардағы қоректік элементтердің болуы), яғни тек қана топырақ ортасының әртүрлі қасиеттерінің өсімдіктерге әсерін бөлу дәлелді емес.

Аталған абиотикалық факторлардың классификациясы негізінен жер үсті өсімдіктеріне қолданылады. Су өсімдіктеріне басқадай факторлар кешені әсер етеді, тіршілік ортасы су болғандықтан судың қасиеттерімен анықталады. Мысалы, олар үшін гидрофизикалық және гидрохимиялық факторлар маңызды болып табылады.



ІІ. Биотикалық факторлар:

а) фитогенді - өсімдіктердің бірге тіршілік ететіндердің тура (механикалық контакт, симбиоз, паразитизм, эпифиттердің қоныстануы) және жанама (тіршілік ортасының өсімдіктер үшін фитогенді өзгерістері);

ә) зоогенді – жануарлардың әсері (қоректенуі, таптауы, басқа да механикалық әсерлері, тозаңдану, ұрықтарды таратуы, сонымен бірге ортаға жанама әсерлері).

Биотикалық факторлар тобына микроағзалардың (микробогенді факторлар) өсімдіктерге әсерлері де енеді. Соңғы кездерде саңырауқұлақтарды жеке тірі табиғи патшалық деп бөліп қарастырылуына байланысты, өсімдіктерге микогенді факторлар әсерлерін қарастырып, олар жайлы да жеке айтуға болады.

Биотикалық факторлар тобына кейде адамзаттың өсімдіктерге әсерлерін де қосады. Бірақ спецификалық формадағы әсерлеріне, мысалы, ортада өсімдіктерді саналы түрде өзгерту немесе шаруашылық іс-әрекеттері арқылы өзгерту және кең көлемдегі салдарларын ескере отырып, адамзаттың әсерлерін ерекше топқа антропогендік факторлар деп бөлу маңызды болып табылады.

Антропогендік факторлар: адамдардың әртүрлі іс-әрекеттерінің жан-жануар, өсімдік және басқа барлық экологиялық факторларға әсері.

Алғашқы үш экологиялық факторлар тобын физика-географиялық факторлар тобына жатқызады. Климаттық факторларды жиі географиялық деп те атайды. Себебі, жергілікті орынның координатасына байланысты, теңіз деңгейінен биіктігі барлығы осы жердің климатын құрайды. Оның ішінде жарық, жылу, күн сәулесімен шағылысуы – басты энергетикалық фактор болып табылады.

Грунтты-топырақ факторларын жиі эдафикалық (грекше эдафос - топырақ) деп атайды.




  1. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімін тұжырымдаңыз.

Биосфера туралы ілімнің ғылыми негізін қалаушы В.И.Вернадский болды. 1926 жылы «Биосфера»деген кітабы шықты, онда В.И.Вернадский биосфера туралы ілімінің негізгі қағидаларын айтады.

В.И.Вернадский биосфераны үш геологиялық сферамен (литосфера, гидросфера, атмосфера) шектескен тіршілік тараған Жердің жұқа қабаты екенін айтты. Атмосферада ол 16-20 км дейін таралып, озон қабатымен шектеледі. Гидросферада ең терең қабатына шейін (Тынық Мұхиты, Мариан нүктесі, 11 км), ал литосферада 3 км тереңдікке дейін таралған. Биосфераның негізгі ерекшелігі - онда тірі заттың болуы. Тірі зат ол барлық тірі организмдердің жиынтығы, қатты геологиялық күш. Олар әртүрлі минералды жыныстарды, тұщы суды, атмосфераны түзуге қатысады. Барлық тірі организмдер күн сәулесін пайдаланып геологиялық процестерге әсер етеді. Биосферада тірі организмдер арқасында үздіксіз заттар айналымы өтеді.



Биосферада тірі зат мына функцияларды атқарады:  энергетикалық, деструктивті, концентрациялық, ортаны қалыптастырушы. Энергетикалық функцияны атқаратын жасыл өсімдіктер, олар фотосинтез процесі арқылы күн энергиясын әр түрлі химиялық құрылымдар түрінде жинайды. Бұл туралы В.И.Вернадский былай деп жазған: Жасыл хлорофилді ағзалар, жасыл өсімдіктер күн сәулесін ұстап фотосинтез арқылы кейін басқа химиялық энергия көзі болатын химиялық заттар түзетін биосфераның негізгі механизмі. Бұл энергия кейін экожүйеде жануарларға азық түрінде таралады. Деструктивті функциясы - өлі органикалық заттарды ыдыратып минералдандыру, тау жыныстарының химиялық ыдырауы және түзілген минералдарды биотикалық заттар айналымына қатыстыру. Өлі органикалық заттар қарапайым кейін бастапқы заттар айналымына қатысатын бейорганикалық құрылымдарға айналады: көмірқышқыл газы, су, күкіртсутек, аммиак, т.б. Бұлар ерекше ағзалар редуценттер және деструкторлар арқылы өтеді. Тірі зат арқасында биотикалық заттар айналымы литосферадан босаған минералдармен толықтырылып отырады. Концентрациялық функциясы - ағзалардың өздерінің тіршілігі үшін табиғатта таралған заттар атомдарын таңдаулы сіңіріп жинауы. Тірі заттың ерекшелігі химиялық элементтерді сұйықталған ерітінділерден жинау қабілеті. Ортаны қалыптастырушы функциясы - ортаның физика-химиялық параметрлерін (атмофераның, литосфераның және гидросфераның) ағзаларға қолайлы жағдайға ауыстыруда. Бұл функция жоғары айтылған биосфераның тірі затының үш функциясының нәтижесі. Осы функция арқылы тірі зат биосферадағы заттарды және энергияны құрып, оны тепе-теңдік балансын сақтап, ағзалардың тіршілік ету тұрақтылығын қалыптастырады .

Биосферадағы тірі заттың болуы тірі организмдердің үш тобының қарым қатынасы арқылы (продуценттер, консументтер, редуценттер) арқылы өтетін биотикалық заттар айналымы нәтижесінде. Биотикалық айналым арқылы үздіксі органикалық заттардың құрылуы және ыдырауы өтеді. Тірі организмнің тіршілік әрекетінен өтіп жатқан химиялық элементтердің глобалды миграциялық циклы Жердің үш геологиялық қабаттарын байланыстырады. Бұл айналымды жүргізуші күш - күн энергиясы болып табылады.



  1. Биогеоценоз, экожүйе туралы ұғымдарды түсіндіріңіз.

  2. Биологиялық айналым, экологиялық жүйе өнімділігі, экологиялық оптимумдер туралы түсінік беру.

  3. Ю.Либихтың минимум заңын тұжырымдаңыз.

  4. Өсімдіктердің қоршаған ортаға келтірер өзгерістері жайлы тұжырымдаңыз.

  5. Өсімдіктер экологиясының басқа ғылымдармен байланысын сипаттаңыз.

  6. Өсімдіктер экологиясының негізгі зерттеу әдістерін сипаттаңыз.

  7. Қоршаған орта және өсімдік байланысын тұжырымдаңыз.

  8. Жылу экологиялық фактор ретінде және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығын сипаттаңыз.

  9. Өсімдіктердің ыстыққа және суыққа төзімділігі туралы тұжырымдаңыз.

  10. Жылу жағдайларының әртүрлілігі және оның жер бетінде өсімдіктердің географиялық бағытта таралып, бөліктенуіндегі маңызын сипаттаңыз.

  11. Су-экологиялық фактор ретінде және судың өсімдіктер тіршілігіне әсерін тұжырымдаңыз.

  12. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын сипаттаңыз.

  13. Жарық - экологиялық фактор ретінде және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы жалы сипаттаңыз.

  14. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын сипаттаңыз.

  15. Гелиофиттер, сциофиттер, көлеңкеге төзгіштер терминтеріне сипаттама беріңіз.

  16. Топырақ факторлары және олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызын тұжырымдаңыз.

  17. Топырақ құрамындағы тұз мөлшеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын сипаттаыз.

  18. Галофиттер терминіне түсініктеме беріңіз.

  19. Эугалофиттер, криногалофиттер, гликофиттер терминдеріне түсініктеме беріңіз.

  20. Топырақтағы органикалық заттар және олардың экологиялық маңызы туралы тұжырымдаңыз.

  21. Топырақ ағзалары және олардың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын сипаттаңыз.

  22. Атмосфералық ауа және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын тұжырымдаңыз.

  23. Атмосфераны ластаушы заттар және оның өсімдіктер жамылғысына әсерін сипаттаңыз.

  24. Жел әсерінен туындайтын эрозия туралы сипаттаңыз.

  25. Өсімдіктердің тіршілік формаларын сипаттаңыз.

  26. Өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясын сипаттаңыз.

  27. Өсімдіктердің тіршілік формаларының эволюциялық – тарихи аспектілерін сипаттаңыз.

  28. Өсімдіктер әлемі және адам арасындағы баланысты сипаттаңыз.

  29. Антропогендік факторлардың өсімдіктер тіршілігіне тигізетін әсері, одан туындайтын өзгерістерді тұжырымдаңыз.

  30. Арал теңізінің тартылуы негізінде Арал өңірінде туындаған дағдарысты экологиялық жағдай туралы мәліметтер жайлы тұжырымдаңыз.

  31. Балқаш көлі экологиялық жағдайын сипаттаңыз.

  32. Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың өсімдіктер жамылғысына әсері жайлы тұжырымдаңыз.

  33. Флораны байыту жолдарына қысқаша сипаттама беріңіз.

  34. Табиғаттағы өсімдіктер әлемі ресурстары және оны тиімді пайдалану жайлы тұжырымдаңыз.

  35. Өсімдіктер ареалдарының таралуы немесе олардың түрлерінің жойылуы туралы тұжырымдаңыз.

  36. Қазақстанның жері және су ресурстары, оның өсімдіктер әлеміне әсері, биоресурстарды тиімді пайдалану туралы баяндаңыз.

  37. Қазақстан Республикасының табиғат қорғауға қатысты шаралары мен экологиялық кодексіне қысқаша сипаттама беріңіз.

  38. Қазақстанның климаттық аймақтары мен экожүйелерінің типтері, ондағы өсімдіктер түрлеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

  1. Қазақстанның экологиялық проблемаларын тұжырымдаңыз.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен роөлі бар.

Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды.Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.Табиғи қорларын игеруде де ,бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынандай проблемалар туындауда:



  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан,негізгі әрекет етуші Капустин Яр,Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл- мезгіл қырылуы.

  • Аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Аралдың экологиялық проблемасы.Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті.Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей,түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдаланып келеді.Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.

Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс – шаралар қаралып,жоьалар жасалды.Кіші аралдың оңтүстігінде ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салында.Соның салдарынан Кіші Аралдың деңгейі 42 м- ге ,аумағы 800 км 2-ге ұлғайды.Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып,көлге тіршіліктіңң нышаны енді.Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына дәлелдеген еді.Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып,үй салып,балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.



Балқаш проблемасы.Балқаш көлі алабынад да күрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының салынуы Іле – Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды.Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп,жалпы Іле- Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады.Қапшағай су торабын жоьалану кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы өзгере бастады.Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кещенінің жағдайы ескерілмеді.Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді.Ақдала алқабын суландырып,күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.Қырыуар қаржы текке жұмсалды.Іле өзенінің атырауы кеуіп,оның кері әсері Балқаш көліне тиді.Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді.Су айдынының тәуліктік температураны,ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды.Ғалымдардың болжауынща,Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы.Ауаға шығатынулы заттардың концентрациясы белгіленген мөлшерден он есе артық.Ең ауыр жағдай Тараз,Теміртау,Алматы,Шымкент,Балқаш,Риддер,Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан.Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынща белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады.Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.Атмосферанаң ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен қатар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды.Сырдария өзені ағысының 35-40 ℅- ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады.Өзен суында дизентерия,паратиф,гепатит,сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі.

Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. 

Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда.Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану,игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).




  1. Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының флорасына сипаттама, флораны байыту мен қорғау шаралары жайлы тұжырымдама беріңіз.




  1. Жануарлар экологиясының қысқаша зерттелу тарихын сипаттаңыз.

17-18 ғ ғалымдар жауарлардың әрбір тобын жекелей зерттей бастады. А.Реомюре жәндіктердің экологиялық ерекшелігін, Трамбле гидраның тіршілігі турады, П.С.Паллас «зоогеография» атты еңбегінде 151 түрлі сүтқоректі жан-дың, 425 түрлу құс-дың тіршілігі, мекен ауыстыруы, қысқы ұйқыға кетуін айқын сипаттап берді. Жануарларға сыртқы ортаның әсері әсер ықпалы туралы француздың табиғат зерттеуші ғалымы Ж.Бюффоның еңбектерінде баяндалды.

Орыс елінде экологиялық идеялар алғаш К.Рульенің еңбектерінде жарық көре бастады, ал оның ізбасар шәкірті К.Северцов жануарлар тіршілігіндегі мезгілдік оқиғалар мен көріністер туралы , көбею қарқыны мен жас жасау мөлшерінің өзара байланысы туралы және жануарларды тіршілік нысаны бойынша жіктеу туралы ұсынымдар жасады.

Экологиялық зерттеу жұмысын теориялық және әдістемелік дұрыс бағытта жүргізуде Д.Н.Кашкаров туындылары орасан зор рөл атқарды. Оның «Орта және Қауымдастық» , «Жан-р экологиясы негіздері» еңбектері эколгиялық зерттеулердің әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.

20ғ 2-ші жартысынан бастап жануарлар экологиясы теориялық мәселелермен қатар дансаулық сақтау, ауыл және орман шар-ғы салаларының практикалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге өзінің пайдалы ықпалын тигізе бастады.



Жалпы жануарларды дарақтық, популяциялық, қауымдастық экология деңгейінде зерттеу мәселелерін жүйелі түрде жинақтап оқулық, оқу құралдарын құрастыруға И.В.Кожанчиков , М.Акимов, Б.Иоганзен, Н. Наумов,В.Яхонтов Шилов,Гиляров қатарлы профессор ғалымдар өздерінің еңбектерін арнады.


  1. Жануарлардың тіршілік ортасы туралы түсінік беріңіз.

 Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.
      Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
    Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың  мекен ортасы дейді.
Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті, саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.

  1. Ортаның әсер ету дәрежесі және насекомдардың жауап беру реакциясы туралы тұжырымдаңыз.

  2. Түрлердің экологиялық икемділігі және популяция тіршілігі туралы ақпарат беріңіз.

  3. Жануарларға әсерін тигізетін маусымдық және жастық азық құрамының ауысуы туралы түсінік беріңіз.

  4. Жануарлар арасындағы өзара байланыстарды сипаттаңыз.

  5. Жануарлардың тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді сипттаңыз.

  6. Жануарлар үшін судың негізгі маңызын ашыңыз.

  7. Гидробионттардағы су-тұздың ауысуы туралы сипаттаңыз.

  8. Құрғақтағы жануарлар азығы құрамындағы минералды заттардың әсерін тұжырымдаңыз.

  9. Су жануарларындағы газалмасудың маыздылығын сипаттаңыз.

  10. Құрлық жануарларындағы газалмасудың маңыздылығын сипаттаңыз.

  11. Насекомдардың таралуына желдің әсерін сипаттаңыз.

  12. Желге насекомдардың бейімделуі және мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  13. Шалғындық жануарларын сипаттаңыз.

  14. Тұщы су жануарларын сипаттаңыз.

  15. Батпақ жануарларын сипаттаңыз.

  16. Жарықтың жануарлардың мінез-құлықтарына тигізетін әсерін сипаттаңыз.

  17. Насекомдардың дамуына, мінез-құлқына және өсімділігіне жарықтың әсерін қысқаша сипаттаңыз.

  18. Пойкилотермді жануарларды сипаттаңыз.

  19. Гомойотермді жануарларды сипаттаңыз.

  20. Насекомдардың жылу алмасу жылдамдығына морфо-физиологиялық бейімділігі туралы тұжырымдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет