Саяси ғылымда алғаш рет американдық зерттеуші Г.Лассуел қолданды. Бұл әдіс жазбаша немесе ауызша мәтіннің мазмұнын жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Ол мәтіндегі өте жиі қайталанатын сөз тіркестері мен сюжеттерді жазып алу арқылы жүргізіледі. Одан әрі осы сөз тіркестері мен сюжеттердің жиілігі басқа жазбаша немесе ауызша хабарлардың жиілігімен салыстырылады. Нәтижесінде зерттеліп отырған мәтін мазмұнының саяси бағыты жайлы қорытынды жасауға болады. Осы әдісті сипаттай келіп М.А. Хрусталев пен К.П.Бришполец оны қолданудың мынадай кезеңдерін атап көрсетеді: ақпараттық материалды алғаш өңдеуге қатысты мәтінді құрылымдау; ақпараттық массивті матрицалық кестенің көмегімен өңдеу; ақпараттық материалдарды квантифкациялау. Әдісті қолданудың тиімділігі тал¬даудың алғашқы бірліктерін (терминдер, сөз тіркестері, мағыналы блоктар) және өлшеу бірліктерін (сөз, фраза, бөлім, бет) дұрыс анықтауға байланыcты. Бұл әдісті тиімді қолдану мақсатында арнайы компьютерлік "Oasis", "Fluent" бағдарламалары жасалған.
Контент-анализдің қолданылу аймағы үлкен. Социология политология қоса аталмыш әдістеме антропологияда, психологияда, ідебиеттануда , тарихта, философия тарихында кеңінен қоланылады. Оле Холсти зерттеулеріне сүйенсек контент анализ төмендегі ғылымдарда кеңінен орын алған. Олар: социология –антропология 27% комуникация қағидасы 25,9%, саяси ғылым 21,5%. Контент анализдің тарихи зерттеулерде кездеседі және қоғаммен байланыста.
3.4
Бақылау әдісі
Эксперименттік әдіс
Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, психологиялық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Эксперимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін психологиялық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі — эксперименттік, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.
Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.
Эксперимент әдісінің маңызды артықшылығы – зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.
Белгілі жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екіншіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшіншіден, тәжірибені қайталауға, сөйтіп зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесе кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.
Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады.
Психологияда ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи.