«Елім деп соққан жүрегім» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына
арналған патриоттық ән кешінің сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Патриоттық сезімге баулу;
- Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру;
- Сахналық мәдениеттілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізушілер
Іс-шараның барысы
Қазақстан Республикасының Гимні
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейне-материал
Сахна сыртындағы дауыс: Тәуелсіздік тәңірдің сыйы, бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяқталар тұсында маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.
1991 жылы - Қазақстан егеменді ел болды.
1992 году- 2 марта Казахстан стал членом Организации Объединенных Наций.
1993 жылдың- 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1997 жылы- 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады
1998 года- столицу переименовали в Астану.
2001 жылы - 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.
2006 жылдың - қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.
2008 жылы - 6 июля в Казахстане поевился новый праздник День сталицы РК
2017 жылы - Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жыл - 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2019 год - былообъявлен годом молодежи в Казахстане .
2020 жыл - еріктілер жылы
2021 - Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.
Жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар мен балдәурендіктер! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Ведущий:
Летопись современного Казахстана начинается с 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан объявил себя Независимым суверенным государством. 30 лет тому назад, обретя свою независимость, Казахстан открыл новую веху в своей истории: окреп, достиг больших результатов в своем развитии. Казахстан, встав на новый путь развития, воплотил вековые мечты народа о свободе. Народ впервые вновь приобрёл возможность развивать свою культуру, язык, веру, религию и традиции. Сегодня каждый гражданин республики гордится своей независимостью.
Жүргізуші:
Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.
(Барлығы орнынан тұрады, 1 минут үнсіздік)
Ведущий:
Свободен, величав и первоздан
Звезде подобный, средь земель
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой, лучезарный Казахстан!
Жүргізуші:
Таңғажайып атыңда дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туған елім көкке жетті көк туың
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Жүргізуші:
Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.
Ведущий:
Обретя независимость, наш народ на демократической основе впервые избрал своего Президента. Была принята новая Конституция Республики Казахстан. Казахстан стал членом ряда международных организаций, в том числе ООН. Казахский язык обрел статус государственного языка. Восстановлены честные имена славных казахских сынов. Парламентом Республики были приняты новые государственные символы: герб, гимн и флаг.
Жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата баба рухына.
Жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Ведущий:
Нам, казахстанцам, есть чем гордиться.
Во-первых, Казахстан - это земля, с которой человек шагнул в космос.
Во-вторых, Казахстан - первая страна в мире, добровольно отказавшаяся от ядерного оружия.
В-третьих, Казахстан - это первая в мире страна, организовавшая съезд лидеров мировых религий.
В-четвёртых,Республика стремительно растет, она независима и уважаема другими государствами. Мы открыто смотрим в будущее!
Ведущий:
Что же дали нам годы независимости? Это, прежде всего, возможность восстановить всё утерянное: почти забытые народные традиции, творчество поэтов и писателей - истинных патриотов своей земли, правдивый голос которых, несмотря ни на что, сегодня может быть услышан, и самое главное, историческую справедливость. Первые шаги «новорождённого» государства были нелёгкими.
Но поднимался раненный кипчак
Вставала сила из золы и пепла,
В жестоких схватках дух его крепчал,
И Родина его любовью крепла!
Жүргізуші:
Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі
бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.
Ведущий:
Наше государство считается очень молодым, и всё лучшее у него, как и у нас, впереди. Именно от нас зависит, какой сложится наша жизнь в будущем, каким станет родной Казахстан! Мы должны дорожить дружбой и миром. Это большое счастье, что мы живём в мире и согласии! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по - солнечному радостной, чтобы дети росли сильными, радостными и берегли свою землю! Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!
Жүргізуші:
Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбітшілік тілейміз! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын
Достарыңызбен бөлісу: |