РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мәңгілік Ел – ұлт пен ұлыс тірегі
Орындаған:_______________ Өміржан. Б
Тексеруші:______________ Қыпшақ. Д
Алматы, 2022 жыл.
Жоспар:
«Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы жол.
«Мәңгілік Елі» идеясы – ұлы мұратымыз.
3) Мәңгілік Ел болу үшін...
Алматы, 2022 жыл.
Кіріспе
Адам – қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, азаттық жолда күреседі.
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Дегенмен де, бізге белгілілері – екеу. Бірі - күрес жолы болса, екіншісі – келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң, оны берік сақтап қалу одан да қиын. Тәуелсіздіктен айырылып қалмау үшін ел арасында алауыздық пен іріткі болмау қажет. Ал ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт – бағдар, мақсат әрі мұрат болуы абзал.
Алматы, 2022 жыл.
Негізгі бөлім
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге қазақ халқы Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, елдің дамуын жеделдететін, бейбіт өмірге жетелейтін мәртебелі жол.
Елбасы Нұрсылтан Назарбаев жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының түп-төркіні тереңде жатыр. Мәңгілік Ел болуды, яғни халықтың тарих сахнасынан өшпей, сақталып қалуын ата-бабамыз бұрыннан армандаған.
Мәңгілік Ел болу ұлттық идеясын 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдығ басында қазақтың зиялы қауым өкілдері әрі қарай жалғастырды. Соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұстафа Шоқайды ерекше айтар едім. Бірі елде, бірі шетте жүрсе де, екеуінің мұраты бір идеяға тоғысты, екеуі де азаттықты аңсады, тәуелсіз ел болуды көздеді. Жақында ғана Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық жинағы шықты, жинақта Шоқайдың Мәңгілік Ел идеясының жалғастырушысы ретіндегі туындылары топтастырылған.
Осы тұрғыда Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын халық арасында жылдар бойы қалыптасқан идея деуге болады. Бұл идеяның түп-төркіні ұлттық құндылықтарды, соның ішінде рухани құндылықтарды сақтауға, ұлтты ұлт ретінде сақтап қалуға негізделеді. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел! Еліміз Мәңгілік Ел болуы үшін «Тіл бірлігі», «Дін бірлігі», «Ұлт бірлігі», «Азаматтық бір мақсат, бір мүдде» деген басты төрт факторды қамтамасыз етуіміз керек. Олай болса, ұлттық идея дегеніміз – жасына, қоғамдағы орнына, дәулетіне, мүмкіндігіне қарамайтын заң, символдық ұғым.
Алматы, 2022 жыл.
Қорытынды
Данышпан халқымыз қашаннан ерекше достыққа, ынтымақтастыққа мән берген. Бауырмал қазақтың шаңырағы көптеген ұлттарға пана болды. Әр кезеңде түрлі себебтермен жеріне қоныс аударған өзге ұлт өкілдеріне төрінен орыс беріп, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елге айналды. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Татулық пен достық – біздің дамуымыз бен болашағымыздың негізі. Байтақ елде бірлігіміз бұзылмай, татулығымыз тарқамай өмір сүріп жатқанымыз – үлкен мақтаныш. Мұндай мемлекетте бақытты өмір сүруге біз сияқты балаларға барлық жағдай жасалған. Бақыт деген – білім аламын, одан әрі жұмыс істеймін, мақсатыма жетемін деп өз өміріңді жоспарлауға мүмкіндіктің болуы. Біздерде ондай мүмкіндік бар. Жері қандай кең болса, пейілі де сондай дарқан қазақ деген халықты бүгінгі күні бүкіл әлемде мойындады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» замандар туды. Бабалардың арманы ақиқатқа айналды. Ол арман – Мәңгілік Ел.
Алматы, 2022 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |