«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік үрдістер» пәні дәрістері Тақырып Әлеуметтік құрылым


Тақырып 8. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы



бет9/17
Дата21.05.2022
өлшемі148,5 Kb.
#144423
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
лекция әлеумет құрылым

Тақырып 8. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы

М. Вебер мен К. Маркстің әлеуметтік құрылымының классикалық теориялары


Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, бұл танымда айырықша тұжырымдама жасаған Карл Маркс (1818—1883) болды. Кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік шешесі деп атаған. Бұлай атауға негіз болған оның қоғамның формациялары туралы ілімі және әлеуметтік құрылым туралы ойлары болды. Ол алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-саяси қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деп атап көрсетті. Ол өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеді. К.Маркстің әлеуметтану теориясындағы көптеген бағалы ой-пікірлері мен тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдары түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасалды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетілді.
Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды. Макс Вебер іс-әрекеттің мүмкін болар төрт түрін көрсетеді. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие). Сондықтан бұл іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады. Екінші құндылықты-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни және т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет. Мұның негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез-құлықтың кез келген басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші - көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет.
М. Вебер әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну әдістеріне көп көңіл аударды. Оның пікірінше, әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын зерттеуден бастауы қажет. Өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді. Сондықтан М.Вебердің әлеуметтануын түсіну әлеуметтануы деп атайды. Сонымен әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі бұл пәннің қоғамдық ғылымдар арасында өзіндік ерекше орны, зерттеу объектісі, категориялары мен заңдары, әдіс-тәсілдері, құрылымы, мен функциялары бар жетекші ғылымдардың біріне айналдырып, оның көп салалы болып дамуына еркін жол ашты.
Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қазақстан Республикасы егемендігін, тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай көп өзгерді. Елімізде тұратын ұлттар, ұлыстар өмірдің, қоғамдық өндірістің қай саласында болмасын толық билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қолы жетті. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Осылардың негізіңде республикада ұлт пен ұлыстар арасында принципті жанжалдар, дау-дамайлар болған жоқ. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде.
Қазақстандағы ұлтаралық қатынасқа ерекше құқықтық негіз жасап отырған - 1990-1991 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларация мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң. Бұл ең алғашқы құжаттарда Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп саналған болатын. Ал 1995 жылы қабылданған Конституцияда қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың тайға таңба басқандай айқын жазылуы біздің мемлекетіміздің сара саясаты, күнделікті қызметінің маңызды саласы болып табылады. Осы бірлікті ең негізгі қамтамасыз етіп, еліміздегі бүкіл этнос өкілдерін топтастырудың тарихи жауапкершілігін қазақ ұлты мойнына алып отыр.
Қазақ табиғатында кең пейілді, иманды халық. Ата-баба дәстүрі «жандының барлығына жаның ашысын» деп үйретеді. Қазақ солай өсті, солай дамып келеді. Әйтпесе сталиндік зобалаң кезеңде қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай неміс, корей, шешен, ингуш, балқар, күрді, мескеттік-түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ және т.б. халықтарды көшіріп әкелмеген болар еді. Бұл арада Қазақстанның жерінің кеңдігі ғана емес, ұлтымыздың жанының жомарттығы мен өзгені өзекке теппейтін айрықша мінезі де ескерілді.
300 жылдай болған патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының да, кешегі кеңестік тоталитарлық жүйенің де басқа халықтар сияқты қазақ халқына алып келген зардаптары аз болған жоқ. Отаршылдықтың ойранының әлі күнге лебі сезілмейді емес. Кеңес Одағы тұсында Ресей империясына тәуелді басқа елдер сияқты Қазақстан да езгіде болды. Мұның бәрі қазақтың рухани мәселесін - тілін, мәдениетін, діні мен ділін күрделендіріп жіберді. Бұл мәселеге осы кезге дейін арнайы саяси баға берілмей келеді.
Сонан соң Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе, әлде көп этносты ел ме дегеннің басын ашып алу керек. Өйткені күнделікті ресми құжаттарда саяси мақалаларда, тіпті кейбір ғылыми әдебиеттерде нақтылық жетіспей жатады. Қазақстанды көпұлтты мемлекет деп есептеуге негіз жоқ. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол - қазақ ұлты. Мұны, ең болмағанда, бүгін елімізде қазақ 63 пайыздаан асып отырғанда еркін айтуға болатын шығар
Қоғамда орын алып отырған ұлтсыздық санамен, жалғасып отырған сырттай және іштей орыстану үдерісімен күресу жолдарын тұжырымды ойластырған жөн. Ең қиыны - ұлтсыздық сана ұлттық ойлау жүйемізді бұзып, ұлттық танымымызды қатты әлсіретіп отыр. Осы орайда әдебиетіміздің алыптарының бірі Ғабиден Мұстафин: «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер» болмаса бүкіл түркі халықтарының ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді», - дегендерін еске сала кеткен артық болмас.
Көпэтносты қоғамда ел бірлігін қалыптастыру және нығайту мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың негізгі шарты болып қала береді.
Әлеуметтік теңсіздік, оның табиғаты мен түрлері, қоғамда әр түрлерінің айқындалуы. Кластық теңсіздікті түсіндіретін классикалық теориялар (М. Вебер, К. Маркс). Этникалық және нәсілдік теңсіздік. Әлеуметтік теңдік және әлеуметтік әділеттілік проблемалары.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамд а феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;

  • капитал иелерінің табы;

  • интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

  • дәстүрлі ұсақ буржуазия табы

  • жұмысшы табы.

Нәсілшілдік– қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті адамның биологиялық сипатымен негіздеуге тырысатын ғылымға қайшы теория. Кең мағынада Нәсілшілдік – тарихи процеске, жалпы өмірдегі және қоғам дамуындағы оқиғалар мен құбылыстардың барлығына адамдардың биологиялық нәсіл ерекшеліктері себеп болады деп санайтын тұжырымдамалар жиынтығы. Нәсілшілдік адам нәсілдері биологиялық және психологиялық жағынан тең емес, сондықтан нәсілдердің бірі “төмен” (бағынышты), екіншілері “жоғары” (үстем) деп дәлелдейді. Нәсілшілдіктің салдарынан елде қайсыбір топтың немесе топтардың үстем топтан антропологиялық және нәсілдік айырмашылықтары негізінде кемсітушілік жайттары орын алады. Нәсілшілдіктің белгілері ежелгі заманнан мәлім. Құлдық қоғамда Нәсілшілдік идеясын ұстанушылар мырзалар мен құлдарды адамдардың әр түрлі “тұқымына” жатқызып, табиғат біреуіне билікті, екіншісіне бас ию міндетін жүктеген деп қарады. Отаршылдық дәуірінің бас кезінде (16 – 17 ғасырлар) адамдар нәсілінің теңсіздігі жөніндегі “теория” қалыптасты. 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басында нәсілшілдер “герман” нәсілінің дүние жүзі халықтарынан “артықтығы” жөніндегі (француз социологі А.Гобино) теорияны басшылыққа алды. 1930 – 40 жылдары герман фашизмі Вольтманның, Аммонның, т.б. антропосоциологиялық және социал-дарвинистік теорияларын ресми идеология деңгейіне көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде фашизм Нәсілшілдікті негізге алып, өз елі мен жаулап алған жерлерде қырып-жою саясатын жүргізді. Соғыстан кейінгі жылдары Нәсілшілдік Оңтүстік Африка Республикасында жергілікті қара нәсілге қарсы апартеид идеологиясынан көрінді. Қазіргі кезде адамзат нәсілінің бәрі біртұтас биологиялық түрден тұратындығы, жалпы бір тектен шыққандығы және эволюциялық дамудың белгілі бір дәрежесінде екендігі ғылыми дәлелденген. Нәсілдік ерекшеліктері (тері түсі, шаш пошымы, т.б.) адамдардың тек сыртқы айырмашылықтарын көрсетеді, олардың мәдени дамуына ешқандай қатысы жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет