Әлеуметтік педагогика


Арнаулы білім, теория және практика ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны



бет6/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

2.1 Арнаулы білім, теория және практика ретінде әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны.

«Педагогика» термині гректің екі сөзінен шыққан: pais, paidos – сәби, бала, ago – жетектеймін, яғни «баланы жетектеуші» немесе «баланың жолбасшысы» деген мағыналарды білдіреді. Аңыз бойынша ежелгі Грецияда құл иеленушілер өздерінің балаларын мектепке алып баратын құлдарды арнайы тағайындаған. Оларды: paidagog деп атаған. Осы сөзден бастау алып ғылым атауы – педагогика деп аталған.


«Әлеуметтік» (лат.socialis) сөзі – адамдардың қоғамдағы өмірі және қарым-қатынастарымен байланысты қоғамдық деген мағынаны білдіреді. Осы мағынасында адамның тек әлеуметтік дамуы мен тәрбиесі туралы ғана емес оның әлеуметтік құндылықтарға бағыт алуын, өзі өмір сүретін және тұлға ретінде өзін танытатын қоғамның нормалары мен ережелері туралы сөз етіледі. Ата-анасы, олардың орнын басатын тұлғалар, тәрбиешілер балаға жеке тұлға ретінде қалыптасуға әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті игеруге өзін өмірде таныта білуге қабілеттілікке және осыған даяр тұруға көмектесе отырып, оны өмірге жетелейді.
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың мәнін анықтауда бірнеше тәсілдемелер жұмыс істейді:
- жалпы педагогиканың әлеуметтік қызметін ашатын және барлық жас топтарындағы тәрбие үдерістерін зерттейтін әлеуметтік пәнді немістің әлеуметтік педагогы Ханс Мискес (1915-2006, Mieskes) зерделеді;
- әлеуметтік жүйеге жылдам бейімделуге, нормадан жағымсыз түрде ауытқаушылыққа қарсы тұруға жастардың жәрдемі (немістің әлеуметтік педагогы Е.Клаус Молленхауер (1928-1998 Mollenһаuer ) қарастырылды;
- әлеуметтік ортаның тәрбиелік әсері туралы ғылым (Ресейдің әлеуметтік педагогы Владимир Давыдович Семенов);
- әлеуметтендіру мәніндегі әлеуметтік тәрбиені зерттеуші ғылым саласы (Ресейдің әлеуметтік педагогы Анатолий Викторович Мудрик);
- «норма» немесе «нормадан ауытқыған» жағдайларда өткендігіне тәуелсіз түрде адамның әлеуметтік дамуына, әлеуметтік қалыптасуына мақсатқа сай ұйымдастырылған педагогикалық әлеуметтік тәрбиенің, әлеуметтік оқудың, әлеуметтік-педагогикалық көмектің және т.б. құбылыстарын және заңдылығын зерттейтін педагогикалық білім саласы (орыс әлеуметтік педагогы Минненур Ахметхановна Галагузова). Әлеуметтік педагогика болмысын түсінуге түрлі көзқарастарды және оның болмысын талдау мен практикалық қолданылуын жүйелей келгенде, мынадай анықтама құруға болады. Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтік мәдени ортадағы әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы құбылысын және жеке мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, мақсатқа сай ұйымдастырылған, әлеуметтік педагогикалық қызметті зерттейтін педагогикалық білім саласы болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде әлеуметтік педагог, тәрбиеші, ата-ана, олардың орнын басатын тұлға, әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқаратын ұйымдастырушы бола алады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамды туғаннан бастап оның жеке тұлға ретінде (әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, көмек) оның әлеуметтік қалыптасу сатыларында және нақтылы қоғамның (қауымның) азаматы ретінде дамуына жағдай жасайды. Бұл үдеріс қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады:
Әлеуметтік педагогика мынадай екі бағытта дамиды:
- жеке тұлғалық;
- әлеуметтік.
Жеке тұлғалық бағытты («индивидуалдық» педагогика) жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік педагогика ретінде сипаттауға болады. Ол өзінің бастауын Д.Локка, Ж.Руссоның «индивидуалдық» педагогикасынан алады. Онда шартты-гуманистік және керітартпалық тәсілдемелер дамиды.
ХІХ ғ. екінші жартысында педагогикалық осы бағыттың аясында неміс философы Ф.Ницшенің радикалдық «асқан адамды» қалыптастыру тұжырымдамасы қалыптасты. Оның пайда болуы педагогтардың алдына адамды - оның өзі үшін немесе оны белгілі бір ортаның (мемлекеттің, қоғамның) өміріне даярлау жолында тәрбиелеу проблемасын қойды. Аталмыш факт «индивидуалдық» педагогиканың баламасы ретінде әлеуметтік бағыттың қалыптасуына ықпал етті.
Әлеуметтік бағыт. Кең мағынасында ол мемлекеттің қоғамның тұтастай алғанда өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне (әлеуметтік педагогика) ықпалымен анықталады; тар мағынасында – адамның жеке басының қалыптасу үдерісіне оның өмір сүру ортасының ықпалымен анықталады (орта педагогикасы).
Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеуде қалыптасқан заңнамаларының негізінен, тәрбие институттарын құруынан, оқыту және кәсіби даярлау, олардың қолданылуын қамтамасыз етуінен көрінетін қызметін зерттейді. Ол ресми әлеуметтік педагогикалық сипатта болады.
Бұдан өзге, қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеумен байланысты қабылданған нормалар, ережелермен қоса, әдет-ғұрыптар түрінде «жазылмаған заңдар» жиынтығы қалыптасады. Олар өзінің мәні мен маңызына қарай, әлеуметтік-педагогикалық, бірақ ресми емес сипатта болады.
Орта педагогикасы. Адамның қалыптасуына оның өмір сүретін ортасы маңызды түрде ықпал етеді. Бұл ретте, ортаның әрбір факторының өзіндік тәрбиелік мүмкіндіктері бар. Мұндай факторларға: баланың туған және тәрбиеленген отбасы (асырап алған отбасы, мемлекеттік мекеме); бұқаралық ақпарат құралдары; баланың ойыншықтары мен ойындары; оның оқыған кітаптары; араласатын достары; құрмет тұтатын тұлғалары; адамның өз өмірінің әрбір кезеңінде бірге болатын ұжымдарының әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктері; көше және т.б. көптеген жайттар жатады.
Орта педагогикасы адамның түрлі жастағы дамуы мен тәрбиесіне тікелей және жанама ықпал ететін ортаның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыт П.Наторп, П.Бергеманн, И.Г.Песталоцци, Дж.Дьюн, Г.Кершенштейнер, Р.Зейдель, Станислав Теофилович Щацкий (1878-1934), Антон Семенович Макаренко (1888-1939), Борис Тимофеевич Лихачев (1929-1999), В.Д.Семенов және басқа зерттеуші педагогтардың еңбектері арқылы даму алды. Әлеуметтік бағыт адамның әлеуметтік бағыттарының басымдығын, оның нақтылы қоғамда өмірге даярлануы қажеттігін негіздейді және бұған мыналарды ұсынады:
- жеке адамның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы;
- жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқушылықтар педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбие.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы. Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде белгілі бір әлеуметтік ортаның, қоғамның, индивидтің талап-тілектерінің есебімен табиғаттың заңына сәйкес дамиды. (Карл Магер (1811-1855, Mager), Х.Мискес, М.А.Галагузова, А.В.Мудрик, Б.Т.Лихачев және т.б.) Ол, біріншіден, өзінің жеке қасиеттеріне сәйкес, нақ өзіне ғана тән ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай әлеуметтік түрде дамиды (ішкі жеке тұлғасына байланысты);
- екіншіден, өзі өмір сүретін және өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытатын әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамиды (ортаға байланысты); үшіншіден, ол нақтылы қоғамның оның әлеуметтік-мәдени өмірлік салтының талаптарына сәйкес бағдар ұстайды (сыртқы әлеуметтік байланыстылық).
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқулар педагогикасы. Адам мен белгілі бір топтың дамуы және тәрбиесіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, оның алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін зерттейтін бөлімшесі (И.Г.Песталоцци, К.Молленхауер, Фридрих Адольф Дистервег (1790-1866), А.С.Макаренко, Виктор Николаевич Сорока-Россинский (1888-1960) және т.б.). Қалыптасушы жеке тұлғаның әлеуметтік ауытқуына өсу үстіндегі адамның бұдан бұрынғы өмір сүру ортасы, әлеуметтік қалыптасу кезеңіндегі жеке даралық бейімділік факторы елеулі түрде ықпал етеді.
Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік тәрбиеге маңызды мән беріледі, қиыншылықтарды жеңуге әлеуметтік-педагогикалық қолдау адамның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына, өзін-өзі танытуы, өзін-өзі жетілдіруі жолындағы қиыншылықтарды жеңуіне көрсетіледі. Адамның тәрбиешіге (ата-анасына, олардың орнын басушыларға, мұғалімге), оның динамикасын бағдарлауға осы үдерістің өту жағдайларына және олар арқылы үдерістің өзіне бағытталған түрде ықпал ету мүмкіндігін іздестіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагогиканың қолданбалы бөлігінің – адамды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, оған әлеуметтік қолдау жасаудың негізгі міндеті осы болып табылады.
Әлеуметтік педагогикада жасына қарай түрліше болатын өзінің әлеуметтік қалыптасуына адамның өзіндік ықпалының рөлі зор. Бастапқы кезеңінде ол көбінесе адамның белсенділікке, білімқұмарлыққа бейімділігіне байланысты. Адамның өмір сүру салтының, дүниеге көзқарасының және адамгершілік, ерік-жігер қасиеттері қалыптасуының нәтижесі ретінде, оның өмірлік ұстанымы, адамгершілік бағдары, саналы таңдауы жасы ұлғайған сайын неғұрлым өсе түседі. Олар елеулі дәрежеде адамның есею сатыларындағы өзгерістерімен, бұдан былайғы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруімен анықталады. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы көбінесе нақ осы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіру үдерісіне байланысты.
Сонымен қатар, адамның өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруі – бұл күрделі заңды үдеріс екенін ескеру қажет. Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам соған сәйкес дамиды. Бұл үдерістің бағыты мен қарқыны өзгеріп отырады.
Осы айтылғандарға сәйкес, әлеуметтік педагогиканы мынадай ұстанымдар тұрғысында қарастыру қажет:
- адамның өмір сүру ортасының тікелей ықпалы мен мемлекеттің қызметін іске асырудың құралы ретіндегі орта педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбиенің ықпалы ретінде адамның жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасу педагогикасы; адамның өзінің әлеуметтік факторы; өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруде адамның жеке ұстанымы мен белсенділігі;
- адамның өзін-өзі танытуына қолдау, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Орта педагогикасы ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогика – бұл идеяны қалыптастыру және тәрбиені қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар, мемлекеттің ғылыми және практикалық қызметі. Ол мемлекеттің заңнамалық шығармашылығы, мемлекеттік институттардың, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстар мен партиялардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, бұқараға ықпал етуде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтеріне әлеуметтік-педагогикалық баға беруге бағытталған.
Сондай-ақ, тәрбиелеудегі түрлі институттардың (отбасы; білім беру, арнаулы білім беру, еңбекпен түзеу, түзету, құқығын қалпына келтіру, әлеуметтік, демалыс мекемелері; қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар мен ұйымдар; бұқаралық ақпарат құралдары) әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсатты пайдаланылуы проблемалары және өсу үстіндегі адамның әлеуметтік қалыптасуына тікелей ықпал етуші басқа да факторлар зерттеледі.
Адамның жеке тұлғалық әлеуметтік қалыптасуы педагогикасы ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогика – бұл жеке тұлғаның, қоғамдық топтың әлеуметтену үдерісіндегі әлеуметтік қалыптасуының теориясы мен практикасы теориясы. Мұндай анықтама әлеуметтік педагогика жөнінде жалпы түсінік береді.
Әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, адамның өзін-өзі танытуын қолдау – бұл адамның өмір жолында өзі кездесетін проблемаларды жеңуде қолдауды, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелді қажетсінетін үдерістерде, яғни өмірдің түрлі салаларында жеке тұлға ретінде қалыптасуын, өзін-өзі жетілдіруін және өзін-өзі танытуын, адамның мақсатты түрде әлеуметтік қалыптасуын, оған қажетті мәдениетті сіңіруін қамтамасыз ету бойынша тікелей және жанама қызмет болып табылады. Адамның өмір сүру ортасы, қауымның маңыздылығы осылай іске асады.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік педагогиканы теория, практика және білім беру кешені ретінде қарастыру қажет.
Теория ретінде әлеуметтік педагогика – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, топты (бұқараны) басқару үдестерін, оларға ортаның ықпал етуі есебімен айқындайтын ұғымдардың, пайымдаулардың, заңдар мен заңдылықтардың жүйесі. Теория қоғамдық және педагогикалық практика дәлелдеген білімдер мен тұжырымдамалардың қисындап мазмұндалған жиынтығынан тұрады. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, топты басқару, олардағы әлеуметтік ауытқушылықтар проблемалары, олардың алдын алу және жеңу мүмкіндіктерінің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді.
Практика түріндегі әлеуметтік педагогика – бұл субъектінің (әлеуметтік педагогтың; әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның) адамның, топтың әлеуметтік дамуына, оларды түзетуге және тәрбиелеуге, қайта тәрбиелеуге, сондай-ақ, бұқараны басқаруға, оларды белгілі бір әрекеттерге жұмылдыру, саяси және басқа белгілі мақсаттарға жету мүддесінде тоқтата тұру бойынша диагностика және болжамдауға бағытталған қызмет.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогика – бұл әлеуметтік саланың мамандарын, соның ішінде, әлеуметтік педагогтардың өздерін даярлаудың теориясы мен практикасы. Ол әлеуметтік педагогиканың пәні – әлеуметтік педагогты, әлеуметтік қызметтерді және басқа мамандарды арнайы (кәсіби) даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет