Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда жүргізіледі, жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал-жабдықтар қолданылады. Лабораториялық эксперименттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің физиологиялық механизмдерін зерттеу барысындағы маңызы үлкен. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсік, еске түсіру) зерттеу үшін де табысты қолданылады. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді