Әлеуметтік педагогтың сөздік-анықтамасы


ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар



бет4/5
Дата22.12.2021
өлшемі1,66 Mb.
#127437
1   2   3   4   5
Байланысты:
презентация

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, инновациялық оқыту, ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде оқулықтарды жалаң пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымдарды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы тиіс. Оқушы ықпал ету обьектісі емес , ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет