Әлеуметтік педагогика


өмірде қиын жағдайға тап болған балалар



бет43/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

өмірде қиын жағдайға тап болған балалар - өмірде қиын жағдайға тап болып оны өз бетімен немесе отбасы көмегімен шеше алмағандықтан өмір сүрулері бұзылған балалар.
Кәмелетке толмаған балалар арасында заң бұзушылық пен қараусыз қалудың алдын алуда мемлекеттік бағдарлама келесі ұстанымдар арқылы жүзеге асады:
1) заңдық;
2) кәмелетке толмағандармен адами қатынас құру;
3) отбасын қолдау;
4) кәмелетке толмағандар арасында қараусыз қалуды, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде пайдалану;
5) өмірде қиын жағдайға тап болған әр кәмелетке толмаған әр баламен жеке қарым-қатынас жасау;
6) құпия сақтау;
7) ғылыми негізделген;
8) жүйелік.
Әр баланың қажеттілігіне қарай көшедегі балалармен әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта жүреді:
1. Балалар мекемелерінде бала құқығын қорғау. Кейбір мекемелер балалар үйінің тәрбиеленушісін, оған заң бойынша тиісті қаражатсыз, тұрғылықты жерсіз және басқа да тиісті жеңілдіксіз қалдырады. Баланың балалар үйі тәрбиешілерімен немесе басқа балалармен қарым-қатынас құрылмаған жағдайы кездеседі. Кейбірде осындай мекемелер баланы назарда тыс қалдырып оның қайда жүргенін де білмейді.
2. Отбасында балалар құқығын қорғау. Баланың үйде тұруға құқығы бола тұра ата-анасы оны үйге кіргізбей, қуып, үйді бөлуден бас тартса әлеуметтік педагог балаға тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсете алады.
3. Баланы орталықтарға, интернатқа, әлеуметтік мейманханаға, балалар үйіне орналастыру. Отбасы жоқ балалар балалар әлеуметтік мекемесіне тіркелген, бірақ бала оған барудан бас тартады немесе балалар үйінің оны қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Бұндай жағдайда әлеуметтік қызметкер баланы басқа балалар мекемесіне ауыстырады.
4. Баланың үйге қайтуына ынталандыру. Мүмкін болса әлеуметтік қызметкер баланың үйге қайтуына ықпал етеді. Көше балалары арасында ата-анасымен ұрысып, бірдеңе бүлдіріп кетіп қалған балалар бар. Сондықтан жағдай ұмытылса да немесе ол жағдай ата-ана үшін әуел бастан мәселелі болып көрінбесе де, олар үйге қайтуға қорқады. Бұндай жағдайда әлеуметтік қызметкер отбасымен қатар жұмыс жүргізеді.
5. Егер бала ауырып тұрса онда әлеуметтік қызметкер оны емханаға алып барумен қатар, оған психологиялық көмек және қолдау көрсетеді, емделу жолдарын ұсынып, басқа адамдарға жұқтырмау үшін не істеу керектігін түсіндіреді, отбасымен жұмыс істейді.
6. Әлеуметтік жұмыстың маңызды бағыты болып балаларды көшеде жүру қауіпсіздік ережесі, жұқпалы аурулар тұралы, АИЖВ-жұқпалы ауыруы туралы, наша және ішімдік салдары туралы, жыныстық қатынаста сақтану ережелері және жүктілік кезінде өзін күту туралы және т.с. ақпарат тарату (алдын-алу материалдарының баспа түрі) болып табылады.
Инъекция арқылы қолданылатын нашаға байланысты қауіпті көше балалары дұрыс қабылдап бағалайды. АИЖВ/АИЖТ және басқа әлеуметтік маңызы бар және ауруды жұқтыру жолдары туралы білім деңгейлеріне жақсы бет бұрыстар жасау.
Көше балалары арасында АИЖВ/АИЖТ және басқа әлеуметтік маңызы бар аурулардың тиімді алдын-алу әдісі жинақталған. Бұндай жұмыс пунктте ғана емес, көшелерде жүргізіледі. Алдын алу жұмысында маңызды орын алған көшедегі топтық әңгімелер: АИЖВ/АИЖТ, жолда жүру қауіпсіздік тәртібі және балалар медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті қай жерден қалай алатыны туралы біледі.
7. Көмек алу, өмірін өзгерту, тәртібін өзгертуге ықпал етуді қалыптастыру. Оның ішінде: балаға көшеде өмір сүрудің салдарын түсіндіріп, көшедегі өмірдің себебін анықтау, осындай өмірге баланың өзінің көзқарасы, ол өз болашағын қалай көретіні, оның қорқынышы мен күдіктерін сейілту, қайдан көмек алуға болатынын айтып және көмекті алу шарттарын түсіндіру (құпиялы, тегін, өз еркімен бару), психологиялық қолдау көрсету және оның өміріне қызығушылық таныту, оған өмірінің құндылығын арттыруға көмектесу.
8.Бала заң бұзып немесе зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайларда тәртіп сақшыларымен пайда болған мәселелерді шешуге әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Егер бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса жұмыс психологпен бірге жүргізіледі.
9. Көше балаларына медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету.
10. Көше балаларының отбасымен жұмыс (жанұяға әлеуметтік патронат).
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Баланың жеке басының қалаптасуына көшенің белсенді ықпалының негізгі себептері неде?
2. Бала тәрбиесіне маңызды ықпал ететін көшенің негізгі факторлары және оның сипаттары.
3. «Көшенің балалары» сөзінің түсінігі не?
4. «Көшенің балалары» қалыптасуының негізгі себептері.
5. Әлеуметтік жетімдік деп нені айтамыз?
6. «Көшенің балалары» топтары және олардың сипаттамасы.
7. «Үйсіз», «қараусыз қалған» және «қараусыз балалар» түсініктеріне сипаттама беріңіз.
8. Педагогикалық орта, ортаны педагогикалау деп нені айтамыз?
9. Қараусыз қалған және қараусыз балалардың алдын алудың мәні және мазмұны.
10. Кәмелетке толмаған көшенің балаларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі кезеңдері және оның сипаттамасы.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет