Әлеуметтік пәндер кафедрасы


Философия пәні бойынша семестрлік жұмыстарды орындаудың



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.12.2023
өлшемі459 Kb.
#196240
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Семестрлік жұмыс[1]

Философия пәні бойынша семестрлік жұмыстарды орындаудың
 талаптары мен шарттары 
 
Жоғары оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент
философия пәні бойынша бір семестр аралығында үш ғылыми жұмыс
жазып өткізуі керек. Семестрлік жұмыстарға арналған тақырыптар үш 
бөлімде топтастырылған, себебі үш семестрлік жұмыстардың әрқайсысы 
әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін – бірі қайталамауы
керек. Тақырыптар саны жеткілікті, сондықтан да бір топтағы студенттер
белгілі бір тақырып бойынша ғана жеке дара жұмыс орындауы тиіс.
Әрбір бөлімдегі тақырыптар тарихи кезеңдерді немесе теориялық
мәселелерді қамтитындықтан тиісті деген ғылыми әдебиеттердің тізімімен
қамтамасыз етілген, дегенмен соңғы уақыттарда жарық көрген кітап
немесе мақалалар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген
әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студент семестрлік жұмысты жазбас бұрын, сабақ жүргізетін
ұстаздарынан мына мақсатта тиісті кеңестер алуы қажет: 
1) Таңдап алынған тақырыпты ұстазбен келісу, себебі көрсетілген 
тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса жетекшімен 
ақылдасуы керек. 
2) Керек болған жағдайда ғылыми әдебиттер, мақалалар туралы 
кеңес алу. 
3) Семестрлік жұмыстың жоспарын бекіту. 
4) Жұмысты жазу және талапқа сай формада көркемдеу. 
5) Түсінбеген мәселелер, сұрақтар жайында мағлұмат алу. 
6) Семестрлік жұмыстарды белгіленген мерзімдерде тексеруге беру. 
7) Ұстаз тарапынан жасалған ескертулер мен түзетулерді 
толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру. 
Семестрлік жұмыстың мазмұны мен формасына мынандай 
талаптар қойылады 
Жұмыс жоспары екі немесе төрт тараудан артық-кем болмауы керек, 
ерекше бір жағдайда ғана бес тарау болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны, 
әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып – талдаудың 
нәтижесінде құрылуы керек. 
Аяқталған семестрлік жұмыстың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: 
біріншіден, студент зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен 
тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени 
құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми 
ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп 
отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі 
заманғы маңызын ашып дәлелдеу. 
Семестрлік жұмыста осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен 
концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің 


атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. 
Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра 
отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. 
Ғылыми жұмыстың құндылығы да, студенттің жеке өзінің пікірінің 
қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. 
Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер 
арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі. 
Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған 
жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымына кіріспе, негізгі бөлім 
және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың 
мақсаты мен мұратын, тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге 
қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. 
Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың 
нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады. 
Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 10-12 компьютерлік 
қағаз беті шамасына кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы 
бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде поля қалдырылып, тараулардың 
аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Семестрлік 
жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі 
мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен 
жазылған болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет