Әлеуметтік педагогика



бет1/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
TASK 1, 203682, Iv-то?сан бжб «Т??ым?уалаушылы? ж?не ?згергіштік» б?лімі бойынша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА

Алматы 2012
Мардахаев Л.В., Беркімбаева Ш.К., Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Тастемірова Л.Ө., Майғаранова Ш.М., Абаева Ғ.А., Колумбаева Ш.Ж. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –Алматы. - 2012. – 358 б.

Пікір жазғандар


Бейсенбаева А.А.. - пед.ғыл.докторы, профессор


Менлібекова Г.Ж. - пед.ғыл.докторы, профессор

Редакциясын басқарған:


Халықаралық ғылым және педагогикалық білім академиясының академигі, п.ғ.к., профессор Ш.К.Беркімбаева.


Халықаралық ғылым және педагогикалық білім академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Л.В.Мардахаев.
Оқулықта әлеуметтік педагогиканың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздері, оның пәні мен міндеттері, жеке тұлға дамуының әлеуметтік факторы, педагогика идеяларын дамыту, жеке тұлғалық - әлеуметтік тәсілдеме тұрғысынан қарастырылады. Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидаларына және олардың талаптарына жалпы сипаттама берумен қатар, әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдірудің жолдары жан-жақты қамтылады.
Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналады.
Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітіліп, баспаға ұсынылды (2012 жыл).


АЛҒЫ СӨЗ
Білім беру әлеуметтік институт ретінде адамға түрлі білімдік қызмет ұсынып, білімді үздіксіз жетілдіруді талап етеді, көпшіліктің жоғары білім алуын және жоғары оқу орнын тәмәдағаннан кейін де, қосымша кәсіби білімін толықтыруға мүмкіндіктер береді.
Қоғамдағы білім берудің әлеуметтік тұрғыдағы жаңа рөліне тоқталсақ, ол, білім беру субьектілерінің алғашқы әлеуметтік дағдылары мен өмірлік мақсаттарын қалыптастыруды, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жүзеге асыру біліктерімен қатар, тұлғаның жеке басына қажетті білім беруді белгілейді.
Қазіргі әлеуметтік білім беру жүйесі ең алдымен адамды биологиялық және әлеуметтік үдерістерді, құндылық бағыттарды түсінуге бағыттайды.
Әлеуметтік білім беру мәселесі екі іргелі мақсатты шешеді:
- қоғам және қоғамдық қатынастар, өзара әрекеттесу мен адамдардың қарым-қатынастары, олардың әлеуметтік құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік қалыптары жайлы біртұтас білім жүйесін қалыптастырады;
- адамға әлеуметтік қарым-қатынастың практикалық дағдыларын, әлеуметтік тұрғыдан өзара әрекеттесуге және қарым-қатынасқа түсуге психологиялық дайындығын қалыптастырады.
Әлеуметтік педагогика өзіне тиесілі мақсатты тиімді шешу үшін адам және қоғамдық жаратылыс негіздерін (философия, этика, әлеуметтану, психология, этнография) бірлікте қарастырып, оны өз тұрғысынан түйіндеп, педагогиканың түрлі салаларының (педагогика тарихы, салыстырмалы педагогика, отбасы педагогикасы, коррекциялық педагогика) жетістіктерін қолданады.
Әлеуметтік педагогика оқулығының мақсаты – болашақ әлеуметтік педагогтардың қызметін тиімді ұйымдастыруға және әлеуметтік педагогиканың теориялық негіздері мен практикасын меңгеруге көмектесіп, студенттердің педагогикалық тұрғыдан ойлауын және түрлі педагогикалық жағдаяттарда тиімді шешім қабылдай білу дағдыларын дамытып жетілдіру.
Әлеуметтік педагогика – педагогика ғылымының бір саласы ретінде, түрлі жастағы және түрлі әлеуметтік топтардағы адамдарға әлеуметтік тәрбие беру арқылы оларды әлеуметтендіруді көздейді. Әлеуметтік педагогика теориялық-танымдық, қолданбалы және гуманистік қызмет атқарады.
Теориялық-танымдық қызмет - әлеуметтік педагогика, педагогиканың түрлі салаларындағы және қоғамдық жаратылыс негіздеріндегі білімді жинақтап қорыту арқылы, қоғамдағы зерттелетін үдерістер мен құбылыстарды толық сипаттап, түсіндіре отырып, оның терең негіздерін ашып көрсетеді.
Қолданбалы қызмет – әлеуметтендіру үдерісіне әлеуметтік-педагогикалық ықпалдардың ұйымдастырушылық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық аспектілердің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіреді.
Гуманистік қызмет – жеке тұлғаның дамуын және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы, әлеуметтік педагогикалық үдерістерді жетілдірудің мақсатын анықтайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты жоғары кәсіптік білімге сәйкес жасалынған «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы үшін «Әлеуметтік педагогика» пәніне 4 кредит (180 сағат) бөлінген. Әлеуметтік педагогика мамандығы әлеуметтік педагогикаға қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін дамытады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Классификаторына 2009 жылы 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы енгізілді. Жоғары оқу орнына мамандықтың енгізілуіне байланысты профессорлар Л.В.Мардахаев, Ш.К.Беркімбаеваның басшылығымен әлеуметтік педагогика пәніне арналған Республикалық оқу - әдістемелік кеңестің шешімімен ғылыми - педагогикалық түсіндірме сөздігі дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет